Курсты бағалау критериі. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Тарих факультеті
География кафедрасы
СИЛЛАБУС
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы (3 кредит)
5В090200 - «Туризм» мамандығы
2-курс
2016 -2017 оқу жылы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Syllabus
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы ( 3 кредит )
Сабақ өткізу уақыты мен орыны | ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны | Оқытушының аты-жөні | Байланыс, тел, email |
сабақ кестесіне сәйкес | Кесте бойынша | Айгужина С.У. | [email protected] |
ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ:
Ұсынылып отырған «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәнінің оқу бағарламасы 5В090200 – «Туризм» мамандығы бойынша кредиттік жүйеде оқитын студенттерге арналған. Пән барысында материктер мен мұхиттардың географиялық қабық шегіндегі даму заңдылықтарын, олардың өзара байланысын кеңінен ашып, материктер табиғатының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, әр материк пен мұхит табиғатының өзіндік ерекшеліктері туралы сипатталады. Курсты оқыту дәріс, практикалық сабақтарда, оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысы және студенттердің өзіндік жұмысы барысында жүзеге асырылады.
Практикалық сабақтарда және студенттердің өзіндік жұмысында негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасалып, баспасөз беттерінде жарық көрген зерттеуші ғалымдардың еңбектерін, мақалаларын жинақтап, талдау жасайды. Практикалық сабақтарда өз бетінше жұмыс жасауға баулу, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясының зерттеу әдістерін меңгеру, студенттің шығармашылық қабілетін шыңдап белсенділігін арттыру, белгілі кәсіби дағдыларды қалыптастырып, әрі пән бойынша негізгі білім алуға еркіндік беріледі. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы пәнін оқыту бағдарламасы мамандықтың «Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сүйеніп жасалынды. Студенттердің материктер мен мұхиттар, олардың ұзақ геологиялық уақыт аралығындағы даму, өзгеру заңдылықтарын және өзара байланыстарын, бір-біріне тигезітін әсері туралы мәселелер төңірегіндегі сұрақтар мен салыстырмалы сипаттама беру мәселелері қарастырылады. Студенттердің дәрістен, теориялық терең қағидалардан, танымдық және қолданбалы материалдардан алынған білімді бекіту, студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру, түрлі әдебиеттермен өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, шығармашылық қабілетін дамыту мақсаты көзделеді. Студенттердің курс бойынша алған білімі, іскерлігі мен дағдысы әр модульдан кейін жүргізілетін коллоквиум, рейтинг арқылы анықталады. Курсты толық аяқтағаннан кейін емтихан тапсырылады.
ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ::
Пәннің мақсаты: «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәні жоғары кәсіби білікті мамандарын дайындауда негізгі оқу пәндерінің бірі, сондай-ақ әрбір материк пен мұхит табиғатының жалпы географиялық заңдылықтарын, табиғатындағы ұқсастық және айырмашылық белгілерін , территориялық жіктелу заңдылықтарын, яғни әр түрлі дәрежедегі территориялық табиғат кешендері тұрғысынан түсінік беру.
Пәннің міндеттері:
· материктер мен мұхиттардың географиялық қабық шегіндегі даму заңдылықтарын;
· олардың өзара байланысын кеңінен ашып, материктер табиғатының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау;
· әр материк пен мұхит табиғатының өзіндік ерекшеліктеріне толық мағлұмат беру.
ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:
Білуге тиіс:
· Материктер мен мұхиттар, олардың ұзақ геологиялық уақыт аралығындағы даму, өзгеру заңдылықтарын және өзара байланыстарын, бір-біріне тигезітін әсерін аша білуге.
· Материктер мен мұхиттардың жалпы географиялық заңдылықтарын, материктер мен мұхиттар арасындағы өзара байланыс пен оның жүзеге асу жолдарын білуге тиіс.
· Материктер мен мұхиттардың ашылу тарихы мен зерттелу кезеңдерін білуге.
· Материктер мен мұхиттар табиғатына қатысты ғаламдық зардаптарды және оның туындау себептерін білуге.
· Материктер мен мұхиттар шегіндегі адамның шаруашылық әрекеті әсерінен табиғат жағдайы өзгеріске ұшырау себептерін.
Біліктілігі болуы:
· Материктер мен мұхиттардағы табиғат байлықтарын мен оларды тиімді пайдалану жолдарын, қорғау шараларын
· Материктер мен мұхиттар табиғатының кеңістіктік жіктелу заңдылықтарын.
