Дістемелік Ұсыныстары

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КАФЕДРАСЫ

«Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау» пәні бойынша

5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

мамандығының білім алушыларына арналған пәнді оқытудың

ДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ

Қызылорда, 2013

«Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау» пәні практикалық курс болып табылады. «Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау» пәні дербес дербес компьютерді жөндеу негізін үйрету. Барлық енгізу-шығару құлылғыларын қарастырады. Пән әртүрлі ұжымдардағы күрделі жүйелерді басқарудың ғылыми және практикалық әдістерімен таныстырады. Пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) студенттерді «Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау» курсын тиімді және сапалы игеруі үшін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мақсатында құрастырылған. ОӘК лекциялардың тезистік мазмұнынан, зертаханалық жұмыстар мен СӨЖ тапсырмаларынан, әрбір дәріс соңында бақылау сұрақтарының және үй тапсырмаларының тізімі бар, зертханалық жұмыстар және СӨЖ-ден тұрады. Студенттердің ағымдық және қорытынды білімін бақылау мақсатында ОӘК-де тест сұрақтары қарастырылған.

Курсты оқып-бiлу нәтижесiнде білім алушы берiлген есептiң мақсатын дұрыс анықтай бiлуi, шешу әдiсiн таңдап, алгоритмдi жасай бiлуi және жоғары деңгейлi программалау тiлдерiнiң бiрiнде оған сәйкес программаны құрып, программаны дербес компьютерде орындап, нәтижелерiн талдай алатын болуы қажет.

Бұл пән бойынша 30 сабақ - лекция, 15 сабақ - зертханалық түрде өткiзiледi. Сонымен қатар курс бойынша 15 сағат студенттердiң оқытушы жетекшiлiгiмен өзiндiк жұмысты орындауы (СОӨЖ). Сабақтан тыс кезде студенттер жоғарыда көрсетiлген офистiк сағаттарда оқытушыдан қажеттi кеңестер алуына болады. Офистiк сағаттар оқытушының кафедрасында өткiзiледi.

Лекциялық сабақтар пәннiң теориялық негiздерiн оқытуға арналады. Зертханалық сабақтарды академиялық оқу тобы екiге бөлiнiп бөлек өтедi. Сабақтар компьютерлiк кластарда өткiзiледi. Тазалықты және техника қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн компьютерлiк кластарда студенттер ақ халатпен жұмыс жасауы мiндеттi.

Компьютерлiк кластарда өткiзiлетiн зертханалық сабақтарда студенттер берiлген жеке тапсырмаларды орындайды. Зертханалық сабақтарды орындауға қажеттi әдiстемелiк нұсқаулар және жеке тапсырмалар сабақ кезiнде берiледi.

«Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау» пәнін оқудың негізгі мақсаты – студеттердің ақпараттарды алу, түрлендіру, беру, сақтау процестері туралы негізгі білімді сапалы және нақты меңгеруін қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету қәзіргі заманғы қоғамның дамуында ақпараттық технологияның ролі және бүкіл әлемдік ғылыми көріністі қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін студенттерге жеткізумен анықталады.

Пәнді оқудың негізгі міндеті –есептеу машиналарының, жүйелерінің және тораптарының құрылымдық және функционалдық қағидаларын. Есептеу машиналарының арифметикалық, логикалық және сұлбатехникалық негіздерін. Сырт және ішкі жады құрылғыларын ұйымдастыру принциптері. Процессорларды ұйымдастыру принциптері. Мәліметтерді енгізу және шығару құрылғыларын және олардың орталық құрылғылармен әрекеттесуін ұйымдастыру. Есептеу жүйелері мен тораптарын жобалау негіздерін білу керек.

Қойылатын талаптар:

«Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау» курсында практикалық курс болып табылады. Сондықтан барлық зертханалық жұмыстарды мiндеттi түрде орындау қажет. Әр зертханалық жұмыс бойынша студент есеп дайындайды, оның iшiнде жеке тапсырманың тақырыбы, қойылымы және мақсаты, тапсырманың мазмұны, шешу алгоритмiнiң сипаттамасы, программа мәтiнi, есептеулердiң орындалуын тексеруге қажеттi тестiлiк деректер жиыны, дербес компьютерде орындалған бағдарлама құрылымы мен оның нәтижелері болуы тиiс. Орындалған зертханалық жұмыстарды студент оқытушы алдында қорғайды. Әр жұмыс жеке бағаланады.

Пән бойынша өзiндiк жұмысқа берiлетiн жеке тапсырмалар да қарастырылған. Оларды студент сабақтан тыс уақытта өз бетiнше орындауы тиiс, ал орындалуын оқытушы қадағалап отырады.

Пәндi оқу барысында күнтiзбеге сәйкес екi межелiк бақылау өткiзiледi:

1 – межелiк бақылау 7-аптада тапсырылады;

2 – межелiк бақылау 15 аптада тапсырылады.

