Дәріс. Солтүстік Американың ішкі сулары.

10.1. Солтүстік Америка өзендерінің қоректену режимі.

10.2. Ірі өзен алыптары.

10.3. Мұздықтар мен көлдері.

1. Солтүстік Америка ағын судың жылдық жалпы көлемі жөнінен (6000 км3 шамасында ) тек қана Австралияны, Антарктиданы және Африканы басып озады. Ал ағын судың бір қалыпты ағуы жағынан Оңтүстік Америкадан ғана кейін қалады.

Солтүстік Америкадағы өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына және оның теңіздеріне, ал шамалы ғана бөлігі Тынық мұхит пен Солтүстік мұзды мұхитқа құяды. Атлант мұхиты мен Солтүстік мұзды мұхитына құятын өзендердің бассейіндері арасындағы суайрығы материктің шығыс бөлігінің жер бедерінен онша күшті бөліне бөліне бермейді. Ал Тынық мұхит пен Атлант мұхитына құятын өзендердің Кордильлер тауларындағы бассейіндер арасындағы суайрығы түгелдей дерлік шығыстағы тау жоталары арқылы өтеді. Көптеген өзендер мен көлдер бассейіндердің ранспорттық қатысы үшін зор маңызы бар. Табиғи су жолдары аса ірі су жүйелерін өзара байланысты ратын каналдар торымен түседі. Солтүстік Америка өзендерінің едәуір бөлігі көбінесе жаңбыр сумен толығады. Бұл жағдай материктің оңтүстік, оңтүстік – шығыс және орталық бөліктеріндегі өзендерге тән. өйткені бұл аймақтарға тіпті де қар жаумайды немесе анда – санда жауып кетсе тез еріп кетеді. Сондықтан өзендермен көлдердің су жинауында жаңбыр суы үлкен роль атқарады. Бырақ бұл аймақтың әр жерінде жауын – шашының жылдық мөлшері мен жауу тәртібі әр түрлі келеді. Жаңбыр суымен толығатын өзендердің ағу тәртібі артүрлі болатыны да сондықтан.

2. Аппалач тауларының кейбір аудндарында ағын судың жылдық мөлшерінің қалыңдығы 1500 мм-ге жетеді. Аппалач тауларының басталатын өзендер қысқа, бірақ суы мол әрі ағысын қатты болады. «Сарқырама шегі» деп аталатын бөктерлік үстірттің тік шетін кесіп өткенде өзендердің бәрі дерлік биіктен құлап ағады. Оңтүстік – шығыс жағалаудағы өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына жете бере кең жайылып кетеді де және олардың сағасында мұхит кемелері жүзе береді. Ондай өзендердің ең елеулілері – Гудзон, Делавэр, Саскуэханна және Потомак, Миссипи өзенінің сол жақ салалары жылдың ұзақ мерзімінде толып ағады және оның су энергиясының қоры едәуір болады. оның ішінде ең үлкені – Огайо өзені мен оның саласы Теннесси.

Материктің орталық бөлігінде ірі – ірі әрі күрделі өзен жүйелері бар. Кордильердің биік таулы аймағы мен ұшы – қиыры жоқ кең жазықтың жалғасып жатуы дүние жүзіндегі ең үлкен өзен жүйелерінің бірі – Миссиспи өзен жүйесінің құрылуына жағдай жасаған. Миссипидің оң жақ саласы (миссури өзенінің иеллоустон, Платт, Канзас, арканзас, Ред-Ривер салалары мен қоса), сондай –ақ Мексика шығанағына тікелей құятын кейбір өзендер, атап айтқанда, Рио-Гранде өзені, бір қалыпты ақпайды. өйткені мұның өзі олардың басталған аймақтарындағы жауын – шашынның түсіуіне және ондағы таулы жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты. Бұл өзендердің су жинауында жаңбыр суы басты роль атқарады, сондай ақ Сеңгір тауларына жауатын қардың да быраз маңызы бар.

Солтүстік Америка Тынық мұхиттың батысының біршама шағын териториясының климаты Жерорта теңіздік климатқа ұқсас. Ондағы аздаған тұраұты ағын сулар қысқа жауатын жаңбырларға қыста нағыз мол сулы болатыны айқын көренеді.

Пассат желдері жауын – шашын алып келетін материктегі және аралдағы Орталық Америка Кордильер тауларының Атылант мұхитына қараған беткейінде ағысы қатты мол сулы өзендер көп. Ал таудың Тынық мұхитқа қараған беткейінің өзендеріне су едәуір аз болады., қыс кезінде тартылып қалады да экваторлық мұссон жаңбырлы кезінде тасып ағады.

Американың көп жері (Америка Құрама Штатының солтүстігі, Канада және Аляска) өзендері мен көлдері негізінен қар мен мұздықтардан су жинайтын, ал жаңбыр сулары маңыз алатын аймаққа жатады. Американың бұл бөлігінде көптеген өзендердің ағынын үлкен көлдер ретке келтіріп отырады.

Көптеген өзендердің ағынын көлдер ретке келтірніп отырады. Батыс пен солтүстік өзендердің едәуір бөлігі кордилердің биік тау аймағынан басталады, сондықтан да оларға жазда толып ағатын және су су деңгейі күрт ауытқитын нағыз альпі режимі тән. Мұндай өзендердің ең ірілігі – Колумбия, Фрейзер және басқалары. Канаданың батыс жақ жағалауында ағын сулардың көрсеткіші өте жоғары – 1500мм-ден асады.

3. Солтүстік Американың оңтүстігіндегі ең шеткі мәңгі мұздар Мексиканың Вулканды жартасының шыңдарына (5000 метрден аса бикке) жатыр. Солтүстік жаз кезінде қатты кішірейетін шағын – шағын қар тектес мәңгі мұздар Сьерра – неведа тауларының неғұрлым биік жерлерде ғана кездеседі.

Солтүстікке барған сайын, кордильдердің батыс бөлігінде, қар басып жататын биіктік шекарасының деңгейі төмендегідей түседі, ал құлама су тауларына жеткендегі альпі тектес мәңгі мұз қабаттары едәуір мөлшерде болады. жағалау жоталары мен Құлама су таулардағы қар басып жататын биіктік шекарасының деңгейі щамамен 1500 – 2000 метірге дейін жетеді., ал солтүстік ендіктің 580 – тағы парллернен бастап жауын – шашының көбеюіне және жазғы температураның салқындауына байланысты бұл деңгей 500 метрге дейін төмендейді. Кордильердің солтүстік жағалау бөлігінде Скандинавиядағы текістік қалың мәңгі мұз қабаттары, сондай – ақ аляскадағы тектес немесе Маляспин (Аляскадағы ең ірі мәңгі мұз қабатын осылай аталады) тектес деп аталатын тау етегіндегі мәңгі мұздар тән келеді. Жартастағы таулардағы алғашқы ірі – ірі мәңгі мұздар солтүстік ендіктің 400 – сынан солтүстікке қарай кездеседі., ал солтүстік ендіктің 480 12 – ы Америка Құрама Штатының солтүстігіндегі шекарасының екі аралығында мәңгі мұз бастау қабатының орасан зор орталығы жатыр. Онда, салыстырмалы түрде алғандағы шағын алқапта әр тектес 60-қа жуық мәңгі мұз орталықтары бар. Бұл алқан Америка Құрама Штарттарына мәңгі мұз орталықтарының ұлттық паркі ратінде кеңінен мәлім.