· Әрбір табиғат аймақтарының жеке табиғат ерекшеліктерін, туристік рекреациялық мүмкіншіліктерін, экологиялық жағдайлары жөнінде сипаттама жасап карта сызбалар түсіруді істей білуі керек.
Дағдысының болуы:
· Карталармен және әдебиеттермен жұмыс жасай білуі;
· Картасхемалар және графиктерді сызып құра білу;
· Кескін карталармен жұмыстар орындай білуі.
КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: Экология және тұрақты дамуы,Жалпы жер тану.
КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: Қазақстанның физикалық географиясы, Қазақстанның рекреациялық ресурстары.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:
Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.
Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды қамтиды.
Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.
Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.
Коллоквиум:өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.
Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы:нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Аралық бақылау тесттері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.
Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.
Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:
№ р/с | Модульдың атауы | Лекция (тақырып/кредит) | Практикалық сабақ (кредит) | СӨЖ (кредит) |
Дүние жүзілік мұхит.Солтүстік материктер | ||||
Оңтүстік материктер | ||||
Барлығы | 30сағ/ 2кр | 15сағ/1кр | 90 сағ/2кр |
ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:
Апта | Дәріс тақырыптары | Сағат/кредит (1сағ/0,066кр) |
Модуль 1.Дүние жүзілік мұхит.Солтүстік материктер | ||
Қіріспе. | ||
1-2 | Дүние жүзілік мұхит. | |
2-3 | Еуразияның географиялық орны,геологиялық құрлысы мен жер бедері. | |
Еуразияның климаты. | ||
Еуразияның ішкі сулары | ||
Еуразияның географиялық белдеулері. | ||
5-6 | Еуразияның аймақтық сипаттамасы. | |
Солтүстік Американың жалпы сипаттамасы.. | ||
7-8 | Солтүстік Американың аймақтық сипаттамасы. | |
Модуль 2.Оңтүстік материктер | ||
8-9 | Оңтүстік Американың жалпы сипаттамасы. | |
9-10 | Оңтүстік Америкаға жалпы шолу. | |
10-11 | Африканың жалпы сипаттамасы. | |
11-12 | Африкаға аймақтық шолу. | |
12-13 | Аустралияның жалпы сипаттамасы. | |
13-14 | Аустралияға аймақтық шолу.Мұхиттық аралдар. | |
Антрактиданың жалпы сипаттамасы. | ||
Барлығы | 2 кредит |
Практикалық сабақ тақырыптары
Апта | Практикалық сабақтың тақырыптары | кредит |
Модуль 1. Дүние жүзілік мұхит.Солтүстік материктер | ||
Мұхиттарға салыстырмалы сипаттама. | ||
Еуразия материгінің географиялық орны.Тектоникалық құрлымы мен жер бедері. | ||
Еуразияның климаты мен ішкі сулары.. | ||
Еуразияның географиялық белдеулері мен табиғат зоналары. | ||
Еуразияның физикалық- географиялық аудандастыру.Жеке аймақтарына кешенді физикалық географиялық сипаттама. | ||
Солтүстік Американың климаты мен ішкі сулары. | ||
7-8 | Солтүстік Американың физикалық -географиялық аудандастыру.Жеке аймақтарына кешенді физикaлық географиялық сипаттама. | |
Модуль 2. Оңтүстік материктер | ||
9-10 | Оңтүстік Америка материгінің географиялық орны.Тектоникалық құрлымы мен жер бедері. | |
Оңтүстік Американың климаты мен ішкі сулары. | ||
Оңтүстік Американың физикалық-географиялық аудандастыру және табиғат зоналары. | ||
Африканың физикалык -географиялық аудандастыру және жеке аймақтарының табиғатына салыстырмалы сипаттама. | ||
Аустралияның физикалык-географиялық аудандастыру және жеке аймақтарының табиғатына салыстырмалы сипаттама. | ||
Антрактидаға физикалык -географиялық сипаттама. | ||
Барлығы | 1 кредит |
СӨЖ тапсырмалары:
1. Тақырып: «Мұхиттар табиғатына сипаттама».Тапсырма: Мұхиттар табиғатына сипаттама беру.
2. Тақырып: «Евразия материгінің зерттелуі». Тапсырма: Аталған тақырыпта мәнжазба дайындау.
