Практикалық сабақ 5.
Модуль 1. Еңбекті қорғаудың негіздері және өндірістік санитария
Практикалық сабақ 5.
Тақырып 5: «Өндірістік орындардың микроклиматын зерттеу»
Сұрақтар
1. Жалпы мағлұмат
2. Приборлар және құрал жабдықтар
Жұмыстың мақсаты: өндіріс орнындағы метерологиялық жағдайларды зерттеудің негізгі принциптерін оқып білу, жұмыс орнындағы микроклимат параметрлерін зерттеп, оны санитарлық норма негізінде бағалау.
Өз бетімен жұмысқа тапсырма:осы жұмысқа орындау үшін мұғалім көрсеткен әдебиеттер мен методикалық нұсқалауларды оқындар. Лабораториялық жұмыс туралы қорытындыда «метеорологиялық жағдай» түсінігіне кіретін параметрлерді сипаттап, олардың 12.1.005-88 мемлекеттік стандарты бойынша нормаларын келтіріндер, микроклимат параметрлердін анықтау үшін қолдынылатын құрал жабдықтарды атап көрсетіндер. Эксперимент хаттамасын кестесін толтырындар.
Жалпы мағлұмат
Метеорологиялық жағдайлар-ауа температурасы, ауа ағыны жылдамдығы, атмосфералық қысым, денелердің шығарған сәулелері жиынтығының адам организіміне әсері арқылы анықталатын ауа ортаның физикалық күйі.Шағын бір территориядағы цех, ауыл метеорологиялық жағдайды микроклимат деп атайды.
Метеорологиялық жағдай адам организміндегі ішкі процестердің өтуіне, адамның жұмыс істеу қаблетіне едәуір әсер тигізеді.
Ауаның температурасы-оның жылулық куйін білдіретін параметр.Ол ауа молекулалары қозғалысының кинетикалық энергиясымен сипатталады.
Ауаның ылғалдылығы –ауа құрамындағы су мөлшерін көрсететін параметр.
Абсолюттік ылғалдық деп ауа құрамындағы су буларының тығыздығың айтады,мг/м³ өлшемімен өлшенеді.
Максимал ылғалдық сол температура жағдайында ауа құрамында мүмкін болатын су буларын барынша көп шекті мөлшері.
Салыстырмалы ылғалдық деп бірдей қысым және температура кезіндегі абсолют ылғалдықтың максимал ылғалдыққа қатынасын айтады. Салыстырмалы ылғалдық процент өлшемімен өлшенеді.
Жұмыс аймағындағы ауаның қозғалысы ауаның біркелкі емес қызуынан, желдеткіш жүйелердің, техникалық құрал – жабдықтардың әсерінен болуы мүмкін. Ол м/с өлшемімен өлшенеді.
Амосфералық қысым бірлік бетке түсетін ауаның ауырлық күшінің қарқындылығымен симпатталады, Па өлшемімен өлшенеді.
Сәулелік жылу – толқынын, ұзындығы 780-нен 1Онм дейінгі аралықтағы қызған денелердің электромагниттік сәулесі. Жоғарында айтылған факторлардың комплексті әсерінен жұмыс аймағында әр түрлі микроклимат жағдайды қалыптасады. Олардың қолайлы жиынтығын әсеріне, орындалатын жұмыстың сипатына, ауырлығына қарай адам "комфорт жағдайында" болады. Метеорогиялық жағдайлардың қолайсыз жиынтығы организмнін қызуына немесе салқындауына әкеліп соқтырады, жылу реттегіш аппараттарды іске қосуды талап етеді.
Жылу реттелу деп организмнің сыртқы ортамен жылу алмастырудың реттеп, сыртқы орта жағдайларына және атқаратын қызметінің ауырлығына қарамастан дене темпаратурасын үнемі бір қалыпты /36,6+0,5/ /36,6+0,5°С/ ұстап тұруын түсінеді.
Адам организміндегі күрделі реакциялар метереологиялық жағдайлар өзгерісіне жауап ретінде жылудың кірісі мен шығысын реттеп, дене температурасын бір деңгейде сақтайды.
Бірақ жылу реттелуінін шегі бар, егер одан асса сыртқы ортамен арадағы жылу теңдігі бұзылады.