Ірі –ірі мәңгі мұз орталықтары канаданың оңтүстігіндегі жарртасты тауларда шоғырланған. Бірақ бұл елдің солтүстігі мен альясканың ішкі аймақтарындағы мәңгі мұздардың көлемі едәуір қалпы алғанда тау жоталары да аласара береді.

Мұз басудың осы заманғы орталықтары сонымен бірге Американың : Грениландия, Элсмир, Деврн, Грант жері және Баффин Жері сияқты солтүстік аралдарда да болып отыр. Ол жерлерде орасан зор көлемдегі мәңгі мұз қабатымен қатар аңғар-аңғарды алып жатқан аса үлкен мәңгі мұздар да бар.

Көлдер, бұған дейін атап өткеніміздей, негізінен алғанда материктің солтүстік жартысында, Канада кристалды қалқаны мен оның шекарасы аймағында шоғырланған. Ткетоникалық ойысулар болған жерлерде пайда болған, кейіннен мәңгі мұз көшкіндері тілгілеп тереңдей түскен ірі –ірі көл бассейіндердің үлкен бір тобы Канада қалқанның шет аймағында жатыр. Олар: үлкен аюкөлі, Үлкен Еріксіздер көлі, Атабасқа, Виниипег және Винипегонис, Ормандағы, Нипигон, көлдері, сондай – ақ, ең ақырында, Ұлы солтүстік Америка көлдерінің тобы.

Кордилкрдің оңтүстігіндегі ішкі жазық жоталарда су деңгейі ауытқып тұратын тайыз тұзды көлдер жиі ұшырайды. Олардың көпшілігі мұз көшкіні кезінен кейін мұндағы клматтың ылғалы арта түскені айқын көрсететін бассейіндердің бірте –бірте жойылып бара жатқан қалдықтары болып табылады. Бұған үлкен тұзды көл, Юта және басқалары мысал бола алады.

Орталық Америка аймағында тектоникалық құбылыстар кезінде пайда болған көлдер бар. Олардың ішіндегі ең ірілері – Никарауаи мен Манагуа көлдері.

Миссисин Жоғарғы көлдің оңтүстігінде жатқан шағын үстірттегі мұздық көлдің оңтүстігінде жатқан шағын үстірттегі мұздық көлдер мен батпақты жерлерден басталады. Бұл өзеннің бастауы Волганың бастауына өте ұқсас. Миссиспидің басты ірі саласы-Миссури. Миссури соншалықты ұзын өзен болғанымен оның ағын суы миссисипидің жоғарғы жағындағы қарағанда едәуір кем, сондай-ақ оның мөлшері де тұрақты емес, өзгертіп тұрады.

Миссиспидің сол жақтағы аса ірі саласы – Огайо өзені, оны ұзындығы 1580 километ. Бұл өзен мол сулы, ол орта есеппен алғанда секунтына 7500 текше метр су ағызады және Миссипидің қоектенуде үлкен роль атқарады. Огайоның суы әсіресе жазғы муссон жаңбыры кезінде ерекше болады. ол кезінде өзен ағындарында жиі – жиі тасқын болып тұрады. Миссипи Огайо құйған жерден бастап ең төменгі сағасына дейін өзгермей, бір қалыпты ағады.

Миссисипи жүйесінің өздерінің шаруашылық үшін зор маңызы бар. Оның бүкіл бассейінің 20мың километрге тжуық учаскісі кеме қатынасына қолайлы. Миссисипи ұлы көлдердің кеме қатынасы жүйесімен какналдар арқылы байланысады. Мысалы, Мичиган көлімен Иллинойс өзені арқылы, Эри көлімен Огайо өзені арқылы жалғасып жатыр. Миссисипи оның салаларының суы бассейінің оңтүстік бөлігіндегі құрғаншылық күшті аудандарды суландыру үшін пайдаланады. Оның үстінде, Миссисипи жүйесіндегі өзендерде су энергиясының елеулі қоры бар, онда ірі – ірі су элекрт станциялары салынған.

Солтүстік Америкадағы маңызды су жүйесі – Ұлы көлдер мен Әулие Лаврентий өзені. Ол бірнеше ірі – ірі көлдер (жоғарғы көл, гурон, Мичиган, Эри, Онтарио) мен көптеген шағын көлдерді қамтиды. Бұлардың бәрі бір – бірімен өзара жалғасып жалпы аумағы 246050 шаршы километр келетін, дүние жүзіндегі ең үлкен түшы сулы біртұтас су бассейін құрайды. Жоғарғы көл өзеннің көлемі жағынан дүние жүзіндегі тұщы сулар көлдердің қай – қайсысынан болса да үлкен. Оның су айдыны 82414 шаршы километр келеді, ең терең жері 393метр. Ұлы көлдердің ішінде Эри көлінен басқасының бәрі де криподенрессиялы болып келеді, олардың қолтаңбалары мұхит суының деңгейінен төмен жатыр.

Екінші, едәуір төмен деңгейде Мичиган Гурон көлдері қатар. Олар бір – бірімен кең тармақ арқылы жалғасады. Үшінші деңгейде Эри көлдерінің екі арасын Сент-Клэр көліне барып құятын шағын ғана Сент-Клэр өзені жалғастырады. Сент-Клэр көлінен Детройт өзені ағып шығады. Ең төменгі деңгейде Онтарио көлі бар. Онтарио мен Эри көлдері деңгейлерінің арасындағы айырмашылық 100 метрге жетеді. Олар бір – бірімен Нигада өзені арқылы жалғасып жатыр. Бұл өзен силулық Куэст үстіртінің жотасын кесіп өтетінжерде 50 метрге жуық биіктіктен құлай ағады. Ол Нигода құлама суы деп аталады.. Осы жерде құлама суды айналып ағатын, кеме қатынасына жарамды Эри каналы қазылған.

Солтүстік Америкадағы үлкен өзендердің бірі ретінде Макензиді де атауға болады. Әдетте оның бастауы деп Канададағы жартасты таулардан ағып шығып, атабасқа көліне барып құятын Атабасқа өзені саналады. Атабасқа көлінен төменгі жақта ол еріксіз деген атпен Үлкен Еріксіз көліне құйғанға дейін ағады. Ал, өзеннің осы көлден ағып шыққанан кейін бөлігі Американың белгілі зертеушісі, ғалым Макензидің есімімен аталды.

