Ысқа мерзімді жоспар 5 страница

«Сауат ашу» пәні. 1-сынып
6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Осыған дейін меңгерілген білім
6-бөлім алдыңғы бөлімдерде қамтылған дағдыларға сүйенеді. Оқушылар сөздерді дұрыс айтып, сөйлем құрастыра алады.
Мәнмәтін
Бұл бөлімде оқушылар ауыз әдебиетін, салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар мен мерекелер туралы оқиды. Бұл бөлім гуманитарлық ғылымдармен (тарихпен) байланысты. Қалыпты, ерекше дыбыс түрлері осы бөлімде үйретіледі. Мұғалім бөлім тақырыбына сәйкес келетін әңгімелер, өлеңдерді оқиды және оқушыларға өзімен бірге қайталап оқуға мүмкіндік береді.
Қысқаша шолу
Бұл бөлімде «Әліппе кезеңі» жалғасады. Оқушылар ауыз әдебиетінің шағын жанрларымен, ұлттық ойындардың түрлерімен танысады және ұлттық ойындардың шағын жинағын құрастырады. Диаграмма сызып, ұлттық кейіпкерлерге сипаттама жазады. Жазылым дағдыларын дамытады.
 
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімдерге ескертпелер Оқыту ресурстары
    Орфография, грамматика, пунктуациябойынша бастапқы дағдыларын қалыптастыру үшін оқу мақсаттарын жүйелі түрде қолдануды ұсынамыз: 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту 2.1 Оқу түрлерін қолдану 3.8 Қатені табу және түзету 3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау 3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау 3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау 3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау   Бұл бөлімде я, ф, ю, е, э, в, ц, щ, ч әріптері мен дыбыстарын, ь,ъ белгілерін өтуіңізге болады.   Мәтіндерден немесе сөйлемдерден заттардың атаулары мен олардың санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді анықтайды.   4-бөлімдегі «Қатемен жұмыс нұсқаулығын» басшылыққа алыңыз. https://e.edu.kz/ http://ustaz.kz/ http://ashyk-sabak.kz/ http://45minut.kz http://bilimkozy.idhost.kz  
  2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу   1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау   3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру       1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)     1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау   1.3.5.1 тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қолданып жай сөйлемдер/мәтін құрастырады және жазу     Ұлттық ойындар туралы түсінік    
(Ұ)Мектепке (сыныпқа) оқушылардың ата-анасын немесе ата-әжелерін шақырыңыз. Олар оқушыларға өздерінің балалық шақта ойнаған ойындары туралы айтып береді. Ол ойындар бұл күндері ойнала ма? Айырмашылықтары бар ма? Оқушыларды сұрақ қоюға ынталандырыңыз. (Хан талапай, Апыр-топыр қарлығаш, Ақ серек, көк серек т.б.)Басқа қонақтармен кездесуді қайта өткізуге болады. (МК)Сыныпқа бір ұлттық ойынның қалай ойналатын ретін көрсетіңіз. Нақты, түсінікті нұсқау беріңіз. Әртүрлі ойындарды бірнеше рет қайталаңыз. Осы бөлімнің соңына дейін жаңа ойындарды үйретуді жалғастырыңыз.   (Ұ) Ойын ережесі туралы аудио материал тыңдатыңыз немесе фильм көрсетіңіз. Оқушылардан ойынды ережеге сүйене отырып ойнауларын сұраңыз. Оқушылардың ережеге сәйкес ойнауын қадағалаңыз. Сәтті шыққан тәсілдерді бақылаңыз. Тиімді тәсілдердің тізімін жасаңыз. Бұл бөлімде мұғалім тақырыпқа қатысты әңгіме, өлең айтуы керек. Оқушыларға түсінікті болу үшін оларды бірнеше рет (сабаққа белсенді қатыстыру) қайталаңыз. Оқушылар үй жұмысы ретінде ата-аналарынан ұлттық ойындар туралы естеліктерін жазып әкеледі. Кейін сыныптастарымен бөліседі. Кең жерде, аулада немесе спорт алаңында, дәлізде оқушыларға ойынның қалай ойналатынын көрсетіңіз. Мысалы: «Бәйге». Шеңберге тұрыңдар. Тізе бүгіңдер т.с.с. Оқушылармен талқылаңыз: Нұсқаулар жеңіл ме? Бұл ойынды қай жерде ойнаған ыңғайлы? Нұсқаудың қайсысы тиімді немесе тиімсіз болды? Ойнап жатқан оқушыларды суретке түсіріңіз немесе қарапайым сурет салыңыз. Ойынға сынып ұсынған нұсқаулық құрастырыңыз. Нұсқаулықта: реті, қадамы, нені бірінші орындау керек, ашық дауыспен түсінікті жеткізу керек, ойынға бірінші не қажет т.б. анық жазылуы керек.  
