Пән бойынша ПМПИ кітапханасының оқу және оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етілу картасы

Геоморфология

р/с № Негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі (атауы, баспа орны, шығару жылы) Семестр Дана саны        
Кітапхана   Кафедра Қажеттілік
Негізгі әдебиет        
         
         
         
         
         
         
         
         
Қосымша әдебиет        
         
         
         
         
         
         
                     

Дәрістер кешені

Дәріс №1. Кіріспе. Гидрология пәні, мақсаты, басқа зерттеу тәсілдері. Гидрологиялық түсініктер.

Гидрология пәні география қабықтың маңызды бөліктерінің бірі – гидросфера болып келеді. Жалпы гидрология курсы Жер шары су қабығының негізгі бөліктерін, су объектілерінің негізгі заңдылықтарын, географиялық қабықтың басқа да бөліктерімен байланысын зерттейді. Сонымен қоса, су объектілерінің сипаттамаларын, ондағы өтіп жатқан алуан түрлі процестерді, олардың қазіргі экологиялық жағдайларын анықтайды.

Жалпы гидрология мақсаттары мен тәсілдерін зерттеу; Су объектілеріндегі процестер мен құбылыстар зандылықтарын, олардың морфометриялық, гидрофизикалық, гидрохимиялық, гидробиологиялық сипаттарын оқып, танып білу қажет.

Жалпы гидрология пәні ғылым ретінде – Жер шарындағы табиғи сулар мен процестер және ондағы болып жатқан атмосферадағы, литосферадағы және биосферадағы байланыстар және де ауыл шаруашылық әсерін зерттейді. Негізінен Жалпы деген термин гидрологиядағы жалпы сұрақтарды және де Жер шарындағы барлық объектілерін қарастырады. Оның ішіне өзен, көлдер, су қоймалар, батпақтар, мұздықтар, жер асты суы, мұхиттар мен теніздер жатады.

Жалпы гидрологияның мақсаты су объектілерінің негізгі және жалпы заңдылықтарын және оның процестерін қарастырады. Оның ішіндегі ең маңыздысы жер шарындағы су айналым процесі заңдылықтарын, әр түрлі масштабтағы гидрологиялық торлардын орналасуы болып табылады. Су объектілерінің негізгі міндеті гидрологияда жалпы процестерінің заңдылықтарын қалыптастырады. Сонымен қатар атмосферадағы, литосферадағы және биосфераларға байланыстарын көрсетеді. Оның ішіндегі жер шарындағы су айналымдағы су айналымды көрсетеді.

Жалпы гидрология ғылымының кешенді бөлімі. Гидрология ең алдымен басқа гидрологиялық бөлімдермен тығыз байланысты. Оның ішінде региональді гидрология инженерлік гидрология, гидрометрия және т.б. Су объектілерін нақты түрде анықтамай тұрып, жалпы гидрология заңдылығын білу мүмкін емес.

Жалпы табиғи суды зерттейтін гидрология. Гидрология ғылымы мен және олармен байланыстарын басқа да география ғылымдарымен яғни метерология, климатология, геоморфология, картаграфия ғылымдармен байланысты. Бұл байланыстар табиғаттағы объектілерді тығыз байланыстырады. Сондықтан да метерология, климатология көптеген гидрологиялық құбылыстарды түсіндіреді (жаңбыр, мұз бен мұздықтардың пайда болуын, теңіздік ауа ағымдары) және т.б. Ал екінші жағынан гидрология, климатология атмосфера процестеріндегі су объектілерін зерттеуге көмегін тигізеді (су алмасу, жылу) және т.б. Сол сияқты гидрология геоморфология мен тығыз байланысты. Мысалы: өзен ағымдары, жыралары, теңіз жағалауларын зерттеуге көмектеседі.

Жалпы гидрология сонымен қатар геология, биология, топырақтану, геохимиямен тығыз байланысты. Гидрология физика, химия, математика ғылымдарысыз дамуы мүмкін емес. Гидрология мен физика ғылымы тығыз байланысты: гидрофизика, гидромеханика, термодинамика көптеген гидрологиялық заңдылықтар нақты физикалық заңдылықтарымен физика бөлімдерінен тұрады. Гидрохимия – геология гидрология ғылымының бір бөлігі ретінде қолданылады. Ол судағы әр түрлі химиялық заттардың болуы мен байланысты. Гидрологияда математиканы пайдалану екі бағытта көрсетіледі: Біріншіден математикалық әдістері кең пайдаланылады, ал екіншіден физикалық заңдылықтарды гидрологияда қолдану үшін әр түрлі математикалық формулалар қолданылады.