Аляска үшін зор мағңызы бар ірі өзен – Юкон. Ол да Макензи сияқты Жартасты таулардан басталады да Юкон үстірті арқылы ағады. Юконның ұзындығы – 3180километр, бассейіннің аумағы -855 мың шаршы километр. өзен негізінен еріген қар суынан көрек алады. Суының ең мол болатын кезі – июнь айы. Содан кейін су деңгейі едәуір төмендейді. Үйткені өзен бассейіні аймағында жауын – шашын мөлшері өте аз. Маккензи сияқты Юконды да жарты жыл бойы дерлік мұз басып жатады. Өзеннің орта шетіндегі тас табалдырықтар кеме қатынасына кедергі келтіреді. Юконның барлық байлығының жергілікті халық үшін зор мағызы бар.

№11-12-13 дәріс. Солтүстік Американың топырағы, органикалық дүниесі.

11.1. Солтүстік Американың топырағы.

11.2. Солтүстік Американың өсімдіктер жамылғысы.

11.3. Солтүстік Американың жануарлар дүниесі.

Солтүстік Американың басым көпшілігі болып табылатын солтүстік бөлігі Голартикалық әлем шеңберіне , ал одан аздау оңтүстік бөлігі Мексиканы және америка құрама штаттарының қиыр оңтүстігін қоса қамтып ,Неотропикалық әлем шеңберіне жатады .егер материктің солтүстік бөлігінің даму тарихымен өсімдіктер құрамы Евразиямен сөзсіз байланысты екендігі байқалса ,оңтүстік бөлігі Америкаға ұқсас келеді .

Бор дәуірінің аяғынан бастап палегоеннің ақырына дейін бұл материкте Азяның солтүстік шығысындағы өсімдіктерге ұқсас біріңғай субтропикалық өсімдіктер дүниесі үстем болып келді .

Ол кезде материктің орталық бөлігін теңіз суы басып жатқан еді , ал оның шығыс және батыс шет аймақтары солтүстікте ғана байланысатын .

Солтүстіа Американың өсімдіктер дүниесінің ішкі өзгешеліктері климаттың өзгеруіне байланысты кайнозой дәуірі бойынша қалыптаса бастады . Өиткені солтүстікте ауа райы салқындап , батыста жауын – шашын мөлшері кеи түсті .Міне бұның бәрі Солтүстік Американың шығыс және батыс бөлектеріндегі өсімдіктер дүниесінің ерекше дара аймақтарының қалыптасуына әсер етті . Бұл аймақтарда негізінен алғанда орман өсімдіктері басым болады . Ал , материктің орталық бөлігі теңіз суы тартылғаннан кейін шөп өсімдіктері өсетін аймаққа айналады .

Солтүстік Американың қиыр оңтүстігінде палеоген дәуірінің бас кезінде Европаның тропикалық өсімдіктеріне ұқсас тропикалық өсімдіктер басым болды. Неоген дәуірінде жазық далалардың құрылуына байланысты бұл өсімдіктердің ксерофитті элементтер солтүстікке қарай ауыса бастады . Сөйтіп қазіргі шөлеит және далалы аймқтардағы өсімдіктер пайда болды . Неоргенің аяқ кезінде ауа райының бірте – бірте құблыуы субтропикалық өсімдік түрлерінің жойылыуына және оңтүсттікке қарай шегінуіне , сойтіп олардың қоңыр салқын ендік бойларының өсімдіктермен ауысыуына алып барып соқты .Евразиядан ауысқан болуы тиіс . Өйткені солтүстік жақта бұл екі материк арасында құрғақ жер арқылы байланысы бар болатын .

Мұз көшкіні материктің едауір бөлігіндегі өсімдіктер жабынын жойп жіберді . Бірақ ,оңтүстікте ауа райы өзгерісі өте қатты болмады да орман өсімдіктері сақталып қалды . , ал , олар мұз көшкіні басталған нан кейін солтұстікке қарай ауыса түсті . , бірте – бірте бүкіл материкке тағы да тарап кетті . Екінші жағынан , мұз көшкіні алдында және мұз басып жатқан дәуірлер аралығында солтүстіктен оңтүстікке қарай артикалық және және жоғары тау өсімдіктерінің өсімдіктері өткен болатын . олар мұз дәуірінің жұрнақтары ретінде күні бүгінге дейін сақталып қалған .

Мұз көшкіннен кейінгі климаттың өзгерістері мен қазіргі жақдайлардың қалыптасуы осы заманғы топырақ - өсімдік топырақ жабынының үзілуіне алып келеді .

Солтүстіак Америкадағытопырақ - өсімдік жабынының бірнеше түрге бөлінуінің өзіндік кейбір ерекшеліктері бар . ол ерекшеліктер материктің құрлым пішініне , орографиясына және климатына байланыфсты .

Тұндыра , орманды тұндыра және тайға орманы материктің солтүстік жартысында ендіктерге тайау алқаптар бойымен созыла орналасқан . Одан әрі оңтүстікке таянған сайын аймақтық сипаттар өзгеріп сала береді . Атлант мұхитының жағалауына жауын – шашын мейлінше мол және бір қалыпты түрде түседі . Ал , материктің ішкі жағына енген сайын жауын – шашын мөлшері бірте – бірте кеми береді . Сондықтан да Солтүстік Америкадағы қоңыр салқын және субтропиктік аймақтарда жатқан орманыды далалардың , далалармен шөлдердің ешқайсысы да Атлант мұқитына қараған аймақтар түрінде созылып қала береді .

Мұқиыт жағалауы бойында ендік бойынша өтетін аймақтар сақталады , бірақ мұның өзі мезофилді ормандардың түр – түрінің орналасуы болып келеді . Мысалы , таганы аралас орман , одан соң қоңыр салқын аймақтағы жапырақты орман алмастырады , одан ары оңтүстік- шығыстағы .субтропикалық мәнді жасыл орман жалғасады .

Өсімдік жабынының аймақтық түрлерге бөлінуінің мұндай көрінісі Азияның шығысына да тән өйткені екі материктің де шығыс жақ аймақтарындағы климаттық қалыптасуының арасында елеулі өзгешеліктер тудырады .

Солтүстік Американың тропикалық және субэкваторлық аймақтар шеңберінде жіңішкеріп бөлшектене түсіуіне байланысты тропикалық аймақтағы шөл далалар , тропикалық ормандар мен саванналар кең алқапты алып жатқан жоқ . қайта орталық Америка құрлығындағы шағын – шағын учаскелерде бөлшек- бөһлшек болып орналасқан .

Гренландияның басым көпшілігін Элсмир аралық орталық бөлігін , сондай- ақ ффин жерінің кейбір аудандарын материктік мәңгі мұз басып жатыр . Сондықтан да ол жерлерде топырақ жабыны мен өсімдіктер дүниесі жоқ деуге болады .