2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну   2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау     1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату у     1.2.8.1 мұғалімнің көмегімен түрлі жанрдағы (ертегі, әңгіме, өлең) және стилдегі (көркем және бейкөркем) мәтіндерді салыстыру   Ойын ережесі    
(К) Бейкөркем кітаптардың кейбір үлгілерін салыстыру және айырмашылықтарын табу үшін қолданыңыз. Рецепт кітаптары мен нұсқаулықтардың басқа кітаптардан айырмашылықтарына назар аудартыңыз. Бұйрық райын енгізіңіз. (МК)Сөйлемішіндегі түсіп қалған бейтаныс сөздерді табу үлгісін көрсетіңіз. Сөйлемді соңына дейін оқып, түсіп қалған сөзді болжатыңыз. (Т) Мәтіндер мен кітаптарға арналған нұсқаулықты бірге оқыңыз. Оқушылар жаңа сөздерді түсіну үшін нұсқаулыққа сүйенеді. Оқушылар сөйлемішіндегі түсіп қалған сөздерді табуға талпынады. Сөйлемді соңына дейін оқып, түсіп қалған сөзді болжайды. «Бағытталған оқуды»пайдаланыңыз: · кітапқа кіріспе · тексеру стратегиясы · өз бетінше оқу · мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға жауап беру.   Кітаптарды оқымас бұрын, оқушылар олардың мұқабасына қарап салыстырады. Айырмашылықтары бар ма? Ұқсастықтары ше? Бейкөркем кітаптардың айырмашылықтарын түсіндіріңіз (ақпарат беру, болған оқиға туралы мағлұмат беру, бір заттың қалай жұмыс істейтінін түсіндіру, нұсқау беру). Бұл кітаптардың үлгілерін ашып көрсетіңіз. Оқушылар қандай айырмашылықтар табады? Жазулары немесе суреттерінде айырмашылықтар бар ма? Оқушылардан спорт туралы ақпарат алғысы келсе, қандай кітаптар оқуы керектігін сұраңыз. Ал сапарға шығуды жоспарлау үшін ше? Ойын туралы сұрақтарға жауап беру үшін ше? Атақты адамдардың өмірі туралы мәлімет табу үшін ше? Қарапайым нұсқау кітаптарының жинағын құрастырыңыз. Онда суреттер мен диаграммалардың, сізге қажетті заттар тізімінің, белгіленген нұсқаулардың бар екендігіне көз жеткізіңіз. Сыныпта кітаптарды оқушылар бос уақыттарында қолдана алатындай етіп оқу бұрышын жасап қойыңыз. Оқушыларды оқу деңгейлеріне қарай топтарға біріктіріңіз. Жеңілдеу кітаптар деңгейі төмен оқушыларға беріледі. Оқушылар бұл кітаптарды көркем шығармалармен салыстырады. Мысалы: қандай айырмашылықтары бар? Ұқсастықтары бар ма? Оқушылар басқа қандай айырмашылықтарын көрсете алады (суреттер, жазба т.б.). Жылдам жауап беру үшін кітаптың мазмұнын қолданғандарды мақтаңыз. Дыбыс, әріп туралы оқушылардың бұрынғы білімдерін қайталап, оқылым дағдыларына баса назар аударып отырыңыз. 2-бөлімдегі«Бағытталған оқу» нұсқаулығынқараңыз.  
