Сурет. Бұл терезеде құрылатын сұраныстың түрін таңдап алыңыз.

Тақырып. Деректер қоры. Деректер қорының көмегімен жеке медициналық карталар құру

Теориялық бөлім.

Сұраныстар

Сұраныстар –бұл деректерді өңдеу үшін арналған арнайы құрылғы. Сұраныстардың көмегімен деректерді сұрыптауға, сүзгілеуге, өзгертуге, яғни өңдеуге болады. Сұраныстың негізгі қызметі –кестелерді байланыстыру және деректерді таңдап алу. Бұл жерде бірнеше кестедегі деректерді өзара байланыстыру мүмкіндігі туралы айтылады. Сонымен қатар деректерді таңдау барысында жаңадан қажетті мәліметтері бар уақытша кестелер құрылады. Бұл мақсат үшін MS Access-те сұраныстар қолданылады, ал уақытша қорытынды кестелерді Recordset объектісі деп атайды. Әдетте Recordset объектілерін виртуалды кестелер деп атайды, дегенмен олар сұраныстардың орындалу нәтижелерін деректер қорында емес, компьютердің жадында сақтайды. Дәлірек айтсақ, кестелер арасындағы байланыстар орнату мүмкіндігі реляциондық ДББЖ тізімдерді өңдеу үшін аранлаған тегіс файлдардың процессорлары деп аталатын қарапайым қосымшалардан өзгешелейді. Recordset объектісі –бұл бірнеше кестедегі деректерді тек біріктіріп қана қоймайды, сонымен қатар ондағы деректер іріктеудің нақты белгілеріне сәйкес келу керек. Сонымен бірге есептеу жолымен бір мәннен екінші мәнді алуға болады.

Көптеген ДББЖ сұраныстырдың келесі түрлері қолданылады:

v таңдама бойынша сұраныскестедегі деректерді өзеріссіз қалдырып, форма немесе кесте түрінде болады;

v өзгермелі сұранысдеректерді орналастыру немесе өзгерту (деректерді кірістіру, жою, жаңарту) үшін арналады;

v қиылысқан сұраныстарстатистикалық есептердің нәтижелерін көрсету үшін арналған;

v параметрлері бар сұраныстар - ---------------------------------------------

Ал енді біз ең күрделі тапсырмалардың бірін қарастыруға – таңдамаға сұраныстар (немесе қарапайым сұраныс деп те атауға болады) құруға кірісеміз.

Таңдамаға сұраныстарды қолдана отырып, деректер қорынан кестелік түрдегі деректердің бейнесін алуға болады. Сұраныстарға арналған деректер бір немесе бірнеше кестелерден, бұрыннан бар сұраныстардан немесе кестелер мен сұраныстардың комбинациясынан түсуі мүмкін. Деректерді алу үшін пайдаланылатын кестелер мен сұраныстар жазбалар көздері деп аталады.

Таңдамаға қарапайым сұраныстар құру шеберді пайдалану мен құрастырушы режимінде жұмыс істеу кезінде де бірдей жағдайда орындалады. Бұл үшін сұранысқа енгізуді қажет ететін жазбалар көздері мен өрістерді таңдап алу қажет. Қажет болған жағдайда сұраныстың нәтижелерін нақтылау үшін шарт қоюға болады.

Таңдамаға сұраныс құрғаннан кейін, нәтиже алу үшін оны орындау қажет. Сұранысты орындау үшін оны кестелер режимінде ашу жеткілікті. Алдағы жерде сұранысты қажеттілікке қарай қайтадан қолдануға болады, мысалы пішім үшін жазбалар, есептеулер нәтижелері немесе басқа сұраныстар көзі ретінде.

Қарапайым сұраныс құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Ауысулар облысында, оның негізінде сұраныс құрылатын, кестені бөліп алыңыз.

2. Бұл кестеге, оның негізінде сұраныс құруға болатын, деректер енгізіңіз.

3. Құру қосымшасына өтіңіз, Басқалар тобын таңдап алыңыз, одан кейін

Сұраныстар шебері пиктограммасында шертіңіз.

4. Жаңа сұраныс шеберінің (1-сурет) бірінші терезесінде сұраныстың түрін таңдап алыңыз, мысалы Қарапайым сұраныс. Одан кейін ОК батырмасында тышқанды шертіңіз.

сурет. Бұл терезеде құрылатын сұраныстың түрін таңдап алыңыз.

5. Келесі «Қарапайым сұраныстар құру» (2-сурет) терезесінде оның негізінде сұраныс құруға болатын, кестені таңдап, одан кейін қажетті өрісті таңдаңыз.

Наши рекомендации