Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
№ | Тақырыбы | Өткізілу түрі | Бақылау кестесі (мерзімі көрсетіледі) | Сағат саны |
Қазакстан Республикасының №193-IV «Денсаулықты қорғау жүйесі және тұрғындардың денсаулығы туралы» кодексі. | Презентация, реферат, MSQ форматында тест тапсырмаларын жасау, жағдайлық есептерді құрастыру, кросворд, ғылыми танымал мақалаларға талдау жасау, интеллектуалды карта, альбом. | 1-2 апта | ||
Өндірістік микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер, оларды гигиеналық бағалау. | 1-2 апта | |||
Өндірістік жарықтандыру, зерттеу әдістері және гигиеналық нормалау. | 1-2 апта | |||
Жұмыс орындарындағы электромагниттік өрістерді гигиеналық бағалау. Олардың ағзаға әсер етуі және алдын–алу шаралары. | 2-3 апта | |||
Еңбек гигиенасындағы зертханалық зерттеулердің техникасы. | 2-3 апта | |||
Орталық Қазақстанға көмір өнеркәсібінің маңызы. | 2-3 апта | |||
Еңбек гигиенасының негізін салушы Қазақстан ғалымдары. | 3-4 апта | |||
Лактау-бояу өндірісіндегі еңбек гигиенасы. | 3-4 апта | |||
Химиялық қосылыстардьң қауіптілігін және уыттылығын бағалау | 4-5 апта | |||
Аэрация. Механикалық желдетудің нәтижелігінің есебі. | 4-5 апта | |||
Тігін фабрикалары жеңіл өнеркәсібіндегі жұмыс істейтін әйелдердің еңбек гигиенасы. | 5-6 апта | |||
Автотранспорт жүргізушілерінің еңбек гигиенасы. | 5-6 апта | |||
Медицина қызметкерлері еңбегінің кернеулігі және ауырлығы. | 6-7 апта | |||
Физикалық еңбек: зерттеу әдістемелері және бағалау. | 6-7 апта | |||
Қазақстанның үлкен өнеркәсіптік қалаларындағы экология мәселелері. Аралық бақылау- 8 апта | Әңгімелесу, тестілеу | 8 апта | ||
Климаттың жылынуы және оның қоршаған ортаға әсер етуі. | Презентация, реферат, MSQ форматында тест тапсырмаларын жасау, жағдайлық есептерді құрастыру, кросворд, ғылыми танымал мақалаларға талдау жасау, интеллектуалды карта, альбом. | 7-8 апта | ||
Қазіргі кездегі өнеркәсіптік қала тұрғындарының денсаулығы. | 8-9 апта | |||
Кіші бизнес өндірісінің дамуы аясындағы еңбек гигиенасының қазіргі тенденциялары | 8-9 апта | |||
Өнеркәсіптік объектінің жобасын сараптау. | 9-10 апта | |||
Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттың жобасын сараптау. | 9-10 апта | |||
Өндірістік бөлмелерде қолданылатын қазіргі кездегі жасанды жарықтандырудың кемшіліктері мен артықшылықтары. | 10-11 апта | |||
Кәсіптік іріктеу. Принциптері және критериялары. | 10-11 апта | |||
Қорғасын өндірісіндегі еңбек гигиенасы. | 11-12 апта | |||
Телефон және ұялы байланыс қызметкерлерінің еңбек гигиенасы. | 11-12 апта | |||
Компьютер орталығының жарықтануына, жылуына, ауа ортасына, желдетуіне, микроклиматына қойылатын талаптардың ерекшеліктері. | 12-13 апта | |||
Дәріхана мекемелері және фармацевтикалық өнеркәсіптердегі еңбек гигиенасы. | 12-13 апта | |||
Басқару аппараты қызметкерлерінің еңбек гигиенасы. | 13-14 апта | |||
Гипокинезия және гиподинамия еңбек процесінің факторы ретінде. Алдын –алу жолдары. | 13-14 апта | |||
Кезеңді қарауларды жүргізуді ұйымдастыру кезіндегі еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігерінің ролі. | 14-15 апта | |||
Кезеңді медициналық қарауды ұйымдастырудағы еңбек гигиенасы дәрігерінің рөлі. Аралық бақылау- 15 апта | Әңгімелесу, тестілеу | 15- апта | ||
Жалпы сағаты |
Сынылатын әдебиет
Негізгі:
1. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оқу құралы Тоғызбаева К.К. Алматы. 2010ж.- 366б.
