Зен алқаптардың су теңдестігінің теңдеуі

Өзеннің су жинау алабынан (немесе өзен жүйесінен) және топырақ қалыңдығынан өзенге жиналатын су қорлары өзен алабы деп атайды. Өзендердің қосылуы және өзендердің су көлемдерін жалпы бір ағынға шығарып жатса оны өзен жүйесі деп атауға болады. Өзен алабы (көл, су коймa үстінгі мен жер асты су жинау алабтарынаң құралады. Жерде үстінгі алабтан бір өзенге (немесе өзен жүйесіне, көлге су жиналатын болса үстінгі су жинау алабын ұсынады.

Сурет 1.1 – алабтағы су теңдестігінің схемасы:

1 – жаын-шашын; 2 – инфильтрация; 3 – жерасты ағыны; 4 – жер беті ағыны; 5 – булану; 6 – капиллярлы көтерілу және булану.

Бір мезгіл уақытқа (ай немесе жыл) өзен алаптың су теңдестігінің теңдеуін құрастырған кезенде алаптағы өзгерілетін ылғалдылықтың қорын (U), қар жамылғысының көбею мен азаю өзендердің жайылмаларында, батпақтарда және көлдердегі су қорларының өзгерістерін, грунтың және топырақ сулардың жиналуы мен шығынды ескеру қажет. (U) көрсеткіш он санды (мол су жылдарда өзен алабында жиналған ылғалдылық) және теріс санды (аз су жылдары) болуы мүмкін. Шектес жер асты алаптардың су алмасу ( ) көрсеткіш оң санды болады, ал кері қарай құбылыс байқалса бұл көрсеткіш ( ) теріс санды мағына қабылдайды.

Сондықтан:

X=Y+E U

Сужинау алабының көбейген сайын ( ) көрсеткіш жойылады, сондықтан ірі су жинау алабтарды есептегенде =0 тен санауға болады. Демек қаралып жатқан теңдеу келесі түрінде жазылады:

X=Y+E U

Су теңдестігінің теңдеуі инженерлік гидрологияда әр түрлі су теңдестігінде негізгі болып кен қолданылады

9.Гидрологиялық сипаттамалар. Гидрологиялық есептеулер туралы жалпы түсінік.

Гидрологиялық сипаттамалар — өзен алаптарының гидрологиялық режімінің элементтері мен морфологиялық ерекшеліктерінің (су мен тасқындар шығындарының, су деңгейінің, ағыс жылдамдығының, судың минералдануының, химиялық құрамының, температурасының, мұз құбылыстарының, тағы да басқалары) сандық көрсеткіштері.

Гидрологиялық есептеулер — гидротехника, мелиорация, жол құрылысы және басқа да салалардың қажеттері үшін гидрологиялық жүргінің түрлі сипаттамаларының (су ағындысының, су теңдестігінің, тасынды ағындысының, су массалары динамикасының және т.б.) мөлшерін (көрсеткіштерін) есептеуге мүмкіндік беретін, инженерлік гидрологияның негізгі мазмұнын анықтайтын әдістер мен тәсілдер.

Уақыт аралығындағы және кеңістіктегі ықтимал кездейсоқ құбылмалылықты есепке ала отырып, түрлі гидрологиялық сипаттамаларды анықтау үшін көпжылдық орташа көрсеткіштерде, әрбір шаманың көпжылдық кезеңдегі қайталану жиілігінің шамалары мен осы кезендегі сол аралықтардағы олардың кеңістіктегі бейсинхрондылығы белгіленеді. Әдетте, гидрологиялық есептеулердің көмегімен: су ағындысының оның ішінде: қалыпты жылдық ағынды, су тасу мен тасқындардың ең жоғары су өтімдері, ағындының жылдық үлестірілімі, ең төмен су өтімдері, тасқын гидрографтары, су жинау алабындағы су алмасуы, су мен құрлық бетінен булану, атмосфералық жауын-шашындар жөніндегі сипаттамаларды жинақтау; жеке су объектілерінің су тендестігіне, тасынды ағындысына, жағалардың қайта қалылтасу мен бөгендердің тұнбалануына, су массаларының динамикасына желдік тербелістерінің элементтеріне, желқумажелбөгеттік ағыстарға, температуралық жүргіге және суқоймалардағы судың қатуы мен еруіне, мұздың қалыңдығы мен қардың еруіне, сондай-ақ суқоймалардағы судың температурасына қатысты гидрохимиялық мәліметтер алу, суқоймалардағы судың минералдылығын анықтау және т.б. мәселелер шешімін табады. Гидрологиялық есептеулердің нәтижесінде белгілі бір мелиорациялық немесе су шаруашылық объектілерін салу мен оларды пайдаланудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен негізделетін гидрологиялық сипаттамалар белгіленеді. Қуаңшылық аумақтарды мелиорациялауда ағындыны, су тендестігінің құрамдарын, ауыл шаруашылық дақылдарының өніп-өсу кезеңіндегі су жүргісін, су шаруашылық шараларына арналған су ресурстарын, гидромелиорация және өзге де антропогендік әрекеттерден болған гидрологиялық жүргінің өзгерістерін есептеу ерекше маңызға ие.

Гидрологиялық есептеу әдістері — гидрологиялық жүргінің түрлі сипаттамаларының шамасын, әдетте, олардың көріну ықтималдылығын бағалай отырып есептеп табуға мүмкіндік беретін техникалық амалдар. Гидрологиялық есептеу әдістерін жасау қарастырылған гидрологиялық шамалардың көпжылдық тербелістері туралы мөліметтерді статистикалық өндеуге және гидрологиялық процестердің даму заңдылықтарын зерттеуге негізделген.

Гидрологиялық есептеулер - құрлық гидрологиясының бөлімі; әр түрлі гидрологиялық параметрлерді (су мен тосқындардың ағынын, су балансының элементтерін, тағы да басқалары) есептеу әдістерін талдап белгілейді. Негізінен, баланстық әдістер мен математикалық статистиканың әдістері колданылады.

10.Ағынды есептеу және статистикалық тәсілдер мен зерттеулер

Наши рекомендации