Сыртқы ортадағы жоғарғы температура әсерінен әсіресе жұмыс кезіндегі, қан тамырларының соғысы жиіленеді, артериялық қысым көтеріледі, орталық нерв жүйесінің жұмысы бұзылады, сыртқы орта тітіркендіргіштерінің әсеріне организмнің жауабы баяулайды, зейіні нашарлайды. Жалпы жылу бөлу қарқындылығы, жылу реттелу организмнің өзінен жеңіл қамтамасыз етілетін, "комфорт аймағын" сипаттайтын қосымша көрсеткіштермен – тиімді және эквивалентті – тиімді температуралармен түсіндіріледі.
Тиімді температура деп жұмыс орнында V=0 ауа қозғалысы жағдайында және ауаның белгілі салыстырмалы ылғалдығы кезінде адамның сезінетін температурасын айтады.
Эквивалентті тиімді температура деп 100% салыстырмалы ылғылдық кезіндегі және V=0 ауа қозғалысы жағдайында сезінетен температурасын айтады. ЕҚСЖ-нің 12,1, 005-88 мемлекеттік стандартында. "Жалпы санитарлық – гигиеналық талаптарда" өндірістік бөлмедегі жұмыс аймағы үшін температураның, салыстырмалы ылғалдықтың, ауа қозғалысы жылдамдығының жылы және салқын мезгілдер үшін оптималды нормалары белгіленген.
Приборлар және құрал жабдықтар
Лабораториялық қондырғы – жұмыс орнындағы әр түрлі метеорологиялық жағдайлардың үлгісінің жасауға аранлған өндірістік бөлменің макеті. Макеттің ішінде микроклиматтық негізгі параметрлерін өлшейтін. Ассман психрометр, барометр орнатылған.
Құрал жабдықтар: лабораториялық қондырғы жұмыс орнындағы метеорогия-
лық жағдайлардың үлгісің жасау үшін жасалған өндірістік бөлменің макеті.
Ассман психрометрі /МВ – 4М/ 3 ауаның 30°С – тан 50°С – қа деінгі салыстырмалы ылғалдығын өлшеуге арналған. Оның жұмысы, "құрғақ" және "ылғалданған" термомитрлердің көрсеткіштерінің айырмасының сыртқы ортаның ылғалдығына тәуелділігіне негізделген. Психрометр қорғаныс түтікшесіне орнатылған екі бірдей сынап термометрлерден тұрады. Бұл трубкалардың жоғарғы шетінде кілтпен іске қосылатын қанатшасы бар аспирациялық блок бекітілген. Жұмыс алдында оң жақ термометрдің матамен оралған резервуары пипетке арқылы тазартылған сумен ылғалдантырылады да кілтпен психрометр вентеляторының серіппесің іске қосады. Осы кезде төменнен сорылған ауа термометр резервуарын жанап өтеді. Осыған байланысты құрғақ термометр ауа ағыны температурасын көрсетеді. Ылғал термометр көрсеткіші төмен болады, Термометрлер көрсеткіштері 3-4 минуттан ерте алынбауы керек. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 14-қосымшыдағы кесте бойынша анықталады.
Қанатты қол анемометрі АСО-3 0,3-5м/с аралығындағы ауа ағыны жылдамдығын өлшеу үшін қолданылады. Анемометрдің жел қабылдағышы қызметің өске бекітілген канатша атқарады. Өстің бір ұшы қозғалмайтын тірекке бекітілген, екінші ұшы қозғалмайтын тірекке дөкітілген, екінші ұшы тісті беріліс арқылы санау механизмі редукторына айналыс жалғайды. Анемометрдің үш шкаласы бар: мындық , жүздік, бірлік. Механизмді қосу және аыйру арритер арқылы жүзеге асырылады.
МС- 18 тостағаншалы анемометрі 4-45 м/с аралығындағы ауа ағыны жылдамдығын есептеуге арналған. Анемометрдің жел қабылдағышы қызметін төрт тостағаншалы зырылдауық атқарады. Жұмыс істеу принципі қанатты анемометр сияқты. Циферблаттың үш шкаласы бар: мындық, бірлік.
Қанатты және тостағаншалы анемометрлер арқылы өлшенген ауа ағыны жылдамдығын анықтау үшін төмендегі формула қолданылады.
С'-С²
V=-------- : бөл/сt
Жұмыс істеу тәртібі
1-тапсырма.
Жұмысы орнындағы мекроклимат параметрлерін өлшеп, оның норма-сәйкестігін анықтаңдар.
Жұмыс аймағындағы ауаның температурасын термометрмен, атмосфералық қысымды барометр – анероидпен өлшеңдер.
Салыстырмалы ылғалдықты ассман психрометрмен анықтандар.