Апктика архипелағындағы едәуір бөлігін Грландияның мәңгі мұз баспай жатқан шет аймақтарын әрі солтүстік Аляасканы , Гудзон шығанағының жағалауын , Лабрадордың және Ныюфаундленің солтүстік жақтарын қамтитын материктің солтүстік бөлегін тұндыра алып жатыр . Тұндыра шығысқа қарай солтүстік ендіктің 55-54-на дейін созылады . Мұның өзі Лабрадорағысына және материктің солтүстік шығыс бөлігінднгі климаттың аса қатал және дымқыл болуына байланысты .

Солтүстік Америкадағы тұндыра өзінің көрінісі жағынан Евразия тұндырысына өте ұқсас . оның солтүстік жағында мүк пен қына өсетін және топырағы полигоналды келетін артикалық гүндра басым .Ал оңтүстік жағына көк шалғын мен дәнді өсімдіктер жабыны , тырбиған аласа ағаш тұқымдары :тал , қандыағаш , жатаған араша кездеседі . Бұл өңірде сонымен қатар шымтезекті батбақ мол .

Гудзон шығанағының батысына қарай орманды тұндыра алқабы мейлінше кеңіп сала береді . онда өсімдіктің ағаш түрлері пайда бола бастайды . олар материк орманының солтұстіктегі шекарасын көрсетеді . қара және ақ шырша өседі .

Аляскадағы жазық тұндыра Скандияның түбіндегі сияқты тау беткейіне жете бере өсімдігі сирек алқапқа , тау тұндырасына ауысады .

Солтүстік Американың орасан зор теритоиясын қоңыр салқын алқаптың сортаң топырағында өсетін қылқан жапрақты орман алып жатыр . ол орман солтүстік ендіктің 61- ынан 12- ына дейінгі аралықта тұнық жағалауында өседі . , одан әрі Көрдилер тауының төменгі етегіне дейін жетеді , ал шығысқа қарай кең жазық далаға ойысады .

Кордильер тауының шығысына қарай қылқан жапырақты орманның оңтүстіктегі шекарасы солтүстік ендіктің 54-55-ына дейін солтүстікке қарай тік көтеріледі . Содан соң оңтүстікке қарай Үлы көлдермен Әулие Лаврен-итий өзенінің сағасына дейін төмен түседі .

Лабрадордың жағалауынан бастап Аляска тауларының шығыс беткейіне дейінгі аралықтағы орасан зор территорияны алып жатқан қылқан жапырақты орманда өсетін ағаштың құрамы біртектес келетіндігі мен сипатталады .

Тынық мұхиьт жағалауынджағы орман өзінің түрі жағынан да , беретін ағашының құрамы жағынан да материктің шығыс жағындағы орманнан өзгеше . шығыста өсетін ағаштарыд ың көптеген түрі Евразиядағы ағаштарға ұқсас , батыста қылқан жапырақты ағаштардың эндемикалық түрлері басым келеді . ағаш түрлері Азияның шығысындағы ағаштарға ұқсас .

Әдетте Гудзон тайғасы деп аталған шығыс тайғасында биік өсетін қылқан жапырақты жуан ағкштар мол . Олар ағаштың индемикалық Американдық түрлері болып табылады . Атап айтқанда , Канада шыршасы , Американ бал қарағайы , тас қарағай немесе қара қарағай аталатын Банкс қарағайы мүның сонысынан текникада жиі қолданылатын қарамай тәріздес бағалы зат –Канада бальзамы алынады .

Қылқан жапырақты ормандағы кеңінен тараған жапырақты ағаштың түрлері –жып – жылтыр аппақ қабығын үниыңы, балзам терегі көк терек .

Аласа ағаштар арасында қызыл қарақат , қара қарақат , бүлдірген ,қара жидек сияқты алуан түрлі жеміс – жидек бұталары басым . Топырақтың үстінгі қабатын мүк пен қына басып жатады . бұл ормандар алып жатқан жерлердің топырағы кәдімгі құнарсыз қалыпқа түскен . солтұстікке таман бұл топырақ мәңгі мұз аралас тайға топырағына айналса , оңтүстікке қарай құнарсыз шым топыраққа айналады .

Батыс жағалаудың ылғалды және жұмсақ климаты ормандардың өсіп - өнуіне ерекше қлайлы жақдайлар туғызады . тынық мұхит жағалауындағы қылқан жапырақты ормандарыдң өзіндік ерекше көркі бар . олар өсетін ағаштардың да , бұталардың да ,өсімдіктердің де тұрлері , құрамы жағынан өте – мөте бай . Үдайы ылғалды болып тұратын жұмсақ ауа биіктігі 80 метірге , кейде тіпті 100метірге дейін жететін жуан ағаштардың өсуіне қолайлы келеді . ол ормандардағы ағаштардың көп тараған түрлері –сихиин шыршасы . дұалас самырсынды , батыс хемлогы немесе тсуга , нуткрін кипарисі алыи туянемесе жергілікті халық қызыл арша деп атайтын ағаш . осы соңғы аталған ағаш тұтасып қалың өседі де өнімді өте – мөте мол береді . қылқан жапырақты алып ағаштардың арасында аласа өспейді деседе болады , оның есесіне алуан түрлі бұталар , көбінесе тікенді бұталар қалың өседі .

Жағалаудан алыстаған сайын ауаның ылғалдығы бірте – бірте кеміи береді . Ішкі аңғарлармен Көрдильер үстіртінде дугалас самырсыны мен сары қарағай өсетін неғұрлым құрғақ ормандар басым . онда сонымекн қатар басқада қылқан жапырақты ағаштар аралас өседі .

Тынық мұхит жағалауындағы ылғал сүйетін жануарлы ормандар оңтұстікке қарай солтүстік ендіктің 40-ына дейін дерлік созылады . Ол ормандарда неғұрлым құрғақ жерлерде басым өсетін сары қарағай , сондай- ақ дуглас самырсыны ақ самырсын қант қарағай , қара арша көп . шамамен алғанда оңтұстік ендіктің 40- сы маңынан бастап мәңгі жап – жасыл севойяпайда бола бастайды .

Материктің шығыс бөлігінде қылқан жапырақты ормандар бірте бірте аралас жапырақты орманға айнала бастайды . аралас ормандар Үлы көлдер аймағы мен әулие Лаврентийөңірінің алқабына кейіннен тараған . Малериктің орта орта бөлегіне жете бере тайға орман аралас далалармен ашық далаларға айналады .

