Студенттердің өздік жұмыстары.

Тақырыбы:Оңтүстік Американың ойпаттарына физикалық-географиялық сипаттама.

Мақсаты:Географиялық орны, басқа географиялық нысандарға қатысты жағдайы, геотектоникалық құрылысы, жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі, табиғат зоналары, физикалық-географиялық провинциялары мен облыстары жөнінде түсінік беру.

Бақылау түрі:реферат.

Ұсынылатын әдебиет:

1. География материков и океанов. Под.ред. А.М. Рябчикова М.: ВШ, 1988.

Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар

Студенттерге білім беру кезінде олардың білімін тереңдету және тақырыпты анағұрлым толығырақ ашып түсіндірудің жаңаша түрі бұл студенттің оқытушының жетекшілігімен атқаратын өздік жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Оқу барысында оқытушы студенттерге өткізілген тақырыптарға және бөлімдерге сәйкес қосымша тапсырмалар беріп отырады. Оқытушы берілген тапсырма бойынша студенттерді әдістемелік нұсқаулармен және қажетті материалмен қамтамасыз етіп, қажетті әдебиеттер тізімін ұсынады.

Студент оқытушының берген нұсқауына сүйеніп және үлестірмелі материалды пайдаланып, өз бетінше тапсырмаларды орындауы тиіс.

Студенттердің жұмыстары ұйымдастырудың пікірталас, жарыс ойындар, тренинг т.б сияқты формаларын да пайдалана отырып өткізіледі. Сонымен қатар студенттерге білімді бақылау құралдары да пайдаланылады.

Оқытушының жетекшілігімен жұмыс атқара отырып, студент өз бетінше ойлау, ой қорыту, тұжырымдау және топта, ұжымда өз ойын ашық білдіруге үйренеді. Жұмыс барысында студент тапсырамаларды уақытылы орындап, материалды талдау қабілетін арттырып, мәселені талқылауға және зерттеу әдістерін пайдалануға машықтанады. Сол арқылы тақырыпты тереңдете меңгертуге мүмкіндік туады.

Мақсаты мен міндеті:

1.Студенттердің өз бетінше жұмыс жасау қабілетін арттыру;

2.Студенттің топта өз ойын ашық білдіру, материалды талдау және талқылау дағдысын қалыптастыру;

3.Студенттердің курсты толық меңгеріп, жан-жақты білім алуын қамтамасыз ету;

4.Мұрағаттану және мұражайтану жұмысы туралы анағұрлым көп материалдарды және талдау әдістерін пайдалануға машықтандыру,

5.Арнайы үлестірме материалдарды және бақылау құралдарын пайдалану арқылы студенттердің ой-өрісін дамыту.

Әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырмамен жұмыс барысында студенттер мыналарға баса назар аударуы керек:

1.Тапсырманың ауқымы және қандай сұрақтар берілгеніне;

2.Тапсырманы орындау үшін қандай әдістерді пайдалану қажеттігіне,

3.Берілген материалды жүйелеу және талдау жасау арқылы негізгі ұғымдарды анықтауға;

4.Тапсырманы орындау барысында немесе пікірталас барысында өзінің нақты тұжырымдарын алға тартуға;

5.Бақылау құралдарының сұрақтарына жауап беруде негізгі қай материалға қатысты екенін анықтауға;

№1- Зертханалық жұмыс.Еуразияның физикалық-географиялық орны,көлемі,пішіні,жер бедері.

Мақсаты: Еуразия материгінің географиялық орны, көлемі,жағалауының тілімденгені табиғат ерекшеліктеріне әсер етүін анықтау.

Пайдаланатын құрал жабдықтар:оқулықтар, ғылыми көпшілік әдебиеттер,карта,географиялық глобус.

Сабақты өткізу әдістері: өзекті оқыту, зерттеу,географиялық атлас пен жұмыс, ішінара ізденіс әдістерін қолданып Зертханалық есептер шығарту арқылы қарқынды танымдық ой әрекетіне жұмылдыру.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1.Географиялық атлас,статистикалық мәлеметтерді пайдалана отырып, төмендегі кестені толтырындар.

мәліметтер Еуразия Солт.Америка Африка Оңт.Америка Аустралия Антарктида
Шеткі нүктелері солтүстік оңтүстік батыс шығыс            
Көлемі.(млн.км)              
Ең ірі аралдары (мың.км.)              
Ең биік шындары              
Ең төменгі жері.              
Ең үлкен шөлдері.              
Ең биік сарқырамалары.              
Ең ұзын өзендері (км.)              
Ең ірі көлдері (мың.км.)              
Жылдық жауын-шашын мөлшері.(мм.) жоғарғы төменгі            
Температура. жоғарғы t. төменгі t            
Ерекше өсімдіктері              
Ерекше жануарлары.              
Халқының саны.              
Ірі қалалары,порттары              

2.Еуразияның шеткі нүктелерінің орналасуын, координаттарың кескін картаға белгілеңдер.

3.Материктің жағалауында орналасқан ірі түбектер,бұғаздар мен шығанақтарды жазыңдар.

4.Еуразия жерінде орналасқан ежелгі тақталардың орналасу бағыттары мен оларға сәйкес келетін жазықтарды көрсетіңдер.

5.Геосинклиналдық белдеулер мен тау жоталарының аттарын жазыңдар.

6.Негізгі пайдалы қазбаларды шартты белгілермен белгілеңдер.

7.Сейсмикалық белдеулерді көрсетіңдер, жазыңдар.Жер сілкіну өтетін аудандарды сызықтармен бөліп көрсетіңдер.

8.Номенклатура.