Межелiк бақылаулар кезiнде студенттiң пән бойынша игерген теориялық бiлiмi және есептiң алгоритмiн құру мен программалау тiлiнде дағдылары тексерiледi. Оқу семестрiнiң соңында емтихан түрiндегi қорытынды бақылау өткiзiледi. Межелiк бақылаулар мен емтихан түрiнде студенттер бiлiмiн қорытынды бақылау өткiзiледi. Межелiк бақылаулар мен қорытынды бақылау компьютерлiк тест түрiнде өткiзiледi.

Аралық бақылауларға дейін білім алушылар сәйкесінше дәрісханалық жұмыстарда жинақталатын пайыздық мазмұнның 15 пайызына дейін, білім алушылардың өзіндік жұмысына бөлінген пайыздық мазмұнның 5 пайызына дейін тапсыруға міндетті. Білім алушылар дәрісханалық жұмыстар мен өзіндік жұмыстарын тапсырмаған жағдайда (яғни 0 болған жағдайда) аралық бақылауға жіберілмейді. Сондай-ақ білім алушылар 2 аралық бақылаудың біреуіне немесе екеуіне кірмеген жағдайда ол емтиханға жіберілмейді.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақ № Тақырыптардың атауы Сағаттар саны
дәріс
Дербес компьютердің негізгі бөліктері мен қосалқы құрылғыларын жөндеу мен модернизациялау ерекшеліктері Дербес компьютерді сақтауға қойылатын талаптар. Дербес компьютердің аппараттық бөліктерін қорғау
Компьютерлердің сыртқы құрылғылары. Комьютерлік корпустар түрлері.
Компьютердің ішкі құрылғылары. Корпус, коректену блогі, аналық тақша, бейнежүйе, дыбыстық жүйе, жинақтағыштар, дискжетектері иілгіш дисктерде, қатты диск, модем, мәлiметтер құндылығы,
Жинақтаушы қатты дисктің негізгі жұмыс принципі. Жинақтаушы қатты дискінің құрылымы. Каркас. Магниттік дискілер. Магниттік дискіге ақпаратты жазу және оқу. Жинақтаушы қатты дискінің логикалық бөлінуі.
Жүйелік тақшалар және олардың құрамын меңгеру
Дербес компьютердің бейнежүйесі. Суреттермен жұмыс істеуге арналған құрылғылар
Монитор. Монитордың құрылымы. Корпусы. Электронды сәулелік трубка және оны басқару платасы. Мониторға видеокарта таңдау. Монитор экранындағы бейнелердің дұрыс шығарылуын қамтамасыз ету.
Басқару жүйелерi және нақты жүктеу процессі. Алдын ала тестеудi ұйымдастыру. Жөнделетін жабдықтарды іздеудің жалпы алгоритмі. Жөндеу және ауыстыру. Қайта тексеру.
Орталық процессор
Жүйелік чипсеттер. Чипсеттердің құрылымы.
Компьютердің иерархиялық құрылымы. BIOS. Жүйелік BIOS. Функционалдық мүмкіндіктері. Бастапқы жүктеу процессіжәне үйлесімділігі. BIOS диагностикасы және қателіктерді жөндеу.
Шиналар. сегіз және оналты разрядтық шиналар. ISA, PCI, AGP, CNR шиналары. Процессор жайлы негізгі түсініктер. Шиналар. Процессор жұмысының режимдері. CISC және RISC сәулеттері.
CMOS жады. CMOS Setup бағдарламасы.
Жүйелік ресурстар. Жүйелік ресурс жайлы жалпы түсінік. Үзілістер (IRQ). Жадыға тікелей өту каналдары. (DMA)
IDE интерфейсі және RAID массивтері.
SCSI Интерфейсі
Қатты дисктердегi жинақтағыштар
CD-R/RW дискжетектері. Компакт дисклердің стандарттары және характеристикасы
DVD-R/RW дискжетектері. Форматтық сәйкестіктері.
Клавиатуралар
резервтегi көшiрулер
Мәлiметтерлердi қалпына келтiрудiң әдiстерi
Оперативті жадымен танысу және онымен жұмыс жасау
Микропроцессор
Аппараттық жабдықтары. Операциялық жүйелері. Қолданбалы бағдарламалар.
Операциялық жүйелерді жүктеу. Қоректену көзін қосу. Жүйенің түйінін (ядро) тексеру. POST процедурасы
Принтерлерді жөндеу.
Компьютер өнімділігін бағалау. Тексеруші бағдарламалар зерттеу нәтижелерін бағалау.
Процессордың жылдамдығы. Процессордың түрлері. Процессордың қоректенуін басқару. Процессордың тактілік жиілігі және тактілік генераторлары.
Plug – and – Play технологиясы. Ресурстардың таралуын тексеру.
БАРЛЫҒЫ

1 Тақырып.Дербес компьютердің негізгі бөліктері мен қосалқы құрылғыларын жөндеу мен модернизациялау ерекшеліктері Дербес компьютерді сақтауға қойылатын талаптар. Дербес компьютердің аппараттық бөліктерін қорғау

Дәріс мақсаты:Ақпараттық процесс ұғымы және құрылымын зерттеу.

Бақылау сұрақтары:

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Дербес компьютердің модернизациялау ерекшеліктерін білу үшін, оның теориясын терең меңгеру керек. Дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Наши рекомендации