Актердің(науқас) сценарийі және оның рөл сипаттамасы
Клиникалық тапсырма
Клиникалық жағдай: «Ревматикалық қызба, артрит, қайталамалы ревмокардит митральды қақпақшаның жетіспеушілігімен, ҚЖ-1дәрежелі диагностикасы және жүргізу тактикасы»
Ситуация:
Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөліміне 13 жастағы қыз бала көмекке жүгінді.
Ø Науқастың шағымдары мен анамнезін жинаңыз
Ø Аурудың негізгі симптомдары мен синдромдарын анықтаңыз
Ø Науқастың объективті жағдайын бағалаңыз
Ø Болжам диагнозды негіздеңіз
Ø Зерттеу жоспарын құрыңыз
Ø Лабораторлы-аспапты зерттеу нәтижелердің интерпретациясын өткізіңіз
Ø Қорытынды клиникалық диагнозын қойыңыз
Ø Науқастың емдеу тактикасын анықтаңыз
Соңғы нәтиже (outcomes):
Ø ЖҚЖ патологиясы бар науқасқа сұрау жүргізу және физикальді зертеуін өткізіңіз
Ø Ревматикалық қызба, митральды қақпақшаның жетіспеушілігі бар, ҚЖ-1 дәрежесінің клиникалық диагностикасы
Ø ЖҚА, антистрептококтық антидене деңгейін, кеуде қуысының рентгенографиясын, ЭКГ, ЭхоКГ интерпретациясын жүргізу
Ø Ревматикалық қызба, МҚ жетіспеушілігі бар, ҚЖ -1 дәрежелі науқасты жүргізу тактикасы
Ø Науқаспен жақсы қарым қатынасқа түсу және үрей сезімін басу.
Актердің(науқас) сценарийі және оның рөл сипаттамасы
Науқас: 13 жастағы қыз бала
Шағымдары: Физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, аралас сипатты; тұрақты әлсіздік, шаршағыштық, баспамен ауырып болғаннан кейін соңғы 5 күн ішінде дене қызуының 37-38Сқа дейін көтерілуіне, сондай ақ тізе буындарының ісінуімен ауырсынуына шағымданды.
Анамнезінде:2-жыл бұрын қыз бала полиартритпен ревматикалық қызбамен ауырды. Осы мерзім ішінде 4-рет фолликулярлы ангинамен ауырған. Науқаста содан кейін жоғарыда аталған шағымдар пайда болды.
Объективті:түскен кезінде бозару, жүктеме кезінде тыныс жиілігі мин. 26 рет. Өкпе үстінде везикулярлы тыныс, жүрек аймағы визуальды өзгермеген, пальпацияда жүрек ұшы түрткісі күшейген, 5 қабырғааралықта, бұғананың ортаңғы сызығынан 0,5 см сыртқа. Жүректің салыстырмалы шекаралары: оң жақ шекарасы төстің оң жақ қырында, жоғарғы шекарасы 3-ші қабырғааралықта, сол жақ шекарасы бұғананың ортаңғы сызығынан 1,0 см сыртқа. Аускультативті: жүрек ұшында үрлеген систолалық шу, сол жақ қырына жатқанда күшейеді. Жүрек тондары әлсіреген, әсіресе жүрек ұшында-1тон, өкпе артериясында 2 тонның акценті, ЖЖЖ минутына 96 соққы, АҚ -115/75мм.с.б. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры, көкбауыры ұлғаймаған. Зәр шығаруы бұзылмаған. Үлкен дәреті – қалыпты.
ЖҚС: НЬ - 120 г/л Эр – 4,2х1012/л Т.к. - 0,9 Ретикулоциттер – 0,5% Тромбоциттер- 340х109/л Лейкоциттер – 10х109/л т/я - 3% с - 69% эозинофилы - 2% лимфоциты -13% моноциты - 13% СОЭ - 38 мм/час. | Антистрептолизин деңгейі-О- 320ХБ/мл. |
ЭхоКГ: Қорытынды: Митральды қақпақшаның жетіспеушілігі. | Кеуде қуысының рентгенографиясы: Қорытынды:Жүректің сол жақ шекаралары кеңіген, КТИ-50% ұлғайған. |
ЭКГ:
Қорытынды: Жүректің сол жақ бөліктерінің гипертрофиясы, Гис шоғыры оң жақ аяғының блокадасы, тахикардия. Сол қарыншаның гипертрофиясы.
«Ревматикалық қызба, қайталамалы ревмокардит , митральды қақпақшаның жетіспеушілігімен, ҚЖ-1дәр диагностикасы және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдай бойынша
Бағалау парағы (check-list)
№ | Қадамдарды бағалау критерилері | Баллмен бағалау | ||
Дұрыс орындалды | Ескертулермен орындалды | Орындалған жоқ | ||
1. | Шағымдарын, анамнез жинады | 1,0 | 0,5 | |
2. | Клиникалық тапсырмада берілген симптомдардың дұрыс интерпретациясы | 1,0 | 0,5 | |
3. | Митральды қақпақшаның жетіспеушілігінің аускультациясы мәліметтерін нақтылады | 1,0 | 0,5 | |
4. | ЖРҚ негізгі симптомдары мен синдромдарын анықтады | 1,0 | 0,5 | |
5. | Болжам диагнозын негіздеңіз | 1,0 | 0,5 | |
6. | Зерттеу жоспарын тағайындау | 1,0 | 0,5 | |
7. | ЖҚА, Антистрептококтық антиденелер деңгейін интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
8. | ЭКГ, Кеуде қуысының рентгенограммасын, ЭХОКГ талдау | 1,0 | 0,5 | |
9. | Қорытынды диагнозды негіздеу | 1,0 | 0,5 | |
10. | Емдеу жоспарын негіздеу | 1,0 | 0,5 | |
қорытынды БАЛЛ | 10,0 | 5,0 |
Максимальды баға – 10