Пайданылатын әдебиеттер тізімі:

1.Арманд Д.Л. И др.Зарубежная Азия.М.,1956

2.Богданов Д.В.География Мирового океана.М., Наука,1978.

3.Богданов Д.В.Тропический океан. М.,Наука,1975.

4.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,1986.,т.1-2

5.ЕрамовР.А.Физическая география Зарубежной Европы.М.,1973

6.Географический атлас.М.,ГУГК.1983.

7.Рябчиков А.М.и др.Физическая география материков и океанов.М.,Высшая школа.1988.

8.Физико-географический атлас мира.М.,ГУГК.1964.

9.”Страны и народы”,Зарубежная Европа и Зарубежная Азия.М.,Мысль,1979-82.

№2- Зертханалық жұмыс.Еуразияның климаты,табиғат зоналары,топырағы.

Мақсаты:Еуразия материгінің климат ерекшеліктері,табиғат зоналары, топырағы оның территориясының аса көлемділігімен байланысты екенің ,климттық белдеу мен облыстарына салыстырмалы талдау жасап үйрену. Географиялық түсініктерін меңгертіп кәсіби іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.

Пайдаланатын құрал жабдықтар:атлас карталар,географиялық глобус,кескін карта.

Сабақты өткізу әдістері: өзекті оқыту, зерттеу,географиялық атлас пен жұмыс, ішінара ізденіс әдістерін қолданып Зертханалық есептер шығарту арқылы қарқынды танымдық ой әрекетіне жұмылдыру.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1.Еуразияның климат белдеулері мен облыстарының шекаларынын белгілендер және осы белдеулердегі климат түрін жазыңдар.

2.Қыс пен жаз мезгілдеріндегі ауа температурасын көрсетіңдер, жауын-шашын мөлшері мен түсуі және мұхит ағыстарын көрсетіңдер.

3.Кескін картаға төмендегі изотермаларды түсіріңдер.

а) қантар айы -16 с,-8 с,0 с,+4 с,+12 с,+20 с.

б) шілде айы +12 с,+16 с,+20 с,+24 с,+32 с.

4.Материктің климтына әсер етуші факторларды шартты белгілермен белгілеңдер

5.Төмендегі берілген нүктелердің Палермо және Шанхай қаларының жауын-шашын мөлшері мен бұланушылығының диаграммасын тұрғызып,салыстырмалы анализ жасандар.

Бақылау нүкте Жауын-шашын(Р) ,бұлану(Е) қ а н с м м ш т қ қ қ ж жылдық
Палермо Р,в мм
Е,вмм
Шанхай Р,в мм
Е, в мм

6.Еуразияның табиғат зоналарын бөліп көрсетіңдер,жазыңдар.

7.Еуразияның ұлттық саябақтары мен қорықтарын белгілеңдер.

8.Географиялық атласты пайдаланып берілген бағыт бойынша географиялық аудандың профилін сызып,топырақ пен өсімдік дүнисі байланысты екенің анықтандар.

Пайданылатын әдебиеттер тізімі:

1.Арманд Д.Л. И др.Зарубежная Азия.М.,1956

2.Богданов Д.В.География Мирового океана.М., Наука,1978.

3.Богданов Д.В.Тропический океан. М.,Наука,1975.

4.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,1986.,т.1-2

5.ЕрамовР.А.Физическая география Зарубежной Европы.М.,1973

6.Географический атлас.М.,ГУГК.1983.

№3 - Зертханалық жұмыс.Евразияның ішкі сулары.

Мақсаты:Евразияның ішкі суларының таралу ерекшелiктерi, өзендерінің қоректену режимін анықтау.

Пайдаланатын құрал жабдықтар:атлас карталар,кескін карта,географиялық атлас.

Сабақты өткізу әдістері: пікір алмасу,атлас карталар мен жұмыс, өзекті оқыту, зерттеу, ішінара ізденіс әдістерін қолданып зертханалық жұмыс арқылы қарқынды танымдық ой әрекетіне жұмылдыру.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1.Географиялық атласты пайдаланып, берілген өзенге кешенді сипаттама бер.

-өзенің атауы;

-қайдан басталып, қайда құяды;

-ұзындығы, негізгі салалары;

-ағысының сипаты;

-қоректену режимі;

-құламасы;

-еңістігі;

-шаруашылық маңызы;

-өзекті экологиялық мәселесі;

2.Ірі өзендер мен көлдерің аттарын жазыңдар.

Пайданылатын әдебиеттер тізімі:

1.Арманд Д.Л. И др.Зарубежная Азия.М.,1956

2.Богданов Д.В.География Мирового океана.М., Наука,1978.

3.Богданов Д.В.Тропический океан. М.,Наука,1975.

4.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,1986.,т.1-2

5.ЕрамовР.А.Физическая география Зарубежной Европы.М.,1973

6.Географический атлас.М.,ГУГК.1983.

7.Рябчиков А.М.и др.Физическая география материков и океанов.М.,Высшая школа.1988.

8.Физико-географический атлас мира.М.,ГУГК.1964.

9.”Страны и народы”,Зарубежная Европа и Зарубежная Азия.М.,Мысль,1979-82.

№4 - Зертханалық жұмыс.Дүние жүзілік мұхиттар.

Мақсаты:Мұхиттардің географиялық орны, геологиялық құрылысы мен мұхит табанының бедері. Климаты, суының физикалық, химиялық қасиеттері, мұхит ағыстары, органикалық дүниесі жөнінде түсінік беру.

Пайдаланатын құрал жабдықтар: атлас карталар,кескін карта,географиялық атлас.