3. Тақырып: «Европаны физикалық-географиялық жағынан аудандастыру».Тапсырма: Аталған тақырыпта кесте құрыңыз.
4. Тақырып: «Азияны физикалық-географиялық жағынан аудандастыру» Тапсырма: Аталған тақырыпта кесте дайындау.
5. Тақырып: «Евразиядағы биіктік белдеулік пен ендік зоналылықтың ерекшелігі».Тапсырма:1. Биіктік белдеулік ерекшелігіне баға беру. 2. Ендік зоналылықтың ерекшелігіне баға беру.
6. Тақырып: «Азияның ірі шөлдеріне сипаттама».Тапсырма: Аталған тақрыпта Мәнжазба дайындау.
7.Тақырып: «Солтүстік Американың зерттелу тарихы». Тапсырма: Аталған тақырыпта шағын баяндама дайындау (1-2 бетке дейін).
8. Тақырып: «Солтүстік Американы физикалық-географиялық жағынан аудандастыру». Тапсырма: Аталған тақырыпта жоспар құру арқылы, конспектілеу.
9. Тақырып: «Солтүстік Американың биіктік белдеулігі мен ендік зоналылығының ерекшелігі.». Тапсырма: 1. Биіктік белдеулік ерекшелігіне баға беру. 2. Ендік зоналылықтың ерекшелігіне баға беру
Тақырыптар (мәнжазба, презентации т.с.с)
1.Солтүстік материктердің ірі табиғи территориялық кешендері.
2. Оңтүстік материктердің ірі табиғи территориялық кешендері.
3.Материктердің рекреациялық ресурстары.
4.Дүние бөліктерінің ірі туристік нысандарына рекреациялық-географиялық сипаттама.
5.Қорғауға алынған табиғи териториялар.
6.Қорықтар.
7.Ұлттық парктер.
8.Жеке территориялардың геоэкологиялық мәселелері.
9.Еуразияның табиғатының зерттелуі.
10.Солтүстік Американыңтабиғатының зерттелуі.
11.Оңтүстік Американың табиғатының зерттелуі.
12.Африканыңтабиғатының зерттелуі.
13.Аустралияның және Мұхиттық аралдардың географиялық зерттелу тарихы.
14.Антрактиданың географиялық зерттелу тарихы.
Емтихан бағдарламасы:
№ | СҰРАҚТАР ТІЗІМІ |
1. | Еуразияныңгеографиялықорныныңерекшеліктері. |
2. | Еуразия жағалауындағы мұхиттар. |
3. | Тектоникалыққұрылымтүрлері. |
4. | Еуразияның климат түзілуерекшеліктері. |
5. | Экваторлық, субэкваторлықбелдеулерінесипаттама. |
6. | Тропиктікбелдеулер |
7. | Еуразияның ішкі сулары |
8. | Құрлықтың ірі өзендеріне сипаттама |
9. | Ірі өзендері мен көлдерінің морфометриялық көрсеткіштері. |
10. | Көлдердіңгенетикалықтүрлері. |
11. | Солтүстік Америка жағалауындағы мұхиттардың әсері. |
12. | Тектоникалыққұрылымтүрлері. |
13. | Солтүстік Америка материгіне тән негізгі морфоқұрылым типтері. |
14. | Пайдалықазбалардыңкенорындары. |
15. | СолтүстікАмериканың климат түзілуі. |
16. | Тропикалық, қоңыржай белдеулерге сипаттама. |
17. | Солтүстік материктердің географиялық белдеулері және зоналары. |
18. | Еуразиядағы табиғат зоналары |
19. | Тау беткейлеріндегі биіктік белдеуліктердің айырмашылықтары. |
20. | Альпі мен Гималайдың биіктік белдеулік ерекшеліктері. |
21. | Кордильерлердің биіктік белдеулік айырмашылық заңдылықтары. |
22. | Топырақ, өсімдік жамылғысының таралу заңдылықтары. |
23. | Еуразиясубконтиненттері. |
24. | Солтүстік Америка субконтиненттері. |
25. | Арктика. |
26. | Солтүстікжәне Орта Еуропа. |
27. | Жерортатеңізіалқабы. |
28. | Алдыңғы Азия тау қыраттары. |
29. | ОңтүстікБатыс Азия. |
30. | Орталық Азия. |
31. | Шығыс Азия. |
32. | Оңтүстік Азия. |
33. | Солтүстік Американыңшығысы. |
34. | Аппалач. |
35. | Ұлыжазықтар. |
36. | Жағалау. |
37. | БатысКордильері. |
38. | Канада Кордильері. |
39. | АҚШКордильері. |
40. | Орталық Америка. |
41. | Оңтүстік материктердің табиғатына жалпы сипаттама. |
42. | Оңтүстік материктердің физиқалық-географиялық аймақтары. |
43. | Анд. |
44. | АндыдантысШығысынасипаттама. |
45. | Мұхиттарғасипаттама. |
46. | Тынықмұхит. |
47. | Атлант мұхиты. |
48. | Үндімұхиты. |
49. | СолтүстікМұздымұхит. |
50. | Африка материгініңтабиғатынажалпысипаттама. |
51. | Африка аймақтары. |
52. | Солтүстік Африка. |
53. | ШығысАфрика. |
54. | Оңтүстік Африка. |
55. | Орталық Африка. |
56. | Австралия материгініңтабиғатынажалпысипаттама. |
57. | Австралия аймақтары. |
58. | Антарктида. |
ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ:
Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін,білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.
