Жаттардың мәтінін берудегі мәтіндік түсініктемелер. 2-сағат
Дәріс мақсаты: Құжаттарды қысқаша беру ерешеліктерін ашып көрсету.
Тірек сөздер: регест, аңдатпа, құжат құрылымы
Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны:
1. Құжаттарды регестеу.
2. Құжаттарды аннотациялау.
Құжаттар мазмұнын регесттер, аңдатпалар, кестелер түрінде қысқартып беру бүгінгі күнге дейін көп жағынан таласты проблема болып келеді. Олардың мақсаты – басылым көлемі кішігірім дереккөздерді ғылыми айналымға неғұрлым кеңінен тарату болып табылады.
Жарияланатын құжаттар ішіндегі регесттер, аңдатпалар, кестелер тақырыпты неғұрлым толығырақ ашуға, құжатта келтірілген типтік оқиғалар, фактілер, детальдарды салыстыра қарауға, құбылыстардың таратылымдылығын, қайталанушылығын және заңдылығын көруге мүмкіндік береді. Олар жинақта құжатқа сай өзіндік нөмірлерімен, сондай-ақ қосымшаларда, ғылыми-анықтамалық аппаратта орналастырылады. Жарияланатын құжаттар тізімінде реттік нөмірден кейін: Регест, Аңдатпа, Кесте деп көрсетіледі.
Құжат мазмұнын қысқартып берудің осы үш формасына неғұрлым толығырақ тоқтала кетелік.
Регест (лат. regesta ) – құжат мазмұнын оның тілі мен мүмкіндігінше құрылымын сақтай отыра формаға салып беру. Регесттер екі функция атқарады: 1) ғылыми-ақпараттық – құжаттың бар екенін және мазмұнын; 2) бір типті дереккөздер көп болған жағдайда, олардың барлығын жариялау қажеттігін алмастырады. Олар оқулықтардан басқа барлық басылым түрлерінде қолданылады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, құжаттар мазмұнын регесттер арқылы беру бұрын (қазір де) археографтар арасында әрқилы пікірлер тудырған болатын. Бұған С. Н. Валктің «Регесты в их прошлом и настоящем» атты мақаласын оқу арқылы көз жеткізу қиын емес. Ғалым археографияның теориясы мен әдістемесі проблемасын зерттеумен арнайы айналысып жүрген МГИАИ-дың кейбір оқытушылары регестті – «біржақты таңдап алынған үзінділерден» тұратын «жалған материал» деп танитынын атап айтты.
1960–1970-жылдары мұрағаттық және ғылыми мекемелердің қызметін жариялау қызу дамығандығы, ғылыми маңызы зор құжаттардың аса үлкен көлемін жариялау қажеттігі дереккөздерді, әсіресе жалпылық сипаттағыларын жариялау кезінде ресейлік, белорустық, украиндық археографтвр жұмысының практикасында регесттеудің кеңінен таралуына алып келді. Белорус археографиясының тарихына арналған дәрістерімізде біз құжат мазмұнын қысқартып беруді «Гісторыя Беларусі у дакументах і матэрыялах» (Мн., 1936) жинағының 1-томын құрастырушылар кеңінен қолданғандығын, олардан бұрын регесттеуге өзіндік формасында А. П. Сапунов (ол белгілі бір жағдайларда құжат мәтінін беруді оның мазмұнын баяндап шығумен алмастырған, әрі бұл туралы мәтінге түсініктемеде ескерту жасамаған) бой ұрғандығын айтып өткен болатынбыз. Кейде құрастырушылар бір типті формулярды қайталамас үшін, бұдан бұрын жарияланған көлемді құжаттарды қайта басып жатпас үшін регесттеуге бармайды, тек қана дайын «регесттерді» қолданады. Біздің ойымызша, ХVІ–ХVІІ ғғ. ресми құжаттарында кездесетін мазмұнын баяндау актілерін осылай бағалау керек (мұндай актілердің біразын А. Л. Хорошкевич «Полоцкие грамоты ХШ – начала ХVІ в.» көп томдық басылымында жариялаған). Рас, автор баяндау актілерін тек құжаттың түпнұсқалығына байланысты ғана қарастырып (түпнұсқа, көшірме, баяндау актісі, жалған құжат), ерекше мән бере қоймаған.