Гидрологиялық зерттеу әдістері.

Қазіргі гидрология процесінде үлкен аумақты алып жатыр. Гидрология ең маңызды орынды жерді зерттейтін әдістерін алып жатыр. Жерді зерттеу әдістері экспедициялық және стационарлық (тұрақты бақылау).

1. Экспедициялық әдістері деп - қысқа мерзім ішінде мұхит, өзен, көл, мұздықтардың физика - географиялық сипаттамалары жөнінде маңызды деректер алуға, негізгі режимдік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

2. Стационарлық әдіс ол су объектілерінің гидрологиялық режимі элементтерінің мерзімдік қозғалу динамикасын зерттеу үшін қызмет етеді. Гидрологиялық режимдік жүйелі түрде көп жылдық бақылау гидрологиялық беккеттер мен станциялар жүргізіледі. Бұл екі бақылаулар біріңғай бағдарлама бойынша ғылым мен техниканың мақсатына сәйкестендіреді. Кейінгі кездері традиционды емес әдісті кең ауқымды пайдаланады. Традиционды емес әдіс - ол дистанционды локатор өлшеу көмегімен аэрокосмостық түсіру және бақылау, автономды регистр жүйесі (гидрологиялық өзен бекеттерін (пост) автоматтандыру, құйынды мұхит станциялары ) жатады.

Гидрологияда кең ауқымды қолданылатын экспериментті зерттеу әдісі. Мұнда лоборатория экспериментімен табиғи экспериментті айыра білуін қарастырады. Бірінші эксперимент жасаушы ең алдымен бағыт – бағдар жасау арқылы, яғни ол су режимінің қозғалуы ондағы гидрохимиялық процестерін қадағалап алу, ал екіншісі болса ол тек кіші ауқымды жерді қарастыру, арнайы алынған жерді зерттейді. Мұндағы гидролоялық аралықтарын бір - бірімен алмастыру факторлары жергілікті жердің биіктігін, жауын - шашын мөлшерін, жел жылдамдығын бақылау, сандық және сапалық әдісі математикалық статистикаға байланысты. Осы зерттеулер аяғында барлығы теориялық зерттеу әдісіне келіп тіреледі. Ол гидрологиялық мақсаттарды физиканың жалпы заңдары және математикалық тәсілдердің көмегімен шешуге негізделген. Теориялық әдістің нәтижелері материалдың көмегімен тексеріліп отырады. Бұл әдістердің ішінде кейінгі жылдары математикалық және имитационды моделдеу, анализ жүйесі, гидро - географиялық оның ішінде гидрологиялық аудандастыру мен картаграфия әдістері кеңінен пайдаланылады .

Әдебиет: 1,3,6

Дәріс №2. Гидросфера. Жер шарындағы су ресурстары және дүние жүзілік таралуы. Табиғаттағы су айналымы.

Жердегі энергиялық су қозғалысы күн радияциясы және жылу процесіне байланысты. Сондықтан да су айналым заңдылығын қарастырмай тұрып және талдау жасамай тұрып ең алдымен Жер шарындағы жылу айналымының негізгі және ондағы табиғи судың ролін қарастырамыз. Жердегі жылу энергиясының көзі – Күн.

Күн энергиясы жер бетімен атмосферада, құрлық пен мұхит арасында тарайды. Сондықтан табиғи су күн энергиясының Жер бетінде таралу факторы болып табылады.

Күн энергиясы үнемі 1,36 к Ва/м2 тең, атмосфераның сыртқы шекарасындағы Жерге жылда орта шамамен 42,8 млрд Дж/м2 тең болады. Жердің шар тәріздес болуына байланысты атмосфера шекерасына 10,7 млрд Дж/м2 түседі.

7,49 млрд Дж/м2 жылу энергияның жылдық ағыны Жер бетінде орта шамамен 4,49 млрд Дж/м2, атмосферада 2,55 млрд Дж/м2 болады. Сондықтанда жер бетіндегі және атмосферадағы радиоциондық баланыс 3,31 млрд Дж/м2 тең (жылында).