Косымша:
1. Жарылқасын Ж.Ж., Өндірістік токсикология негізі. Оку-әдістемелік құрал. Қарағанды. КММА баспаханасы. 2007ж.- 80б.
2. Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У., Жарылқасын Ж.Ж. Жалпы және жеке енбек гигиенасы бойынша есептер жинағы. Оку-әдістемелік құрал Қарағанды. КММА баспаханасы. 2007ж.- 44б.
3. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы. Оқу әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.- Алматы, 2010ж.-85б.
4. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оқу-әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.-Алматы, 2010ж.-28б.
5. Өндіріс кәсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау. Оку әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.-Алматы, 2010ж.-60б.
6. Қазақстан Республикасының ірі өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оқу-әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.-Алматы, 2010ж.-36б.
2.10. Оқытудың және сабақ берудің әдістері:
· Дәрістер: кіріспелік, шолу, мәселелік.
· Тәжірибелік сабақтар:теориялық сұрақтарды талқылау, заңды құжаттармен танысу және жұмыс жасау, зертханалық сабақ кіші топпен жұмыс, жағдайлық есептерді шешу, тестілеу, пресс-конференция, TBL.
· Студенттің өзіндік жұмысы: Презентация, реферат, MSQ форматында тест тапсырмаларын жасау, жағдайлық есептерді құрастыру, кросворд, ғылыми атақты мақалаларға талдау жасау, интеллектуалды карта, альбом.
2.11. Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:
· Ағымды бақылау: тестілеу, ауызша сұрау.
· Аралық бақылау:әңгімелесу, тестілеу.
· Қорытынды бақылау: компьютерлік тестілеу және тәжірибелік дағдыларды бағалаудан тұратын емтихан.
Әр деңгейде білімдерін бағалау (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау) шкаласы және белгілері, білімдерінің барлық түрлерін (аудиториялық, СӨЖ) бағалау ережелері.
Ағымдық бақылау:
Ауызша сұрау
Бақылау түрі | Бағалау | Бағалау белгілері |
Ауызша сұрау | Өте жақсы Бағалауға сай: А (95-100); А- (90-94) | Егер студент жауап беру кезінде ешқандай қате және түсінбеушілік жібермесе қойылады. Пән бойынша теориялар, концепциялар мен бағыттарға сүйене отырып, оған критикалық бағалап, басқа пәндердегі ғылыми жетістіктерді қолданса қойылады. |
Жақсы Бағалауға сай: В+( 85-89); В (80-84); В- (75-79). | Егер студент жауап беру кезінде дөрекі қате жібермесе, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса, оқытушының көмегімен бағдарламаны материалдарды жүйелендірсе қойылады. | |
Қанағаттанарлық Бағалауға сай: С+ (70-74); С (65-69); С-( 60-64); D+(50-54) | Егер студент жауап беру кезінде қағидасыз түсінбеушіліктер не қате жіберіп, тек оқытушы ұсынған оқу әдебиеттерімен шектелсе, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындықтарға тап болса қойылады. | |
Қанағаттанарлықсыз Бағалауға сай: Р (0-49) | Егер студент жауап беру кезінде қағидалы түсінбеушіліктер жіберіп, тақырып бойынша тақырыпқа сай негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаса, пән бойынша ғылыми терминологияны қолдана алмай, дөрекі стилистік және логикалық қателермен жауап берген жағдайда қойылады. |
Тестілеу
Бақылау түрі | Бағалау | Бағалау белгілері |
Тест тапсырмаларын орындау | Өте жақсы | 86-100% дұрыс жауап |
Жақсы | 75-85% дұрыс жауап | |
Қанағаттанарлық | 50-74% дұрыс жауап | |
Қанағаттанарлықсыз | 50%-дан кем дұрыс жауап |
TBL
Әріптік жүйемен бақылау | Баллдық сандық эквиваленты | Жалпы проценттық мазмұны | Бағалау ережелері |
F | O | 0-49 | Жұмысты орындамағаны үшін |
D | 1,0 | 50-54 | Студенттің үлгерімі төмен, керек кезде топтық мүшелерінен көмек сұрайды. Мына жағдайларда қойылады: егерде студент жауап берген кезде қате жіберген болса, ғылыми терминалогияны дұрыс қолдана алмаса, жауап берген кезде стилистикалық және логикалық қате жіберсе |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
C- | 1,67 | 60-64 | |
C | 2,0 | 65-69 | Студент дайындығы жоғары немесе орта деңгейдегі студент, ұсынылған тақырыпты жақсы түсінеді. Егерде жауабы толық болмаса немесе оқытушының осы топтың мүшелеріне сұрағы болса, онда осы топтың басқаларыда жауап берсе болады. |
C+ | 2,33 | 70-74 | |
B- | 2,67 | 75-79 | Ұйымдастырушы лидер, дайындығы жоғары немесе орта деңгейдегі студент. Ол топтың меңгергенің және уақытылы теориялық тапсырмаларың орындағаның бақылайды. |
B | 3,0 | 80-84 | |
B+ | 3,33 | 85-89 | |
A- | 3,67 | 90-94 | Қойылады, егерде студент ұжымда жұмыс істей білсе, топты ұйымдастыра білсе. Мықты студент – академиялық лидер. Ол керек кезде басқаларға оқу материалын түсіндіре алады. |
-студентің өзіндік жұмысын бағалау:
Пән 2 кредитті құрайды, онда студент 2 СӨЖ орындайды. СӨЖ-на максималды балл – 100, тапсырманы толығымен, қойылатын талапқа сай және белгіленген мерзімде тапсыруы тиіс.
