Желілік адрестеу. ІР-адрестер және ішкі желі маскалары. ІР-адрестердің типтері.

Ip адрестердің жіктелуі

А класы
 
0-127 Х Х Х
желі Түйін
         
Желілік бөліктің өлшемі – 8 бит, яғни, А класына жататын 27-1=126 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 224-2=16777214-ті құрайды. Адрестердің бұл класы желідегі түйіндердің үлкен санын қолдануға мүмкіндік беретіндіктен, бұл адрестер көбінесе желісі түйіндердің тым көп санынан тұратын ұйымдарға, үлкен мекемелерге беріледі,мұнда желілер саны аз,ал әр желіде бірнеше мың компьютер болады.
В класы
 
128-191 N Х Х
желі Түйін
         
Желілік бөліктің өлшемі – 14 бит, яғни, В класына жататын 214=16384 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 216-2=65534-ті құрайды Адрестердің бұл класын алу қиынға түскенімен, ол орта және үлкен желілерге арналған.
С класы  
 
192-223 N N Х
желі түйін
         
Желілік бөліктің өлшемі– 21 бит, яғни, С класына жататын 221= 2097152 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 28-2=254. Адрестердің бұл класы түйіндер саны аз кішігірім желілерге арналған.
D класы
 
224+ Х Х Х
желі Түйіндердіңлогикалық тобы
         
D класы кең таралатын хабарламаларға қолданылады. Бұл кластың адресінің бірінші октетінің үлкен биттері үнемі 1110-ға тең, ол бұл адрестің D класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.  
Е класы
 
240> Х Х Х
Желі  
         
Е класы болашақ қолданушылар үшін сақталған адрестердің экспериментальды класы. Бұл кластың адрестеріндегі үлкен биттер 1111-ге тең.  

1)Ішкі желі маскасы – ол да 32 бит. Бірақ, онда нөльдер мен бірліктер алмасып, кезектесіп кездесуі мүмкін емес. Әрқашан, бірінші тек бірнеше бірліктер, содан соң ғана бірнеше нөлдер. Яғни, келесі түрдегі маска болуы мүмкін емес:

120.22.123.12=01111000.00010110.01111011.00001100.

Бірақ, мына түрдегі маска болуы мүмкін:

255.255.248.0=11111111.11111111.11111000.00000000.

Басында N бірлік, содан соң 32-N нөлдер. Мұндай жазу түрі артықшыл (яғни, көп символ жазуға тура келеді) екенін түсіну қиын емес. Негізінде масканың ұзындығы деп аталатын N саны да жеткілікті. Көбінесе осылай жазу түрі пайдаланылады: 192.168.11.10 255.255.248.0 деп жазудың орнына 192.168.11.10/21 деп жазылады. Жазудың екі түрі де бір мағынаны береді, бірақ екінші жазу түрі ыңғайлылау екені көрініп тұр.

Ішкі желінің шекараларын анықтау үшін, компьютер IP-адрес және маска арасында биттік көбейту (логикалық ЖӘНЕ) орындайды. Көбейтіндінің нәтижесінде масканың нөлдері тұрған позициялар нөлге айналдырылған адрес алынады. Мысал қарастырайық 192.168.11.10/21:

11000000.10101000.00001011.00001010
11111111.11111111.11111000.00000000
_________________________________________________
11000000.10101000.00001000.00000000 = 192.168.8.0 Көбейтінді нәтижесінде алынған адрес 192.168.8.0 ішкі желі адресі деп аталады. Оны (негізінде) хост интерфейсінің адресі ретінде пайдалануға болмайды. Егер де осы биттерді, керісінше, бірліктерге ауыстырсақ, онда 192.168.15.255 адресін аламыз. Бұл адрес осы желі үшін бағытталған бродкаст (широковещательным) деп аталады. Оның қызметі (қажеттілігі) қазіргі кезде көп емес: бір уақыттарда ішкі желідегі барлық хосттар осы адреске жауап беруі керек деген сенім болған, бірақ бұл жағдай өте ертеде болған және қазір ол өтірік. Сонда да бұл адресті хост адресі ретінде пайдалануға болмайды. Нәтижесінде, әр ішкі желіде екі адрес – қоқысқа кетеді. Барлық қалған 192.168.8.1-тен бастап 192.168.15.254-ге дейінгі диапазондағы адрестер 192.168.8.0/21 ішкі желісінің адрестері болып табылады, оларды компьютерлерге беру үшін қолдануға болады.

Осылай, адрестің маскадағы бірліктер сәйкес келетін бөлігі (192.168.8), ішкі желінің адресі (идентификаторы) болып табылады. Оны тағы да көбінесе префикс деп те атайды. Ал, адрестің нөлдер сәйкес келетін бөлігі,- хосттың ішкі желідегі идентификаторы деп аталады. Ішкі желі адресін 192.168.8.0/21 немесе 192.168.8.0 255.255.248.0 түрінде көп кездестіруге болады. Маррутизаторлар трафиктердің желіде берілу маршрутын жасай отырып осы префикстармен жұмыс жасайды. Хосттардың ішкі желідегі мекен-жайын транзиттік маршрутизаторлар емес, осы желінің шлюзі ғана біледі (каналдық деңгейдегі технологиялар арқылы). Хост адресі ішкі желіден жеке түрде ешқашан қолданылмайды.

Үшінші жағдай. Хосттардың ішкі желідегі саны 232-N-2 арқылы анықталады, мұндағы N – маска ұзындығы. Маска ұзындығы үлкейген сайын, хосттардың саны азаяды.

Осы жағдайдан ішкі желі үшін масканың максимал ұзындығы N=30 екендігі келіп шығады. Тура осы /30 желілері маршрутизаторлар арасындағы point-to-point протоколымен байланыста көп қолданылады.

Негізінде қазіргі кезде көптеген замануи маршрутизаторлар ішкі желі адресі және бродкастты интерфейс адрестері ретінде пайдалану арқылы /31 маскасымен де жұмыс жасай алады. Администраторлан және желі инженерлері «тағы кім біледі» принципін ұстанғандықтан мұндай әдісті пайдаланудан жай ғана қорқады.

Ал міне /32 маскасы жиі пайдаланылады. Біріншіден, әр түрлі loopback деп аталатын интерфейстерді адресация жасау үшін, екіншіден қисық қолдылықтан: /32 – бұл бір хосттан тұратын ішкі желі, яғни, шынында ешқандай да желі емес. Администратор қаншалық хосттардың тобымен емес, жекелеген машиналармен жұмыс жасаса, желі соншалық кеңейтілмейтін болады, онда соншылақ көп ретсіздік және ешкімге түсініксіз ережелер болады. Мұнда бір ерекше жағдай серверлер үшін файрволдық ережелер жағдай болуы мүмкін. Ал мәні пайдаланушылармен жекелей емес, көптеген ішкі желілермен әрекет жасаған дұрыс, болмаса желі тез басқарылмайтын болып қалады.

Наши рекомендации