Солтүстіа Американың аралас ормандарында қылқан жапырақты ағаштармен көптеген жалпақ жапырақты ағаштарда өседі . Қылқан жапырақты ағаштардың ішінде көп тараналы 60 метрге дейін жететін ақ қарағай , немесе веймугы қарағайы , қызыл қарағай болып табылады . жалпақ жапырақты ағаштардың қатты сарғыш ағаш өндірілетін қышың ,қинт үйенкесі американ ақ үйенкесі , американ шегіршіні , шамшат ,жөке ағаштары жиуі кездеседі . бұл ормандар тайганның топырағымен салыстырғанда едәуір құнарлы келетін сары топырақты және құнарлы аз шым топырақты жерлерде өседі . Аралас ормандар баяғыдан бері аяусыз отаудан жойылып келді . қазір ол негізінен алғанда Аииалач тауларының жоғарғы бөлігінде ғана сақталып қалған . Ол ормандар сонымен қатар кесуденде ,оданда ауыр зардап шегуде .

Аралас ормандардың оңтүстігіне қарай материктің шығыс бөлегін Аиианач ормандары деп аталатын жалпақ жапырақты ағаштар алып жатады . Бұл ормандар Солтүстік Америкада өсетін өсімдіктердің неғұрлым түрлерінің біріне өте бай . Жалпақ жапырақты ағаштар өсетін ормандар апплач тау жүйесін түгелдей дерлік қамтиды және оның шығысындағы ұлы көлдердің оңтүстігіндегі жазық далалар да бар олар темір топырағына бай келетін қоңыр топырақта жақсы өседі . оның үстіне жұмсақта слғал ,ауаныңда игі ықпалы күшті . Аппалач ормандарына Европа мен шығыс Азияда өсетін кейбір ағаш түрлері мен біртектес келетін жалпақ жапырақты ағаш түрлері басым . Сондай- ақ өте ертнднгі ағаштардың сақталып қалған жұрнақтарының көптеген энднмикалық түрлері кездеседі . Аппалач ормандарында өсетін ағаш түрлерінің бүкіәл жер шарындағы ең бір бай құрамдарыдң бірі саналады . оларда еменнің Американдық түрлері мейлінше мол . сонымен қатар талшын , шамшат ақ үйеңкі ,жөке , шынартақтарын барынша жайып өсетін аса жуан биік ағаштар басым келеді . оларды көбінесе жабайы жүзім немесе шырмауық тәріздес өсімдіктер бойлап өсіп , шырмап алады . Бұл аймқтың оңтүстік бөлігінде гикорн , магиолия , қызғалдақ ағашы , және ликвидамбар сиячқты жылдамдықты сүйетін көне заманғы ағаш түрлері кездеседі .

Аппалач орманы өзінің байырғы түрінде сақталмаған . ол түрлері отап кесудың және егістік жер әзірлеудің салдарынан қатты зардап шекті . Тіпті бұрынғы орман сақталған деген жерлердің өзінде де ағаш түрлерінің құрамы қатты өзгерске душар болған . Бірақ қалай дегенде де бұл ормандар осы күндеде солтүстік Американың басты байлықтарының бірі болып саналады .

Миссисини және Атлнтика ойпаттарының оңтүстік бөлектерінде , сондай-ақ Флориданық ормандар басым келеді . Бұл ормандардың ағаш құрамы топырақ қыртысы жақдайларына байланысты өзгеріп отырады . жеңіл топырақты қыртысы жерде қарағайдың субтронтикалық түрлері өсетін ормандар мен емен ,магполия , шамшат , шырмауық пен өшпитілік өсімдіктердің алуан түрлері мен аралас өсетін қалың жынысты ормандар бар . неғұрлым құрғақ топырақты жерлерде сабаль деп аталатын аласа бойлы Американ налымасының қалың жыныстары кездеседі . Флориданың су басып қала беретін жағалауымен миссиеини ойпатында батпақты жерде өсетін кипарис тің сақталып қалған жұрнақтары өсетін ормандар жиі ұшырасады тіреу тамырлары тереңге кететін осы бір ірі ағаштардың қалың жынысы ұдайы ылғалы арылмайтын батбақты жерлерде тіпті жоғары бойлап өседі .

Материктің шығыс бөлегіндегі жалпақ жапырақты ағаштар өсетін аралас ормандар мен мәңгі көк жасыл болып тұратын ағаштар өсетін субтропикалық ормандар батыста жазық далалармен шектеседі . Мұндай далалы алқаптар Орталық жазық арқылы сонау солтүстікке дейін созылып барып , Оңтүстік канада ның шегіне дейін жетеді . ал оңтүстікте солтүстік ендіктің 30-ына дейін барады . Батыста Кордилер тауларының етегіне барып треледі .

Ішкі жазық алабындағы топырақ пен өсімдік дүниесі шығыстан батысқа барған сайын өзгере береді. Мұның өзі климат жақдайларының өзгеруіне негізінен алғанда жауын – шашын мөлшерінің азая түсуіне байланысты .Далалы жерлердің шығысы және кей- кейде солтүстігі сұр топырақты орман аралас далалармен шектеседі .Орман аралас далалар бірте – бірте өсімдік құрамы өте бай шалғынды далаларға немесе прерияларға ұласады . Прерияларда дәнді өсімдіктер өседі . , олардың жабынының биіктігі 150сантіметрге дейін барады . Ақселеудің Американдық түрі , бидайық ,көгілдір сақал сияқты өсімдіктерге араласып ашық түсті гүлдері бар алуан – алуан шөп өседі .

Жылу мен ылғалдың молдығы прериалардағы шалғынның көптігі бұл өңірде топырақтың ерекше түрінің –прериялардағы қара топырақты қыртыстың немесе кәдімгі қара топырақ пен орманды жердегі қоың топырақты ң екі арасындағы өзіндік қоңыр топырақтың пйда болуына ықпал етеді .

Прериялар батысқа барған сайын кәдімгі құрғақ далаларға айнала бастайды . Ал жерлерге сортаң тартқан учаскелер бар қара топырақты және қоңыр топырақты алқаптар тән келеді . өсімдік жабыны әрі сиреп , аласара түседі ,әдетте жарты метір биіктіктен аспайды . кең тараған дәнді өсімдіктер арасынан Грам шөбін , бизон шөбін ерекше атауға болады . Аймақтың оңтүстік батысында тікелей бұталардың қалың жынысы кездеседі . Оларда құрғақ субропиканың қоңыр топырақтарында жақсы өсетін мескит , опунция сияқты басқада бұталар бар .

Далалар мен орманды далалрдың алғашқы кездегі өсімдік жабыны солттүстік Американың көптеген өзге өсімдік тұрлерінің қай- қайсысымен салыстырғандада да адамдардың тигізген ықпалы арқылы көп өзгерске ұшырады . Бұл егін шаруашылығы мен Малшаруашылығы күшті дамыған ең басты аймақ саналады . Сондықтанда орсан зор кең алқаптардағы тәбтғыи шөптердің түр- түріде бір жола жойылып кеткен , не өзінің түрлік құрамы жағынан өте қатты өзгеріске ұщыраған .

