Обыланды батыр 1 жыл қыстаған- Қараүңгір

Л-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Факультет:география және табиғатты пайдалану

Кафедра: география жерге орналастыру және кадастр

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Үңгірлер және оның даму тарихы

Орындаған: Сатыбалдиева А.

Тексерген: Мақаш К.

Алматы 2014

Үңгір — жер асты суларының әрекеті нәтижесінде утас, доломит, тас тұзы, гипс сияқты тез еритін шөгінді жыныстардың тараған ауданында пайда болатын көлемі әр түрлі жер асты қуыстары: гипс пен әсіресе тас тұздары кездесетін жерлерде пайда болған үңгірлер көбінесе кішкене болып келеді де, мәңгілік сақталып тұрмайды, себебі төбесі әлсіз болып құлап қалады. Ең ірі үңгірлер утастар мен доломиттер тараған жерлерде пайда болады. Олардың қатарына, мысалы, АҚШ-тың Кентукки штатындағы жер жүзіндегі ең ірі Мамонт үңгірі жатады; ол бірнеше сталактитті залдар мен коридорлардан тұрады. Оның жалпы жүруге болатын бөлігінің ұзындығы 200 км-ге жетеді. Үңгірлердің дамуы өсу және толу кезеңіне бөлінеді. Өсу кезеңінде ол пайда болған жыныстардың еру процесі ұлғайып, үңгірдің көлемі үлкейеді, ал толу кезеңінде үңгір төбесіндегі жыныстың еруі мен тамшылауы нәтижесінде сталактиттер мен сталагмиттер қарама-қарсы өсіп, түйіседі де, үңгір іші бағаналармен толып бітеліп қалады. Бұл жағдай көбінесе утасты үңгірлер де кездеседі. Кейбірінде қысты күні қырау мен мұздақ пайда болады. Ондай мұзды үңгір Қырым мен Оралда кездеседі. Олардың ішіндегі көптеген ірілі-ұсақты тарамдары да бар. Мысалы, Оралдағы Сальва өзені жағасындағы Күңгір қаласынан 5 км қашықтықтағы Күңгір үңгірі. Қазіргі уақытта үңгірлерді зерттеу ісімен спелеология ғылымы айналысады.

Үңгір — тау жыныстары қабаттарындағы әр түрлі пішінді қуыстар. Олар көбінесе әктас, гипс, доломитте пайда болып, жер бетімен кіретін тесіктер арқылы байланысады. Үңгірде жер асты және атмосфера суы әкелген суы әкелген әкті туф немесе басқа материал түзіледі, қуыстар әдетте жартылай немесе толық суға толады. Түзілуі бойынша коррозиялық (карст), абраз., эроз., дефляц., постжанартаулық (лава тасқындарының бұрын газ жиналған жерлерінде),денудациялық, суффозиялық, т.б. түрлеріне бөлінеді. Көп таралғаны және өлшемдері бойынша ең үлкендері — карстық Үңгірлер. Көптеген Үңгірлер әдетте алма-кезек орналасқан тар және кең бөлмелерден тұрады. Жарылымдар бойында түзілген Үңгірлер иір пішінді келеді. Табиғатта Үңгірлердің ашық (екі жағы да ашық, кесіп өтуге болады) және тұйық (қап сияқты бір жағы ғана ашық) түрлері кездеседі. Қалыптасу сатысындағы Үңгір қабырғалары ашық болса, ал қалыптасуы аяқталғандарда әр түрлі сауыстар (сталактит, сталагмит, сталагнат, т.б.) түзіліп, қуыстарды толтыра береді. Үңгірлердің өлшемдері әр түрлі. Мәселен, Солтүстік Америкадағы Мамонт үңгірі жалпы ұзындығы 300 км-ге жуық тарамдалған күрделі дәліздер торабынан тұрады. Ірі Үңгірлер Қара теңіз жағалауында, Орал тауларында кең таралған. Қазақстанда 140-тан астам Үңгір бар. Қаратау жоталарының карбонат қат-қабаттарында 80-нен астам Үңгір кездеседі. Олардан басқа Талас Алатауы, Өгем жоталарында 20, Үстірт пен Маңғыстауда 11, Каспий маңы ойпаты, Солтүстік Аралда 4, Сарыарқада 12, Алтай, Қалба, Тарбағатайда 5, Жетісу Алатауында 2, Іле Алатауында 6 Үңгір есепке алынған. Үңгірлер алғашқы адамдардың тұруына қолайлы баспана болған. Мұндай Үңгірде алғашқы адамдардың мәдени ескерткіштері (әр түрлі қарулар мен еңбек құралдары, тұрмыс заттары, қабырғадағы суреттер мен бейнелер) және жануарлардың қаңқа сүйектері кездеседі. Көптеген Үңгірлер туризм нысаны. Үңгірді зерттейтін ғылым саласы үңгіртану (спелеология) деп аталады.

