Жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жіктеу

Химиялық қ±рамына қарай жер асты суларының көпшілік қабылдаған бірыңғай жіктеуі жоқ. Бұл табиғи сулардың сапалық және сандық жағынан барынша алуан түрлі болып келетіндігіне байланысты. Басым келетін иондары (катиондары мен аниондары) мен олардың өзара қатынастары бойынша суларды бөлу принципіне негізделген жіктеу ең қолайлысы. Осындай жіктеулердің бірін 1948 жылы О. А. Алекин ұсынды. Басым келетін аниондарына қарай О. А. Алекин барлық табиғи суларды гидрокарбонатты, сульфатты, хлоридті деп үш үлкен класқа бөлді. Осылайша бөлу жалпы сипатта судың гидрохимиялық бейнесін ашады. Басым келетін катиондарына қарай одан әрі кальцийлі, магнийлі және натрийлі болып үш топқа бөлінеді. Иондардың өзара қатынасына қарай әр топ өз кезегінше үш типке ажыратылады (54-сурет). Табиғи суларды химиялық құрамына ќарай өлшеу арқылы анықтайды. Екінші жағдайда ақырғы айырмадағы анықталмаған қозғалыстың теңдеуін (Г. Н. Каменскийдіњ тәсілі) пайдалана отырып, режимдік байқаулар негізінде есептеу жүргізіледі.

39.Беткі сулар мен жер асты суларының өзара байланысы

Беттік сулар – бұл жердің бетінде айналатын және болатын сулар - жаңбыр, өзен, көл, қар, мұздық, батпақ сулары және т.б. Олармен биосферадағы барлық геологиялық, геофизикалық, геохимиялық және биологиялық процестер байланысты. Беттік сулармен эрозия, ерітілген және салынды күйдегі заттарды тасымалдау процестері байланысты.

Жер асты сулары – бұл литосфераның тау жыныстарында соңғылармен кез келген байланыста (гигроскопиялық түрде, гравитациялық, су ерітінділері, коллоидтық жүйелер, минералдар құрылымында және т.с.с.) болатын сулар. Жер асты суларына жер қыртысының геологиялық және геохимиялық процестеріндегі ерекше маңызды роль тиесілі.

Олар тау жыныстарымен тығыз өзара әрекетте болады, олардың өзгеруінің әр түрлі процестеріне және химиялық реакцияларға қатысады. Грунттық және тереңдік суларды, соның ішінде арынды және арынсыз, қабат аралық, жарықшақты, карстылы және т.б. суларды ерекшелейді.

40.Жер асты суларын пайдалану және оны қорғау проблемалары

Гидрогеологияда жер асты суларының есептік сипаттамасы үшін жер асты суларының қорлары жөніндегі түсінікті пайдаланады. Жер асты суларының қорлары — сулы пластан орын алған гравитациялық судың есебі (көлемі). Халық шаруашылығында пайдалануға жарамды жер асты сулары ең бағалы пайдалы қазындыларға жатады. Қатты пайдалы қазындылармен салыстырғанда су үнемі қозғалыста болады және дүркін-дүркін жаңарып отырады. Жер асты суларының қорына баға берудің сумен қамтамасыз етудегі алатын мәні өте зор. Жер асты суларының қорын алдын ала есептемейінше бірде-бір су қабылдағышты тұрғызып, пайдалануға болмайды. Су қабылдаушы ғимараттардың типі, олардың орналасу варианттары, үйлесімді жұмыс режимі, сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын пайдаланумен байланысты басқа мәселелер жер асты суларының есептелген қорларының негізінде шешіледі. Қазір зерттеушілердің көбі жерасты суларының қорларын табиғи және пайдаланылатын деп бөліп жүр.