Сабақты өткізу әдістері: өзекті оқыту, зерттеу,географиялық атлас пен жұмыс, ішінара ізденіс әдістерін қолданып Зертханалық есептер шығарту арқылы қарқынды танымдық ой әрекетіне жұмылдыру.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1.Мұхиттар шекарасын бөліп көрсетіңдер.

2.Теңіздер,шығанақтар мен бұғаздардың аттарын жазыңдар.

3.Дүние жүзілік мұхиттардың негізгі беткі ағыстарын белгілеңдер.

4.Балық ауланатын негізгі аудандарды бөліп көрсетіңдер.

5.Географиялық атлас пайдалана отырып төмендегі кестені толтыр.

Мұхит атауы Ауданы (млн км) Көлемі (млн км) Орташа тереңдігі(м) Ең терең бөлігі(м) Ең биік лықсулары(м) Беткі қабатының орташа t Шеткі теңіздері Ішкі теңіздері Шығанақтары (мың км)
Тынық мұхиты                  
Атлант мұхиты                  
Үнді мұхиты                  
Солтүстік Мұзды мұхит                  

Пайданылатын әдебиеттер тізімі:

1.Арманд Д.Л. И др.Зарубежная Азия.М.,1956

2.Богданов Д.В.География Мирового океана.М., Наука,1978.

3.Богданов Д.В.Тропический океан. М.,Наука,1975.

4.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,1986.,т.1-2

5.ЕрамовР.А.Физическая география Зарубежной Европы.М.,1973

6.Географический атлас.М.,ГУГК.1983.

7.Рябчиков А.М.и др.Физическая география материков и океанов.М.,Высшая школа.1988.

8.Физико-географический атлас мира.М.,ГУГК.1964.

9.”Страны и народы”,Зарубежная Европа и Зарубежная Азия.М.,Мысль,1979-82.

№5- Зертханалық жұмыс.Солтүстік Американың географиялық орны,тектоникалық құрылымы және жер бедері.

Мақсаты: Солтүстік Американың физикалық-географиялық орның ,табиғатының қалыптасу тарихын анықтап,жер бедерінің ерекшеліктерін Евразия материгімен салыстырып талдау.

Пайдаланатын құрал жабдықтар:атлас карталар,кескін карта,географиялық атлас.

Сабақты өткізу әдістері:зерттеу,географиялық атлас пен жұмыс, ішінара ізденіс әдістерін пайдаланып студенттерді қарқынды ой әрекетіне жұмылдыру арқылы негізгі географиялық түсініктерді меңгерту.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1.Материктің шеткі нүктелерін белгілеңдер және жазыңдар.

2.Ірі тау жоталары мен жазықтардың аттарын жазыңдар.

3.Негізгі пайдалы қазбаларды шартты белгілермен көрсетіңдер.Қандай пайдалы қазбалар таулы аймақтарда, жазықтарда және ойыстарда таралғаның түсіндір.

Пайданылатын әдебиеттер тізімі:

1.Арманд Д.Л. И др.Зарубежная Азия.М.,1956

2.Богданов Д.В.География Мирового океана.М., Наука,1978.

3.Богданов Д.В.Тропический океан. М.,Наука,1975.

4.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,1986.,т.1-2

5.ЕрамовР.А.Физическая география Зарубежной Европы.М.,1973

6.Географический атлас.М.,ГУГК.1983.

7.Рябчиков А.М.и др.Физическая география материков и океанов.М.,Высшая школа.1988.

8.Физико-географический атлас мира.М.,ГУГК.1964.

9.”Страны и народы”,Зарубежная Европа и Зарубежная Азия.М.,Мысль,1979-82.

№6 - Зертханалық жұмыс.Солтүстік Американың климаты,табиғат зоналары және ішкі сулары.

Мақсаты:Солтүстік Америка материгінің климат ерекшеліктері,табиғат зоналары,ішкі суларының таралу ерекшелiктерi, өзендерінің қоректену режимін анықтау.Географиялық түсініктерін меңгертіп кәсіби іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.

Пайдаланатын құрал жабдықтар:атлас карталар,кескін карта,географиялық атлас.

Сабақты өткізу әдістері: зерттеу,географиялық атлас пен жұмыс, ішінара ізденіс әдістерін пайдаланып студенттерді қарқынды ой әрекетіне жұмылдыру арқылы негізгі географиялық түсініктерді меңгерту.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1.Солтүстік Америка климат белдеулері мен облыстарының шекаларынын белгілендер және осы белдеулердегі климат түрінің атын жазыңдар.

2.Қыс пен жаз мезгілдеріндегі ауа температурасын көрсетіңдер, жауын-шашын мөлшері мен түсуі және мұхит ағыстарын көрсетіңдер.

3.Материктің климатына әсер етуші факторларды шартты белгілермен белгілеңдер.

4.Аляска,Лабрадор түбектерінің климатың салыстырыңдар.

аудандар Климатмық белдеу Климат аты Орташа t с Жылдық жауын-шашын
қаңтар шілде
Аляска          
Лабрадор          
             

5.Табиғат зоналарын кескін картаға белгілеңдер

6.Материктегі аса ірі апат жағдайларының түрін белгілендер.

7.Солтүстік Америкадағы ұлттық саябақтар мен қорықтарды бейнелеңдер.

8.Географиялық атлас пайдалана отырып төмендегі кестені толтырыңдар

Мұхиттар алабы өзеңдері
Солтүстік Мұзды мұхиты  
 
Атлант мұхиты  
 
Тынық мұхиты  
 

Пайданылатын әдебиеттер тізімі:

1.Арманд Д.Л. И др.Зарубежная Азия.М.,1956

2.Богданов Д.В.География Мирового океана.М., Наука,1978.

3.Богданов Д.В.Тропический океан. М.,Наука,1975.