Регесттер типтері бойынша кеңейтілген және қысқаша болып бөлінеді. Кеңейтілген регесттерде құжат мазмұнынан үзінділер келтіріле отырып, құрылымы сақталып, түгелдей баяндап шығады
Түрі бойынша регесттер дара, бөлшектік, топтық болып бөлінеді. Дара регест бір ғана құжатқа жасалады, бөлшектік – жарияланатын құжаттың бір бөлігіне, ал топтық – бір типті құжаттар тобына жасалады.
Қандай құжаттар регесттеуге жатады? Әрбір нақты жағдайда басылымның мақсатына, дереккөздердің болуына және маңызына байланысты регесттеуге жататын құжаттар шеңбері анықталады.
Регесттеу мынадай жағдайда мазмұнды беру үшін қолданылуы мүмкін:
а) көлемі үлкен болғандықтан, толық жариялау мүмкін болмайтын құжаттардың;
ә) мазмұнын оқырманға жеткізу қажет болған бір топ дереккөздердің;
б) бұл басылым үшін мәні екінші дәрежелі болып саналатын құжаттардың;
в) бір типті формулярдың бірдей әр түрлерін. Бұл жағдайда бір құжат толық жарияланады да, қалғандары тақырып түрінде ғана беріледі;
г) мәтіні шет тілінде жарияланған дереккөз мазмұнын қысқаша баяндап беру қажет болғанда;
д) бұдан бұрын жарияланған дереккөздердің;
е) құжат сақталмаған, бірақ оның мазмұны басқа құжаттан белгілі болған жағдайда.
Бұл жерде әртүрлі саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлерінің, ғалымдар, жазушылар, т.б. бір кезде олармен қарым-қатынаста болған адамдардың аузымен жеткен әртүрлі сөздері, пікірлері сипатты мысал бола алады. Мысалы, В. И. Лениннің өнер жайлы айтқан: «Өнер халықтікі. Ол барша еңбекші халықтың нағыз ортасынан тамыр тартуы тиіс...» дейтін көпшілікке кеңінен мәлім сөзін біз оның жарияланған, жарияланбаған еңбектерінің ешбірінен таппаймыз. Лениннің бұл сөзі бізге К. Цеткин арқылы жеткен. Регестте автордың ойы барынша қысқа әрі нақты беріледі. «Автордың айтуынша...», «Құжатта былай жазылған...», «Одан әрі былай делінген..», т.б. сөздердің болуына жол берілмейді. Құжат мәтінінен алынып, регестке енгізілген үзінділер тырнақшаға алынады. Үзіндіде құрастырушының оқиғаға көзқарасын, оның құжатқа қатынасын білдіретін сөздер болмауы керек.
Көлемді құжаттарды регесттеу мәтіннен кіріспе сөздер мен сөйлемдерді, ақпараттық мәні аз және мәтіннің қайталанатын бөліктерін алып тастау арқылы, т.б. жүзеге асырылуы мүмкін. Тұрақты формулярлы құжатты регесттеу кезінде құрылымын, яғни құрамды бөліктерінің реттілігін сақтаған жөн. Егер құжаттың бір бөлігі алынып тасталса, мәтінге түсініктемеде құжаттың толық құрамы жайлы анықтама беріледі.
Көлемді регест мәтіні, олардың тақырыбы мен бақылау-анықтамалық мәліметтері (түсініктемелер) құжат мәтінінен басқа қаріппен теріледі. Көлемді регесттегі резолюциялар, белгілер мен қойылған қолдар құжат мазмұнын баяндаудан кейін беріледі, қысқа регестте бұл элементтер жайлы түсініктемеде айтылып өтеді.