3.5 Мәтінді түрлі формада ұсыну   3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу   3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау 1.3.5.1 сызбалар, суреттер, белгілермен толықтырып жай сөйлемдер/мәтін құрастырады және жазады 1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазады 1.3.9.2 мұғалім көмегімен сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату 1.3.9.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген атауларды) анықтау Ойын ережесін құру    
(МК)Оқушылардың ұлттық ойын ойнау барысында түскен суреттерін қарап, «Бірлесіп жазу» әдісіне сәйкес, әр суреттің астына нұсқау жазыңыз. Нұсқаулардың тиісті шақта жазылуына назар аударыңыз. (Т,Қ) Оқушыларға ойын барысында түскен суреттерін қолдана отырып, әр суретке нұсқау жазуды тапсырыңыз. «Бірлесіп жазу»әдісінқолдана отырып, оқушылардың тиісті шақты қолдануын қадағалаңыз. Әр нұсқауды реттік санмен белгілеулерін қадағалаңыз. (Т) Оқушылардың жазған нұсқауларын сынып ішінде дауыстап оқуына мүмкіндік беріңіз. Олардың дұрыстығына назар аударыңыз. Жазылған нұсқаулардың басқалар қолдана алатындай етіп жазылғандығын қадағалаңыз. Оқу жетістіктерін бағалау: · нұсқау жазудың ерекшеліктерін ескеруінз.; · нұсқаулықты қолдануға түсініктілігін. · Сөйлемдерді құрастыруын, тыңдаушыларға пайдалы, қызықты жазылғандығын бағалаңыз   2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» нұсқаулығын қараңыз. Ойын үшін қажетті заттарды реттеуден бастаңыз. Суреттерді тізбектеп, нөмірлеңіз. Әр сөйлемді жазбас бұрын дауыстап айтыңыз, жазып болған соң қайталап оқыңыз. Оның түсінікті және дұрыс екенін тексеріңіз. Кейбір сөйлемдерде әдейілеп қате жіберіңіз. Сөйлемдерді жазуда нұсқауға қайшы келетін кейбір қателерді жіберіңіз. Сөйлемді қайталап оқып, оқушыларға қатені табуды тапсырыңыз. Қатені қайталаңыз, оқушылардың оны байқағанын тексеріңіз. Оқушыларды жазу деңгейлеріне қарай топтарға біріктіріңіз. Оларға бір немесе екі нұсқау жазып, бір қатарға жинауды тапсырыңыз. 1-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» әдісін қараңыз. Оқушыларға нұсқауды жазбас бұрын сөйлемді толығымен дауыстап оқуды, жазып болған соң тағы бір рет оқуды тапсырыңыз. Түсінікті ме? Нақты ма? Тиісті шақта жазылған ба?    
2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну   1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту     2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау     1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну   1.1.7.1 тыңдалған мәтінгеТыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)) 1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату   Ұлттық кейіпкерлер жайында әңгіме оқу    
(МК) Ұлттық кейіпкерлер бар бірнеше әңгіме оқыңыз. Оқушыларды әңгімелерге қызықтыру үшін оқу дағдыларын дұрыс қолданып, оқып көрсетіңіз. Сөйлемішіндегі түсіп қалған сөздерді табу үлгісін көрсетіңіз. Сөйлемді соңына дейін оқып, түсіп қалған сөзге болжау жасатыңыз. Әр әңгіменің аяғында оқушыларға оқиғаның өткен орнын, кімдер қатысатынын, не болатынын «кейіпкер», «оқиға» секілді сөздерді қолдана отырып анықтауды тапсырыңыз. (Ұ) Әр әңгімеде кейіпкерлердің қалай суреттелетінін салыстыруына мүмкіндік беріңіз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтары? Әрбір басты кейіпкердің әңгімедегі іс-әрекетін талқылатыңыз. Олардың жағымды кейіпкер екенін қайдан білеміз? Олар қандай әрекеттер жасады? Айналасындағыларға қандай әсер береді? Мысалы: қуаныш, үміт... (Ұ) Басқа ұлттық кейіпкерді таныстырыңыз. Ол туралы әңгіме оқыңыз. Әңгімелерді жоғарыда көрсетілгендей салыстыруға жетелеңіз. Оқу