Жер асты суларының табиғи қорлары — табиғи жағдайларда (статикалық немесе қозғалыстағы күйде) сулы пластарда орналасқан гравитациялық судың көлемі. Табиғи қорлар статикалык серпімді және динамикалық қорлардан құралады. Статикалық қорлар (Qст) сулы горизонтта орналасқан гравитациялық судың көлеміне тең және көлемдік бірліктермен (м3) өлшенеді: Qст=mV, мұндағы (m — тау жыныстарының көлемдік үлесіндегі суқайтарым, V — сулы горизонттың көлемі. Серпімді қорлар (Qсерп) —деңгейдің төмендеуі кезінде арынды сулы горизонтты құрғатпастан (мүлде сарықпай), судың серпімді қасиеттерініњ есесінен алуға болатын судың шамасы. Динамикалық қор (Qдин) тасқынның көлденең қимасы арқылы уақыт бірлігі ішінде ағып өтетін судың шығынына байланысты. Ол сулы горизонтқа жыл сайын қосылып отыратын судың шамасын көрсетеді. Жер асты суларының динамикалық қорларын түрлі әдістермен анықтайды. Бұлардың қатарына атмосфералық жауын-шашын инфильтрациясының шамасы, жер асты ағынының модулі, бұлақтардыњ жиынтық өнімі, тасқынньщ көлденең қимасы мен сүзілу жылдамдығының шамалары бойынша және басқа әдістер бойынша динамикалық қор шамасын анықтау жатады.

Жер асты ағынының модулі сулы горизонттың аудан бірлігінен уақыт бірлігінің ішінде ағып келіп өзенге құйылатын судыњ шамасы. Оныњ шамасы еліміздің түрлі аудандары үшін сулы горизонттың 1 км2 алаңынан бір литрдің ондық бөліктерінен 15 л/с-ке дейін не одан да астам мөлшерге жетеді.

Жер асты суларының пайдаланылатын қорлары. Су қабылдағыштарды пайдалану кезінде жер асты суларының табиғи жағдайлары бұзылады. Жер асты сулары қорларыныњ жаңа типі түріндегі пайдаланылатын қорлар қалыптасады. Пайдаланылатын қорлар екіге бөлінеді: 1) суқабылдағыштардың әсер ететін зонасындағы табиғи қорлар; 2) суқабылдағыштарды пайдалану процесінде қосылатын қосымша қорлар (суды нашар өткізетін қабаттар арқылы көрші сулы пластардан ағып келетін сулар, беткі ағынды сулар мен су қоймаларынан сүзілу т. б.).

Зерттеу дәрежесі мен орындалған гидрогеологиялық жұмыстардың дәлдігіне байланысты жер асты суларының пайдаланылатын қорлары А, В, С1, С2 категорияларына бөлінеді. Сумен қамтамасыз етудің жобасын жасауға қажетті дәлдікпен зерттелген қорлар А және В категорияларына жатқызылады. А категориясының пайдаланылатын қорлары тәжірибелік-пайдаланымдық немесе тәжірибелік су тартудың деректері бойынша анықталады. В категориясының пайдаланылатын қорлары тәжірибелік су тартудың деректері және осы деректерді пайдалану жағдайларын экстрополяциялау (долбарлай үйлестіру) арқылы анықталады. С1 және С2 категорияларының қорларын жеке скважиналардың сынау су тартуының деректері (СІ) немесе жалпы гидрогеологиялық жағдайлардың су тарту арқылы сыналған учаскелерге (С2) ұқсастығы бойынша анықтайды. Пайдаланылатын қорлардың барлық категорияларын пайдалы қазындылар қорының Мемлекеттік комиссиясы немесе пайдалы қазындылар қорының территориялық комиссиялары бекітеді.

С1 және С2 категориялары бойынша анықталған қорлар жер асты суларының перспективалық жобасын жасауға, су шығару үшін барлау скважиналарын бүрғылауды негіздеуге т. б. арналады. Осы категорияларды біршама жоғары В категориясына аудару үшін гидрогеологиялық жұмыстардың қосымша көлемі орындалады. Суқабылдағыштардың пайдалану режимін қолдан бұзған жағдайда бұрын бекітілген қорларды қайтадан қарастыру (қайта бекіту) қажет.

Наши рекомендации