Америка құрама штаттарының оңтүстік батыстағы шет аймқтарына тынық мұхиттың шамамен алғанда солтүстік ендіктің 12-ынан Калифорния түбегінің солтүстігіне дейінгі жағалаудағы , сондай- ақ Калифорния аңғарындағы жатқан алқаптар жер орта теңізі аймағындағы субтропикалық климат тән . бұл аймақтағы қара қоңыр , сұрғылт –қоңыр және қоңыр топырақта құрғақшылыққа төзімді ормандар мен бұталардың қалың жынысы өседі Ормандарға негізінен қарағаймен арша басым өседі . олардың биіктігі әдетте 15метрден аса бермейді . Құрғақшылық күшейе түскен сайын ормандар түрлі бұталардың қалың жынысына айнала бастайды . көптеген жерлерде , жерорта теңізіаймағы сияқты, бұталардың қалың жынысы оталған немесе өртеніпбіткен ормандарға барып тіреледі . Ол қалың жыныс экологиялық жақдайына сырқы көрінісіне және тіпті бұталардың құрамына қарағанда да жер орта теңізі аймағындағы маквисті еске салады . Онда мәңгі көк –жасыл болп тұратын емендердің ,аласа арша ағаштарының сондай- ақ жапырағы қатты ,түкті әрі қоңырқай келетін , бірақ көбінесе сұрғылыт немесе күміс түске боиялған бұталардың түр- түрі кездеседі . мұндай тоғайлы жыныстардың биіктігі әдетте 2метрден аса бермейді .

Кордилердің ,Солтүстік Мексиканың ішкі жағындағы жазық тау етегінің едәуір бөлгі, Калипрния басым көпшілігі және Калипориния шығанағының солтүстік жағалауы шөлеит және шөлді далалар болып табылады . жер қыртысында сұрғылт , қоңыр топырақ сондай-ақ сортаң топырақ түрлері жиі кездеседі . Мексика тау жотасының солтүстігінде кактустұқымдас өсімдіктердің пайда болатын екінші орталығы бар .Бірақ бұл өсімдіктердің кейбір түрлері сонау үлкен Бассеиін територясы бойынша сотүстікке дейін , тіпті климаты құрғап кететін оданда арғы солтүстікаймақтарға дейін өсе береді . Кактус тұқымдас өсімдіктерідң ең көп өсетін жерлерініңде кактустың , онунцияның , юкка мен агваның бірнеше жүз тұрлері кездеседі . мұның өзі сол аймақтағы өсімдіктер дүниесінің беинесін ерекше өзгертіп жібереді . Кактус тұқымдас өсімдіктермен онда көн тәрізді қатты ұсақ жапырақтары бар тікенді бұталардың кейбір түрлері кеңінен тараған . әсіресе жиі кездесетін мұндай өсімдіктер қатарына қара қошқыл жылтыр жапырақтары бар крозот бұтасын , топ – топ болып шар тәрізденіп тырбыныып өсетін сумақты бұтақтары шоқ – шоқ болып өсетін окитилланы қоуға болады . Американың шөл даласында жусан мейлінше қалың өседі . кей жерлерде қалың жынысының биіктігі 2 метрге дейін жетеді . сортаң топырақты жерлерде сор тұқымдас ащы шөптер өседі . олардың арасында майлы ағаш деп аталатын шар тәрізді тікенді бұт жиі кездеседі .

Солтүстік Американың шөл даласындағы територия ішінара егіншілік үшін , негізінен алғанда мал жайылымы үшін пайданалылады . Шөл даланың көптеген өсімдіктері әсіресе кактус тұқымдас өсімдіктер , тағам ретінде , сондай- ақ техниқалық дақыл ретіндеде кәдеге асады .

Орталық Америка Кариб теңізіндегі аралдарды қоса алғанда Неогрөпитік өсімдіктер әлеміәнің шеңберіне түгелдей енеді . ол ормандардағы өсетін ағаш құрамында палыманың (50ден астам түрі ), мәңгі көгеріп тұратын еменнің , ағаш тәріздес панортиниктердің , никада тектес өсімдіктердің тұр- түрі көптеп кездеседі . напиротиик,өрхидея, бромелия тектес лианалар мен энифиттердің көптеген түрлері бар .

Тынық мұхиттың климаты негұрлым құрғақ және жауыен – шашынды кезеңі аз жағалауында ылғалды тропиктік ормандар қызыл – қоңыр топырақты аймақты алып жатқан саминаларға барып ұласады .

Орталық Американың барлық жерлерінде өсімдік жамылғысы адам әсерімен күшті өзгерді . ылғалды тропиктиік ормандар дерлік кесілген .ал олардың орнына тропиктік өсірілетін илантациялар пайда болды .

ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ

Солтүстік Американың үлкен бөлігінің зоогеографиялық жақдайы Еверазияға жақын және Голарактикалық зоогеографиялық аймақтың шеңберіне енеді . Бұл ұқсастықты геологиалық даму тұрғысынан алғанда тайауда ғана солтүстік –шығыс Азиа мен солтүстік – батыс Америка арасында құрлық арқылы байланыс жолының болғандығымен ғана түсіндіру мүмкін . Қазіргі Бериг бұғазының орнындағы құрлық арқылы жануарлардың алуан түрлері Солтүстік Америкада , Евразияда тарап кеткен деп санауға болады .

Солтүстік Америка Евразиядан бөлініп қалғандықтан қазір оның териториясында бұл күндері жануарлардың Евразияда жоқ түрлері пайда болған .оның үстіне Евразияға тән жануарлар түрлерінің көпшілігі жоқ .

Солтүсті және оңтүстік Америка арасында плиоцен кезеңінен бері қарай пайда болған құрлық арқылы жасалатын байланыс екі материктің жалғас жатқан бөлігіндегі жануарлар дүниесінің ортақ болған қалыптасуына ықпалын тигізді . Солтүстік Американың солтүстік ендіктің шамамен 20-ынан бастап оңтүстікке қарай созылып жатқан шеткі бөлігі жануарлар дүниесінің неотропикалық аймағына енеді .Бұл аймақ бұкіл Оңтүстік Американыда қамтиды . неорогропиктік жануарлар дүниесінің кейбір түрлері солтүстік Американың солтүстік ендіктің 20-ынан едәуір солтүстікте жатқан териториясына еніп кетеді .

Материктің Голарактика аймағына енетін бөлігінің алабында қай жерлерді мекендейтінінің алуан түрлі жақдайларына қарай бірқатар ішкі аймақтарда қалыптасқан .