нұсқаулығынпайдаланыңыз: · кітапқа кіріспе · тексеру стратегиясы · өздігінен оқу · мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға жауап беру. Сөйлемішіндегі түсіп қалған сөздерді табу үлгісін көрсетіңіз. Сөйлемді соңына дейін оқып, түсіп қалған сөзге болжау жасатыңыз. Бұл бөлімде мұғалім тақырыпқа қатысты ертегі, әңгіме, өлеңдер қолдануы керек. Оқушыларға түсінікті болу үшін оларды бірнеше рет (сабаққа белсенді қатыстыру) қайталаңыз, бірге айтыңыз. Ұлттық кейіпкер туралы жинақ жасаңыз. Мысалы, Алдар көсе туралы Кітап оқуға ыңғайлы орындықтары бар оқу бұрышын жасаңыз. Оқушыларға бос уақыттарында кітаптарды қолдануға мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың оқылым дағдыларын қолдана білуіне назар аударыңыз. Оқушыларға қолданылған суреттердегі детальдарға назар аударып, түсіндірме сөздер мен тіркестерді қайталауға тапсырма беріңіз. Бір кейіпкердің түрлі әңгімедегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз. 2-бөлімдегі «Бағытталған оқу» әдісінің нұсқаулығын қараңыз. Оқушыларды оқу деңгейлеріне қарай топтарға біріктіріңіз. Жеңіл кітаптар оқылым дағдысы төмен оқушыларға беріледі. Оқушыларға бірдей сұрақтар қойыңыз. Мысалы: Олардың жағымды кейіпкер екенін қайдан білеміз? Олар қандай әрекеттер жасады? Айналасындағыларға қандай әсер береді? Мысалы: қуаныш, үміт... http://www.youtube.com/watch?v=-H55cjEUBVw мультфильм про Алдара Косе http://www.youtube.com/watch?v=NA1I_fCIpHk видео «Первый в мире выход в открытый космос» http://www.ertegi.ru/map.php?section=1    
2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну     1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту     1.6 Тыңдаушының назарын аудару     1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну   1.1.7.1 тыңдалған мәтінге Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)   1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)   Әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттау      
(Т) Оқушылар бірге оқыған кітаптағы суреттерді жинақтайды. (Т) Әр шығармадағы бас кейіпкерлерді талқылатыңыз. Кейіпкердің мінезін, киген киімдерінің түр-түсін сипаттайтын бөлімдерді тапқызыңыз. Оқушылар әңгімені қайта қарап шығады. Оқушыларға кейіпкерді, оның іс-әрекетін, оқиғаларын сипаттайтын сөздерді табуға тапсырма беріңіз. (Т)Оқушыларғаүлкен параққа бас кейіпкердің мінездемесін жазуды тапсырыңыз. Әр сөздің қасына шығармадан нақты сол туралы тіркес немесе сөз жазылады. Мысалы, кейіпкер қалай суреттелген? (Ж,Қ) «Сипаттау» ойынын ойнатыңыз. Оқушы өз кейіпкерін жанындағы досына сипаттайды. Ол түсінгенге дейін қандай дәлелдер немесе неше дәлел қолданды? Оқу жетістіктерін бағалау: · кейіпкерге тиісті нақты сипаттама беруін; · әңгімелердегі ақпараттар мен детальдардың есте сақтауын; · мәнерлі сөйлеу дағдысын бағалаңыз. Суреттерді (иллюстрацияларды) басты оқиғаларды тізбектеу үшін қайта құрастырыңыз. Оқушылар оны рет-ретімен дұрыс орналастырулары керек. Еске түсіру үшін кітапқа тағы бір қарап шығуды тапсырыңыз. Оқушыларды кітап оқи алу деңгейлеріне қарай топтарға біріктіріңіз. Тапсырманы олар бірге оқыған кітаптан беріңіз. Шығармадағы кейіпкерді сипаттаудың екі жолы бар екенін түсіндіріңіз. Олар кім? Олар қандай адамдар? Қандай кейіпкер? Оны қалай білеміз? Шығарманың қай жерінде ол туралы айтылады? Оларды біз қалай сипаттай аламыз? Мысалы: сыпайы, еңбекқор. Сыныпта жасаған диаграмманы көрсетуге мүмкіндік беріңіз Оқушылар деңгейлеріне қарай жұптарға бөлінеді. Бір-біріне теріс қарап отырады. Біреуі кейіпкердің суретін көрсетпей, оны ауызша сипаттайды. Екіншісі кейіпкерді табуы тиіс.      