Жер бетіндегі жылуға 3,31 млрд Дж/м2 бағытталған жылу судың булануына кетеді. Бөлінген жылу атмосфераға су буы ретінде барады. Бұл қосымша жылу атмосферадағы жылу көзі болып табылады.

Сондықтан да Жер бетіне келген барлық радиоцияналдық баланыс судың булануына кетеді (88%). Мұхиттағы және құрлықрағы процестер екі жағдайда болады. Құрлықтағы орташа родиоцияналдық баланыс булануға 1,13 млрд Дж/м22кетіреді, ал мұхиттар үшін орташа радиоцияналық баланыс 3,81 млрд Дж/м2) тең. Құрлық бетіндегі судың булануы үшін 54% радиоцияналдық баланыс кетеді, ал мұхит бетінде бұл процес біршама көп – 90% болады.

Жер бетіндегі және атмосферадағы жылу алмасу жылында орта шамамен 0,55 млрд Дж/м2 құрайды.

Соның ішінде құрлық атмосфераға 0,96 млрд Дж/м2 жылу береді, ал мұхит 0,38 млрд Дж/м2 жылу береді. Құрлықпен мұхиттың атмосфераға берілген жалпы жылу мөлшері 13,7 * 1022 және 14,3 * 1022 Дж тең болады. Жер бетіндегі жылудың таралуына гидросфера негізгі рол ойнайды.

Жер шарындағы барлық родициондық баланыс Rқай және булану кезінде кеткен жылу және атмосферадағы, ал әр ьтүрлі ендіктерде бұл байқалмайды. Жер плонетасының экваторлық бөлімінде Rқай > Өбүл + Өатм, поляр маңы аймағында процесс кесінше жүреді.

Жоғары ендіктегі суық су төмен түседі де тығыз су ретінде экваторға қарай жылжиды. Жоғары бетінде экватордан жоғары ендіке қарай қозғалыс болады.

Егер жылудың таралуы жер бетінде әр түрлі нәтиже берсе және тегіс болмаса, атмосфералық қысым да әр түрлі байқалады. Санымен қатар ауа температурасы, булану және атмосфералық жауын – шашын да әр түрлі болады. Арктикалық, субарктикалық, антарктикалық және субарктикалық белдеулердегі жағдай және қоңыржай, экваторлық климат облыстарының біршама бөлігіндегі жауын – шашын Х теориялық жүзінде болады делік. Мәселен – арктикалық шөлде тундра, орманды тундра, орманды облыстарда жоғары деңгейде ылғалдылық байқалады. Ал субтропикалық, тпропикалық, субэкваторлық, экватор белдеуіндегі обылыстарда булану көп болады да ылғалдылық аз болады. Ылғал жағдайы су балансы және өзендер мен көлдер бассейнінің гидрологиялық режимінде үлкен рөл ойнайды.

Жер шарындағы су айналымы – Жер шарындағы гидросфераның негізі болып табылады. Жер шарындағы Заттар мен Энергияның таралуына су айналым негізгі механизм тудырады. Ол су обьектілерін ғана байланыстырып қана қоймай плонетанның басқа бөліктерін де байланыстырады.

Жер шарындағы су айналымға табиғи су қатысады және байланыстарын атайды. В.И.Вернадский былай деп жазады; Табиғи судың әр құбылысы – мұздар, шегі жоқ мұхит, өзен, топырақ ылғалы, гейзер, минералды көздер – бір тұтас болады, атмсоферамен және тірі заттармен тік және жанама байланыста болады.

Жер шарындағы су айналымының физикалық себебі болып күн энергиясы мен ауырлық күші болып табылады. Күн энергиясы – бұл жер бетінің жылу және судық булану. Жер шарында күн энергиясының әр түрлі таралуы атмосфералық қысымның әр түрлілігіне байланысты. ол ауа ағындарын шақырады – жел, буланған ылғалды тасымалдайды – су буы – мұхит бетінде жел ағындарын тудырады. Сонымен қатар күн энергиясының әр түрлі таралуы мұхит суы тығыздығының тең еместігіне әкеледі.

Ауырлық күші атмосферадағы буды жер бетіне жауын – шашын ретінде түсуіне әсерін тигізеді. Судың ауырлық күші арқылы қозғалуы Жердің және жер қыртысының еңіс орналасуында, келесі кезекте бұл тектоникалық және гомарфологиялық процестер туғызады.

