LINUX операциялық жүйесінің қысқаша тарихы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Linux операциялық жүйесіне шолу»

Орындаған: 15-ВТК-2 студенті Мұса Ш.С.

Қабылдаған: Сулейменова Л.Р.

Өскемен қаласы, 2016 ж.

Мазмұны

Кіріспе

1 LINUX операциялық жүйесіне жалпы сипаттама

1.1. LINUX операциялық жүйесінің қысқаша тарихы

1.2. Oперациялық жүйелердің таралу ережелері

1.3. LINUX дистрибутивтері

2 LINUX операциялық жүиелерін баптау және конфигурациялау

2.1 LINUX операциялық жүиесінің икемділігі

2.2 LINUX дыбыстық жүйенің күйге келтірілуі

2.3 Графиктік ережелер үшін бейнеадаптер режимі

3 Шаблон бойынша каталогтағы файылдарды іздеу қосымшасын әзірлеу

3.1 Тапсырма қойылымы

3.2 Жүзеге асыру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Linux операциялық жүйесі көптеген елдерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды.

Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға арналған өте ыңғайлы жүйе болып табылады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жұмыс істеу қарқыны WindowsNT-дан жоғары екені бәрімізге мәлім, ал көп қолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.

OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты Linux-тің мүмкіндіктері мен жұмыс ережелерімен танысу болып табылады. Бөлімдерде операциялық жүйенің жалпы мағлұматтары және оны дербес компьютерде қондырудың процесі келтіріледі. Сонымен бірге операциялық жүйеде графиктік және мәтіндік режимдермен жұмыс істеуге болатыны көрсетіледі, және де кейбір администраторлау мағлұматтары мен OS-тің жан-жақты қамтылуы беріледі.

Linux – те инструменттердің жинағы қамтамассыздандырылған. Осы инструменттер арқылы сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжат-тарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға өте қолайлы болып есептелінеді. Интернетті пайдаланудан бөлек, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға толық рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйесінде көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.

“Linux” терминінің мағынасы толығымен анықталмаған. Ең алдымен ол ядроны, Linuх-тің кез келген версиясының негізі ретінде білдіріледі. Ал кең ауқымдағы мағынасы — дистрибутив деп аталатын, осы ядрода орындалатын бағдарламалар жиынтығы. Ядроның мақсаты – бағдарламалар, соның ішінде базалық аппараттық бағдарламалар мен есептеулерді немесе бағдарламалардың орындалуын басқаратын жүйелер сияқты бағдарламалар орындалатын базалық ортаны қамтамасыз ету.

Кез келген анықтамадан шыққанда Linuх операциялық жүйе болып табылады. Linuх-ті басқа дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелерден айыратын ядроның ерекшелігі сонда — бұл жүйе көптапсырмалы және көпқолданбалы жүие болып табылады.

1 LINUX операциялық жүйесіне жалпы сипаттама

LINUX операциялық жүйесінің қысқаша тарихы

Linux – операциялық жүйе, ол өте танымал Unix операциялық жүйенің жиырма бес жылдық дамуының жоғары қасиеттерін қамтыды. OS Linux 1991 жылы 5 қазанда Хельсинки қаласындағы университетте оқыған авторы және иесі Линус Торвальдспен (Linus Torvalds) тұңғыш рет сатылуға шығарды.

Linux-тің бірінші түрі шыққаннан кейін екі айдан соң Линус Торвальдс жаңа оперциялық жүйені таратты және басқаларды Linux-ті дамыту жұмысына шақырды. Сондықтан Linux операциялық жүйесі бүгінгі күнде көптеген жер шарының программистерімен дамытылуда және олардың жемісі көптеген Интернет сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі күнге дейін Линус Торвальдс болып саналады.

Linux Unix-тің жеңілдетілген түрінің қорында орналасқан, ол Minix деп аталады. Алғашынан бастап Linux тез бейімделген, кіші және арзан операциялық жүйе ретінде жасалады. Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері:

¾ Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір мезгілде бірнеше жұмыстарды орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын қолданады.

¾ Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты дискінің бөлімін виртуалдық жады ретінде пайдалана алады. Операциондық жадыда активті процестерді сақтайды және дискіге програманың аз қолданылатын бөлімдерін кіргізеді. Жүйенің барлық жадысы қолданылады (виртуалдық және операциялық), Linux үшін бағдарламалармен дискінің жалпы жадысы сипатталады.

¾ Операциялық жүйенің графиктік ортасы. XWindow – бұл стандартты интерфейс, ол Unix-те графиктік мүмкіндіктерді орындайды.

¾ Linux барлық қолданбалы тор хаттамаларын, сонымен бірге Интернет-хаттамасы TCP/IP, желілік хаттамалары SMB және Novell, Nis ақпараттық хаттамалары, NFS, WINS және т.б. желілік файлдық жүйенің хаттамаларына жәрдемдеседі.

¾ Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы қайталанатын процедураларды сақтаудың орнына жүйе стандартты кітапхана жиынын береді. Олар қажет уақытта бағдарламаларға қосылады.

¾ SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына ұқсас болуы. Linux көбінесе стандарттарды қолданады.

¾ Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux AT&T сияқты саудалық дамытылуларын пайдаланбайды. Сондықтан әрбір адам өзінің OS модулін жазуға мүмкіндігі бар.

¾ Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан.

¾ Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке арналған он вирус қана белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық жүйеге зиян келтіре алмайды.

Наши рекомендации