Аудиториялық уақыт дәріс, семинар (практикалық), лабароториялық сабақтарды қамтып, материалды талқылау, әр-түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды.
Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп, ұсынылады.Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті,өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.
Практикалық, сабақтарында білім алушыларға өз бетінше орындауға тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдары бойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады.
Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек.
Әр сабаққа білім алушы негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.
Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті.Қатысым семестр бойына тексеріледі.Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.
Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.
· Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда,оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.
· Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндірілуі тиіс.
Курсты бағалау критериі
№ | Бақылау түрлері | апта | Қорытынды балл | |||||||||||||||
Сабаққа қатысымы | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | |||
Үй тапсырмасы | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | |||
Практикалық сабақтар | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | |||
Дәріс сабағындағы тест сұрақтары | * | * | ||||||||||||||||
Тест тапсырмалары | ||||||||||||||||||
Жазбашасұрақ | * | * | * | * | * | * | * | |||||||||||
Аралықбақылау | * | * | ||||||||||||||||
Кесте | * | |||||||||||||||||
Дөңгелекүстел | * | |||||||||||||||||
Мәнжазба, | * | |||||||||||||||||
Эссе | * | |||||||||||||||||
Презентация | ||||||||||||||||||
Емтихан | * |
БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ
Баға | Коэффициент | % |
А | 4,0 | 95-100% |
А- | 3,67 | 90-94% |
В+ | 3,33 | 85-89% |
В | 3,0 | 80-84% |
В- | 2,67 | 75-79% |
С+ | 2,33 | 70-74% |
С | 2,0 | 65-69% |
С- | 1,67 | 60-64% |
Д+ | 1,33 | 55-59% |
Д | 1,0 | 50-54% |
Ғ | 0-49% |
НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Әбілмәжінова С.Ә., Бейкитова А.Н., Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы., Алматы: ЖШС «BOOKPRINT»баспаханасы, 2013-520б.
2. Притула Т. Ю., Еремина В.А., Спрялин А.Н. «Физическая география материков и океанов ». Москва, «ВЛАДОС» 2004.– 685 c.
3. Власова ТВ. Материктердің физикалық географиясы. 1,2-бөлім. А., 2004
4. Каймулдинова К.Д., Топонимика. Оқулық., Алматы: «Дәуір» 2011. – 332 б.
5. Залогин Б.С., Кузьминская К.С. Мировой океан. М., 20018705
6. Н.Н. Карменова, Г. С. Есебиева. «Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық герграфиясы» А, 2010
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
7.« Материктер мен елдерде». Н.П. Смирнова, том 1,2. А, 1993.
8. Ананьев Г.С. Леонтьев О.К. « Геоморфология материков и океанов ». М., 2000.
9. Богданов Д.В. « Океаны и моря накануне ХХІ века ». М., 1991
10. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. «Биогеография мира». М., 2001.
11. По материкам и океанам / сост. Н.П.Смирнова и А.А. Шибанова. Кн. 1-2.М., 1998.
12. Дорет Ж. « Южная и Центральная Америка ». М., Прогресс, 2002.
13. Магидович И.П., Магидович В.И. « Очерки по истории географических открытий» I-Vтт. М., 1982-1986
14. В.А. Еремина и.др. «Практикум по физической географии материков и океанов» М, Владос 2005