Кең таратқыштық мақсатты қабылдағыш
Кең таратқыштық мақсатты қабылдағыш – сыртқы оқиғалар және оларға жауап беру компоненті. Жіберулерді басқа да қосымшалар және қызметтер инициализациялай алады.
Контент-провайдер
Контент-провайдер қосымшада қолданылатын, басқа қосышаларға қолжетімді деректерді жинақтайды.
Деректер файлдық жүйеде, SQLite деректер базасында немесе басқа да әдіспен сақталуы мүмкін. Контент-провайдер қауіпсіз қолжетімділік үшін рұқсат беру механизмін қолданады. Бұл контент-провайдерді конфигурациялау арқылы деректерге басқа қосымшалардың қатынауына рұқсат беру және басқа қсымшалар контент-провайдерін қолданып деректерге қатынауға болады деген сөз.
Android архитектурасы
Егер Android компоненттік моделін иерархия түрінде елестететін болсақ, онда ең соңында, ең түпнегізгі және базалық құраушысы операциялық жүйе ядро болып табыладыc (сурет 9).
Сурет 8. Android архитектурасы
Android – Linux-тің бірнешеге бөлінген ядросында негізделген, сондықтан, бұл деңгейде дәл соны көре аламыз. Ол жүйенің функциялануын қамтамассыз етеді және қауіпсіздік, жадыны басқару, энергожүйе және процесстерге жауап береді, сонымен қатар, желілік стек және драйверлер моделін ұсынады.
Ядродан «жоғарыда» қабаттың программалық қамтамасы ретінде қосымшаның негізгі базалық функционалдарына арналған кітапханалар жинағы орналасқан. Яғни, бұл деңгей жоғарғы деңгейлерге дайындалған алгоритмдерді көрсету, файлдық форматтарды қолдау, ақпаратты кодтау, декодтау, график сызу және т.б үшін жауап береді. Кітапханалар C/C++ тілінде белгілі бір аппараттық қамтамаға негізделіп құрылған:
SurfaceManager – Android жүйесіде Linux-қа ұқсас, бірақ қарапайым композитті терезелер басқармасы қолданылады. Графиктерді тікелей дисплей буферінде сызудың орнына сызу командаларын кадр арты буферіне жібереді. Ол жерде командалар жинақталу арқылы белгілі бір композиция құрып, сосын қолданушы экранына шығарылады. Бұл жүеге түрлі эфекттер құруға мүмкіндік береді.
MediaFramework – PacketVideoOpenCore базасында құрылған кітапханалар. Бұның көмегімен жүйе аудио және видео контенттердің ойнатылуын, сонымен қатар, статистикалық суреттерді шығару іске асырылады. MPEG4, H.264, MP3, AAC, AMR, JPG,PNG сияқты танымал форматтарды қолдайды.
SQLite – деректер базасымен жұмыс істейтін қозғалтқыш ретінде қолданылатын ДҚБЖ.
FreeType – биттік карталармен жумыс жасуға, қаріптерді растерлеу және оларға операциялар жүргізуге арналған кітапхана. Бұл қаріптерге және мәтін жариялауға арналған жоғарғы сапалы қозғалтқыш.
LibWebCore – GoogleChrome, AppleSafari браузерлерінде қолданылатын WebKit жылдам браузерлік қозғалтқыш кітапханасы.
SGL(SkiaGraphicsEngine) – 2D-афикамен жұмыс істеуге арналған ашық қозғалтқыш. Графикалық кітапхана Google өнімі болып табылады және оның басқа да қосымшаларында қолданылады.
SSL – біратты криптографиялық хаттаманы қолдайтын кітапхана.
Libc – С тілінің стандартты кітапханасы. Bionic деген атқа ие.
Осы деңгейде AndroidRuntime орындау ортасы орналасқан. Негізгі құраушы бөлігі ядро кітапханалар жиыны және Dalvic виртуалды машинасы болып табылады [18].