Геоақпараттық жүйеде объектілер моделін ұйымдастыру

Модель объектінің жалпы қасиеттерін бейнелеп береді. Талдау негізінде тиімді модельді таңдап алу үшін мәліметтерқорын қарастырудың әр түрлі аспектілерін және бағалау өлшемін қолдану қажет:

− семиотика — модель үш негізгі сипаттамалардан құралуы тиіс: синтаксис, семантика және прагматика. Мұнда құру ережесі, объектініңқасиеті, қасиеттерінің мәнінен құралған қарапайым модельдердің мазмұны анықталады;

− типтеу — объектілер класының жалпы қасиеттері мен нақты объектінің жеке белгілерін көрсетеді;

− Өзгеріштігі — барлық ақпараттың кеңістіктік -уақытша сипаты бар және бірнеше уақыттан кейін жаңартылуын талап етеді;

− Өзара байланыс — модельдің жеке бөліктері оныңқұрылымын түзеді. Геоақпараттық жүйедегі мәліметтердің тиімді жалпы моделі мен оныңнегізгі бөліктері мәліметтерқорында өңделуді және объектілердің тиімді бейнеленуін талап етеді.

Геоақпараттық жүйедегі бейнеленген мәліметтерді мынадай аспектілерді ескере отырып қарастыруға болады:

− кеңістіктік (орналасу орнын анықтау);

− уақыттық (уақыт өткен сайын объектініңөзгеруі);

− тақырыптық (объектілердің белгілерін көрсету).

Орналасу орнын анықтау үшін мәліметтеркласы — координаталар қолданылады, уақыт параметрлері мен тақырыптық бағыттылығын анықтау үшін басқа мәліметтеркласы — атрибуттар қолданылады.

Геоақпараттық мәліметтердің негізгі кластарының бірін құрау координаталы мәліметтержер бетінде орналасқан орнынкөрсету үшін қолданылады.

Геоақпараттық жүйеде объектілер моделін ұйымдастыру - student2.ru

Геоақпараттық жүйеде объектілер моделін ұйымдастыру - student2.ru

Геоақпараттық жүйеде объектілер моделін ұйымдастыру - student2.ru

Геоақпараттық жүйеде объектілер моделін ұйымдастыру - student2.ru

Бақылау сұрақтары:

1. Кеңістік мәліметтерді ұйымдастыру

2. Модель дегеніміз не?

3. Модельдері таңдаудың түрлері

4. ГАЖ бейнеленген мәліметтерді қалай жіктеуге болады?

ДӘРІС – 7

Дәрістің тақырыбы: ГАЖ-ҒЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Дәрістің мақсаты: Жүйеде мәліметтермен жұмыс істеуді қамтамасыздандыру

Түйінді сөздер: объект, топологиялық модель, векторлық объектілерт.б.

Дәрісте қаралатын сұрақтар:

1. Мәліметтер қорына түсінік

2. Объект түсініктемесі

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Рысбеков Қ.Б., Солтабаева С.Т. Геоақпараттық жүйе негіздері. Алматы, 2009 ж.

2. Что такое ArсGIS 9. М.: Data+, 2004 г.

3. Редактирование данных в ArcGIS. Лекции и упражнении. М Data+, 2009 г.

4. Варламов А,А., Гальченко С.А. Географические и земельные информационные системы .Том 6, М.: «Колос», 2005.

5. Цветков В.Я. Геоинформационные системы и технологии. М.:Финансы и статистика, 1998.

ГАЖ жобасына деген алғашқы қадам кеңістіктік мәліметтер қорын құру болып табылады. Картаны сандық түрге аудару үшін мәліметтерді қорғау мен оларды қойдалану құрылымдарын ұйымдастыру қажет. ГАЖ-да бұл құрылымдар ерекше және CAD және AM – жүйелерде қабылданғандардан өте ерекшеленеді. ГАЖ-дың барлық күші графикалықжәне суреттелген ақпараттарды біріктіру, объектілерарасындағы байланысты сақтау және басқаруда жатыр.

ГАЖ үшін ақпараттардың екі басты типтері кеңістіктік және атрибутивті немесе тақырыптық мәліметтер қоры болыптабылады. Векторлық ГАЖ-дың кеңістіктік ақпараты географиялықобъектілердің орналасуы мен көрінісін бейнелеп береді. Тақырыптықақпараттар объектілердің сандық және сапалық сипаттамалары меноладың арасындағы байланысты бейнелеуден тұрады.

Векторлық ақпарат әрқайсысы бірқатар векторлық объектілерден (нүкте, сызық және полигондар)құралған қабаттардың(жамылғы) жиынтығынан тұрады. Мұндай концепция – қабаттар концепциясы көбінесе ГАЖ-ды ұстанады. Қабаттың кеңістіктік объектісі атрибутивті кесте, мәліметтерқорына сәйкес қойылады. Картадағы көптеген объектілерді басқару, әдетте көзбен шолу тәсілі туралы ақпарат беретін легенда (түсіндірме сөздер) көмегімен жүзеге асырылады. Бейнелеу картадағы объектілер қандай қабатқа жататындығына (сызықтық –жолдар мен өзендер әр түрлі болып бейнеледі) немесе сол объектініңөзіне байланысты сандықнемесе сапалы параметрге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Легендада (картаға, сызбаға берілетін түсіндірме сөздер) әр түрлі қабаттағы полигондар қандай түспен және қандай толықтырумен белгіленетіні, сызықтықобъектілер сызықтыңқандай типімен жүргізілетіні, нүктелік объектілер қандай таңбалармен көрсетілетіні жөніндегі және т.б. ақпараттар болады. Легендада сонымен қатар объектілердің сыртқы түрі және оған байланысқан сандық немесе сапалық параметрлер арасындағы тәуелділік бейнеленген (ауданы, параметрі, ластануы, ұлты, ...).

Сандық технология негізгі картографиялық мәліметтер қоры – қандай да бір тақырыптық ауданға жататын өзара байланысқанкеңістіктік мәліметтердің жиынтығын құру жатады. Қарапайым түрде айтсақ мәліметтер қоры – бұл компьютерде сақтауға және жұмыс уақытында еркін пайдалануға болатын ақпараттар жиынтығы. Көбінесе мәліметтерқоры кесте түрінде құрылады. Қордағы мәліметтер бірыңғай сандық пішінде берілген, яғни олардың координаттары, сандық және сапалық атрибуттары көрсетілген.

Мәліметтер қорының мазмұны карталар тақырыптары сияқты алуан түрлі. Топографиялық мәліметтер қоры орны, оның жербедері, гидрографиясы, жол желісі, тұрғын пунктілері, шекаралары – топографиялықкарта мазмұны құрылған барлық мәліметтер жөніндегі сандық ақпараттардан тұрады. Геологиялық, геофизикалық, экологиялық, метеорологиялық, тауқкен, түсірілетін барлық мәліметтерсандықтүрде беріліп, мәліметтерқорына енгізілуі мүмкін.

Қорға енгізілген сандық мәліметтер бойынша тек қана жазық бейнелерді ғана емес сонымен қатар көлемдік модельді, мысалы, тау сілемініңүш өлшемді картасын оңай салуға болады. Картаны ғарыштықсуреттермен де біріктіруге болады. Картографиялық бейнені жеке қабаттарын немесе қабаттар комбинациясын, мысалы, тек жер бедері мен гидрографияны, немесе елді мекен орналасқан текқанажолжелісін экранға және басып шығаруға болады.

Наши рекомендации