4.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,1986.,т.1-2

5.ЕрамовР.А.Физическая география Зарубежной Европы.М.,1973

6.Географический атлас.М.,ГУГК.1983.

7.Рябчиков А.М.и др.Физическая география материков и океанов.М.,Высшая школа.1988.

8.Физико-географический атлас мира.М.,ГУГК.1964.

9.”Страны и народы”,Зарубежная Европа и Зарубежная Азия.М.,Мысль,1979-82.

№7 - Зертханалық жұмыс.Оңтүстік Америка.

Мақсаты:Оңтүстік Американың физикалық-географиялық орның ,табиғатының қалыптасу тарихын анықтап,жер бедерінің ерекшеліктерін Африка материгімен салыстырып талдау.

Пайдаланатын құрал жабдықтар: оқулықтар, ғылыми көпшілік әдебиеттер, карталар.

Сабақты өткізу әдістері: зерттеу,географиялық атлас пен жұмыс, ішінара ізденіс әдістерін пайдаланып студенттерді қарқынды ой әрекетіне жұмылдыру арқылы негізгі географиялық түсініктерді меңгерту.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1.Оңтүстік Американың табиғатың зерттеу кестесін толтыр.

зерттеушілер мерзімі нені зерттеді
А.Гумбольт және Э.Бонплан    
Ч.Дарвин    
Н.Альбов    
Н.Вавилов    

2.Материктің Тынық мұхит жағалауынаң Атлант мұхиттының жағалауын дейін экватор бойымен жер бедерінің профилін тұрғызындар.

3.Карта пайдаланып Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия материгінің жер бедері мен жер қыртысың салыстырып ,төмендегі кестені толтыр.

материк платформа Жер бедері Қатпарлы облыстар Жер бедері
Оңтүстік Америка        
Африка        
Аустралия        

4.Ірі тау жоталары мен жазықтардың және Анд тауларындағы биік шыңдар мен жанартауларды аттарын жазыңдар.

5.Негізгі пайдалы қазбаларды шартты белгілермен көрсетіңдер.Қандай пайдалы қазбалар таулы аймақтарда, жазықтарда және ойыстарда таралғаның түсіндір.

Пайданылатын әдебиеттер тізімі:

1.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,1986.,т.1-2

2.Географический атлас.М.,ГУГК.1983.

3.Игнатьев Г.М.Северная Америка.М.,1965.

4.Игнатьев Г.М.Тропические острова Тихого океана.

5.Рябчиков А.М.и др.Физическая география материков и океанов.М.,Высшая школа.1988.

6.Физико-географический атлас мира.М.,ГУГК.1964.

№8- Зертханалық жұмыс.Оңтүстік Американың климат ерекшеліктері мен ішкі сулары.

Мақсаты: Материктің климат түзуші факторларын, жыл мезгілдегі өзгеруін,температура мен жауын-шашынның таралуын анықтау.

Пайдаланатын құрал жабдықтар: Географиялық глобус, географиялық атлас, кескін карта,ғылыми көпшілік әдебиеттер.

Сабақты өткізу әдістері:зерттеу,географиялық атлас пен жұмыс, ішінара ізденіс әдістерін пайдаланып студенттерді қарқынды ой әрекетіне жұмылдыру арқылы негізгі географиялық түсініктерді меңгерту.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1.Оңтүстік Америка ,Африка материгінің климатын салыстырып, төмендегі кестені толтыр.

ұқсастығы айырмашылығы
Оңтүстік Америка Африка
     
     

2.Оңтүстік Америка климат белдеулері мен облыстарының шекаларынын белгілендер және осы белдеулердегі климат түрінің атын жазыңдар.

3.Кескін картаға ірі өзендер мен көлдерің аттарын бейнелеп көсетіңдер.

4.Географиялық атлас пайдалана отырып төмендегі кестені толтыр.

Көлдер атауы Байкал Онтарио Титикака Виктория Эйр
Географиялық орны          
Теңіз деңгейінең орналасқан биіктігі(м)          
Көлемі(мын.км)          
Тереңдігі(м),орташа, ең терен жері.          
Қазаншұнқыры          
Тұздылығы          
Органикалық дүниесі          
Шаруашылық маңызы          
Экологиялық жағдайы          
Ескерту          

5.Географиялық атласты пайдаланып, Амазонка мен Парана өзендеріне кешенді сипаттама беріңдер.

-өзенің атауы;

-қайдан басталып, қайда құяды;

-ұзындығы, негізгі салалары;

-ағысының сипаты;

-қоректену режимі;

-құламасы;

-еңістігі;

-шаруашылық маңызы;

-өзекті экологиялық мәселесі;

Пайданылатын әдебиеттер тізімі:

1.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,1986.,т.1-2

2.Географический атлас.М.,ГУГК.1983.

3.Рябчиков А.М.и др.Физическая география материков и океанов.М.,Высшая школа.1988.

4.Физико-географический атлас мира.М.,ГУГК.1964.

5.Притула Т.Ю,Еремина В.А.,Спрялин А.Н.Физическая география материков и океанов.М.,ВЛАДОС 2004г.

6.Еремина В.А.,Притула Т.Ю.,Спрялин А.Н. Практикум по физической географии материков и океанов.,М.,ВЛАДОС 2005г.

№9 - Зертханалық жұмыс.Африканың физикалық-географиялық орны,жер бедері,пайдалы қазбалары.

Мақсаты:Африканың физикалық-географиялық орның ,табиғатының қалыптасу тарихын анықтап,жер бедерінің ерекшеліктерін Оңтүстік Америка материгімен салыстырып талдау.