Тұндырадағаы жануарлар әлемінің Еверазиядағы жануарлар әлемі мен салыстырғанда да өзіндік ерекшеліктері бар . Құрлықта өмір сүретін сүт қоректі жануарлардың ішінде ерекше көзге түсетіні –мускуеөгізі немесеқөйөгіз ол өте күшті және денелі әрі өте төзімді келеді . Бір кезде мускусөгіздері Солтүстік Американы солтүстік аралдардан бастап орман шекарасына дейінгі тұндыраның барлық жеріне тараған .Ал қазір олар Американың тек қана артикалық аралдары мен грендиада кездеседі деуге болады . Солтүстікте өсетін Американдық бұгысы едәуіо мол таралған Ол Еверазиядағы жабайы солтүстік бұғыларымен біртектес . қазір бұл бұғылардың түндыроады және орманда өсетін екі түрі бар . Материктің солтүстік жағалауы мен срескен мұзды аймақтарда ақ аюкездеседі . тұндырада сонымен қатар иоляр қасқыры мен иолияар сусары да кеңінен тараған .

Кәсіпшілік үшін иолияр түлкісінің зор маңызы бар . кемріушілер оррадынаи лемминггер , ақ қояндар , сұр тышқандаржиі кездеседі . Тұндыраны қыстап қалатын құстардың ішінен әсіресе ақ құрмен тұндыра құрын ерекше атауға болады . жылы жаққа қайта ұшып кететін құстардың арасында Аляска жол құсы ақ құс жағаларында жұмыртқалайтын басқа толып жатқан су құстары кездеседі . Ішкі су көздерінде балықтың көптеген түрі бар . Американың солтүстігіндегі жағалаудың суларындағы жануарадүниесі бай келеді . Онда осы уақытқа дейін Грландия киіт және парзал кездеседі .Итбалықпен моржыдар да көп . Жануарлар дүниесі бұданда көп алуан түрлілгімен көзге түседі . Бұрын ондағы ең үлкен жануар орман бизоны болатын . қазір ол тек топырақтарда ғана кездеседі . барлық жерде тараған . ол ағаштардың , бұталардың жапырағымен жас бұтағын , сондай –ақ өсімдіктерін көрек етеді . бір кезде вантти бұғылары табындарымен жайылып жүруші еді . Қазір ол аса ірі қалың жалды жануарларда , бизондар сияқты тек қорықтарда ғана сақталған .

Жыртқыш аңдардың да түрлері мол . Олардың көпшілігі басты кәсіпшәілік аңдар болып табылады . Мысалы солтүстік камшат , солтүстік американ сусары –американ бұлғыны, американ қара күзені және ақ тышқан . ірі жыртқыш аңдардың ішінен әсіресе аюды , қасқырды , сіеушінді айтуға болады .

Кемірушілер отрядына жататындардың ішінде әсіресе канада құндызы мен сабауқұйрық ондатра көп тараған . осы бір бағалы аңдар көптеген аймақта түгелдей дерлік жойылып біткен еді . бірақ оларды аулауға тиым салудың нәтижесінде қазірқайта көбейіп келеді . Ине тікенді эндемик , немесе норкупин деп аталатын көбінесе ағаштардың басында жүретін дикобраз тектес ірі кеміргіш ерекше назар аударады . Ине тікенді ендемикті оның бағалы терісі мен еті үшін аулайды . неғұрлым ұсақ кемірушілердің арасынан қызыл тиынды , американ қоянынақсары тышқан мен көр тышқандарды атауға болады .

Аралас ормандар мен жалпақ жапырақты ормандардың жағалаулар дүниесі тайганын жануарлар дүниесіне ұқсас болғаны мен оларда тайга ормандарында өсетін кейбір аңдар өседі . жапырақты ормандарда тайгада өсетін барынбал деп аталатын қара аю кездеседі . Тайга ормандарындағы сияқты қасқыр , түлкі , күзен , жанат ,скуне , американ борсығы көп өседі . жапырақты орманға тән тұяқты аң –виргиин бұғысы немесе ақ құйрық бұғы . осы бір мүйіздері тарам – тарам болып өскен өте әсем аң түрлері ағаштардың жас өркен бұтақтарыын қорек етеді . сондай-ақ көк егіскеде өш , сондықтанда олардың елді мекенге жақын жүруі тиімсіз . Бұрын виргиин бұғысы аса маңызды кәсіпшілік жолымен ауланатын . қазір олардың қатары едәуір сиреп кетті . Сондықтанда оларды аулауға канаданың оңтүстік шығысындағы қоықтарды және соларға тайау жерде ғана рұқсат етіледі . жалпақ жапырақты ормандағы жануарлар дүниесінің құрамында сонымен қатар тышқандардың тағы бір түрі қалталы сабау құйрықта бар . Опоссүм аталатын бұл тышқан Неотопитік аймақтан тараған .

Жапырақты ормандардағы қанаттылар отряды да бай . осы құстардың Американдық өзіндік түрі ретінде айыр құйрық және жабайы күрке тауықтар ерекше көзге түседі . . ол ормандар сондай –ақ оңтүстіктен , Неотропикалық аймқтан ұшып келеді . колибриторғайыныің бірнеше түрі кездеседі .

Бауырмен жорғалаушылар отрядының өкілдерімен МиссисналлигаторынжәнеМиссисипиаллинтор тасбақасын атап айтуға болады . Құрғақта да , суда да бірдей өмір сұретін жәндіктердің ішінде ұзындығы 20метрге деиін жететін өгіз –құрбақа ерекше көзге түседі .

Солтүстік Американың ашық кеңістігіндегі –прериялар Кордильсрдің ішкі жазық дөңестеріндегі – жануарлар дүниесі алуан түрлі ірі – ірі жануарларға , әсіресе түяқты аңдарға өте бай . ЕВропалықтар келгенге дейін прериялрдажер бетіндегі аса ірі тұйақты аңдардың бірі –бизондар табын – табын мен мол мөлшерде жайылып жүретін Бизондар өте төзімді келеді . сыртқы көрінісі ебедейсіз көрінгенімен өте жылдам қозғала алады . Мысалы , олар жылқыдан қалай болса сола й озып кетеді . ондаған жүздеген мың б-Бизон табынымен бірге жайылып кең жазық даланы Оңтүстіктен сотүстігіне қарай және оған керісінше кесіп өтіп , орын ауыстырып отыратын . Үндістер бизонды оның еті мен терісіне бола аулайды . Европалықтардың кеуіне және оқ ататын қарудың пайда болуына байланысты сол бір тамаша жануарларды тағлықпен аияусыз қырып – жоиу басталады . оларды мың – мыңдап қырып терісін сыпырп алумен болды . сөйтіп 19- ғасырдың аяғы ғына қарай бір кездегі сан миллиондаған Бизонныңне бары бірнеше жүзі ғана тірі қалды . Бизондарды бір жола жойылып кетуден ( Американ бизон қоғамы )үқйымдастырылғын арнаулы қорғау шаралары сақтап қалды . .қазіәр бизондарды тек қорықтардан ғана кездестіруге болады .

Европалықтар Америкаға Европа жылқысын ала келді . ормансыз жазық далаларда жабайланып кеткен жылқы тіпті көбейе түсті . Мустант деп аталатын жбайы жылқылар үйір – үйірімен келіап қолға үйрету көптеген адамдардың арнаулы кәсібіне айналды . қазір Мустант деп аталатын жылқылары түгелдей дерлік ұстап алынды .