Жер шарындағы су айналым заттар мен су баланысының негізгі заңдылықтарына байланысты келеді. Кестеде бірлік (км3)көлеміндегі жылдық су ауысу деңгейі көрсетілген.

Ғаламдық су айналымды екі түрге бөліп қарастыруға болады: мұхит түрі көп қайталанатын цикл болып табылады: оған мұхит бетіндегі булану – мұхит бетіндегі будың айналымы – мұхит бетіндегі жауын – шашын – мұхиттық ағындар – булану және тағы басқа.материктік түрі көп рет қайталынатын цикл: құрлық бетіндегі булану – су буының ауысып келуі – құрлық бетіндегі жауын – шашын – жер беті және жер асты ағыны – булану және тағы басқа. Аталған екі түр де бір – бірімен тығыз байланысты. Мәселен мұхит бетінен буланған су құрлыққа келіп үседі немесе керсінше және құрлықтағы судың жер асты ағыны арқылы мұхит суына

келіп құйады.

Жылында мұхт бетінен 505 мың км3 су буланып шығады, атмосфералық жауфн – шашын ретінде 458 мың км3 мұхитқа қайта оралады. Мқхиттағы булану қайтып келген жауын – шашыннан көп. Оның айырмашылығы 47 мың км3 суды құрайды.

Құрлық бетінен жылында 119 мың км3 атмосфералық жауын – шашын түседі. Құрлық бетінде жылын да 72 мың км3 су буланып шығады, оның 30 мың км3 өсімдік жамылғысының транспирациясына кетеді.

Құрлықтағы және мұхиттағы су алмасу жылында 47 мың км3суды құрайды. Жер үсті ағыны өз кезегінде мұхитқа құятын өзен ағындарының және мұздық ағындарын өзіне қосады. Мұз ағыстарының біршама көп бөлігі Антарктидадан (2,3 мың км3 жылында) келеді.

Жер шарындағы су айналым шындыңына келгенде өте күрделі процесс. Құрлыққа ауысу 47 мың км3 Аэрологиялық өлшеудегі мәліметтер бойынша мұхиттағы ылғылдың толығымен құрлыққа ауысуы 101 мың км3 тең. Ал кері бағытта – құрлықтан мұхитқа қарай ауысқаны 54 мың км3.

Екіншіден, құрлықтағы гидрологиялық процестерді зерттеу кезінде оны екі түрге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, сыртқы ағын облысы, одан атмосфералық жауын – шашын Дүние жүзілік мұхитқа келіп түседі. Екіншісі, ішкі ағын ағысы, мұнда дүниежүзілік мұхитқа ағыстар келіп құймайды. Сыртқы ағын обылыстарына құрлық суының 80% жатады, ішкі су ағынына құрлық суының 20% жатады.

Жер шарының негізгі суайрығы барлық құрлықты екі беткейге бөледі; бірінші – Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиты өзендерінің ағыстары (құрлық аумағының 60%) және екінші – Тынық және Үнді мұхит өзендерінің ағыстары (құрлық ауданының 40%). Негізгі суайрық Оңтүстік және Солтүстік Америкадан одан Горн, Анд мүйістерімен Сеңгір таулары арқылы Берингово бұғазына дейін, Азияның шығыс таулы қыраттары арқылы Африканың Шығыс және Оңтүстік шеттерін қамтиды.Солтүстік Мұзды мұхитының бассейніне барлық құрлық ауданының 15%, Атлант мұхитында 34%, Тынық мұхиты - 17%, Үнді мұхиты - 14%.

Ішкі су ағындарының біршама көп бөлігі: Европода – Каспий теңізінің су жинау бассейні; Азияда – кең тұран жазығы, оған Арал бассейні, Балхаш көлі, шөлдерлдерден Алашань, Гоби, Такла – Макан, Арабия бетінің бір бөлігі және тағыда басқа. Африкада Сахарашөлі, Ливийя, Нубий, Калахари, көлдердне Чад, Рудольф және тағы басқа. Солтүстік Америкада – Үлкен Бассейн шөлі.Оңтүстік Америкада – Титикака көлі.

Сыртқы ағын облыстарына жылына 110 мың км3 жауын – шашын түседі, ал 63 мың км3 су буланып шығады. Ішкі ағын облыстарына жылына 9 мың км3 жауын – шашын түседі бірақ соңына қарай барлығы буланып кетеді.

Әдебиет: 1,3,4.6

Дәріс №3. Жер асты сулары

1. Жер асты сулары жөніндегі түсінік және халық шаруашылығындағы маңызы.