  3.5 Мәтін құрастыру     1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу     Кейіпкерді сипаттау      
(МК)Оқушыларға «Бірлесіп жазу» әдісін қолдана отырып кейіпкерге қысқаша сипаттама жазу үлгісін көрсетіңіз. Оқушылар дұрыс жазу үшін сөйлем үлгілерін қолданыңыз. Мысалы: Ол ...адам, онда ...бар. (Ө,ф) Оқушылар талқылаған кейіпкердің суретін салады. Астына кейіпкердің сипаттамасы берілген үлгіге сәйкес сөйлем түрінде жазады. (Т) «Бағытталған жазу» әдісінқолдана отырып, оқушыларға тиісті сөздер мен дыбыстарды жазуға қолдау көрсетіңіз. Жазылым дағдысы жоғары оқушыларға жайылма сөйлемдер жазуды ұсыныңыз. Оқушылардың тыңдарманға түсінікті, әсер ететін сөйлем жазуын бағалаңыз.   2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» нұсқаулығын қараңыз.Әр сөйлемді жазбас бұрын дауыстап оқыңыз, жазып болған соң қайталап оқыңыз. Кейіпкерге дұрыс сипаттама бергенін (сөйлемде дұрыс жазылғанын) тексеріңіз. Сырт көзге түсінікті ме? Тақтада жазылған сөздерге назар аудартыңыз. Оқушыларға жазбас бұрын сөйлемді толығымен дауыстап оқуды, жазып болған соң тағы бір рет оқуды тапсырыңыз. Оқушылар бір сәт кейіпкерді танымаймын деп ойласын. Жазғандары арқылы оны тани алды ма? 1-бөлімдегі «Бағытталған жазу» әдісін қараңыз. Сыныпта «Жазу бұрышын»жабдықтаңыз. Әртүрлі қағаз, қаламдар қойыңыз. Әртүрлі кейіпкерлердің суреттерін, қуыршақ бейнелерін де қойыңыз. Оқушылардың бос уақыттарында кейіпкерлерді суреттеп жазып, бір-біріне дауыстап оқып беру мүмкіндіктері болуы керек.      
             
«Сауат ашу» пәні.1-сынып
7-бөлім: Тағам және сусын
Осыған дейін меңгерілген білім
7-бөлім І-ІІІ тоқсанда дамытылған дағдылар мен білімге негізделеді. Оқушылар жазу нұсқаулары мен қарапайым әңгімелермен (мәтін) таныс. Сөйлем түрлерін жаза алады.
Мәнмәтін
Бұл бөлімде оқушылар жеміс-жидектерді қалай өсіру керектігі, басқа да өсімдік тектес тағамдардың дайындалуы туралы танып біледі. Бөлім «Жаратылыстану» пәнімен байланыста. Аталмыш тақырыпты игеру барысында дыбыстарды үнемі қайталайды. Мұғалім тақырыпқа сәйкес келетін әңгімелер, өлеңдер мен тақпақтар іріктеп алып, оқушылармен түрлі шығармашылық жұмыстарға тартады.
Қысқаша шолу
Бұл бөлімде «Әліппеден кейінгі кезең» жалғасады. Оқушылардың бейкөркем мәтін жазу дағдылары «Мектеп асханасы» тақырыбындағы жазылым арқылы дамытылады. Мектеп асханасына оқушыларды апарып таныстыру қалаулары бойынша ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстардан кейін оқушылардың сөздік қоры, жазу дағдысы, байланыстырып сөйлеу, әңгімелеу қабілеті арта түседі.
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
    Орфография, грамматика, пунктуациябойынша бастапқы дағдыларын қалыптастыру үшін ұсынылған оқу мақсаттарын жүйелі түрде қолдануды ұсынамыз: 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту 2.1 Оқу түрлерін қолдану 3.8 Қатені табу және түзету 3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау 3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау 3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау 3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау Жіктеу есімдіктерін ауызекі және жазбаша сөйлеуде дұрыс қолданады Тәуелдік жалғауларын ауызекі және жазбаша сөйлеуде дұрыс қолданады. Өз cезімін баяндауда іс-қимылды білдіретін сөздерді (етістік шақтарын) дұрыс қолданады. Мағыналары жақын және қарама-қарсы сөздердің сөздігін жасауға болады. Оқушылардың сөздерді дұрыс жазуын қадағалаңыз.   4-бөлімдегі «Қатемен жұмыс нұсқаулығын» басшылыққа алыңыз.  