Пайдаланатын құрал жабдықтар:Географиялық глобус, географиялық атлас, кескін карта,ғылыми көпшілік әдебиеттер.

Сабақты өткізу әдістері: зерттеу,географиялық атлас пен жұмыс, ішінара ізденіс әдістерін пайдаланып студенттерді қарқынды ой әрекетіне жұмылдыру арқылы негізгі географиялық түсініктерді меңгерту.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1.Африканың физикалық-географиялық орны атты төмендегі кестені толтырыңдар.

Географиялық орның сипттайтын жоспары Жауабы. Картада қалай белгіленеді.
1.градустық торда материктің орналасуы
а) Экваторға қалай орналасқан.    
 
б) Тропиктерге қалай орналасқан.    
 
в) Бастапқы меридианға қалай орналасқан.    
 
г) Материктің шеткі нүктелері және координаттары. 1.  
2.
3.
4.
д) Материктің солтүстіктен оңтүстіке,шығыстан батысқа қанша км. созылып жатыр.    
2.Қандай климаттық белдеуде орналасқан
     
 
3.Материктің басқада географиялық объектілерге орналасуы
а) Басқада материктерге қарай орналасуы    
 
б)Мұхиттар мен теңіздерге қарай.    
 

2.Ірі тау жоталары мен жазықтардың аттарын жазыңдар.Негізгі пайдалы қазбаларды шартты белгілермен көрсетіңдер.

3.Кескін картаға вулкандарды шартты белгілерімен бейнелендер.

Пайданылатын әдебиеттер тізімі:

1.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,1986.,т.1-2

3.Географический атлас.М.,ГУГК.1983.

5.Рябчиков А.М.и др.Физическая география материков и океанов.М.,Высшая школа.1988.

6.Физико-географический атлас мира.М.,ГУГК.1964.

7.Притула Т.Ю,Еремина В.А.,Спрялин А.Н.Физическая география материков и океанов.М.,ВЛАДОС 2004г.

№10 - Зертханалық жұмыс. Африканың климаты, ішкі сулары,

Мақсаты:Африканың физикалық-географиялық орның ,табиғатының қалыптасу тарихын анықтап,жер бедерінің ерекшеліктерін Оңтүстік Америка материгімен салыстырып талдау.

Пайдаланатын құрал жабдықтар:Географиялық глобус, географиялық атлас, кескін карта,ғылыми көпшілік әдебиеттер.

Сабақты өткізу әдістері:зерттеу,географиялық атлас пен жұмыс, ішінара ізденіс әдістерін пайдаланып студенттерді қарқынды ой әрекетіне жұмылдыру арқылы негізгі географиялық түсініктерді меңгерту.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1.Африканың климат белдеулері мен облыстарының шекаларынын белгілендер және осы белдеулердегі климат түрінің атын жазыңдар.

2.Климаттық белдеу картасын пайдаланып отырып төмендегі кестені толтырыңдар.

Климттық белдеу. Ауа массалары Желдері. Ауа температурасы Жауын-шашын
қаңтар шілде қаңтар шілде қаңтар шілде
1.              
2.              
3.              
4.              

2.Қыс пен жаз мезгілдеріндегі ауа температурасын көрсетіңдер, жауын-шашын мөлшері мен түсуі және мұхит ағыстарын көрсетіңдер.

3.Материктің климатына әсер етуші факторларды шартты белгілермен белгілеңдер.

4.Географиялық атлас пайдалана отырып Мадагаскар аралының климатың ауызша сипаттаңдар.

5.Географиялық атлас пайдалана отырып материк өзеңдеріне сипаттама бер.

Өзеңдер. Басталуы. Қайда құяды. Өзенің бағытты. Қоректену режимы. Негізгі салалары. Шаруашылықта пайдалануы
Конго            
Ніл            
Нигер            
Замбези            

Пайданылатын әдебиеттер тізімі:

1.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,1986.,т.1-2

2.Географический атлас.М.,ГУГК.1983.

3.Рябчиков А.М.и др.Физическая география материков и океанов.М.,Высшая школа.1988.

4.Физико-географический атлас мира.М.,ГУГК.1964.

5.Притула Т.Ю,Еремина В.А.,Спрялин А.Н.Физическая география материков и океанов.М.,ВЛАДОС 2004г.

6.Еремина В.А.,Притула Т.Ю.,Спрялин А.Н. Практикум по физической географии материков и океанов.,М.,ВЛАДОС 2005г.

№11 - Зертханалық жұмыс.Африка материгінің табиғат зоналары мен топырағы.

Мақсаты:Африка материгінің табиғат зоналары мен топырағың Оңтүстік Америка, Аустралия материгімен салыстырып талдау.

Пайдаланатын құрал жабдықтар:Географиялық глобус, географиялық атлас, кескін карта,ғылыми көпшілік әдебиеттер.

Сабақты өткізу әдістері:зерттеу,географиялық атлас пен жұмыс, ішінара ізденіс әдістерін пайдаланып студенттерді қарқынды ой әрекетіне жұмылдыру арқылы негізгі географиялық түсініктерді меңгерту.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1.Африка,Аустралия материгінің саванна зонасың сипаттап төмендегі кестені толтыр.

Табиғат компонентері Африка Аустралия Ұқсастығы мен айырмашылығы
Географиялық белдеу      
Географиялық зона      
Подзона      
Қаңтар айының темпер.      
Шілде айының темпер.      
Жылдық жауын-шашын мөлшері      
Бұлануы      
Ылғалдық коэффициенты      
Топырақтің басым түрі      
Өсімдіктің басым түрі      
Эндемик өсімдіктері мен жануары.      
Ауылшаруашылықта пайдалануы      
Қазіргі экологиялық проблемалар.      

