Windows- тің анықтамалық жүйесі.
Программалық жабдықтар интерфейсіндегі негізгі элемент болып оның анықтамалық жүйесі саналады, онда әрбір адамға қажетті информация толық түрде болуы тиіс. Windows ортасының бір артықшылығы ретінде оның анықтамалық жүйесінің барлық программалық қолданбалар үшін бірдей етіп құрастырылған. Сондықтан біз программаның анықтамалық жүйксімен таныс болса, қалғандарының құрылымы да сондай болғандықтан, керекті информацияны қиналмай іздеп табуға болады.
Windows ортасы мен оның ішіндегі стандартты қосымша программалардың бәрінің де бір-бірінен тармақтала өрбитін анықтамалық жүйесі( бұдан кейін анықтамасы ) бар, ол жұмыс кезінде туатын кез-келген сұраққа жауап бере алады. Windows ортасында кез келген анықтаманы бұлай шақыруға болады: Windows3.x жүййесі үшін - Программа диспетчері терезесінің жоғарғы жағындағы көлденең орналасқан менюдегі Анықтама ( справка ) пунктінің Мазмұн ( содержание ) командасын таңдау керек;
Windows98 жүйесі үшін – Іске қосу ( Пуск ) менюінің Анықтама ( Справка ) командасын таңдау керек.
Windows жүйесінің өзінде және оның қосымшаларының бірсыпырасында анықтаманы сұхбат терезесі арқылы алу мүмкіндігі бар. Кез келген сұхбат терезесінде Көмек батырмасы бар. Оны таңдап алсақ экранға анықтамалық жүйе шығып, Анықтама терезесіне сол сұхбаттасу мүмкіндігінің жұмысын баяндайтын информация шығарылады. Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің барлығы файлдармен жұмыс істейді. Windows бұл жұмыстың қомақты бөлігін өзіне қаратып алды деуге болады, яғни ол әрбір адамды дискідегі файлдармен қатынас жасау оларды үнемі қадағалау қажеттілігінен босатты. Мысалы, қандай да бір программа белгісіне тышқан курсорын апарып, оны екі рет шертсек, соған сай келетін программалық файл іске қосылады, бұл сәттерде файлдың қай жерде орналасқанын әркімге білу міндет емес. Мұның өзі Windows жүйесінің және ондағы барлық қолданбалы программалардың файлдық жүйемен қатынас құра алатынының айғағы болып табылады.
Әдетте әрбір адам дискіден файл оқу үшін не оған басқа файл жазу үшін, сондай-ақ қолданбалы программаларды іске қосу үшін файлдық жүйеге жүгінеді.
Файлдарды ашу және сақтау терезелері
Windows жүйесінің көптеген программалары дискіден информацияны оқу және оны толықтырып, өңдеп қайта дискіге жазу операцияларын орындаудан тұрады. Осы операцияларды орындау барысында Парақтау( Пролистать ) терезесінің аналогымен жұмыс істеу керек болады, ол -жұмыс Парақтау және Сақтау терезелеріне өте ұқсас Ашу тересі.
Windows жүйесінің стандартты программалары.
Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді,
мысалы:
мәтіндік құжаттар дайындау;-
графикалық бейне -көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;-
жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;-
математикалық есептеулеррді орындау және т.б.-
Әдетте бұл қосымша программалар « Стандартты » тобында орналасқан.
Орытынды
Операциялық жүйе кез келген компьютердің ең қахет құрамдас бөлігі және ол компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға, оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалардың жиыны болып табылады. Операциялық жүйе адам мен компьютердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде Windows -барлық дербес компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе. Windows -тің кеңінен таралуына себеп, оның қолайлығы, түсініктілігі, графикалық интерфейсі, бірнеше программалармен қатар жұмыс жасау мүмкіндігі және жаңа жабдықтардың автоматты түрде бапталуы сияқты ерекше қасиеттерін атауға болады. Windows бірнеше операциялық жүйелерді біріктіреді, олар бір-біріне ұқсас болғанымен, әр түрлі мүмкіндіетері бар және әр түрлі мақсаттарға арналған.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Е. Қ. Балапанов, Б. Б. Бөрібаев, А. Б. Дәулетқұлов.
Жаңа информациялық технология, Информатика. Алматы 2004.
2. Н. Ермеков , Н. Стифутина .
Информатика. Алматы« Атамұра » 2007