Регесттің тақырыптары мен түсініктемелері құжатқа жасалғандай жасалады. Тақырыптың үстінен оң жағында: Регест деп жазылады. Қысқа регестте тақырыптың мазмұнды бөлігі құжатта айтылатын оқиғаларды, кісі есімдерін, географиялық атауларды, т.б. тізіп шығу есебінен кеңейтілуі мүмкін. Үзінді регесттер тақырыбы да құжат тақырыбы сияқты үзінділермен, яғни «үзінді» деген сөзбен беріледі.
Аңдатпа – археографтың құжат мазмұнын құрылымы мен тілін сақтамай қысқаша баяндап шығуы болып табылады. Регесттен өзгешелігі аңдатпада құжат мазмұны үшінші тұлға атынан баяндалады. Және де «қарастырған», «баяндайды», «айтылады» деген сияқты жақсыз сөйлемдер қолданылады. Аңдатпалар баспада басылып шыққан, берер ақпараты мардымсыз және көлемі кішігірім құжаттарға жасалады. Аңдатпа құжат мәтінінен басқа қаріппен теріледі. Аңдатпаларға да тақырыптар мен түсініктер беріледі; бұл кезде тақырыптың үстінен оң жағынан: «Аңдатпа» деген сөз қойылады.
Мәліметтері белгілі бір тақырыптық айдарлар бойынша топтастыруға келетін біртекті және біртипті құжаттарды сандық немесе мәтіндік кестелер түрінде беруге болады. Бұл жерде дереккөзден алынған кестелер (яғни, құжат авторы жасаған) және археографтың бірнеше құжаттар деректерінен алып жасаған кестелер арасында болатын ерекшеліктерді ескерген жөн.
Құжаттардың мазмұнын қысқартып берудегі (регесттер, аннотациялар, таблицалар) негiзгi мақсат, азғантай көлемдегi басылыммен ғылыми айналымға кең көлемде деректер тобын енгiзу. Құжат мазмұнын қысқартып берудің мақсатқа лайықтылығы, ерекшелiлiгiмен, мақсатымен, мiндеттерiмен және басылымның тақырыбымен анықталады. Мазмұнын қысқартып беру тәсiлдерiн қолдану туралы мәселе, құжаттарды табу және таңдап алу мәселесiмен, сонымен бiрге оларды қайталап жариялаумен тығыз байланыста қаралады. Регесттер, аннотациялар және таблицалар жарияланатын құжаттармен үйлесе отырып тақырыпты ерекше толық түсiндiруге мүмкiндiк туғызады, құжаттарда бейнеленген тек қана типтi оқиғалар және фактiлердi салыстыру емес, сонымен бiрге нақты құбылыстың кең таралуын, қайталануын және заңдылығын толық көрсетеді.
Регесттер, аннотациялар және таблицалар жинақта құжаттармен үйлесе отырып, қосымшада, ғылыми-анықтамалық аппаратта өзiнiң жеке нөмiрлерiмен орналасады.
Жарияланатын құжаттардың тізбесінде реттік нөмірден кейін: «Регест», «Аннотация», «Таблица» деп көрсетіледі.
Ескерту. 146-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.11.2013 № 279 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Регест (латын сөзінен: regesta) – құжаттың мағынасын оның тілінің және мүмкіндігінше құрылымының сақталуымен формалды баяндау.
Регестер екі функция орындайды:
1) ғылыми-ақпараттық – құжаттардың мағынасын және бары туралы ақпарат береді;
2) Бір типтегі көпшілік құжаттардың олардың мағынасын берер кездегі жарияланымын ауыстырады.
Олар ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдарда, қосымшаларда монографияларда қолданылады, сонымен бірге өз бетінше басылым құруы мүмкін.
Құжаттың жарияланымының, мағынасының және маңызының мiндетiне байланысты регесттер екi түрлi болады: шексiз және қысқа.
Шексіз регест – құжаттың мағынасын мәтіннің жекелеген бөлігін дәйексөзбен толық баяндап және оның құрылымын сақтауы мүмкін.