1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну   1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау   1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну     1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау     Біздің кафеде (Ұ)Оқушыларға рольдік ойын ойналатын жерді көрсетіңіз. Заттарды қалай қолдану керектігін түсіндіріңіз. Оқушыларға тамаққа қалай тапсырыс беріп, қалай қабылдау керектігін көрсетіңіз. Дастархан басында өзін қалай ұстау керектігі мен ас ішетін құрал-саймандарды қолдану ережелерін қайталатыңыз.   (Т) Қарапайым тағам әзірлеу үшін оқушылар рецепке қарайды, қандай ыдыстардың қажет екендігін шешеді. Ингредиенттерді өлшеп салып, рецепт бойынша тағам әзірлейді. (Т) Топтағы оқушылардың орнын араластырыңыз. Әрқайсысы не жасағандарын, тағамды қалай әзірлегенін, дәмі қандай екенін түсіндіреді. Сынып ішінде кафе секілді бұрыш жасаңыз. Орындық пен үстел қойыңыз, үстіне дастарқан жайыңыз. Тапсырыс қабылдайтын парақтар, ас мәзірі, тағамдар мен ақша, чек, дайындаңыз (муляж немесе шынайы тағамдар). Оқушыларға кафе ойынын жиі ойнауға рұқсат беріңіз. Мұғалім оқушылар арасында көбірек жүріп, даяшы мен қонақ арасындағы қарым-қатынас үлгісін көрсетеді. Ол оқушыларға сыпайылық, көпшілік орындарда әдептілік сақтауды үйретеді. Оқушыларды оқылым дағдысына қарай топтарға біріктіріңіз. Оқылым және түсіну деңгейлеріне қарай рецептер беріңіз. Әр топта оқушылар саны тең болғаны жөн. Оқушылар қарапайым тағамдар дайындайды. Мысалы: жеміс салаты, көкөніс салаты, жент т.б. Пышақ т.б. өткір құралдар қолданатын топтарға қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін үлкендердің (көмекші мұғалім, жоғары сынып оқушылары т.б.) көмегі қажет. Оқушыларды қайта топтаңыз. Әр топта бұрынғы топтан бір-бір оқушыдан болғаны дұрыс. Олар әзірлеген тағамдарын өзгелерге түсіндіруі керек. «Бірінші....», «Сосын...», «Содан кейін...» т.б. тіркестерді қолданулары керек. Мұғалім оқушыларға ұсынылатын тапсырмаларға сәйкес мәтіндер, өлеңдер оқып беріп, оны қайталауға ықпал жасаулары керек. «Қазақ дастарханы» М.Шаханов - бейне клип «Дастархан» youtube  
1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну     2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу   1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну     1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)   Мектеп асханасы    
(Ұ) Асханаға(Кафе /мейрамхана)бармас бұрын оқушыларға қайда баратыны, кіммен кездесетіні, т.б туралы мәлімет беріңіз. Сапар барысында туындайтын сұрақтар туралы ойландырыңыз. Әр оқушыға жеке немесе жұпта сұрақ беріңіз (Ө) Асханаға барған кезде әр оқушының сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік беріңіз. Өздерін қызығушылығын оятатын қосымша сұрақтар қоюға, жазуға (сурет салуға) оқушыларды ынталандырыңыз. (Ұ) Сыныпқа келген соң сыныптағы кафе бұрышына қандай өзгеріс енгізу керектігін сұраңыз. Оны безендіру үшін оқушыларға тапсырма беріңіз (суреттер, белгілер). Жергілікті мектеп асханасына барыңыз. Алдын ала асхана иесімен немесе бас аспазымен келісіңіз. Тамақ ішетін жер мен даярланатын орындарды оқушыларға көрсетіңіз. Асхана қызметкері оқушылардың сұрақтарына жауап беруге дайын болуы керек. Оқушылармен сұрақтар дайындаңыз. Кей сұрақтар жұптарға да берілуі мүмкін. Жауаптарын жазып алыңыз. Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылаңыз: Асхана жұмысы туралы не білдік? Біз ол жерде тұтынушы мен асхана қызметкерлері үшін қандай пайдалы нәрселер көрдік? Біздің сыныптағы кафемізге не қосуымыз керек? Оқушыларға көргендерін сызу, жазу үшін түрлі түсті қағаздар, қаламдар беріңіз.    