Жұмыр жердің бетінде жұртты таң­ғалдырған үңгірлер өте көп. Соның бірі және бірегейі – АҚШ-тың Кентуки штатындағы Флинт-Мамонтов үңгірі. Аппалач тауының оңтүстiк шығысында орналасқан. Оның ұзындығы – 288 шақырым (кей деректерге қарағанда 500 шақырым). Оның бір шетінен кіріп, екінші шетіне шығу үшін туристерге қанша уақыт ке­тетінін есептей беріңіз... Ұзындығы жағынан екінші орында тек гипстен тұратын Украинадағы Опти­мис үңгірі. Оның ұзындығы – 144 шақы­рым. Бұлардан кейін Швейцариядағы – Хеллох және Украинадағы – Озерная үңгірі. Олардың ұзындығы – 130 жә­не 104 шақырым. Ал ең терең үңгір Ис­пания мен Францияны бөліп жатқан Пиреней тауындағы – Пьер-Сен-Мар­тен. Оның тереңдігі – 1332 метр. Енді тү­сіп көр оған! Қап тауындағы Қарлы деп атала­тын үңгір одан 1320 метрге саяз. Одан кейін­гі орында Альп тауындағы Берже және Жан-Бернар үңгірлері. Терең­дік­тері – 1298 және 1141 метр. Ал мұз құр­санып жатқан үңгірдің бірі Гренлан­дия­­да. Тереңдігі – 60 метр. Әлемде су астында жатқан ең үлкен үңгір Мекси­каның Юкатан жарты аралындағы Үл­кен үңгір. Оған 13 суасты үңгірі мен дә­ліздер кіреді. Бір қызығы, ол кейін су басып кеткен баяғы үндістердің өрке­ниетке қол жеткізген мая тайпасының бір қаласының орны екен. Ал ең ұзын жерасты жолы Одесса қаласында. Оның ұзындығы – 2500 шақырым. Туннель көп­теген залдан тұрады. Кейбірі кейін­нен жасалып, табиғи үңгірмен жалғас­қан. Бұл жерасты жолдары Ұлы Отан соғысы жылдары оқтан қорғану үшін кеңес және неміс солдаттарына да пана болғаны тарихтан белгілі. Ал Римдегі жерасты жолы – 800, Париждегі жерасты жолы – 300 шақырымға со­зылады. Акустикасы ең жоғары үңгірге Сицилиядағы Сиракузы қаласының ма­ңындағы «Дионис құлағы» деп аталатын үңгір жатады. Мұнда жай сыбырлап сөй­лескеннің өзі әр бұрышқа жаңғырып ес­тіліп жатады. Ал айқай салсаң, дауысың зең­біректің оғындай дауыс шығарады екен. Сондай-ақ дауысты ұлғайтып шыға­ратын үңгірлер әлемде жеткілікті көрі­неді. Ал ең кең үңгірге АҚШ-тың Нью-Мексика штатындағы Карлсбадск үңгірі жатады. Оның ұзындығы – 1300 метр, ені – 200, биіктігі – 100 метр. Ең түбінде кеңдігі 400 метр болатын алаң бар. Қа-зақ даласында да талай қызықты, шым-шытырық әңгімеге арқау болған үңгір­лер жет­кілікті. Соның бір-екеуін ғана атай кетейік. Қаратаудағы «Қатын­қамал», Шығыс Қазақстандағы «Ақ ба­уыр», Шыңғыстаудағы «Қоңыр әулие» (Қоңыр әулие атты үңгір Баянауыл айма­ғында да бар) «Бектауата» және т.б. Бұ­лардың қай-қайсысы да өткеннен сыр шертері анық. Мәселен, Қаратаудағы Қатынқамал үңгірі жайлы аңыз көп. Соның бірі Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі бір оқиғаны былайша әң­гімелейді. «Жоңғар шапқыншылығын­- да Ақүйік өзені бойындағы Қаратаудың ұшар басында осы үңгірге қырық қыз-келіншек паналаған. Үңгірді паналаған қырық қыз-келіншек жоңғар шапқын­шылығы аяқталғанша сонда өмір сүрген. Азық-түлігін оқта-текте түнделетіп ер­азаматтар жасырын жол арқылы тасы­ған. Бұл үңгір төменгі өзен бойынан, еңістен қарағанда көзге шалына бер­мей­ді. Өйткені маңайындағы қалың бұта мен тастар қорымы үңгірдің аузын көр­сет­пей жауып тастаған. Оған таудың ете­гінен өрмелеп шығып, одан қия-қия соқпақтар арқылы төмен түсетін бол­-ған. Жол жобасын білетін ауыл адамдары болмаса, сырттан келген адамдар үңгірге жете алмаған. Міне, осы үңгірді паналаған қырық қыз-келіншек жоңғардың назарына ілін­бей қалған, кейін еліне қосылған. Содан бері бұл үңгір Қатынқамал аталады. Бектауата үңгіріне ежелден бала кө­тер­меген әйелдер, ауырған адамдар түнеп, қасиеті мол, үңгірден өздеріне күш-қуат, денсаулық және бала тілеген. Жеті мың жылдық тарихы бар Ақ бауыр үңгірі де құпияға толы. Әсіресе, онда ертедегі адам­дардың тасқа ойып салған сурет­тері, таңбалары жеткілікті. Өткеннің тірі куәсі деуге болатын жер. Ал Шыңғыстаудағы Қоңыр әулие үңгірі жөнінде де қызықты әңгіме-аңыз көп. Соның бірі жарты әлемді басып алып, ұлы империя құрған, шығыстан шыққан Ұлы қаған Шыңғысханның мүрдесінің осы жерде жатуы жайында. Аңыз солай дейді. Үңгірдің түбінде тұ­нып жатқан шағын көлдің тұңғиығын­- да үлкен қара сандық бар, оның ішінде Шыңғысханның жауһар тастары мен алтындары, яғни қазынасы осында сақ­таулы. Ал қара сандықты ешкім ашпау үшін сандыққа ешуақытта өлмейтін өте улы қара қоңыз салынған дейді аңыз. Қалай айтсақ та, аңыздың өзегінде қан­шалықты шындық барын кім білсін, әйтеуір Қоңыр әулие үңгірінің құпиясы әлі ашыла қойған жоқ.