Құжаттың мағынасы шексіз регесте құжатта қандай болса, сол текте, жекеше немесе көпше және септікте сондай болып, барлық маңызды факторлар, аттар, географиялық атаулар және ары қарай сақталынып баяндалады.
Жарияланым тақырыбына және құжаттың мағынасына байланысты оның мағынасы регесте әртүрлі дәрежедегі толықтықпен баяндалуы және баяндау үлгісінде немесе дәйексөзбен баяндап берілуі мүмкін.
Қысқа регест – кеңейтілген бас тақырып түріндегі құжатты ұстау туралы ақпарат.
Ескерту. 148-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.11.2013 № 279 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Деректердің сипатына және құрамына байланысты регестерлер төмендегідей түрлерге бөлінеді: жеке, жарым-жартылай, топталған.
Жеке регест бір құжатқа жасалынады.
Жарым-жартылай регест жарияланатын құжаттың бөлігіне жасалынады. Жарым-жартылай регесттің қолданылуы екі жағдайда бөлінеді:
1) басылымның тақырыбына жататын құжаттың бөлігіне жасалынып, өз бетінше жарияланады;
2) құжаттың керекті бөлігі ғана тіркеледі, бұл бөлік басылым үшін мағынасы аса зор болмаса да, бірақ тақырыпты әділ түсіндіру үшін қажет. Бұл жағдайда құжаттың регест бөлігі мәтіннің құрамында беріледі және басылым кезінде шрифтімен бөлінеді. «Регест» деген сөз мәтінде жазылмайды.
Топталған регест, ішінде бірыңғай фактіге негізделген мәліметтер бар, біртүрлі құжаттардың тобына немесе құжаттардың (құжаттың) бөлігіне құрылады. Ереже бойынша, бұл құжаттың көлемі үлкен болмайды.
Топталған регест жарияланымда құжаттардың бөлiктерiнің бiр түрі, аса зор мағынасы жоқ, автордың принципiмен топтастырылған немесе шешiлетiн мәселенiң бiр түрлi принципi бойынша құжаттарды құрайды.
Ескерту. 149-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.11.2013 № 279 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Регесттеуге жататын құжаттар тобы, деректердiң бар болуынан, маңыздылығынан және сипатынан әрбiр нақты басылым үшiн анықталады. Регесттер мағынасын беру үшiн қолданылады:
1) бұл басылым үшін маңызды ақпараты бар құжаттар, көлемінің үлкендігінен мәтінді толық жариялау қажет емес;
2) жалпылама деректер, мәтіндерін толық жариялаудың қажеті жоқ, бірақ мағынасын оқырмандарға міндетті түрде жеткізу керек;
3) бұл басылым үшін мағынасы бойынша негізгі емес мәліметтер;
4) түрлері біртектес бір типтегі формулярмен. Бұл жағдайда бір құжат толық келтіріледі, қалғандары бас тақырып түрінде беріледі, онда құжаттың барлық мәліметтері көрсетіледі;
5) мәтіні шетел тілінде жарияланған, деректің мағынасын қысқаша баяндау үшін;
6) ертеректе жарияланған деректер;
7) құжат сақталынбаған, бірақ оның мазмұны туралы басқа құжаттан белгілі.
Ескерту. 150-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.11.2013 № 279 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Регестрлеу үшін ақпаратты таңдау негізіне бұл ақпараттың маңыздылық принциптері, қайталануы және оны басқа деректермен игеруі жатады. Деректің регестрлеу тәсілдері басылымның типіне және түріне байланысты.
Бір қор бойынша деректі жарияланымдарда және біртектес құжаттардың жарияланымында құжаттың негізгі мазмұнының барлық қырларын, ал тақырыптық жарияланымда – басылымның тақырыбын еске алып баяндалады.
Регесте автордың ойлары ықшам және нақты түрде беріледі. «Автор хабарлайды, жазады...», «Құжатта көрсетіледі...», «Одан әрі айтылады...» деген және сол сияқты сөздер жіберілмейді. Құжаттың мәтінінен регестке бөлінген цитаталар жақшаға алынады. Баяндауда құрастырушының оқиғаға баға беруіне және оның құжатқа қатысы болмайды. Бірнеше түсіндірмелері бар немесе мағынасы түсініксіз фразалар регесте толығымен беріледі.