2. Жер асты суларының қалыптасуы және режимі.

3. Жер асты суларын аудандау.

Жер асты суларының қалыптасуы жөнінде негізінен екі теория қалыптасқан: сорығу (инфильтрация) және конденсациялық теориялар.

Сорығу теориясы жер асты суларының қалыптасуын атмосфералық жауын-шашындары мен жер беті суларының жерге сіңуі (топырақ қабатынан сорғуы) арқылы түсіндіреді, Ірі жер жарықтары және қуыстарымен сорғыған сулар, су өткізбейтін қабаттарға жиналады да, жер асты суларын қалыптастырады.

Жер асты суларының сорғу жолымен қоректенуі мерзімдік құбылмалығымен ерекшелінеді және табиғат жағдайларына тәуелді (жер бедері, өсімдік жамылғысы, адамның қызметі).

Конденсациялық теория жер асты суларының қалыптасуын су буларының жер жарықтары мен қуыстары арқылы атмосферадан кондесациялау жолымен жинақталғандығымен түсіндіреді.

Бұл екі теория қазіргі кезеңде бір-біріне қарама-қарсы қойылмайды, бірін-бірі өзара толықтырады. Себебі көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жер қыртысына сулар сұйық тамшылар түрінде де (көпшілік жағдайда) және су буы түрінде де (айтарлықтай аз) өтетіні дәлелденді.

Атмосфералық жауын-шашыны көп аудандарда жер бетіне жақын орналасқан (Һ=300-400м) су алмасу жылдам өтетін қабатта жер асты сулары негізінен сорғу жолымен қалыптасады.

Жауын-шашыны аз әрі ылғал көп буланатын жер асты сулары негізінен су буларының конденсациялануымен қоректенеді.

Жер қыртысының терең қабаттарында орналасқан жер асты суларының су алмасуы өте шабан . Олар өте ертеде теңіз шөгінділерінің тығыздалуы кезінде өз бойынан суды қысып, ығыстырып шығару нәтижесінде қалыптасқан. Бұл сулар әдетте, өте тұзды болып келеді.

Сонымен қатар жер асты суларында ювенилді суларды да бөліп қарайды. Бұл сулар жер ядросындағы магмадан бөлініп шыққан су буларының конденсацияға ұшырауы арқылы қалыптасқан. Ювениль суларының жер бетіне тікелей шығуы вулкандардың жұмыс істеу кездерінде күшейеді.

Жер асты сулары жер қыртысында, тау жыныстарында сорғу арқылы немесе сіңу жолымен қозғалады. Сорғу кезінде судың қозғалысы жарықтар мен қуыстардың бір бөлігінің су буы немесе ауамен толтырылуы арқылы жүргізіледі. Сіңу процесі жарықтар мен қуыстар суға түгел толған жағдайда жүреді. Бұл қозғалыстағы судың массасы сіңу ағысын туғызады. Жер асты суларының қозғалысы қалыптасқан және қалыптаспаған, тегеурінді және тегеурінсіз, ламинар және турбулентті болып келеді.Жер асты суларының қалыптасқан қозғалысы кезінде сіңу ағысының барлық элементтері (ағыс жылдамдығы , шығыны, бағыты т.б.) мерзімдік өзгерістерге ұшырамайды. Егер сіңу ағысының негізгі элементтері мерзімдік өзгерістерге ұшырайтын болса, онда бұл ағысты қалыптаспаған деп атаиды. Жер асты суларының ағысы мұндай сипатқа әртүрлі табиғи және жасанды факторлардың (атмосфералық жауын-шашынның біркелкі сорғылмауы, скважиналардағы су сору, егістіктерді суғару, т.б.) әсерінен пайда болады.

Гидравликалық сипатына қарай жер асты суларын тегеурінсіз (суөткізгіш қабаттың көлденең қимасының су толмауынан) және тегеурінді )сулы қабат суға толған) жер асты су ағыстары деп бөледі.

Жер асты суларының ағысы ламинар немесе турбулетті болуы мүмкін. Ламинар қозғалысы кезінде су ақпалары құйындалмай бір-біріне параллель ағады. Ламинар қозғалыс қуысты жер қыртысындағы жер асты суларында кездесуі мүмкін. Ірі жарықтары бар, қуыс тау жыныстарында (сіңу коэфиценті Кф >300…400м (тәулік) және жақсы шайылған малта тастарда сулардың қозғалысының бұл түрі тау жыныстарында сирек байқалады.