2.Географиялық атлас,топырақ картасын қолдана отырып төмендегі топырақ түрлерің сипатта.

1) Ылғалды орман облыстарының топырағы (экваторлық,тропиктік,субтропиктік)

2)Ауспалы- ылғалды облыстарының топырағы (ормандар,сирек ормандар,саванна,қатты жапырақты ормандар мен бұталар)

3) Тропиктік,субтропиктік шөл топырағы.

4) Патагония ,Тасмания аралдарынің топырақ ерекшеліктері.

5) Таулы жерлерінің топырақ ерекшеліктері.

Пайданылатын әдебиеттер тізімі:

1.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,1986.,т.1-2

2.Географический атлас.М.,ГУГК.1983.

3.Рябчиков А.М.и др.Физическая география материков и океанов.М.,Высшая школа.1988.

4.Физико-географический атлас мира.М.,ГУГК.1964.

5.Притула Т.Ю,Еремина В.А.,Спрялин А.Н.Физическая география материков и океанов.М.,ВЛАДОС 2004г.

6.Еремина В.А.,Притула Т.Ю.,Спрялин А.Н. Практикум по физической географии материков и океанов.,М.,ВЛАДОС 2005г.

№12- Зертханалық жұмыс. Антарктида материгінің климаты.

Мақсаты:Антарктида материгінің климаттынің қаттандығына байланыст қалыптасқан органикалық дүниесің анықтау.

Пайдаланатын құрал жабдықтар:Географиялық глобус, географиялық атлас, кескін карта,ғылыми көпшілік әдебиеттер.

Сабақты өткізу әдістері:зерттеу,географиялық атлас пен жұмыс, ішінара ізденіс әдістерін пайдаланып студенттерді қарқынды ой әрекетіне жұмылдыру арқылы негізгі географиялық түсініктерді меңгерту.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1.Антарктида жағалауында орналасқан теңіздер мен аралдарды кескін картаңа түсіріңдер

2.Антарктиданы зерттеген саяхатшылардың жүрген жерлерін көрсетіңдер.

3.Материктің ғылыми-зерттеу стансыларының аттарын белгілеңдер, жазыңдар.

4.Антарктиданың климат белдеулерін бөліп көрсетіңдер.

5.Органикалық дүниесі.

Пайданылатын әдебиеттер тізімі:

1.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,1986.,т.1-2

2.Географический атлас.М.,ГУГК.1983.

3.Рябчиков А.М.и др.Физическая география материков и океанов.М.,Высшая школа.1988.

4.Физико-географический атлас мира.М.,ГУГК.1964.

5.Притула Т.Ю,Еремина В.А.,Спрялин А.Н.Физическая география материков и океанов.М.,ВЛАДОС 2004г.

6.Еремина В.А.,Притула Т.Ю.,Спрялин А.Н. Практикум по физической географии материков и океанов.,М.,ВЛАДОС 2005г.

№13- Зертханалық жұмыс. Аустралия материгінің ерекшеліктері.

Мақсаты:Аустралияның физикалық-географиялық орны,табиғатының даму тарихы мен танысып ,жағалауын шайып жатқан мұхиттардың табиғатына әсерін анықтау.

Пайдаланатын құрал жабдықтар:Географиялық глобус, географиялық атлас, кескін карта,ғылыми көпшілік әдебиеттер.

Сабақты өткізу әдістері:зерттеу,географиялық атлас пен жұмыс, ішінара ізденіс әдістерін пайдаланып студенттерді қарқынды ой әрекетіне жұмылдыру арқылы негізгі географиялық түсініктерді меңгерту.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1.Аустралия жағалауында орналасқан теңіздер мен аралдарды кескін картаңа түсіріңдер

2.Аустралияның климат белдеулерін бөліп көрсетіңдер.

3.Шілде мен қаңтар айындағы орташа температура мен жауын-шашының жылдық мөлшенрін көрсетіңдер.

4.Аустралия материгінің физикалық-географиялық аудандарын кескін картаға белгілендер.

Пайданылатын әдебиеттер тізімі:

1.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,1986.,т.1-2

2.Географический атлас.М.,ГУГК.1983.

3.Рябчиков А.М.и др.Физическая география материков и океанов.М.,Высшая школа.1988.

4.Физико-географический атлас мира.М.,ГУГК.1964.

5.Притула Т.Ю,Еремина В.А.,Спрялин А.Н.Физическая география материков и океанов.М.,ВЛАДОС 2004г.

6.Еремина В.А.,Притула Т.Ю.,Спрялин А.Н. Практикум по физической географии материков и океанов.,М.,ВЛАДОС 2005г.

№14- Зертханалық жұмыс. Аустралия топырағы,органикалық дүниесі.

Мақсаты: Аустралияның өсімдіктер жамылғысы, жануарлар дүниесінің ерекшеліктерің басқа материктермен салыстырып,талдау.

Пайдаланатын құрал жабдықтар:Географиялық глобус, географиялық атлас, кескін карта,ғылыми көпшілік әдебиеттер.

Сабақты өткізу әдістері:зерттеу,географиялық атлас пен жұмыс, ішінара ізденіс әдістерін пайдаланып студенттерді қарқынды ой әрекетіне жұмылдыру арқылы негізгі географиялық түсініктерді меңгерту.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1. Аустралияның өсімдіктер жамылғысы.

2. Аустралияның жануарлар дүниесі.

3. Аустралияның табиғат зоналары.

Пайданылатын әдебиеттер тізімі:

1.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,1986.,т.1-2

2.Географический атлас.М.,ГУГК.1983.

3.Рябчиков А.М.и др.Физическая география материков и океанов.М.,Высшая школа.1988.

