Деректер Қоры ҰҒымы

Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, түрлі құрылымды мекемелерде мәліметтерді дайындау, өңдеу, сақтау іс-әрекеттері жиі кездеседі. Оларды сақтаудың кең тараған тәсілі - компьютерде мәліметтер қоры түрінде сақтау. Мәліметтер қоры деп құрылымы арнайы тәсіл бойынша ұйымдастырылатын мәліметтік файлды айтады.

Мәліметтер қоры дегеніміз - ЭЕМ-ның сыртқы жадында ұзақ мерзім бойы сақтауға, оларды үнемі жаңарып отыруға және қолдануға арналған мәліметтердің ұйымдасқан жиынтығы.

Деректер қоры түсінігі мен деректер қорын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл программалық құралдар кешені жаңа деректер қорын құру, оның мазмұнын толықтыру, мазмұнын түзету және ақпаратты визуалдауға арналған. Ақпаратты визуалдау түсінігіне ұсынылған критерилерге сәйкес деректерді жинақтау, реттеу, көркемдеу, басып шығару және байланыс каналдары арқылы жіберу түсінігі енгізіледі. Әлемде деректер қорын басқарудың көптүрлі жүйелері бар. Олардың барлығы әртүрлі объектілермен әрқалай жұмыс атқарады, пайдаланушыға әртүрлі функциялар мен құралдарды ұсынады, ДҚБЖ –нің көпшілігі қалыптасқан негізгі түсініктер кешеніне сүйеніп жұмыс жасайды.

Деректер қоры сөзі мағынасын кеңінен алып қарастырсақ ол қандай бір заттақ аймақта, шынайы әлемдегі нақты объектілер жайындағы мәліметтердің жиынтығы.

Деректер қорын құрып отырып пайдаланушы ақпараттарды қандай бір белгісі, қасиеті бойынша тез реттегісі келеді. Осы кезде деректер құрылымына көп көңіл бөлінеді.

Деректер құрылымын жасау дегеніміз - деректерді құрылу ретіне қарай орналастыру. Құрылымы жасалмаған деректер деп мәтіндік файлдарды айтады. Төменде студент жайында құрылымы жасалған және құрылымы жасалмаған мысалдар келтірілген.

Құрылымы жасалмаған деректер: Жеке іс қағазы № 12456 Әлиев Жебе Жүргенұлы, туған мерзімі 1 қаңтар, 1981ж.; Ж/і қағазы №12457 Сарина Жаннұр Мұратқызы, туған мерзімі 12 сәуір 1982ж.; Ж/і қағазы №14895 Жүнісова Меруерт Болатқызы, т/м 28 наурыз 1981ж.

Құрылымға келтірілмеген деректермен жұмыс жасау қиынға соғатынын байқауға болады.

2. ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ.

Деректер қоры негізінде үш белгі бойынша жіктеледі:

1-ші белгісі - сақталынған ақпараттың сипатына қарай деректер қоры фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді.

 фактографиялық деректер қоры қатаң анықталған пішінде ұсынылған, жазылған объектілер туралы қысқаша мәліметтерден тұрады. Мысалы: кітапханадағы кітаптар қорының деректер қорында әрбір кітап туралы деректер библиографиялық түрде сақталады: шығарылған жылы, авторы, аты және т.б. Кітаптың мәтіні деректер қорында сақталмайды.

 құжаттық деректер қоры әр түрлі типтегі: мәтіндік графикалық, дыбыстық, мультимедиялық кең көлемдегі ақпараттардан тұрады. Мысалы: заңдық актілердің құжаттық деректер қоры заңдардың мәтінінен тұрады. Құжаттық деректер қоры – бұл архив.

2-ші белгісі - ақпараттарды сақтау әдісі бойынша деректер қоры орталықтандырылған және бөлектелінген болып бөлінеді.

орталықтандырылған деректер қоры - барлық ақпарат бір компьютерде сақталады;

бөлектелінген деректер қоры компьютердің жергілікті және ауқымды желілерінде қолданылды және ақпараттың әртүрлі бөліктері бөлек компьютерде сақталуы мүмкін.

3-ші белгісі - ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер қоры реляциялық, иерархиялық, желілік болып бөлінеді.

 реляциялық деректер қоры деп өзінің құрамды бөліктерінің өзара байланысынан құрастырылған деректер қорын айтады. Қарапайым жағдайда ол тік бұрышты кестеден немесе кестелер тобынан тұрады;

 иерархиялық деректер қоры деп белгілі бір ереже бойынша байланысқан элементтер жиынтығын атайды;

 желілік деректер қорында негізгі түсініктермен қоса әрбір элемент кез келген басқа элементпен байланысқан болуы мүмкін.

Сызықтық және тармақталған алгоритмдерді құру және пргораммалау мысал келтіре отырып сипаттаңыз. 21. Сызықтық және тармақталған алгоритмдерді құру және программалау мысал келтіре отырып сипаттаңыз.

1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок - схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуы – сызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы:

алг үй тапсырмасын орындау

басы

күнделікті алу, тиісті бетін ашу,

үй тапсырмасын анықтау

үй тапсырмасын орындау

күнделікті орнына қою

соңы

Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді. Мысалы, төменде көрсетілген Z функциясының сандық мәнін есептеп шығару алгоритмін жасау керек болсын.

Z = ax + b + cos (ax + b) – tg (ax + b) Бұл функцияның мәнін табу үшін алдымен жақшада тұрған ax 2 + b көпмүшелігін жеке есептеп алу қажет, себебі ол тізбек үш рет есептеліп, орындаушы машина оған уақытты көп кетіреді. Есептеліп болған Z функциясының мән қағазға не экранға басылып шығуы тиіс. Жалпы компьютер жадына a, b, x мәндері алдын – ала енгізілуі керек.

алг Z функциясын есептеу

(нақ a, b, x, z )

арг a, b, x

нәт z

басы

a, b, x енгізу

t: = ax 2 + b

z: = t + cost + tgt

x, z шығару

соңы

Сонымен қарастырылған алгоритм қарапайым сызықтық алгоритмнің мысалы болып табылады. Мұндағы 2 - блок - a, b, x мәндерін пернелерден программаға енгізу блогы, 3 - блок t - ның, ал 4 - блок Z функциясының мәндерін есептейді. 5 - блок х айнымалысының және Z функциясының нәтижесін қағазға басып шығарады.

Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2 - ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.

Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер, then – онда, else - әйтпесе.

Оператор программадағы іс - әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Толық оператордың жазылу түрі:

{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}

IF THEN ELSE ;

Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.

Қысқа оператордың жазылу түрі:

IF THEN ;

Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:

Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік алгоритмдік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпеес, біттітүйінді сөздері пайдаланылады. Орынду тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.

Наши рекомендации