Ол үшін:
1.Камерадан ассман психрометрдің суырып алыңдар.
2.Дистилденген суы бар пипетка арқылы ылғал термометрдің матаға оралған қалпақ шарын бірге ылғалдаңдар.
3.Кілт арқылы психрометр механизмнің желдеткішін іске қосып, психрометрді камераға қойыңдар.
4.Төрт минуттан соң ылғал және құрғақ термометр көрсетулерін протоколға жазып алыңдар.
5Кесте арқылы салыстырмалы ылғалдықты анықтап, бір хаттамаға жазыңдар.
Камерадағы ауа ағыны жылдамдығын және тостаған шалы анемометрлер арқылы анықтау үшін:
1.Шкала бойынша счетчиктердің бастапқы көрсетулерің екі хаттамаға жазып алыңдар.
2.Керекті жағынан орналастырып вентиляторды қосындар.
3.Бір минуттан соң вентиляторды ток көзінен ажыратыңдар.
4.Счетчиктердің соңғы көрсетулерің жазып алындар.
2- тапсырма
Микроклимат параметрлерінің адам организіміне комплексті әсерін анықтау.
Ауа ағыны жылдамдығы V=0 болғанда және 100% салыстырмалы ылғалдық кезіндегі эквивалентті тиімді температурада да, температураның, ылғалдылықтың, ауа ағыны жылдамдығының берілген мәндерімен анықталатын метеорологиялық жағдай комплексі әсеріндей жылулық сезім береді.
Құрғақ және ылғал термометрлерінің көрсетулерін белгілеп, оларды түзу сызықпен қосады. Ауа жылдамдығына сәйкес келетін қисық сызықпен оның қиылысу нүктесі эквивалентті тиімді температура шамасын көрсетеді.
Комфорт аймағының шегінде болса, онда метерологиялық жағдайлар комплесі қалыпты жылу алмастыруды қамтамасыз етеді, ал егер де мәні комфорт аймағынан тысқары болса, онда номограмма бойынша комфорттық жағдайлар туғызу жолдары анықталады. Бұл бір немесе бірнеше параметрлерді өзгерту арқылы жүзеге асырылады.
Жеңіл жұмыстар үшін комфорт аймағы 17,2-21,7 ° С аралығында болады, ал орташа ауырлықтағы жұмыстар үшін 16,2-20,7° С және ауыр жұмыстар үшін 14,7-19,2°С аралығында болады.
Келтірілген номаграмма /1- сурет/ сәулелік жылудың әсерін ескермейді.
Мұғалім көрсеткен ауырлықтағы жұмыс аймағындағы микроклимат параметрлерінің адам организміне әсерін анықтап, тәжірибе қорытындыларын 1- хаттамаға жазыңдар. Оптимал нормалары 13- қосымшыда көрсетілген.
1- хаттама
Параметрлер | Прибор | Өлшем бірлігі | Параметр мәні | |
өлшенген | оптимал | |||
Жұмыс орнындағы ауа температурасы | Сынапты термометр | °С | ||
Атмосфералық қысым | Барометр –анероид | кпа | 101,3 |
Жұмыс орнындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы | Психрометр МВ-4М | % | ||
Ауа қозғалысының жылдамдығы | Анемометр | м/с |
Бақылау сұрақтары:
1.Әрбір метеорологиялық параметр адамның сыртқы ортамен жылу алмастыруына қалай әсер етеді.
2.Абсолюттік және салыстырмалы ылғалдық арасындағы айырмашылық неде.
3.Жұмыс орнындағы ауа ылғалдылығының өзгеруі адамға қалай әсер етеді.
4.Адам денесінен сыртқы ортаға жылу қалай бөлінеді.
5.Адам организміндегі жылу реттелу дегеніміз не. Жылу реттелуді қандай факторлар қамтамасыз етеді.
6.Тиімді және эквивалентті – тиімді температураларды қалай түсінесіңдер, олар номограмма арқылы қалай анықталады.
7.Барометрлік қысым өзгерісінің адам организміне әсері қандай.
8.Ассам психрометрі арқылы ауаның салыстырмалы ылғалдығын қалай анықтайды.
9.Ауа ағыны жылдамдығын қалай анықтайды.
10.Оптимал микроклиматтық жағдай деген не.
11.Адам организмінің энергия шығынына байланысты жұмыстар қандай түрлерге бөлінеді.Олардың қысқаша сипаттамасын беріңдер.