Аламда қандай аспан денелері бар, олардың арақашықтығы қандай бірліктермен өлшенеді?
Ең заманауи аспаптар көмегімен байқалатын ең алыс нысандар – квазарлар. Бiздiң Галактикаға немесе Құс жолының құрамына Күн жүйесi кiредi. Біздің Галактика спираль типтi галактикаларға жатады және 150 миллиардтан астам жұлдыздардан тұрады
Ғаламдағы аспан денелерінің арақашықтығы парсек (пс) және жарық жылы (ж.ж.) деген өлшемдермен, ал Күн жүйесіндегі денелердің арақашықтығы астрономиялық бірлікпен (а.б.) өлшенеді. 1 а.б. – Жер мен Күннің орташа арақашықтығы, 149500000 км-ге тең. Парсек – жылдық параллакске (ол 0,1"-ке 1012×тең) кері шама. 1 пс = 3,26 ж.ж. = 206265 а.б. = 30,857 км. Құс жолының диаметрi 120 мың ж.ж. шамасында (1 ж.ж. = 1013 км), ал дискiнің қалыңдығы 1600 ж.ж.-на тең.
Планеталар. Өзара орналасуы, массасы, тығыздығы және басқа параметрлерi бойынша Күн ж Жер тобындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер және Марс – өлшемдерi бойынша шағын, тас және металл заттардан тұрады, тығыздығы жоғары, атмосферасының массасы өте аз, осi бойынша бiршама аз жылдамдықпен айналады.үйесiндегi планеталар iшкi (Жерге ұқсас) және сыртқы топтарға бөлiнедi.
Сыртқы планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон – үлкен өлшемдерiмен, затының төмен тығыздығымен, тығыз атмосферасымен, ал оның құрамында сутек, гелий мен метанның басымдығымен, осi бойынша айналу жылдамдығының біршама жоғарылығымен сипатталады. Жер планетасы атмосфера, гидросфера, биосфера және iшкi қабықтары болуымен сипатталады. Ғарыштан байқау жүргiзгенде Жер көгiлдiр мұхиттардың арасында жасылтым- сары континенттер орналасқан дене екендiгiмен ерекшеленедi. Оның серiгi – Ай
Астероидтар. Марс пен Юпитер орбиталарының аралығында iшкi және сыртқы планеталары бөлiп тұрған астероидтар белдеуi немесе шағын планеталар орналасқан. 2000-ға жуық астероидтар ашылған, олардың жалпы саны 100 мыңнан асады, ал жалпы массасы Жер массасының 0,001 бөлiгiн құрайды деген пiкiр бар.
Кометалар – ұзыншақ пiшiндi ғарыш денелерi, құрамы алып планеталар атмосферасының құрамына жақын. Кометалар ыстық денелер емес, олардың жарығы Күн сәулесiнiң түсуiне байланысты. 1000-ға жуық кометалар анықталған.
Метеориттер – Жер атмосферасына әлем кеңiстiгiнен келiп кiретiн ғарыштық тектi минералдық агрегаттар. Олар Жерге құлағанда соқтығысудан жарылып, воронка пiшiндi қопарылыс кратерлерін жасайды
Жердің пішіні, өлшемдері мен бедері қалай сипатталады?
Жердiң пiшiнi мен өлшемдерi. планетаның ғарыштан жасанды Жер серiктерiнен түсiрiлген фотографиялары Жердiң шар тәрiздi екендiгiнiң айқын куәсi боларлық. Сонау XVII ғ. соңында-ақ Жердiң пiшiнi дұрыс шардан өзгеше екендiгiн көрсететiн деректер алынған. Геодезиялық өлшеулер Жердiң ықшамдалған пiшiнi айналу эллипсоидына (сфероидқа) жақын екендiгiн көрсеткен. Полюстiк радиус RП =6356,8 км, ал экваторлық радиус RЭ =6378,2 км. Бұл екеуiнiң айырмасы 21,4 км, ал сығылу шамасы а = (RЭ – RП)/RЭ=1/298 (Ф.Н.Красовский). Жердiң орташа радиусы R=6371 км.
Шындығында Жер бетi мiнсiз айналу эллипсоиды бетiнен айтарлықтай өзгеше. Ол жоғары көтерiлген және төмен түскен бөлiкшелердiң кезектесе орналасуымен сипатталады. Дәл өлшеулер Жердiң өзiне ғана тән пiшiнге (фигураға) ие екендiгiн көрсеттi, бұл фигура геоид деп аталады (И.Люстих ұсынған). Геоидтың кез-келген нүктесiнде тартылыс күшiнiң векторы оның бетiне перпендикуляр орналасады, ал бұл бет Әлем мұхиты бетiн (деңгейлiк бетiн) континенттер астында ойша жалғастырып қосу арқылы алынады. Геоидтың дәл осы деңгейлiк бетi топографияда, геодезияда, маркшейдерияда биiктiктердi есептеген кезде база ретiнде қабылданады.
Жер Күн жүйесiндегi ең дамыған планета ретiнде орталық симметриялы қабықтардан тұратындығымен сипатталады. Жер қабықтары (геосфералар) құрамымен, физикалық қасиеттерiмен, затының күйiмен ерекшеленiп, сыртқы және iшкi қабықтарға бөлiнедi. Сыртқы геосфераларда тiкелей зерттеу жүргiзуге болады. Iшкi геосфералар негiзiнен жанама (геологиялық, геофизикалық, геохимиялық) әдiстермен зерттеледi. Жердiң сыртқы және iшкi геосфералары өзара және ғарыш кеңiстiгiмен тығыз байланысты.
Жердің жаралуын түсіндіретін небулалық гипотезаларының мәнісі неде?