Жер асты суларының қозғалысы гидравликалық тегеуріндердің айырмашылығы(деңгейлердің) болған жағдайда байқалады. Сулар биік тегеурінді орыннан (деңгей) пәс тегеурінді орынға (деңгей) қарай қозғалады.

Жер асты суларының режимі дегеніміз-олардың деңгейінің, химиялық құрамының, температурасының және шығымының мерзімдік өзгеріске ұшырауы.

Табиғи жағдайда жер асты сулары бұзылмаған (табиғи) режимімен сипатталады. Бұл режим метеорологиялық және геологиялық факторлардың әсерінен қалыптасады.

Жер асты суларының режимінің қалыптасуына негізгі әсер етуші метеорологиялық факторлар (жауын-шашын, булану, ауаның температурасы, ауа қысымы) болып табылады. Олар жер асты сулары деңгейінің, химиялық құрамының, температурасының және шығымының маусымдық, жылдық және әп-сәттік құбылмалылығын қалыптастырады.

Маусымдық құбылмалылық айтарлықтай амплитудамен сипатталады, себебі жауын-шашын мен буланудың жыл бойы үлестіріміне тәуелді. Яғни, бұрынғы КСРО-ның бұрынғы аудандары үшін жер асты суларының көктемгі деңгейінің көтерілуі сәуір-мамырдағы қар ерудің артынан байқалады. Солтүстік аудандар үшін жер асты суларының төменгі деңгейі қыс мерзіміне, терең тоңның әсерінен жер асты суларының қоректену кездегі шорт қысқарған шаққа тура келетін болса, ал оңтүстік аудандарда төменгі деңгей күшті булану болатын жазғы мерзімге қабаттас келіп отырады.

Жер асты суларының көпжылдық құбылмалылығы айтарлықтай заңдылықпен сипатталмайды. Сулы және құрғақшылық жылдар бірінің артынан бірі кезектесіп келіп отыруы мүмкін; ұзақ мерзімді сулы және құрғақшылық жылдары қабаттасып келетін жағдайлар да кездеседі, оларға жер асты суларының жоғары немесе төмен деңгейлері тура келіп отырады. Жауын-шашын көп жылдары жер асты суларының қоры толығып отырса, құрғақшылық жылдары-керісінше, шығынға ұшырайды. Бұл жер асты суымен қоректенетін өзендердің жылдық ағындысының құбылмалық амплитудасын азайтады.

Қысқа мерзімдік қысқы жылымық пен жазғы жауын-шашындар жер асты суларының деңгейінің қысқа уақытқа үлкен дәрежеде құбылуына әкеліп соғады. Бұл өзгерістердің амплитудасы жоғары мөлшерге жетуі мүмкін.

Жағалауда орналасқан жер асты суларының режиміне жер үсті су көздері әсер етеді. Мысалы, өзен, көл және бөгендердегі су деңгейінің құбылмалылығы жер асты суларының деңгейі мен химиялық құрамына жағалау маңының ені 0,2...0,5 км жолағына (құмдақ-балшықты тау жыныстары) әсер етсе, ал су өткізгіштігі жоғары тау жыныстары үшін 2...6 км-ден астам қашықтықта әсер етеді. Өзен аңғарындағы немесе көл қазаншұңқырындағы жер асты суларының құбылмалылығы өзен немесе көлдегі су деңгейінің едәуір мерзімге кешігіңкіреп қайталап отырады. Сонымен бірге, жер асты суларының өзендер мен көлдерді қоректендіріп отыратынын атап өтуіміз керек, әсіресе құрғақшылық жылдары жер үсті ағындысы жоқ немесе жоқтың қасы шамасында болған жағдайда.

Теңіз жағалауына жақын аудандарда жер асты суларының деңгейі теңіз деңгейінің өзгеруімен сәйкес құбылып отырады.

Жер үсті суларының режиміне әсер ететін геологиялық факторлардың ішінде ерекше атауға тура келетіндері; тектоникалық қозғалыстар, жер сілкіністері, вулкандық әрекеттер және т.б.

Әдебиет: 2,4,5,6

Дәріс №4. Өзендер. Өзендердің пайда болуы, өзендер жүйесі. Өзендер олардың қалыптасу және қоректену типтері.

