Windows операциялық жүйесі.Шартбелгілермен және терезелермен жұмыс.
Windows – IBM PC платформалы компьютерлерге арналған алғашқы графикалық операциялық жүйелердің бірі. Мұндағы ең қарапайым және негізгі басқару құрылғылары болып тышқан және пернелік тақта есептеледі. Windows жүйесінің көмегімен компьютерді басқара отырып, шағын локальдық желінің қызметін ұйымдастыруға болады және мұнда Интернет желісімен кіріктірілу мүмкіндігі де қарастырылған.
Microsoft Windows — IBM тәрізді компьютерлерде графикалық интерфейсті қолдануды кеңінен жүзеге асырған, қазіргі заман талабына сай жасалған операциялық орта. Оның дамытылған нұсқалары түрінде Windows NT, Windows 2000 сияқты операциялық жүйелер кеңінен қолданылуда.
Жасаушы: Microsoft
Алғашқы шығарылымы: 1985 жылдың, 20 қарашасы (Windows 1.0)
Microsoft Windows келесі нұсқалары бар:
1. Windows 1.0 (1985)
2. Windows 2.0 (1987)
3. Windows 3.0 (1990)
4. Windows 3.1 (1992)
5. Windows For Workgroups 3.1 (1992)
6. Windows NT 3.1 (1993)
7. Windows NT 3.5 (1994)
8. Windows NT 3.51 (1995)
9. Windows 95 (1995)
10. Windows NT 4.0 (1996)
11. Windows 98 (1998)
12. Windows 98 SE (1999)
13. Windows 2000 (2000)
14. Windows Me (2000)
15. Windows XP (2001)
16. Windows XP 64-bit Edition (2003)
17. Windows Server 2003 (2003)
18. Windows Fundamentals for Legacy PCs (2006)
19. Windows Vista (2007)
20. Windows Home Server (2007)
21. Windows Server 2008 (2008)
22. Windows 7 (шыққан жылы — 22 қазан 2009 жыл)
23. Windows Server 2008 R2 (бұрын Windows Server 7 деген атпен танылған)( шыққан жылы 2009 жылдың аяғы, 2010 жылдың басы)
24. Windows 8 (шығу жылы 2012 жылға белгіленіп отыр)
Танымалдары: Windows XP және Windows 7
Жұмыс үстелі (Desktop)– екінші негізгі ұғым, пайдаланушы жұмыс істейтін облыс. Бұл жерде интерфейстің кейбір элементтері орналасады:
- Менің компьютерім (Mу computer) – компьютердің барлық бумаларын ағаш түрінде көрсетеді. Жүйені күйге келтіруге мүмкіндік беретін компьютердің конфигурациясы және қызметтік бумалары бейнеленеді.
- Себет (Recycle Bin) - мұнда өшірілген құжаттар болады. Windows-та өшірілген құжаттарды қалпына келтіру мүмкіндігі бар.
- Желілік қоршау – егер компьютер желіге қосылған болса желілік ресурстарды қарап шығуға мүмкіндік береді.
- Менің құжаттарым(My documents) – пайдаланушы құжаттарын сақтауға арналған бума.
- Портфель (My Briefcase) – бірден бірнеше компьютерлерде өңделетін файлдарды синхрондауға мүмкіндік береді.
- Есептер тақтасы (Панель задач -Task bar) – экранның ең төменгі жағында орналасады. Ол жерде қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан барлық қосымшалар орналасады.
- Іске қосу (Пуск–Start) – бұл батырма есептер тақтасының оң жағында орналасады. Бұл батырманы басып кез-келген қосымшаны жүктеуге, анықтама шақыруға немесе файл іздеуге болады.
Жұмыс үстелі қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс үстелімізді алайық. Жұмыс үстелінде кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш т.б.) орналасуы мүмкін. Олар сіздің қалауыңызша, үстелде әр түрлі күйде орналаса алады. Үстел беті әдемі дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе төселмей таза болуы да ықтимал. Сіздің үстел бетіндігі заттарды алма-кезек қолдануға және олардың орнын ауыстыруыңызға болады. Дәл осы үстел бейнесі экранда да жүзеге асырылып отыр. Windows ортасында жұмыс үстелінің рөлін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер (немесе белгілер) түрінде орналасқан.
Шартбелгілер (Icon) –бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр шартбелгі белгілі-бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болған жағдайда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай шартбелгілер кездеседі:
- қосымша (қолданбалы) программалар шартбелгісі;
- белгілі-бір топтар шартбелгісі;
- функциялар шартбелгісі.
Жарлық (ярлык - shortcut)– бұл белгілі-бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т.б.
Бума (folder)экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады.
Файлдар. Файлды дискіге көшіру.Деректер компьютерде файл түрінде жазылып сақталады, олар компьютер дискісінде белгілі бір орынға орналасады. Файл атауы Windows жүйесінде бос орындарды қоса есептегенде 255-тен аспайтын символдар тізбегінен тұрады. Файл атауында келесі таңбалар қолданылмауы тиіс: \, /, : , *, ?, «».
Файлдар командалық қатарда файл атауынан және кеңейтілуінен тұрады. Кеңейтілудің көмегімен файл типін анықтауға болады. Файлды дискіге сақтауға болады. Диск атауы латын әрпінен басталып, соңына қос нүкте қойылады. А, В- әріптері иілгіш дисктерге арналған. C:, D:, E:, F: және т.б. – қатқыл дисктердің логикалық атаулары болып табылады. Файлды дискіге сақтау қажет болған жағдайда файлдың толық атауы диск атауынан басталады. Мысалы, C:\<файл атауы>. Сонымен қатар, файлдарды дискіде орналасқан бумаларда сақтауға болады.
Бумадегеніміз – файлдарды сақтайтын дискідегі арнайы орын. Бумаларды кейбір жағдайда директорий, каталог деп атайды. Дискідегі барлық бумалар бұтақ тәріздес құрылымды құрайды.