Тақырыбы: Жеміс-жидектер
Лекцияның жоспары:
1.Жеміс-жидектердің халық шаруашылығындағы маңызы, құрамы, шаруашылықта пайдаланылуы.
2.Жеміс ағаштарының құрылысы, алманың сұрыптары, таралуы.
3.Жеміс-жидектерді көбейту жолдары. Телу, маңызы, пайдаланылуы.
Қолданылатын әдістер:Лекция-консультация,сұрақ-жауап-талдау.
Лекция мәтіні: Алма (лат. malus) өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи өсімдіктер қауымдастығында ең көп кездесетін түрлері мыналар: орман алмасы (яблоня лесная). Ол бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігіңдегі жалпақ жапырақты ормандарда; Шығыс алмасы (яблоня восточная Кавказдың жалпақ жапырақты ормандарыңда; Сиверси алмасы (яблоня Сиверси — Орта Азия мен Қазақстанның таулы және өзен жағалық ормандарыңда өседі. Бұл түрлер кейде таза алма ағашынан тұратын тоғай түзеді. Орта Азияның тауларыңда өсетін, алмадан тұратын бай орманның өндірістік маңызы зор. Жабайы түрлерінің жемістері жеуге келеді және оларды өндірісте пайдалануға толық мүмкіндік бар (кептіруге, вино жасауға, джем жасауға). Недзвецкий алмасы аса сөңді, оның сабақтары және жемістерінің жұмсақ бөлігі (етженді бөлігі) антоциаңды түсімен ерекшеленеді. Алма ағашының барлық екпелі сорттарыньщ күрделі комплексі «үй алмасы» (яблоня домашняя -) деген ашен топтастырылады.
Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10 — 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 3—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады.Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады. Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Алмұрт. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясыңда 17 түрі белгілі, ал Қазақстаңда 2 түрі өседі. Алмадан қысқарған сабақтарынан пайда болатын тікенектерінің болуымен, формасы қабақ тәрізді сопақша болып келетін жемістерімен және соңғысының жұмсақ бөлігінде (етженді бөлігінде) склереидтердің (тасты клеткалардың) болуымен ажыратылады. Кәдімгі алмүрт (груша обыкновенная) табиғи жағдайда өзгергіш больш келеді. Көп жағдайда ол біртектес таза орман түзіп өседі (бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің оңтүстік батысында және Кавказдың, Орта Азияның, өсіресе таулы аудандарыңдағы ормандар). Мәдени жағдайда өсірілетін сорттардың барлығы осы түрден шыққан. Табиғи жағдайдағы өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуына уссурий алмүртының (груша уссурийская ) (Қиыр Шығыс, Уссурий аймағы) және қырымда өсетін жиде жапырақты алмүрттың (груша лохолистна қатысы үлкен болады.
Бұрыш алқа тұқымдасына (Sofanacene Pens), Capsient Tourn туыстығына жататын көпжылдық жартылай бұталы өсімдік, бірақ дақыл ретінде біржылдық өсімдік етіп өсіріледі .
Барунторул 65 тәтті бұрышы Молдова суармалы егіншілік ғылыми-зерттеу институтында шығарылған. Тамыр жүйесі шашақ. Болгар бұрыштың негізгі сабағы 60 см-ге дейін жетеді. Сабағы штамб тәрізді. Жапырағы бет пішінді, тамырымен қоса есептегенде бір өсімдіктегі жалпы жапырақ салмағы 300 гр болса, ол жалпы өсімдік салмағының %-ін құрайды. Жалпы өсімдік салмағының 50% сабақ және жапырақ үлесіне тиеді.
Жемісі - синкарпты жидек, жеке. Биологиялық пісу кезінде түсі ашық қызыл. Жемісі тасымалға шыдамдылығымен және сақталғыштығымен ерекшеленеді. Сорт орташа, кеш піседі, отырғызғаннан биологиялық пісуге дейін 150-170 тәулік қажет.
Өнімділігі 200-300 ц/га. Жемісінің орташа салмағы шамамен 100 гр құрайды. Ірі жемісті сорттарындағы бір өсімдіктегі жеміс саны 10-20 дана. Ал ұсақ жемістілерінде 20-30 дана. Жалпы жеміс салмағы өсімдік салмағының құрайды. Ал жекелеген сорттарда ол 45% дейін жетеді. Кейбір жағдайларда 1 кг жер үсті вегетативті салмағына 0,8-0,9 кг жеміске дейін келеді. Тұқымының көлемі ұсақ. 1000 дәннің салмағы 8 гр-нан аспайды.