Көлемді құжаттарды регестрлеу мәтіннен кіріспе сөздер мен сөйлемдерді алып тастау жолымен, мәтіннің хабарлама аз беретін және қайталанатын бөліктерін, құжатта бар біркелкі фактілерді біріктіру арқылы іске асыруға болады. Егер регестрлеу кезінде құжат мәтінінің белгілі тақырыптық біткен бөлігі түсіп қалған болса, онда мәтіндік ескертуде оның мағынасы көрсетіледі, регесте сілтеме белгісі қойылады.
Регестрленетін құжатта басқа деректен цитаталар бар болса оның толық мәтінін келтіру туралы мәселе немесе өз сөзімен айтып шығу әрбір жеке жағдайларда шешіледі. Егер мүмкін болса, мәтіндік ескертуде цитата келтірген деректің іздеу мәліметтері көрсетіледі.
Регестрленетін құжаттың мәтінінде, еске түсірілетін мәлімет туралы, басқа деректердің мәтіндік ескертуінде оған іздеу мәліметтерін көрсете отырып келтіріледі.
Егер құжаттардың бөлiгi таблица түрiнде ұсынылса, регест құрамдастырылған болуы мүмкiн, яғни мәтiндiк және графикалық бөлiктерден құралады.
Құжатты тұрақты формулярмен регесттеген кезде құрылымын, яғни құрама бөлiктерiнiң рет-реттiлiгiн сақтау керек. Егер құжаттың қандай-да бiр бөлiгi түсiп қалған болса, онда мәтiндiк ескертулерде құжаттың толық құрамы туралы анықтама беру керек.
Топталған регесте құжаттардың бөліктері бірізділікпен цитата келтірілген болса, әрбір бөлігі көп нүктемен бөлектенеді.
Құжаттардың мәтінінен кеңейтілген регестердің мәтіні айырмашылығы бар шрифтімен теріледі.
Ескерту. 151-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.11.2013 № 279 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Кеңейтілген регесте бұрыштамалар, белгілер және қойылған қолдар осы Қағидалардың 78, 105 тармақтары бойынша құжаттың мағынасы баяндалғаннан кейін беріледі, қысқа регест қысқабаянда жазылады.
Регесттерге бас тақырыптар және қысқабаяндар осы Қағидалардың 161-166, 199-209 тармақтары бойынша құрастырылады. Бас тақырыптың үстiңгi оң жағына «Регест» деп көрсетiледi.
Қысқа регестте атауының мазмұнды бөлiгi құжатта аталатын оқиғаларды, есiмдердi, географиялық атауларды санамалап шығу есебiнен кеңейтiледi.
Жарым-жартылай регестің бас тақырыбы, үзіндіде жарияланған құжаттың бас тақырыбы сияқты құрастырылады.
Алғысөздiң археографиялық бөлiгiндегi тiркелетiн құжаттардың қайталанатын бiркелкi элементтерiн сипаттау арқылы регестiң қысқабаяны қысқартылады.
Ескерту. 153-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.11.2013 № 279 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
154. Аннотация – құжаттың құрылымы мен тілін есепке алмай археографпен құжаттың мағынасын қысқаша баяндау.
Регестен аннотацияның өзгешілігі құжаттың мағынасын баяндау «үшінші тұлғаның атынан» жүргізіледі. «Қарады...», «Баяндады...», «Айтылды...» түріндегі сөздер пайдаланылады. Аннотация негізінен жарияланбаған, ең негізгі емес, мағлұматы аз және көлемі жағынан аса үлкен емес құжаттарға құрылады. Аннотацияның мәтіні құжат мәтінінен ерекше шрифтімен теріледі.
Аннотация жинақтың басқа құжаттарымен бірдей бас тақырыптармен және түсіндірме сөздермен жарақталады. Бас тақырыптың үстіңгі оң жағына «Аннотация» деп көрсетіледі. Аннотацияның түсіндірме сөздерінде қойылған қолдар, резолюциялар құжаттың белгілері болады.
