Түзу сызықты салу құралы.

Ол құралды пайдаланып түзу сызық салу мынадай әрекеттер тізбегінен тұрады. Яғни бұл құралды қолдану алгоритмі мынадай деп айтуға болады.

  1. Сызық (Линия)батырмасын шерту
  2. Сызықтың қалыңдығын таңдау
  3. Тышқан батырмасын сызық басталатын жерге орналастыру.
  4. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жібермей сызықтың аяқталатын жеріне апару.
  5. Тышқанның батырмасын жіберу.

Келесі құрал Шаршылар мен тік бұрыштарды салу құралы.

Тіктөртбұрыш құралымен боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Бұл құралды қолдану алгоритмін мына түрде айтуға болады.

  1. Тіктөртбұрыш (Прямоугольник) батырмасын шерту
  2. Қажетті тіктөртбұрыш типін таңдау. Мұнда тіктөртбұрыштың 3 типі қолданылады.Жақтау сызықтары көрінетін іші боялмаған тіктөртбұрыш, жақтау сызықтары көрінетін іші боялған тіктөртбұрыш, жақтау сызықтары көрінбейтін іші боялған тіктөртбұрыш.

Ескерту: Мұнда жақтаудың сызық түсі кескін түсімен, ал ішінің түсі фон түсімен салынады.

  1. Тышқан батырмасын тіктөртбұрыш басталатын жерге орналастыру.
  2. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жібермей тіктөртбұрыштың аяқталатын жеріне апару.
  3. Тышқан батырмасын жіберу.

Ал шаршы салу үшін тап осы алгоритмді қолданамыз, тек сурет салған кезде Shift батырмасын басулы күйде ұстап тұрамыз.

Бұрыштыры дөңгеленген тіктөртбұрыштарды салу.

Бұл құралды пайдалану алгоритмі тіктөртбұрыштарды салу алгоритмімен бірдей. Мұнда да дөңгеленген тіктөртбұрыштар салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстау керек.

Эллипстер мен шеңберлерді салу.

Элиипс дегеніміз горизонталь немесе вертикаль бағытта сығылған шеңберлер. Бұл құралды пайдалану алгоритмі тік бұрыштарды салу алгоритмімен бірдей. Мұнда да шеңбер салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстау керек.

  1. Эллипсбатырмасын шерту
  2. Эллипстің қажетті типін таңдау. Мұнда эллипстің 3 типі қолданылады. Шекара сызықтары көрінетін іші боялмаған эллипс, шекара сызықтары көрінетін іші боялған эллипс, жақтау сызықтары көрінбейтін іші боялған эллипс.
  3. Тышқан батырмасын эллипс басталатын жерге орналастыру
  4. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жібермей эллипстің аяқталатын жеріне апару.
  5. Тышқан батырмасын жіберу.

Исық сызықты салу реті.

  1. Қисық сызық(кривая) батырмасын шерту
  2. Қисық сызықтыңқажетті қалыңдығын таңдау.
  3. Түзу сызықты салу әрекеттерін орындау керек.
  4. Тышқанның сол жақ батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанына басыңдар да, оны иіліс жаққа апарыңдар.
  5. Осы әрекеттерді екінші иіліс үшін де қайталаңдар.

Егер қисық көңілдегідей иілмесе, онда екінші иілісті аяқтамай тұрып, оны жоюға болады. Ол үшін маустың екі батырмасын қатар басу керек.

Көпбұрыштарды салу.

  1. Көпбұрыш батырмасында тышқанды шерту
  2. Көпбұрыш типін таңдау.
  3. Бірінші сызықты салу
  4. Екінші сызықты салу және т.с.с.

Ю құралын пайдалану.

Құю құралының көмегімен тұйық контурды бояуға болады. Егер контур тұйық болмаса, онда бұл құралды қолдансаң, бояу экранға төгіледі.

  1. Құю батырмасында тышқанды шерту
  2. Түс палитрасынан түс таңдау
  3. Бояғыларың келетін тұйық контурдың ішінде тышқанмен шертіңдер

Бүріккіш құралын пайдалану

Бүріккіш құралы бояуды бүрку эффектісін жасау қолданылады.

  1. Бүріккіш батырмасын тышқанмен шертіңдер
  2. Түс палитрасында түс таңдаңдар
  3. Бүріккіш дағының өлшемін таңдаңдар
  4. Бояуды қажетті жерге бүркіңдер.

Ылқаламмен сурет салу

Қылқаламды шертіп, пішінін, түсін, өлшемін таңдап қылқаламмен сурет сала беруге болады.

Шіргіш құралын пайдалану

Өшіргіш құралын басып, оның өлшемін таңдап, өшіретін сызықтың үстінде тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап жүргізсе сызық өшеді.

Жаңа тақырып бойынша бекіту. Практикум, деңгейлік тапсырмалар

Тапсырмалар

І. 1. Рaint бағдарламасын жүкте.

2. Бүріккіш құралының көмегімен төмендегі суретті сал.

3. Суретке «Гүлдер» атын беріп сақта.

ІҮ.Бекіту

ЖҰБЫН ТАП» ОЙЫНЫ

Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын тауып, бағдарша арқылы көрсетіңдер. Сөздердің жұбын табыңдар:

PAINT графикалық тақтасы
Түзу палитрасы
Ерікті аймақты бұрыш
Түстер сызық
Көп редакторы
Құралдар алаңы
Сурет салу белгілеу құралы

ІІІ Жаңа сабақты өтілген тақырыппен байланыстыра түсіндіру
1. Paint графикалық редакторы туралы қысқаша қайталап түсіндіру.
Paint графикалық редакторы өз аты айтып тұрғандай, ол сурет салуға арналған редактор. Редакторды іске қосу: Пуск – Программы – Стандартные – Paint

2. Жаңа сабақ: Paint гафикалық редакторының құралдары
Paint графикалық редакторында 16 құрал пайдаланылады. Құралдарды пайдалану үшін қажетті құралдың үстінде маус нұсқағышын шертеміз, таңдалған құрал бойынша жұмыс алаңында сурет саламыз. Құрал міндетін білу: кез - келген құралдың үстіне маус нұсқағышын орналастырамыз сол кезде ішінде жазуы бар кішкене төрт бұрыш пайда болады, ол жазу құралдың атқаратын қызметін білдіреді.
Paint құралдары:
Аттары мен қызметтерін көрсете түсіндіру

1. Ерікті аймақты белгілеу

2. Белгілеу құралы

3. Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш

4. Құю (Заливка)

5. Түс таңдау

6. Масштаб

7. Қарындаш

8. Қылқалам

9. Жазу

10. Сызық

11. Қисық

12. Бүріккіш

13. Тік төртбұрыш

14. Көпбұрыш

15. Эллипс

16. Бұрыштары дөңгеленген төртбұрыш

Наши рекомендации