Тасын түртсең шежіресі сайрап қоя беретін Ақмола өңірі түрлі тарихи ескерткіштерге бай, қойнау-қатпары ашылмаған құпияларға толы өңір десек қателеспейміз. Ғалымдар мен археологтар қаншалықты зерттеп-зерделеді, қағазға түсірді десек те біз білмейтін сыр сандықтар әлі де жетерлік. Солардың бірі өңірдегі бірнеше үңгірдің ашылмай, әлі толық зерттелмей келе жатқандығын айтпасқа болмайды. Тұнған тарихтың бедерлері мен ерте кездегі адамдардың өмір сүргендігін дәлелдейтін фактілер біртіндеп табылып жатқаны да Ақмола үңгірлерінің тарихының әріден басталғанын айғақтайды.
«Зеренді ауданындағы Жыланды тауының теріскей беткейінде орналасқан Үлгілі үңгірі әлі де зерттеуді қажет етеді. «Біз бір кезде бұл үңгірден қорықтық. Өйткені мұнда сонау ерте тарихи кезеңдердің куәсі болған үңгір» деуші еді аталарымыз.


Үлгілі үңгірі кезінде қарақшылардың жасырынған ордасы болған көрінеді. Тіпті, бұрындары үңгір биіктігі адам тік жүре алатындай болған екен. Аңыз бойынша үңгірдің тереңдігі сол жерден үш шақырымдай жердегі Жыланды тауына дейін жеткен. Бұл жаугершілік заманында жаудан тығылып, таудың етегінің тұсынан қашып шығып кетуге мүмкіндік беруі мүмкін, - дейді.

Зерттеу жұмыстары 2010 жылы да жалғасын тауып, үңгірден он текше метрге дейін күл-қоқыс пен балшық шығарылыпты. Ал, 2011 жылы зерттеу жұмыстары нақ шарықтау шегіне жеткен сияқты. – Зерттеу жұмыстарына сақадай сай әзірлікпен барған топ жергілікті ауыл тұрғындарын да қазба жұмыстарына тартып екі апта ішінде 20 текше метрде артық балшық пен құмдақ шығарады. Осы жылы ойламаған жерден үлкен олжаға тап болдық. Ол мына бір қыш ыдыс болып табылған.

обыланды батыр 1 жыл қыстаған- Қараүңгір

Ақмола өңірінде зерттеуді қажет етіп, туристтік орынға сұранып тұрған тарихи орынның бірі – Қараүңгір.
Зеренді мен Щучье қаласының ортасында орналасқан үңгірге тіпті кезінде Қобыланды батыр келіп бір жыл қыстаған деген де әңгіме бар. Бұл үңгірдің жаугершілік замандарда, мүмкін қалмақ соғыстарында тіпті одан да бұрын аса ірі тарихи оқиғалардың құнды мұралары мен деректерін ішіне бүгіп жатқанын айғақтайды.
–Ашық жатқан үңгірді кезінде ауыл адамдарды бала-шаға немесе мал түсіп кете ме деген қауіппен жауып тастапты. Сондықтан, оны қазір ашып, туристтер назарына ұсынуға жағдай болмай тұр. Қаражат бөлу туралы ұсынысым құрдымға кеткен судай жоғала береді. Бәлкім бұл үңгірден де біз білмейтін тарихтың парақтары шығып қалуы ғажап емес. Ең бастысы, өлке тарихы тереңірек ашылып, өңірдегі үңгірлер туралы жаңа мәліметтер табылған болар еді.
Үңгірді зерттеуге болатын георадар деген құрал бар. Георадар әзірше Ресейде бар,георадардың қымбаттылығына байланысты біздің қолымызға әзірше жеткен жоқ дейді ғалымдар.

Наши рекомендации