Су режимі деп су объектілерінің уақытқа байланысты су деңгейінің, су шығынының өзгеру ерекшкліктерінің бірлескен жағдайын айтамыз. Бұл анықтаманың кеңірек түсінігі-су обьектілерінің гидрологиялық режимі.

Өзеннің гидрологиялық режимі көп жылдық маусымдық және тәуліктік құбылмалылығымен ерекшеленеді:

1) су деңгейі,

2) сулылығының ағынды режимі,

3) мұздық көрсеткіші,

4) судың температурасы,

5) ағыспен тасылатын қатты заттардың мөлшері мен құрамы,

6) еріген заттардың шоғырлануы мен құрамы,

7) өзен арнасының өзгеруінің режимі.

Өзен арналарында оның гидрологиялық режимі әсер ететін гидротехникалық ғимараттардың бар-жоғына қарай реттеліп, табиғи немесе тұрмыстық режимдерге жіктеледі.

Гидрографиялық режимнің сипаттамаларының ішінде ерекше орын алатыны-өзендердің ағындысы. Ол су мөлшерінің дәрежесін энергиялық су қорларын және осы аймақ көлеміндегі су жолдарының шамасын сипаттайды.

Өзендердің қоректенуі. Атмасфералық жауын-шашындар ғаламшардағы өзендердің негізгі қоректену көзі болып табылады. Жаңбыр және көктемдегі қар суының бір бөлігі буланса, ал екінші бөлігі алаптың бетімен өзен жүйесіне жиналады. Біраз бөлігі топырақ пен грунтқа сіңеді, жер асты суларының қорын молайтады. Өзен арна-аңғармен жерді жауып шаю арқылы тереңдетіп, жер асты су қабатын қоректендіреді. Биік таулы және полярлық аудандарда өзендердің жоғарыда көрсетілген қоректену көздерімен қоса мұздықтар мен мәңгі қарлардың суымен де қоректенеді.

Яғни, қар, жаңбыр, жер асты сулары мен мұздықтар өзеннің қоректену көздері болып табылады. Кейбір жағдайларда қоректену көзінің жеке түрлерінің ролінің айқындау қиын, оңай жағдайда аралас қоректену терминін қолданамыз. Мұздық қоректену көзі бар өзеннің сулылығы жазда өседі.

Су режимінің фазалары. Өзендердің ағындысының режимінде бір қатар өз сипаттамасы бар мерзімімен ерекшелененді. Олар қоректену жағдайының өзгеруіне тәуелді: 1) Су тасу кезеңі;

2) Су сабасының түсу кезеңі (межень);

Су тасу кезеңіжыл бойындағы ең көп сулылығымен су деңгейінің биік әрі ұзақ көтерілуімен және әдетте, судың жайылмаға шығуымен сипатталады. Басты қоректену көзіне тікелей бағынышты (жазықтық өзендер үшін – қар еруі, биік тау өзендері үшін – қарлар мен мұздықтардың еруі,муссонды және тропикалық аймақтар үшін – жазғы ұзақ жаңбырлар. Бір климаттық белдеуде жататын өзендер үшін су тасуы кезеңі тұрақты маусым сайын қайталанып, тек ұзақтығы мен күші өзгеріп отырады.

Тасқын сужыл сайын қайталанбайды және тез әрі қысқа мерзімде су деңгейінің көтерілуімен сипатталады. Тасқындар ұзақ нөсер және қысқа жылмықта қар еру әсерінен қалыптасады. Кей жағдайларда (әсіресе кішігірім алаптар үшін) тасқынның биіктігі су тасуының биіктігінен асып түсуі мүмкін.

Судың сабасына түсу кезеңі– су режімінің сулылығының аздығымен әрі су деңгейінің жер беті ағындысының күшті әлсіреуіне немесе доғарылуына байланысты төменгі қалыпта ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Бұл маусымда өзен негізінен жер асты суларымен қоректенеді. Өзендердің көпшілігінде жазғы және қысқы судың сабасына түсу кезеңдері болады. Жазғы судың сабасына түсу кезеңіне су тасуы кезеңінің соңынан күзгі тасқындарға дейінгі уақыт, яғни мұз қатқанға дейінгі мерзім алынады. Жазғы судың сабасына түсу кезеңі орнықты, ұзаққа созылған, үзік созық немесе тұрақсыз болуы мүмкін.

Наши рекомендации