І. Ұйымдастыру кезеңі. · Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі
· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
· Оқушыларды түгендеу.
· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1) Қытайды билеген әулеттер ?
2) Қытай аумағында алғашқы пайда болған мемлекеттер ?
3) Қытайда шаруашылықтың қандай түрлері дамыды ?
Жаңа сабақтың жоспары:
1) Ұлы Жібек жолы.
2) Басқыншылық жорықтар.
3) Көтерілістер.
III.Жаңа сабақ.
Б.з.б III мыңжылдықта-ақ Қытайда жібек маталар жасалынды.
сауда жолдарының негізінде кейінгі Ұлы Жібек жолының алғашқы тармақтары қалыптасты:
1) солтүстіктегі кӛшпелі халықтар ғұндар мен сақтар арқылы қазіргі Ұлы қазақ даласын батысқа қарай басып ӛте отырып, Каспий және Қара теңіздердің солтүстігіндегі скифтерге жетті. Одан ары қарай Қара теңіз бен Жерорта теңіздері арқылы Грекия мен Италия жеріне жетсе керек.
2) Үндістаннан өтіп, Парсы патшалығына келді. Үнді ӛзенінен Жерорта теңізіне дейін созылып жатқан бұл патшалық жері арқылы Еуропаның батысына өту аса қиын емес еді.
Б.з.б. III ғасырдың соңында құлаған Цинь патшалығының орнына Хань әулетінің билеушілері келеді. У Ди атты қытай билеушісі басқыншылық саясатты батыл жүргізді. Қытай мемлекетінің жер көлемін кеңітіп, оған жаңа жерлер қосты. Оңтүстігіндегі Үндіқытай түбегіне жақындады.
Қытай билеушілерінің басқыншылық жорықтары б.з. I ғасырының соңына қарай күшейе түсті. Қытай қолбасшысы Бань Чао Шығыс Түркістан жеріне бірнеше жорық жасады. Батысқа қарай жасалған бұл жорықтардың басты мақсаты жаңа жерлер басып алу мен сауда жолына ие болу еді.
Патша үкіметінің басқыншылық жорықтары үшін де қаржы қажет еді. Бұл қара халықтың онсыз да ауыр халін нашарлатты. Халықтың үкіметке қарсы наразылығы күшейді.
Ван Ман есімді адам өзін патша деп жариялап, билікті тартып алды.
Ірі көтеріліс Хуанхэ өзенінің төменгі ағысы бойына жақын Шандун аймағында б.з.-дың 18 жылы басталды.
Көтерілісшілердің саны 10 мыңға жетті. Көтерілісті Фан Чун деген адам басқарды.
Көтеріліс «Қызыл қастылар көтерілісі» деп аталды. Себебі көтерілісшілер киімі қылыз түсті болды.
Б.з.-дың 23 жылы көтерілісшілер елдің астанасын басып алып, Ван Манды өлтірді. Билікке бұрынғы Хань әулетінің ұрпағы қайта келді.
Б.з.-дың II ғасырының соңында көтерілістің жаңа толқыны басталды. Бұл көтерілісшілер бастарына орамал байлап жүрді. Тарихта «Сары орамалдылар көтерілісі» деп аталған бұл көтерілісті Чжан Цзяо мен оның екі бауыры басқарды.
Көтерілісшілер саны бірнеше жүз мың адамға жетті. Көтеріліс елдің көпшілік бөлігін қамтыды және 20 жылдай уақытқа созылды.
Солтүстіктен көшпелілер шабуылы күшейді. Ақыры ежелгі Қытай мемлекеті 3 патшалыққа ыдырап кетті.