Таблица – бұл мәлімет, құжаттың сандық мәліметтері, белгілі бір жүйеге келтірілген және бағандар бойынша бөлініп жазылған.
Таблицалық әдіс біркелкі, ұқсас белгілі тақырыптық айдар бойынша топтастырылуы және мәліметтер қосылған құжаттарға қолданылуы мүмкін.
Таблицаға енгізілген ақпарлардың сипатына байланысты, таблицалар цифрлық мен мәтіндік түрлерге бөлінеді.
Цифрлық таблицаларға тақырыпқа, түрiне және басылымның сипатына байланысты, құжаттың барлық цифрлық мәлiметтерi, әйтпесе бiреуi бойынша мәлiметтер немесе бiрнеше белгiлi көрсеткiштер бойынша енгiзiледi.
Мәтiндiк таблицаларға тақырыптық бөлiмдер (бiркелкi мәлiметтер, тiзiмдер, мiнездемелер және соған ұқсастар) бойынша топтасуға берiлетiн құжаттардың мәтiндiк мағынасы берiледi.
Таблица шеңберiнен шығып кететiн құжат мәтiнi таблицаның ерекше бағанында немесе мәтiндiк ескертуде келтiрiледi.
Таблицаға енгізілген құжаттың түріне байланысты таблицалардың келесі екі түрі ажыратылады:
1) бір немесе бірнеше біркелкі құжаттардың негізінде құрастырылған таблицалар;
2) әртүрлі түрдегі құжаттардан таңдап алынған мәліметтердің негізінде құрастырылған таблицалар. Бұл таблицалардың түрлері құжаттарды (формулярды талдау, топтастыру, мәліметтерді есептеу) алғашқы арнайы өңдеуді ұсынады. Жарияланымда мұндай таблицалар анықтама-ақпараттық функцияны орындайды.
Ескерту. 156-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.11.2013 № 279 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Таблицаны құрастыру үшін мынадай тәсілдер қолданылады:
1) құжаттың мәтінінде бар айдарлар бойынша цифрлық ақпараттарды жай топтастыру. Бұл айдарлар мұндай таблицада бағандарды атау үшін қызмет етеді;
2) құжаттарды статистикалық өңдеу, таблица формулярын жорамалды ғылыми зерттеу. Негізінен көпшілік деректердің мағынасын беруге қолданылады.
Жалпылама деректердің мағынасын таблица түрінде бергенде таблицалардың формасы оның нақты түріне сәйкес келу керек. Археограф ешқандай топтама жұмысын жүргізбейді, ол тек таблицаға формулярмен алдын-ала дайындалған құжаттың тиісті мағынасын, әрбір жазудың мәліметін енгізеді және таблицаны баспаға дайындайды;
3) деректерге сауал-сұрақ жүргiзу. Жинақтың тақырыбына қатысты бiр топ сұрақтар дайындау жатады, бұл сұрақтарға деректер олардың түрiне және негiзгi мағынасына қарамастан жауап береді. Бұл тәсiл, мәтiндiк таблицаларды дайындауда қолданылады. Сұрақтар мәтiндiк таблицалардың айдары болып табылады. Мәтiндiк таблицалар әрбiр деректiң мағынасын бермейдi және жарияланымда анықтамалық-ақпараттық функцияны орындайды.
Осындай таблицаларды құрастыру үшiн негiз болған деректер, таблицадан кейiн бiрден орналастырылады немесе алғысөздiң археографиялық бөлiмiнде баяндалады.
Ескерту. 157-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.11.2013 № 279 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Таблица формасын бейнелеу керек және құжаттың формулярына тиісті топтамасы болу керек. Цифрларды өзара көрсеткіші бойынша салыстырмай және топталу (тонна мен пудты, әртүрлі аумақтарға жататын, әртүрлі хронологиялық кезеңдердегі көрсеткіштерді) белгісі бойынша да бір таблицаға қосуға жіберілмейді.