3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу   1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу     Рецепт жазу    
(Ұ)Оқушылар тағам дайындау барысында қолданған рецептерді тағы бір қарап шығыңыз. Өткен бөлімге сүйене отырып, рецептердің ерекшеліктерін анықтаңыз (Т)Оқушылар өз рецептерін жасайды. Оларға кафеде пісірілетін тағам дайындау үшін ингредиенттер тізімін беріңіз. Олар дайындалу ретін жазумен қатар суретке түсіреді. (МК) Қарапайым рецепт жазу үшін жазылған ескертулер мен түсірілген суреттерді негізге ала отырып, «Бірлесіп жазу» әдісімен қарапайым рецепт жазыңыз. (Ө,ф)Оқушылар тағамдарының суреттерін қолданып, қарапайым рецепт жазады. (Т) «Бағытталған жазу» әдісінқолдана отырып, оқушылардың тиісті шақты қолдануын қадағалаңыз. Әр нұсқауды реттік санмен белгілеуін қадағалаңыз. (Т) Оқушылар өз рецептерін басқаларға дауыстап оқиды. Қалғандары сол бойынша тағам әзірлейді. Тағам дұрыс әзірленді ме? Тексеріңіз. Оқу жетістіктерін бағалау: · нұсқау жазудың ерекшеліктерін еске түсіріңіз. Сөздерді орынды дұрыс қолдануын, нұсқаудың түсініктілігін; · тыңдаушыларға пайдалы әрі қызықты сөйлемдер құрастырып жазуын. Оқушыларға дайын тағамдардың рецептерін, дайындау ретін, қажетті құралдардың суреттерімен бірге көрсетіңіз. Оқушылар дайын тағамның жасалу жолын толығымен көре алуы керек. Қабілеттері әртүрлі оқушыларды топтастырыңыз. Ішінде бір оқушы тағамның дайындалу ретін жазып отырады. Оқушылар жеміс немесе көкөніс салаты, женттің, бутербродтың өзіндік үлгілерін дайындайды. (Тағамның құрамын өздері таңдайды). Пышақ т.б. өткір құралдар қолданатын топтарға қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін үлкендердің көмегі қажет. 2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» әдісін қараңыз. Оқушыларға нұсқауды жазбас бұрын сөйлемді толығымен дауыстап айтуды, жазып болған соң тағы бір рет оқуды тапсырыңыз. Сөйлемнің дұрыс құрылуына, тиісті рай (терминсіз) қолданылуына көңіл бөліңіз. Қажетті құрал-жабдықтар мен құрамына қажетті азық-түлік (ингредиент) тізімінен бастап жазыңыз. 1-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» нұсқаулығын қараңыз.   «Қазақстан» ТРК. «Ас мәзірі» бағдарламасы.     Дастархан» youtub    
2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау     2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну   3.3 Жоспар құру     3.3 Жоспар құру   1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау   1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату   1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну   1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою   1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау     Әңгіме оқу    
(МК) Кейіпкері жеміс-жидек немесе көкөніс болып табылатын ертегі оқыңыз. Алдымен, кітаптың мұқабасын көрсетіңіз. Оқушылардың ойын сұраңыз. Оқушылардан кітаптың көркем немесе бейкөркем екендігін айтуларын сұраңыз. Шығарманың атын айтыңыз. Оқушылар шығарманың атына қарап, шығарма не туралы екенін болжайды. Шығарманы оқыңыз. Оқушыларға әңгімелер қызық болу үшін оқу дағдыларын дұрыс қолданып көрсетіңіз. Сөйлемішіндегі түсіп қалған сөздерді табу үлгісін көрсетіңіз. Сөйлемді соңына дейін оқып, түсіп қалған сөзге болжау жасайды. (Ұ) Мәтінді бірнеше сабақ бойы оқыңыз. Әр оқу барысында әр түрлі элементтерге назар аударыңыз. Мысалы, оқиға желісі, кейіпкер т.б. Әрбір қайта оқыған сайын оқушылар шығармамен жете танысады.   (Ұ) Негізгі оқиғаларды жазып, оқиға желісін жасаңыз. (Т, ф)Әңгімені топтарда көрініс ретінде қойыңыз. Оқу жетістіктерін бағалау: · шығарманың негізгі желісін ; · әңгімені баяндауға тиісті тілді, сөз бен сөзді байланыстырушы элементтерді (мысалы: алдымен, содан соң, кенет, алайда, соңында т.б. сөздерді) қолданғанын бағалаңыз. Мұғалімдер оқушыларға ұсынылатын тапсырмаларға сәйкес мәтіндер, ертегілер немесе өлеңдер оқып беріп, оны қайталауға ықпал жасаулары керек. Оқушылардың қызығушылығын арттыратын, сюжетті суреті бар жеңіл тілді кітап таңдаңыз. Атауы және мұқабасы кітап туралы мағлұмат беретіндей болуы керек (бас кейіпкері аң болуы да мүмкін). Фонетикалық білімдерін қайталату. Шығарманы оқыған соң: · оқиғаның өткен орнын, кейіпкерлері кімдер екенін, қандай оқиға болатынын, «кейіпкер, оқиға, өткен орны» сияқты сөздерді қолдана отырып анықтаңыз. · кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын талқылаңыз. Оларды қалай сипаттайсыздар? Мысалы: еңбекқор, мейірімді, жалқау, жақсы дос, өзімшіл т.б. · оқушылар оқиға орны туралы детальдарға мән беруі керек. Сипаттама беретін сөздер мен тіркестерді қайта оқулары керек. Оқиға орны бұрын өздері көрген қандай да бір жерге ұқсай ма? Оқиғаның желісін сызбаға түсіріңіз. Ол оқушыларға анық және түсінікті болуы керек. Әрбір басты оқиғаны суретпен (шартты белгі) белгілеңіз. Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Әр оқушыға кейіпкерлердің рөлін беріңіз. Олар қуыршақ қолданып ойнап көрсетеді. Әңгіме сызбасына қарап оқиға желісін еске түсірулері керек. Оқушылар сомдаған кейіпкерлерін сөйлеу мәнері, қозғалысына дейін салулары керек. Оқушылар топтардың жұмысын аралап жүріп бағалайды. «Шалқан», «Бауырсақ».    