СӨЖ-ді орындау түрлеріне қойылатын талаптар:
1. Реферат -тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, мазмұны, өзектілігі, сұрақтар, кортынды мен ұсыныстан тұрады. Реферат көлемі 5-8 бет, Мазмұны - кіріспе, нөмер тізбесі және бөлімдер атаулары, қорытынды, ұсыныс, қолданылған әдебиеттер беріледі. Кіріспе 1-2 беттен тұрады, онда тақырып, мақсаты, міндеттері, өзектілігі көрсетіледі.Әдебиетке шолу 3-5 бет, онда студент авторлар айтқан ой пікір, ұсыныстарды өзі бағалайды. Қорытынды міндеттерге сәйкес 2-5 пункттен жасалады. Реферат жазуға қойылатын талап: сауаттылық, нақтылық, материалды баяндауда логикалық ойлау реттілігі, фактілер келтіріліп, нұсқа әрі дәлділік болу керек. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см;
Реферат бағалау баяндаудың нұсқалығы, нақтылығы, реттілігі, мәселені жақсы білуі, кәсіби дайындығы, сұрақтарға жауап беруі бағаланады.
2. Презентация -оған қойылатын талаптар: Стиль - безендірудің бір тұтас стилі, презинтациядан көңіл аударатын стиль болмау керек және қосымша ақпарат мәтін мен суреттен көп болмау керек; Фон - салқын тон таңдалу керек (жасыл, қара көк); Түсті қолдану- бір слайдта үштен артық түс қолданылмау қажет; Анимациялық эффектілер - мүмкіндігінше компьютерлік анимацияны қолданыңыз, бірақ ол слайдтан көңіл аудармайтын болу керек, ақпаратты көрсету; Ақпараттың мазмұны - қысқа сөз бен сөйлем қолдану, тарау аттары аудиторияның көңілін аудартатындай болуы керек; Бетте орналасу тәртібі -ақпарат көлденеңінен орналасу керек,
негізгі ақпарат экранның ортасында орналасуы керек, атаулар суреттердің астында орналасуы керек; Шрифтер- тараудың атаулары үшін – 24 кем емес;
Ақпараттар үшін – 18 кем емес, Ақпаратты бөлу үшін қалың шрифт, курсив қолданылады; Бөлу әдістері - Рамкалар, шекаралар қолданылады: Әртүрлі түсті шрифтер, белгі, сурет, диаграмма, сызбалар қолданылады; Ақпарат көлемі - бір слайдты көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ; Слайд түрлері - әртүрлі слайд жасау үшін мәтін, кесте, диаграммалар қолдану қажет. Бір тақырыпқа 15 слайд дайындау керек.
Мультимедиалық презентацияны бағалау критерилері: мазмұны СӨЖ-дің мақсатын ашуы қажет, анықтамалар, түсініктер қысқа, нақты, толық мәлімет беретіндей болу керек. Презентация мәтіні - қатесіз, ғылыми терминдерді қолдану, кейінгі ақпарат пен қамтамасыз етілуі тиіс.
3.Тест сұрағын құрастыруға қойылатын талаптар:адекваттылық,
мәтіні түсінікті, қарапайым, күрделілігі бірінші деңгейдегі, бір дұрыс жауап болу қажет. Тест сұрақтар түрінде құрастырылмайды. Тақырып бойынша 20 тест тапсырмасын құрастыру керек.