4.Физико-географический атлас мира.М.,ГУГК.1964.

5.Притула Т.Ю,Еремина В.А.,Спрялин А.Н.Физическая география материков и океанов.М.,ВЛАДОС 2004г.

6.Еремина В.А.,Притула Т.Ю.,Спрялин А.Н. Практикум по физической географии материков и океанов.,М.,ВЛАДОС 2005г.

№15- Зертханалық жұмыс. Мұхит аралдары.

Мақсаты:Мұхит аралдарының табиғатының жалпы ерекшеліктерімен, Микронезия, Полинезия аралдарының табиғатының ерекшеліктерін анықтау.

Пайдаланатын құрал жабдықтар:Географиялық глобус, географиялық атлас, кескін карта,ғылыми көпшілік әдебиеттер.

Сабақты өткізу әдістері:зерттеу,географиялық атлас пен жұмыс, ішінара ізденіс әдістерін пайдаланып студенттерді қарқынды ой әрекетіне жұмылдыру арқылы негізгі географиялық түсініктерді меңгерту.

Зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1. Мұхит аралдарының табиғатының жалпы ерекшеліктері. Микронезия.

2. Полинезия аралдарының табиғатының ерекшеліктері.

3. Мелонезия аралдарының табиғатының ерекшеліктері.

Пайданылатын әдебиеттер тізімі:

1.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,1986.,т.1-2

2.Географический атлас.М.,ГУГК.1983.

3.Рябчиков А.М.и др.Физическая география материков и океанов.М.,Высшая школа.1988.

4.Физико-географический атлас мира.М.,ГУГК.1964.

5.Притула Т.Ю,Еремина В.А.,Спрялин А.Н.Физическая география материков и океанов.М.,ВЛАДОС 2004г.

6.Еремина В.А.,Притула Т.Ю.,Спрялин А.Н. Практикум по физической географии материков и океанов.,М.,ВЛАДОС 2005г.

Материктер мен мұхиттардың физикалық география пәнінен глоссарииі

АБИССАЛЬДЫ БЕЛДЕУ – тереңдігі 2500-ден 6000 м-ге дейінгі мұхит түбі.

АККУМУЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС – су, жел, т.б. әсерінен бос жатқан минерал шөгінділері мен органикалық тұнбалардың жерге жиналуы, үңілуі.

АЛЛЮВИЙ – үйінді жыныстардың өзен суымен шайылып, өзен арналарына жиналатын шөгіндісі.

АЛЬПІЛІК ТЕКТОГЕНЕЗ – жер қыртысының неоген дәуірінен осы кезге дейінгі тауларды жаратушы қозғалысы.

АНТРОПОГЕНДІ ДӘУІРІ - жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі, бұдан 1 млн жыл бүрын басталған деп шамаланады.

АНТРОПОГЕНДІ ЛАНДШАФТ - адам әрекетінен түлеп қайта түзілген ландшафт.

АРИДТІ ЛАНДШАФТ (қуаңшылық ландшафт) - құрғақ жылы немесе ыстық континенттік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт.

АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУ ОРТАЛЫҚТАРЫ – атмосфера, циркуляция байланыста тұрақты, жоғарғы және төменгі қысым аймақтары

АНТИЦИКЛОН - жер бетінде жоғарғы қысымды тұйық аймақта болатын атмосфера құйындары

БЕДЛЕНД (шөл адыр) – эрозияның нәтижесінде құрғақ климат жағдайында пайда болған аласа таулы жер бедерінің күрделі түрі.

БОРА – биік емес жағалық таулардан теңіз жаққа соғатын суық, күшті жел

БОРЫҚТЫ СОР – тұзы шығып жатқан жер.

ГАЛОФИТТЕР – тұзды топыраққа өсетін өсімдіктер.

ГАМАДА – тасты шөлдердің араб тілінде аталуы. Солтүстік Африка мен Алдыңғы Азияда тараған.

ГЛЯЦИАЛЬДЫ-НИВАЛЬДЫ ЗОНА – көпжылдық омбы қар мен мұздық ландшафттылары тараған жер.

КСЕРОФИТТІ ӨСІМДІКТЕР – құрғақшылыққа төзімді, ылғал балансы кем жерлерге өсетін өсімдіктер.

ҚАЛҚАНДЫ ЖАЗЫҚ – тасты қатты жыныстан түзілген жазық. Ежелгі таулы аймақтардың үгітіліп тегістелген аймақтарында кеңінен тараған. Бұған Сарыарқа мысал бола алады.

ҚАТҚЫЛ – беткі қабаты қабыршықтанып қатып жататын сор.

НЕОТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС – неоген, антропоген дәуірлеріндегі жер қыртысы қозғалысы.

НИВАЛЬДЫ БЕЛДЕУ – таудағы мәңгі қар басқан белдеу.

ОАЗИС (жазира) – шөл мен шөлейттегі тұщы суы бар көгалды алқап.

ОРГАНОГЕНДІ ШӨГІНДІ – органикалық жолмен тараған тау жынысы.

ОПЫРЫҚ – жер қыртысының жарықтар арқылы төмен түскен бөлімі.

ОРҚАШ ТАУ – жер қыртысының жарықтары арасынан көтерілген бөлігі.

ОРФОГРАФИЯЛЫҚ БЕЛГІ – жер бедерінің пішіні, биіктігі, ені, ұзындығы, орналасу бағыты.

ПАЛЕОАРКТИКАЛЫҚ БИОГЕОГРАФИЯЛЫҚ АЙМАҚ – Евразияның Гималай тауының солтүстігінде жатқан бөлігі.

ПАЛЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ – өткен геологиялық дәуірдегі жер бетінің жаратылыс жағдайы.

ПАЛЕОГЕН ДӘУІРІ – жердің геологиялық тарихындағы кайнозой эрасының ескі дәуірі, неоген дәуірінің алдында өткен.

ПЕНПЛЕН – сыртқы күштер әрекетінен таулы аймақтың тегістеліп, жазыққа айналған жері.

ПЛАКОР – жонды су айырық жотасы.

ПЛАТФОРМА ЖАЗЫҒЫ – іргетасы қатпарланбаған қатты жыныстардан түзіліп, жер бедері жазық болып келген тектоникалық тұрақты аймақ.

ПЛИТАЛЫ ЖАЗЫҚ – шөгінді жамылғысы қалың жазық.

ПРЕРИЙ – Солтүстік Америкадағы дала немесе саванна өсімдігіне ұқсас, шөбі биік, жазық жер.

ТАҚЫР – шөл, шөлейт жердегі топырақ, өсімдік жамылғысы нашар дамыған, жер беті жарылып кеткен алаң.

ТАРТПА СОР – шөл, шөлейт және дала зоналарының ащы (тұздылығы 1%-тен жоғары) жынысты алаң. Көбіне тартылып қалған көл табанында тараған, топырақ жамылғысы нашар дамыған. Өсімдік жамылғысы сораң шөптерден тұрады.

ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ИНВЕРСИЯ - ауаның жоғары қабатындағы температураның жылы болуы. Таулы аймақта байқалады. Суық ауа тау шатқалдарын басып қалады, ал жылы шатқал беткейлері, бойымен суық ауаның үстіне шығып кетеді

ТУРБУЛЕНТТІ ЖЫЛ АЛМАСУ- ауа мен судың турбулентті қозғалысы арқылы алмасатын жылу.

ЦИКЛОНДАР – төменгі қысымды атмосфера құйындары

ФЕН – қар мен мұздықтар бүркеген таудан соғатын жылы құрғақ және ұйытқып соғатын жел

МҰХИТТЫҚ ПОЛЯР КЛИМАТЫ – мұх қаптаған мұхиттың бетінде қалыптасатын солтүстік поляр облыстарының климаты

БРИЗДЕР – теңсіздіктің үлкен көлдердің және кейбір ірі дендердің жағаларында туады да тәулік ішінде жел бағытының шұғыл ауысуы.

СУДЫҢ ТОЛҒАУЫ- деңгейлік беттің тепе-теңдгінің бұзылуының және осы тепе-теңдікті қалпына келтіруге салмақ күштерінің ұмтылуының нәтижесі

ЦУНАМИ – жер сілкінгенде су асты атқылауларында және су асты сырғуларында судың бүкіл қабатын қамтитын сейсмикалық толқындар

ТЫҒЫЗДЫҚ АҒЫСТАР – бір тереңдіктегі су тығыздығының айырым нәтижелері

БИОХОРЛАР - бірдей жағдайда тіршілік ету ортасы

ТОЛҚЫН РЕФРАКЦИЯСЫ – толқынның жағалауға параллель бағытта бұрылуы

ПАК МҰЗДАР – солтүстік мұзды мұхиттың орталық бөлігінен бүркеп жатқан көпжылдық қалың мұз

АРКТИКАЛЫҚ АУА – поляр маңындағы мұздықтар мен қар жамылғысының үстінде қалыптасуы

ТРОПИКТІК АУА – субтропиктік белдеудің антициклондарында қалыптасуы

ТАЙФУНДАР – солтүстік жарты шардағы циклондардың жыл бойы жалпы саны 9-27 құйынды желдің жылдамдығы 33 м.

ҚАР МЕН МҰЗ ЖАМЫЛҒЫСЫ – күндіз күн радиациясын шағылдырады, ол түнде затты суығандағы ауа температурасының төмендеуі

ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫ – төсеніш бетті толығымен жауып тұрғанда топырақ жамылғысының тәуліктік температурасымен орташа температурасының төмендеуі

ЖЕРДІҢ СІЛКІНУІ – тұрақты өзгерістер тудыратын жер қабығының тез арада қозғалуы

СИНОПТИКАЛЫҚ МЕТЕОРОЛОГИЯ – ауа райын болжау

ЭКВАТОРЛЫҚ БЕЛДЕУ – пасаттар әкелген тропиктік ауаның трансформациясы есебінен түзілетін экваторлық ауаның үстемдік ету белдеу

МАТЕРИКТЕР СУБЭКВАТОРЛЫҚ КЛИМАТ – жазы ылғалды қысы құрғақ және көктемі қуақшылық ыстық келеді

МЕТАРИКТЕР ТРОПИКТІК КЛИМАТ - ауа температурасы ауытқуларының үлкен тәуліктік амплитудалары бар өте құрғақ және ыстық келеді

МҰХИТТЫҢ ТРОПИКТІК КЛИМАТЫ – экваторлыққа ұқсас, өйткені мұхит үстінде температураның тәуліктік не жылдық амплитудасы біршама үлкен емес

МАТЕРИКТІК СУБТРОПИКТІК КЛИМАТ – жазы ыстық, құрғақ

ТРОПИКТІК ШТОРМ- желдің жылдамдығы 17-ден 32 м/сек дейінгі тропиктік циклон

ТРОПИКТІК ДАУЫЛ- желінің жылдамдығы 32м/сек артық болғандары

ПАССАТТАР – субтропиктік ендіктерден экваторға қарай соғатын желдер

МУССОНДАР - жылына екі рет бағытын мүлде дерлік қарама-қарсы өзгертіп отыратын ауа ағыстары

Наши рекомендации