Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері
Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс. MS-DOS операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік интерфейсі олар: меню жүйесі(көлденең, сырғып түсетін, қалқып шығатын,иерархиялық), сұхбаттасу тәсілдері(мәліметтерді енгізу, варианттарды таңдау)және т.б.
Мұндай тәсіл жаңа программаларға көшкен сайын әрбір адамға қайта үйрену қажеттілігін туғызады.
«Point -and -Click» (көрсету және шерту)принципі. Бұл принцип бойынша графикалық технологиядағы көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып,оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті. Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады.
• Программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту,үлкейту, және бұрынғы қалпына келтіру;
• көлденең орналасқан меню пунктерін таңдау;
• экранға шығатын меню командаларын таңдау;
• мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу;
• командалық батырманы басу,таңдау;
• ауыстырып қосқыштың мәніни өзгерту;
• мәтіндік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасуын зерттеу;
• мәтін енгізілетін өріс жолдарының бірін таңдап,оған мәлімет енгізу және көптеген басқа өрекеттер;
Selekt(ерекшелеу,белгілеу)принципі.
Программалар терезесінде құжатпен жұмыс істеу барысында бізге үнемі мәтін фрагменттерімен, үзінділермен әртүрлі операциялар орындауға тура келеді. Ол операциялар мынадай әрекеттерден тұрады.
• Фрагментті көшіру, тасымалдау, жою,олардың қаріптерін,мөлшерін өзгерту,жиектеу,кейбір жерлеріне көлеңке түсіріп қараңғылау.т.б. Мұндай операциялар екіге бөлініп орындалады:ең алдымен біз фрагментті белгілеп алуымыз керек(яғни құжаттың қай бөлігін өңдейтінімізді программаға хабарлау),сонан соң нақты команданы орындау(программаны жою немесе қаріпті өзгерту)
«Drag-&-Drop» принципі(тасымалдау және барған орнында қалдыру)
Бұл әдіспен өңделіп жатқан құжаттың белгіленген үзігін, белгішені(пиктограмманы),терезені басқа орынға ауыстыруға немесе олардың көшірмесін алуға болады.
Мысалы, егер де суреттің бір бөлігі қайшымен қиылып белгіленген болса, онда тышқан курсорын сол сурет бөлігіне жеткізіп, оның сол немесе оң жақ батырмасын басып тұрып,жаңа орынға ауыстыруға болады. Батырманы босатқан кезде сурет қиығы жаңа орынға бекітіледі.
Windows жүйесіндегі Drag-&-Drop әдісімен келесі программаларды орындау жиі жүргізіледі:
• Үлкейтілген терезелермен белгішелердің орнын ауыстыру.
• Графикалық редактордың жұмыс аумағындағы суреттің белгіленген фрагментін жаңа орынға ауыстыру немесе оның көшірмесін алу.
• Word редакторында мәтіндік информацияның белгіленген фрагментін басқа жерге орнын ауыстыру немесе оның көшірмесін алу.
• Суреттер мен кестелердің орнын ауыстыру немесе оның көшірмесін алу.
• Мәтін беттеріндегі абзацтың жаңа жолын және оның оң жақ,сол жақ шекараларын көлденең сызғыштың жоғарғы және төменгі кішкене үшбұрыштарын тасымалдау арқылы тағайындау.
• Дайын белгішелер (пиктограммалар) жиынынан әрбір адам өзі қолданатын құрал -саймандар тақтасын ұйымдастыру.
Қазіргі жүйелерде Drag-&-Drop әдісін программалаушылар жиі қолданады.
«WYSIWYG» принципі(не көрсеңіз соны аласыз).
Экранда мәтіндік құжатты баспаға дайындау кезінде символдар бейнесі,басылып шыққан қағаз бетіндегі символдармен бірдей болады.
OLE технологиясы-обьектілерді байланыстыра отырып кірістіру(Object Linking and Embedding-OLE). Бұл программаларды кірістірудегі ең басты құрал болып табылады. Ол бір программада өңделген обьектіні басқа программалардың құжаттары арасына енгізіп, оны негізгі бастапқы программа құралдарымен редакциялауға мүмкіндік береді.
DDE технологиясы-обьектілерді динамикалық түрде байланыстыру. Обьектілерді басқа құжатқа не программалық қолданбаға енгізе отырып,негізімен байланыстырудың ең қуатты түрі,мұнда обьектіні обьектіні бастапқы программада түзетсек,ол түзету онымен DDE технологиясы арқылы байланысқан екінші программада да автоматты түрде жүзеге асады.