Талдап қорытатын және есеп беру сипатындағы ақпараттар сақталмаса немесе жалпы құрастырылмаған жағдайда, таблицада алғашқы ақпаратты талдап қорыту орынды. Бірақ құрама таблицалар, ондағы мәліметтердің анықтығын тиянақты тексеруді қажет етеді. Құрама таблицаларға ықшамдығын және көрнекілігін беру үшін көпшілік жағдайларда қажет:
цифрлық мәліметтерді талдап қорыту,
аралықтағы мәліметтерді қысқарту,
мәліметтердің орналасуын бір ізге салу.
Бас тақырыптар және түсіндірме сөздер таблицаларға қоса беріледі. Бас тақырыпта таблицада біріктірілген мәліметтер және кезеңнің негізгі мағынасы көрсетіледі, сол үшін мәліметтер қосылған.
Таблицада тараудың аттары бас әріппен, тақырыпшалардың аттары-кіші әріппен жазылады. Таблицаның мәтіндік мағынасы әрқашан бас әріппен басталады.
Таблицаларға түсіндірме сөздер, құжаттардың таблицасына қосылған санына және түріне қарамастан, төмендегідей мәліметтерді қосады:
1) түрі, авторлығы, құжаттардың күнтізбелік уақыты, таблицаға қосылған мәліметтер;
2) таблицаға қосылған құжаттардың саны және оларды таңдау принциптері;
3) көрсетілген құжаттардың сақтау орындары;
4) таблицаға кірмей қалған, бірақ құжаттарда бар, мәліметтердің сипаттамалары.
Егер құжатқа сiлтеулер көп болса, тиiсiнше әрбiр пайдаланылған деректер және түсiндiрме сөздер таблицаның ерекше бағанында көрсетiледi.
Егер таблицада формасы және мағынасы жағынан бірдей құжаттар кездессе, онда таблицаның алдында олардың біреуінің толық мәтінін берген орынды. Бұл жағдайда түсіндірме сөздің таблицаға енбей қалған мәліметінің сипатын көрсетудің қажеттігі болмай қалады.
Ескерту. 159-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.11.2013 № 279 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Құжаттардың таблицасы үшін пайдаланылған деректемелік талдау, оларды өңдеу тәсілдерінің сипаттамасы құжаттар жинағының археографиялық алғысөзінде баяндалады. Бұдан басқа жинақта таблицалардың құжаттары болған уақытта, құжаттардың статистикалық өңделген мәліметтерін қоса немесе сауалнамалық сұрау әдісімен алынған таблицалардың формулярларының әдістемелік негізін әзірлеу алғы сөзде анық ашылады.
Егер таблицада құжаттардың мәтінінің тек бөлігі ғана пайдаланылса, онда оған мәтіндік ескертулерде мәтіннің пайдаланылмаған бөлігінде бар сұрақтардың тізбесі, сонымен бірге таблица шегінен шығып кеткен мәтін, белгілер және құжаттардың резолюциялары келтіріледі.
Құрастырушылармен тексерiлген және құжаттар мен цифрлардың арасындағы айырмашылық таблицадағы мәтiндiк ескертулерде немесе таблицада құжаттың цифрының астына дөңгелек жақшада көрсетiледi.
Ескерту. 160-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.11.2013 № 279 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бақылау сұрақтары:
1. Құжаттарды регестеудің маңызын анықтау.
2. Құжаттарға аңдатпа жасаудың ерекшеліктерін көрсету.
3. Құжаттарға кесте жасау құрамын анықтау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Валк С.Н. Советская археография. Москва.,1948. 243с.
2. Добрушкин Е.М. Основы археографии, Москва., 1992. І раздел. С. 7-26.
3. Козлов В.П. Русская археография конца ХVІІІ-первой четверти ХІХ века //
Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора историчес-
ких наук. С. 3-48.
5. Эпштейн Д.М. История археографии в дореволюционной России.
Москва., 1977.
6. Королев Г.И. Археография. Москва., 1996. 256с.
ДӘРІС –21.