Ндірісті Ұйымдастыру

3.1 Операторға нұсқаулық

Жоба жүктелген кезде, бірденмассивті еңгізуге арналған пішін терезесі пайда болады (сурет 7).

ндірісті Ұйымдастыру - student2.ru

Сурет 7. Бағдарламаның жүктелгендегі көрінісі

Массивті толтыру үшін «Массивті еңгізу және min max орнын ауыстыру» батырмасын басу керек! Ол үшін Borland Delphi бағдарламасының buttonкомпоненті пйадаланады (сурет 8).

ндірісті Ұйымдастыру - student2.ru

Сурет 8. Жиын элементтерінің толтырылған көрінісі

Жолдар мен бағандар толтырылып, «Массивті толтыру» батырмасы басылған соң StringGrid компоненті массив элементтерімен толтырылады.

StringGrid компоненті – бұл компонент ақпаратты кесте түріндебейнелеу үшін пайдаланылады. Кесте белгіленген жұмыс аймағынан тұрады.

Белгіленген аймақ жұмыс аймағының жол және баған атауларын шығару жәнетышқанның көмегімен олардың өлшемін басқару қызметін атқарады.

Белгіленген аймақ басқа тҥспен ерекшеленген және оған пернетақтадан ақпаратенгізуге болмайды. Қасиеттері:

FixedRows – белгіленген аймақтың жолдар саны.

FixedCols - белгіленген аймақтың бағандар саны.

RowCount – жұмыс аймағы жол ақпараттарынан тұрады

ColCount - жұмыс аймағы баған ақпараттарынан тұрады (оныбағдарламалық жолмен де, тышқанның немесе пернетақтаның да көмегімен өзгертуге болады.

Бағдарламадағы ақпаратпен қатынас Cells[Acol, AROW:integer]: stringқасиеттерінің көмегімен жүзеге асырылады. Мұндағы, Acol - кестенің бағаннөмірі, ал AROW - жол нөмірі, ал нөмірлеу нөлден басталады.

Top – кесте өрісінің жоғары шекарасынан форманың жоғары шекарасынадейінгі қашықтық.

Left - кесте өрісінің сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасынадейінгі қашықтық.

Width – кесте өрісінің ені.

Height – кесте өрісінің биіктігі.

Font – кесте ұяшықтарының мазмҧнын шығару ҥшін пайдаланылатынқаріп.

Options.goEditing – кесте ұяшығының мазмұнын жөндеу мүмкіндігін көрсетеді. Егер «ақиқат» мәні тағайындалса, жөндеуге рұқсат етіледі, керіжағдайда рұқсат етілмейді.

Options.goTab – курсорды кестенің келесі ұяшығына <Tab> батырмасын пайдаланып көшіру мүмкіндігін көрсетеді. Егер «ақиқат» мәні тағайындалса,жөндеуге рұқсат етіледі, кері жағдайда рұқсат етілмейді.

Options.GoAlwaysShowEditor – компоненттің жөндеу режимінде болумүмкіндігін көрсетеді.

Есептің нәтижесі болып табылатын ең үлкен және ең кіші элементтерді пішінге шығару үшін Label компоненті пайдаланады (сурет 9).

Label1.Caption:=’Ең үлкен сан =’+IntToStr(max)+’ ‘+’Ең кіші сан=’+IntToStr(min);

buf:=a[imax, jmax];

a[imax, jmax]:=a[imin, jmin];

a[imin, jmin]:=buf;

for i:=0 to n-1 do

for j:=0 to m-1 do

begin

StringGrid2.Cells[I,j]:=IntToStr(a[I,j]);

f:=true;

End;

Сурет 9. Массивті толтыру және нәтиже шығару бағдарламалық коды

ндірісті Ұйымдастыру - student2.ru

Сурет 10. Есептің жауабының көрінісі

Бағдарламаның коды Borland Delphi – нің «Код терезесінде» орналасқан.

Код терезесі – бағдарлама мәтінін құрып,жөндеуге арналған. Бұл мәтін арнайы ереже бойынша құрылады жәнебағдарламаның жұмыс алгоритмін сипаттайды. Мәтінді жазу ережелерініңжиынтығы бағдарламалау тілі деп аталады. Delphi жүйесінде Object Pascalбағдарламалау тілі пайдаланылады.

Ең алғашында Код терезесінде толыққанды Windows терезесі ретінде босформаны басқаруды қамтамасыз ететін алғашқы шағын мәтін шығады.

Жобамен жұмыс барысында программист оған бағдарламаны басқаруды жүзегеасыратын алғашқы толықтырулар жасайды.

Тіпті қарапайым бағдарлама құру үшін бағдарлама кодын құрып өзгертуге, жөндеуге тура келеді. Жаңа жобаны ашқаннан кейін төмендегідейжолдар көрінеді:

Delphi бұл жолдарды жаңа форма үшін код терезесіне автоматты түрдеқояды. Код терезесі бағдарламаның жұмысы басталғаннан кейінгі жағынқарастырады.

ОРЫТЫНДЫ

Реттелген тип немесе массив – деп, біртектес типті, санышектелген, барлық элементтері индекспен реттеліп және біридентификатормен бірлестіріп аталған, берілімдер жиынын айтады.

Осыған дейінгі қарастырылып келген мәлімет типтері қарапайым болып есептеледі. Себебі олар тек бір ғана объектіге яғни бір ғана санға немесе символға қатысты ғана қолданылады. Delphi-де бір типке жататын бірнеше элементтерден тұратын обектілерді де пайдалануға болады. Массив осындай бір типке жататын элементтерден құралатын құрылымдық тип болып табылады.

Қарапайым типтер қатарына жататын стандартты (Integer,real) және қолданушылар (тізбектелген тип) типтерінде бір айнымалыны сақтау үшін, негізінен компьютер жадысының бір ғана ұяшығы қолданылады. Бірақ көптеген программалау есептерінің шешімін табу барысында әрбір элементтің деректерін жеке айнымалыға сақтау орнына, оларды тізбектеп бір жерде сақтау анағұрлым тиімді болып табылады.

Курстық жұмысты басты мақсаты болып табылатын «B (10x10) массиві берілген . Осы массивтегі ең үлкен және ең кіші элементтерінің орнын ауыстыру. Екі массивті және ең үлкен, ең кіші мәнін шығару керек» есебі толықтай өзінің шешімін тапты. Есепті шешу барысында жаңадан көптеген функциялар пайдаланды. Соның бірі ретінде массив элементтерін қайталанусыз толтыруды атап кетуге болады.Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері толықтай орындалды.

Наши рекомендации