Ызанақтың тамыр жүйелері

Қызанақтың тамыры жүйесін көшеттен отырғызып және көшетсіз егіп сирету әдісін қолданыпта қолданбайда зерттедік.

Көшеттерді 5-6 жапырақты болған кезінде алып ашық топырақ бетіне қолмен отырғыздық, топырақ қыртысының тереңдігі 10-12 см болды. Тұқымның өсуі жердің бетінде жүреді. Алғашқы өсу кезінде тұқымның қабық және гипокотил бірдей қарқындылықпен өседі. Жердің бетіне көктеп шыға бастағанда гипокотилдің өсуі сәл баяулайды ал тамырдын өсуі күшейеді.Алғашқы жапырақ жұптары пайда болғанға дейін тұқымдық тамырдың және базалъдық бөлігінде бүйірлік тамырлай түзіле бастайды,ал гипокотилдің төменгі бөлігінде 7 10 қосалқы тамырлар пайда болады.Негізгі жапырақтардың бірінші жұбы пайда болған фазада тұқымдық тамыр топыраққа 15см дейін бойлап өседі.Оның айналасын барлығы бүйірлік тамырлардың бірінші қатарымен жабылып тұрады.Олардың ұзындығы 7см дейін жетеді.Одан соң бүйірлік тамырдың екінші қатары пайда болады.Гипокотилдегі қосалқы тамырлар жан жағынан тармақтанбайды және олардың ұзындығы 4см аспайды.Қызанақ тамырлары бүйірлік тамырлары жылдам дамуымен және күшті тармақтанып жайылуымен ерекшеленеді.Олар жер бетіне көктеп шыққаннан соң 30 тәулік арасында 4, 6 жапырақты фазасында өсімдіктің бойы 15, 20см болып тұқымдық тамырдың топыраққа бойлап өсуі 40см дейін жетеді.Бүйірлік тамырлардың 4ші қатары түзілгенше тармақтанып өседі.Бірінші қатардағы бүйірлік тамырлардың ұзындығы 25см дейін жетеді,екіншісінің ұзындығы 10,үшіншісі 2см,төртіншісі қатарының ұзындығы 0,7см дейін өседі.Олардың ұзындығы 9, 10 см дейін жетіп екінші қатарға дейін жайылады.

Алтыншы жапырақ пайда болғаннан кейін өсімдіктің тамыр жүйесі және жер бетіндегі бөлігінің де өсуі еүшейеді. Қызанақ гүлдей бастағанда негізгі тамыр топыраққа 70-смге дейін бойлап өседі, бұл кезде бесінші қатардағы бүйірлік тамырлар түзіледі. Қосалқы тамырлардың ұзындығы 20см-ден аспайды. Олардың бірінші қатардағы бүйірлік тамырлардың тармақтануы пайда болады. Гүлдің фазасында қосалқы тамырлардың қосымша тармақтануы қарқынды түрде жүреді. Қызанақ түйнектер пайда бола бастағанда бірінші қатардағы бүйрлік тамыр ұзындығы 15см, екінші қатардағы ұзындығы 1,5см-ге жетеді. Негізгі тамырдағы бүйірлік тармақтану бізтәріздес жеңішке майда болады ұзындығы 1-7см олардың кейбіреулері ғана екінші қатарға тармақталып өседі (Сурет 7 ).

Көгеріп шыққаннан бастап гүлдегенге дейінгі аралықта қызанақтың тәуліктік өсуі негізгі тамырдың өсуі 1,1 болады. Ал гүлдегеннен бастап

вегетациялық мерзімнің соңына дейін 1,8см-ге жетеді. Вегетациялық мерзім аяғында қызанақ тамыр жүйесі көшетсіз өсірген тәсілде топыраққа 200-250см-ге дейін бойлап өседі. Негізгі тамырмен қатар топыраққа бүйірлік ттамырмен 2-3 ірі түрлері енеді. Сондықтан жыртылатын топырақ қабатында негіщзі тамыр бірінші қатардағы тармақталып өскен бүйірлік тамырлардан басым бола алмайды. Тіке өсетін бүйірлік тамырлар күшті тармақталады екінші тармақтағы тамырлар көлденең өседі олардың ұзындығы 20см-ден асады. Сондықтан габитус бойынша тіке өсетін бүйірлік тамырға өте ұқсас болады. Үшініш қатардағы бүйірлік тамырлар күшті тармақтанып өседі олардың ұзындығы 10см-ден аспайды. Тармақтану қарқындығы топырақтың жыртылған қабатында күшті иллювиальдық горизонтта әлсіздеу болады 30-50см. Бұл жерде екінші қатардағы тармақналу сирек кездеседі 65-70см топырақ тереңдігіне тармақталу күшейеді және оның ең жоғарғы дәрежесі 80-125см болады. Кейде 200-230см. -ге жетеді ( Сурет 8). Вегетациялық мерзімі аяқталған кезде топырақтың айлалатын қабатындағы тамырлары түгелімен өледі. Олардың ұштары және вазальдық бөлігінің ортаңғы бөлігі өледі. Одан соң тереңірек орналасқан бүйірлік және қосалқы тамырлары өледі.

Дебиеттер

1. Негрука В.И., Бутенко Р.Г. Биотехнология сельскохозяйственных растений – М.: Агропромизад, 1997 г. – 301 стр.

2. Петров Д.Ф. Генетика с основами селекции. Изд.2-е, доп. Учеб. Пособие для ун-тов. М., Высш. Школе, 2006 г. -416 стр.

3. Горин А.П. Руководство к практическим занятиям по селекции и семеноводству полевых культур. – М.: Сельхозиздат, 2003 г. -575 стр.

4. Новоселова А.С., Константинова А.М., Кулешов Г.Ф. (и др). Селек-ция и семеноводство многолетних трав. М.: Колос, 1998 г. - 303 стр.

5. Бороевич С. Принципы и методы селекции растений. – М.: Колос, 2004 г. -344 стр.

6. Гужов Ю.Л. Генетика и селекция сельскому хозяйству. – М.: Просвещение,

1994 г.-240 стр.

7. Уильямс У. Генетические основы и селекция растений. – М.: Колос, 1968 г. – 448 стр.

8. Бриггс Ф и Ноулз П. – М.: Колос, 2002г. -399 стр.

Лекция №28

Наши рекомендации