Практикалық жұмыс №1. Кездейсоқ сандарды модельдеу
Аширбекова Ж.Ш.
В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері үшін «Компьютермен модельдеу негіздері» пәнiнен практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Шымкент, 2016
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
Аширбекова Ж.Ш.
5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері үшін «Компьютермен модельдеу негіздері» пәнiнен практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Шымкент-2016ж
ӘОЖ 004.94 (083.3)
КБЖ 73
Құрастырған: Аширбекова Ж.Ш. «Компьютермен модельдеу негіздері» пәнiнен практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау.- Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2016.- 40 бет.
Әдістемелік нұсқау «Компьютермен модельдеу негіздері» пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасы талаптарына сәйкес құрастырылған және практикалық жұмыс тақырыптарын орындауға қажетті барлық мәліметтерін қамтиды.
Әдістемелік нұсқау 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының күндізгі және сыртқы бөлім студенттері үшін арналған.
Әдістемелік нұсқауда «Компьютермен модельдеу негіздері» пәнiнен студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары құрастырылған. Әрбір өзіндік жұмыс тапсырмаларына теориялық қысқаша мәліметтер, жеке тапсырмалар, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пікір білдірушілер: Жаппаров С.А.- ф.-м.ғ.к, «Математикалық тәсілдеу және модельдеу» кафедрасының аға оқытушысы. М.Әуезов ат. ОҚМУ
Жаманкараева М.А. - ф.-м.ғ.к, Академиялық инновациялық университетінің «Жоғары математика» кафедрасының аға оқытушысы.
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы (хаттама №5 «13» желтоқсан 2015ж.) және «Ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және автоматтандырылған жүйелер» факультетінің әдістемелік комиссиясы отырысында қаралған және басуға ұсынылған (хаттама №8 «28» сәуір 2016ж.)
Басуға М.Әуезов атындағы ОҚМУ Оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған, хаттама №6 «28» мамыр 2016ж.
Ó М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, 2016ж.
Шығаруға жауапты Аширбекова Ж.Ш.
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................6
Практикалық жұмыс №1. Кездейсоқ сандарды модельдеу ....................................7
Практикалық жұмыс №2. Кездейсоқ оқиғаларды модельдеу...............................11
Практикалық жұмыс №3. Үздіксіз кездейсоқ шамаларды модельдеу.................15
Практикалық жұмыс №4. Дискретті кездейсоқ шамаларды модельдеу..............20
Практикалық жұмыс №5. Көпөлшемді кездейсоқ шамаларды модельдеу..........24
Практикалық жұмыс №6. Кездейсоқ процестерді моделдеу...............................28
Практикалық жұмыс №7. Оқиғалар ағынын модельдеу........................................33
Ұсынылған әдебиеттер тізімі...................................................................................37
Кіріспе
Оқу жоспарына сәйкес «Компьютермен модельдеу негіздері» пәнінен оқып-үйренген кезде студенттер осы пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындауға міндетті.
Жоғары оқу орнында біліктілігі жоғары мамандарды дайындауда студенттердің өзіндік жұмыстарының алатын орны ерекше. «Компьютермен модельдеу негіздері» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы осы пәнді тереңдете, егжей-тегжейлі оқып-үйрену, студенттерді оқу, ғылыми-техникалық, әдістемелік әдебиетпен, лекция конспектілерімен шығармашылық, өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру мақсатымен жүргізіледі.
Өзіндік жұмыстарын орындау үшін студенттер лекция сабағын, үйге берілген тапсырмалар материалын жақсы меңгеруі және әдебиетпен өз бетінше жұмыс істеуі тиіс.
Студенттердің практикалық сабақтың негізгі мазмұны лекцияларда берілетін теориялық курстың тиісті бөлімдерін білген кезде ғана тиімді болады. Сондықтан теориялық материалдарды оқып - үйренуге ерекше көңіл бөлінуі қажет.
Әрбір практикалық сабақты орындауға арналған әдістемелік нұсқау мазмұнында:
- модуль бойынша әрбір практикалық сабақты тақырыптары;
- берілген практикалық сабақты түрінің мазмұны мен құрылымы;
- сәйкес практикалық сабақты түрінің орындау тәртібі;
- топтық және жеке жобаларды, ситуациялық тапсырмаларды орындауға, рефераттарды, презентацияларды, эсселерді т.с.с дайындауға қойылатын талаптар;
- жұмыс көлемінің ұсынылуы;
- білім алушының дайындық деңгейін ескеруші, баламалық тапсырмалар;
- өзіндік бақылау үшін тестік тапсырмалар;
- әрбір тақырып бойынша ағымдық бақылау сұрақтары және әрбір модуль бойынша шектік бақылау сұрақтары;
- қорытынды бақылау сұрақтары;
- бақылау түрі мен формасы;
- бағалау көрсеткіштері;
- қажетті беттері көрсетілген әдебиеттер;
- есеп беру формалары ұсынылған.
«Компьютермен модельдеу негіздері» пәні бойынша практикалық сабақты орындауға арналған әдістемелік нұсқауында - пән бойынша кредит саны 3 болғандықтан, cтуденттердің практикалық сабақтың 7 тақырыптарының тапсырмалары қамтылған. Әрбір тапсырманың көлемі күрделігіне байланысты 2-3 сағатты құрайды.
Практикалық жұмыс №1. Кездейсоқ сандарды модельдеу