14-15-Дәріс.Антарктиданың климаты мен органикалық дүниесі

1. Антарктиданың климаты

2.Антарктиданың органикалық дүниесі

Антарктика - Жердiң оңтүстік полярлық аймағы. Оның атауы «нaнти» (қарсы) және «артикос» (солтүстiк) деген грек сөзiнен шыққан. Антарктика құрамына мұз жауып жатқан аса зор Антарк­тида материгi және оны жауып жатқан поляр сулары олардағы бы­тыраңқы аралдарымен енедi. Бұл жер шарының табиғаты жөнiнен ең қатал бөлiгi. Кейбiр аралдардан басқасында тұрақты халық жоқ. Антарктиданың бар-жоқтығы туралы болжамдарды географтар мен теңiзде жүзушiлер орта ғасырда-ақ айтса да Антарктида адамзатқа басқа материктерден кеш белгiлi болды. Орыс теңiзде жүзушiлерi 1819-1821 жж. Ч.Ф. Беллинсгаузен мен М.П.Лаза­peвтің басшылығымен арнайы ұйымдастырылған экспедиция ке­зiнде материктiң жағасы мен Антарктикаға жататын көптеген аралдарды алғаш рет көрді. Keлeci ондаған жылдарда Антарктика әр түрлi елдер зерттеушiлерi мен теңiзде жүзушiлерiнiң назарын шешiлмеген ғылыми проблемаларымен де, сондай-ақ су бассейнiндегi зор байлығымен де өзiне тарта түстi /1/.

1911-1912 жылдары норвегиялық поляр зерттеушiсi Р. Амундсен мен ағылшын ғалымы Р. Скотт Оңтүстік полюске бiр мезгiлде дерлiк жеттi. Жұмбaқ материкке деген қызығушылық одан арғы кезеңдерде де әлсipеген жоқ, бiрак Антарктиканы жүйелi зерттеу кезеңi eкiн­шi дүние жүзiлiк соғыстан кейiн басталып, қазiргi кезеңде жалғаса түсуде. 1940-50-жылдарда Антарктика материгiнде бiрқатар мемлекеттер ғылыми-зерттеу станцияларын орнатты. 1957 ж. Халыкара­лық геофизикалық жылды дайындауға және өткiзуге байланысты бiртұтас халықаралық зерттеу программасы жасалды

1955 ж. басталған халықаралық программа бойынша зерттеу­лерге ғылыми-зерттеу станциялары мен пункттерiнiң iшкi конти­нентальды экспедициялар мен ғылыми-зерттеу кемелерiнiң теңiз экспедициялары жұмыстары енедi. 1958 ж. совет экспедициясы алғаш рет материктiң геометрия­лық орталығы – салыстырмалы түрде жан баспаған полюске жеттi. Совет Одағының, АҚШ-тың және басқа елдердiң ғалымда­ры материктiң түкпiрiне ұзаққа созылған жорықтар жасап, осы кездерде материктi оңтүстiк полюс арқылы бiрнеше рет кесiп өттi

Қазiр Антарктидада ғылыми-зерттеу станцияларының жүйесі жұмыс iстеп, Oңтүстік поляр аймағының табиғат жағдайын ең жаңа әдiстердi қолдана отырып, комплекстi зерттеу жүргiзуде. Соңғы жылдары Антарктиданы зерттеуде үлкен роль авиацияға тиюде.

Антарктика оның Oңтүстік полюске жақын орналасқан, сондай-ақ жоғарғы оңтүстік ендіктердегі құрлық пен теңіздің арақатынасымен анықталатын табиғат жағдайларының айрықша өзіне тән қаталдығымен ерекшеленеді. Тіпті Арктика жағдайының кейбір ұқсастығы бола тұрса да, Антарктика аймағы жағдайынан шұғыл ерекшеленеді. Антарктикаға тән жағдай құрлық пен су бассейндерінің кең-байтақ кеңістігін қамтиды. Антарктика құрлығы Антарктида материгінен басқа аралдық архипелагтар мен жекелеген аралдарды: І Александр жерін, Оңтүстік Шетланд аралдарын, Оңтүстік Оркней, Оңтүстік Сандвичев, Оңтүстік Георгия, Баллени және т.б.көптеген аралдарды қосып алады. Олардың кейбіреулері материкке тікелей жақын жатыр жәнс одан табиғат жағдайлары бойын­ша мүлдем ерекшеленбейдi, қалған аралдар материктен және бiр-біpiнен үлкен қашықтықта шашырап жатыр. Антарктида жағасын Oңтүстік Мұзды мұхит сулары шаяды. Мұхит материк жағалауына сұғына түсiп, Уэдделл, Беллинсгаузен, Амундсен, Росс, Содружество, Космонавтар теңiздерiн құрайды. Антарктика су бассейндерiне оларды басқа ендiктердiң су бассейнндеpiнен айырып, жердiң бұл бөлiгiнiң табиғатына үлкен ықпал көpceтетін режимнiң флорасы мен фаунасының көптеген ерекше­лiктерi тән. Полюс маңында жатқан Антарктиканың мұхиттың барлық жерiнен өтетiн және сондықтан анықтауға қиын бiр ғана, солтүстік шекарасы бар, Антарктика аймағының шекарасы туралы мәселе ұзақ уақыт бойы даулы болды және әр түрлi зерттеушi­лер түрлiше шештi. Антарктикалық атмосфералық айналым жағдайы қоңыржай ендiктер жағдайымен ауысатып, яғни, қоңыржай ендiктер ауа массалары мен антарктикалық ауа массасын бөлiп жатқан шамамен фронттық антарктикалық ауа массасына бөлгенде, неғұрлым орташа солтүстiк орнының бойындағы жер­ден бұл шекараны жүргiзу неғұрлым дұрыс. Фронт зонасында тек атмосфералық өзгерiс ғана емес, сондай-ақ мұхит бассейнi режи­мiнде де өзгерiс өтедi. Шамамен осы зона мен суық антарктика сулары қоңыржай ендiктiң бiршама жылы суларымен тоғысатын антарктикалық конвергенция деп аталатын зона сәйкес келедi

Антарктиканың солтүстiк шекарасында мұхиттың бүкiл су ре­жимiнiң шұғыл өзгерiсiн барлық зерттеушiлер атап көрсетуде. Оның үлкендiгi соншалық, Дүние жүзiлiк мұхиттың Антарктика аймағының табиғаттық зоналық шекарасының болуы күмән туғызбайды. Антарктика Жердiң оңтүстік антарктикалық белдеуiне сай кeлeдi. Антарктнканың әр түрлi секторларындағы антарктикалық конвергенция зонасы әр алуан ендiктерде жатыр, алайда жыл iшiнде оның орны өте аз өзгередi.

Наши рекомендации