1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау   1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау     Әңгімені мазмұндау    
(Б) Сызбадакөрсетілген оқиға желісін пайдаланып, әңгіменің негізгі оқиғаларын мазмұндаңыз. Оқушылар өздері жақсы білетін бөлімдеріне қосыла алады. Әңгіменің негізгі оқиғаларын қимыл арқылы көрсетіңіз. Ол оқушыларға әңгіменің мазмұнын, желісін, тілін («Мен атамнан қаштым, мен апамнан қаштым ...» сияқты қайталама сөйлемдер) есте сақтауға көмектеседі. Оқушылар толық есіне түсіргенше бірнеше рет қайталаңыз.   Әңгімені баяндау барысында ым- ишара тілін қолданыңыз. Мысалы, ерте ерте ертеде.., Бір күні таңертең..., Сосын..., Кейін..., Бірақ..., Ақыр аяғында... т.б. Сөздерге сәйкес қимыл жасаңыз. Іс-қимыл тізімін жасаңыз. Мысалы, · Ерте ерте, ертеде.. – қолдарын кітап секілді ашады. · Бір күні таңертең – бір қолын бас жағына қойып, ұйқыдан тұрғанын көрсетеді. · Бірінші - бір саусағын көрсетеді. · Соңында - кітаптарды жапқандай әрекетті қолдарымен көрсетеді.  
3.4 Оқыған/тыңдаған материалдардың мазмұнын жазу     3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау   1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу   Әңгіме жазу    
(МК) «Бірлесіп жазу» әдісін қолданып танымал шығарманың қысқаша нұсқасын оқиға желісіне негіздей отырып, әр бөлімге 2 сөйлемнен жазып көрсетіңіз. Әңгіме тілінде жазып үйренгенше, алғашқы нұсқаларын шимай параққа орындап, кейін түзетулер енгізуді үйретіңіз. (Ө, Қ) Оқиға желісін әңгіменің жоспары ретінде қолданып, оқушылар тізбек түрінде бірнеше сөйлем жазады. Бірнеше сабақтан кейін аяқтау керек. (Т) Оқушыларға тиісті сөздерді, дыбыстарды қолдануды үйрету үшін «Бағытталған жазу» нұсқаулығын пайдаланыңыз. Жазылым дағдылары жоғарылау оқушыларға кейіпкерді суреттеуге (көбірек сын есім қолдана отырып ) көлемді сөйлемдер жаздырыңыз. Оқу жетістіктерін бағалау: · оқиғаның мазмұнын жазу үшін негізгі оқиғалар туралы кем дегенде үш сөйлем жазуын; · әңгіме тілінің кейбір үлгілерін қолдануын; · кейбір сөздердің орнына баламасын немесе басқа сөздерді қолдануын. · жазу емлесін сақтау. 2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» нұсқаулығын қараңыз. Жазу дағдыларына байланысты қазіргі және алдыңғы сабақтардағы жазылымға қатысты алған білімдерін қайталай отырып, үлгідегі жазбаға назар аудартыңыз. Оқушыларға жазбас бұрын сөйлемді толығымен дауыстап айтуды, жазып болған соң тағы бір рет оқуды тапсырыңыз. Ауызша мазмұндауда әңгіме тілін қолданыңыз. Жазып болған соң әңгіменің тілі мен қызығушылық тудыратын сөздерді тауып, тағы бір рет оқуды тапсырыңыз. Жазу емлесі бойынша жұмыстар жүргізіңіз. 1-бөлімдегі «Бағытталған жазуды» әдісін қараңыз. Сыныпта «Жазу бұрышы» бөлімін жасаңыз. Әртүрлі қағаз, қаламдар қойыңыз. Түрлі кейіпкерлердің суреттерін, қуыршақ суреттерін де қойыңыз. Оқушыларға бос уақыттарында кейіпкерлерді суреттеп жазып, бір-біріне дауыстап оқып беру мүмкіндігін беріңіз.      
               

Наши рекомендации