Б.з.д. ІІІ ғасырдың соңы. Цинь патшалығы құлады. Оның орнын Хань алмастырды. |
У Ди билешісі кезінде сыртқы саясаты, яғни басқыншылық соғыстары болды. |
Батыс елдеріне Чжань Цянь басқарған керуен жіберілді. Фергана, Хорезм, Бактрия жерлерін дейін барды. Мақсаты жорыққа дайындық. У Дидің 2 жорығы болды. |
Лобнор көліне дейін жетті. |
Фергананы уақытша бағындырды. |
Жер көлемі кеңейтілді, жаңа жерлер қосылды. Келесі мақсат: батыс елдеріне тәртібін енгізу. |
Сауда-саттық қатынастар дамыды, сыртқы саясаты белсенді түрде жүргізіле бастады. |
ІV. Сабақты бекіту:
1) Оқушыларға Қытайда болып өткен көтерілістер туралы өздік жұмыс тапсырылады, кесте толтыру.
Көтерілістің себептері | Көтерілістің қозғаушы күштері | Тұлғалар | Нәтижелері |
2) Жібектің ерекшеліктері ? Оны не үшін бағалады ?
3) Жібек жолының неше тармағы болды ? Қандай жерлерден өтті ?
4) Еңбекші халық жағдайы неге нашарлады? Ван Ман деген кім? Ол қандай өзгерістер жасауға тырысты?
V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.
VІ. Үйге тапсырма: параграф 19, оқу, сұрақтармен жұмыс жалғастыру.
Сынып: 6 «а». Сабақ №:______23_____ Күні:_______________
Пән: Ежелгі дүниежүзі тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі Қытай данышпандары ,ғылыми білімі мен өнер табыстары туралы мәлімет беру. Жазу мен әдебиетінің ерекшеліктеріне тоқталу. Кун-фуцзы, сыма Цянь туралы, олардың оқымыстылығы мен данышпандығы туралы баяндау;
Дамытушылық: Ілім мен ғылымның ежелгі Қытайдан бастау алғаны туралы айтып, оқушыларды білім алуға деген құштарлығын арттыру. Қытайдың жазуы мен әдебиетінің ерекшеліктеріне тоқталу;
Тәрбиелік: Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сөз, сұрақ - жауап, ауызша, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, қатармен жұмыс, кестемен жұмыс.
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі
· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
· Оқушыларды түгендеу.
· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1) Жібек матасы қай уақытта пайда болды ?
2) Ұлы Жібек жолының тармақтары қай елдерге дейін жетті ?
3) Чжан Цзянь деген кім ? Оның ерекшелігі неде ?
Жаңа сабақтың жоспары:
1) Жазуы. Әдебиеті.
2) Конфуций ілімі.
3) Сыма Цзянь.
4) Ғылым мен өнер табыстары.
III.Жаңа сабақ.
Жазуы мен әдебиеті. Қытайда өте ертеде иероглифтік жазу пайда болған еді. Қытай иероглифтері тігінен, жоғарыдан төмен қарай жазылады. Қытай жазуы әлемдегі ең қиын да күрделі жазу. Соған қарамастан Қытайда б.з.б. I мыңжылдықтың бірінші жартысында-ақ кітаптар жазылған. Олар ені 1 см, ал ұзындығы 20-дан 40 сантиметрге дейінгі ағаш тақтайшаға жазылыпты.
Қытайдың сонау ежелгі замандардағы иероглифтік жазулары бүгінгі таңға дейін сақталған. Бізге ежелгі Қытайдың көптеген әдеби шығармалары белгілі.
Ежелгі Қытайдың ән-өлеңдері де, ақындары да көп болған. Солардың бірі б.з.б. II ғасырда өмір сүрген Сыма Сянжу атты ақын. Ол өлеңдерінде өз өмірін көбірек баяндаған.
Кун-фуцзы (Конфуций) – ежелгі Қытай данышпаны. Кун-фуцзы б.з.б. 551 жылы дүниеге келіпті. Оның шын аты Кун-Цю болған еді.
Өз халқының салт-дәстүрін, өлең-жырларын жақсы білді. Қытай күнтізбесінің білгірі болды. Әсіресе жастардың бір бөлігі оны тыңдау үшін жиі келіп тұратын еді. Мұндай жастар өздерін Кун Цюдің шәкірттеріміз деп есептеді. Ал ұстаздарын Кун-фуцзы, яғни данышпан Кун деп атады.