Солтүстік мұзді мұхитының зерттелу тарихы
Солтүстік мұзды мұхиты – ХҮІІ ғасырларда батыс Еуропалықтар картасында Гиперборей мұхиты деп аталды. Бұл атау – Гректердің солтүстік жел құдайы-Борей есімі. Ал, орыс саяхатшылары: «Суық теңіз», «Мұзды теңіз» т.б деп атаған. ХІХ ғасырда қазіргі атауын адмирал Ф.П. Литке Осы Арктиканы зерттегенде қойған екен. Солтүстік деп, географиялық орнына аталса, Ал Мұзды деп, мұхит бетін мұз басып жатқандықтан аталса керек.
Солтүстік Мұзды мұхит – Жер бетіндегі ең кіші мұхиттардың бірі. Мұхит Арктиканың нақ ортасынында орналасқан, ол Солтүстік полюстің айналасындағы мұхитты, таяу жатқан материк бөліктерін, аралдар мен архипелактарды қосатын кең-байтақ кеңістікті алып жатыр. Мұхиттың жағалары негізінен ойпатты, тек кей жерлерінде ғана таулы. Климат жағдайларының қатаңдығына байланысты халық аз қоныстанған және шаруашылық жағынан аз игерілген . Әдетте, бұл жазықты және батпақты тундыралар.
Мұхит аумағының елеулі бөлігі теңіздерден тұрады. Олардың көбі шеткі теңіздер, тек біреуі ғана ішкі теңіз болып табылады. Мұхитта аралдар көп- олар материктерге жақын орналасқан. Жаңа Жер , Новосибирск және басқа аралдар. Олар материктерге таяу орналасқан. Солтүстік Мұзды мұхитты зерттеу- бұл бірқатар елдердің : ТМД , Норвегия , Швеция және басқа елдердің теңізде жүзушілерінің , саяхатшыларының және ғалымдарының көптеген ұрпақтарының қаһармандық ерліктерінің тарихы.
Сонау ерте кездерде жайпақ шағын қайықшамен және қайықтармен орыс адамдары – поморлар саяхатқа шығатын. Грумантте (Шпицбергенде) қыстап шығып , Обьтың сағасына қарай жүзетін. Олар балық аулауды кәсіп етті, теңіз аңдарын аулады және поляр суында жүзудің жағдайын жақсы білді .
Орыстардың теңізде жүзуі жөніндегі деректерін пайдалана отырып , ағылшындар мен голландықтар Европадан Шығыс елдеріне (Қытай мен Үндістан ) аса қысқа жолды іздеп табуға әрекет етті . Виллем Баренцтің XVI ғасырдың аяғында теңізде жүзуінің нәтижесінде мұхиттың батыс бөлігінің картасы жасалды.
Ұлы солтүстік экпедициясы (1733-1743 жж.) мұхит жағалауларын жоспарлы түрде зерттей бастады. Оған қатысушылар ғылыми ерлік жасап , Печора сағасынан Беринг бұғазына дейін жүзіп өтіп, жағалар мен теңіздерді картаға түсірді . Олардың көпшілігі есімдері (Челюскин , Лаптевтер және басқалары) картадағы географиялық атауларда қалды. Осы экспедиция жинаған деректерді зерттей отырып, М.В.Ломоносов Солтүстік Мұзды мұхит туралы алғашқы ғылыми түсінікті тұжырымдады: полюс ауданында теңіз түбінің көтерілуі мүмкін екені туралы өз ойын айтты, ағыстардың бағыттарын, мұздардың шығыстан батысқа қарай ығуын болжап берді. Орыстардың тәжірбиесіне сүйене отырып,XIX ғасырдың аяғында А. Норденшельдтің басшылығымен орыс- швед экспедициясы «Вега» шхунасымен жолда бір қыстап , батыстан шығысқа қарай мұхитты алғаш рет төтелей жүзіп өтті. XX ғасырдың басында бұл жолды Р. Амундсен қайталады. Мұхиттың поляр маңы аймағының табиғаты туралы алғашқы мәліметтер XIX ғасырдың аяғында Ф. Нансеннің «Фрам» кемесімен ығуы кезінде және XX ғасырдың басында Г. Седовтың «Әулие Фок» шхунасымен полюске қарай жүзуі кезінде жинақталды. Россияда мұхитты зерттеудің жаңа жоспары жасалды. 1899 ж. адмирал С.О. Макаровтың жобасы бойынша дүние жүзіндегі ең тұңғыш «Ермак» мұзжарғыш кемесі жасалды, онымен поляр суында үш рет жүзу жүзеге асырылды және мұзды машина күшімен жеңуге болатыны дәлелденді.
Бір жүзу маусымында мұхит арқылы өтудің мүмкіндігін 1932 ж. кеңестік «Сибиряков» мұзжарғышының экспедициясы дәлелдеп берді. Осы экспедицияға қатысушылар О.Ю.Шмидтің басшылығымен тереңдіктерді, мұздың қалыңдығын өлшеді, табиғатқа бақылау жүргізді.
Кеңес ғалымдары Солтүстік Мұзды мұхитты зерттеудің жаңа тәсілдерін талдап жасады. 1937 ж. шыққан мұзда алғашқы «Солтүстік полюс- 1» (СП-1) поляр станциясы ұйымдастырылды. Төрт кеңес поляршысы И.Д. Папаниннің басшылығымен мұз үстінде Солтүстік полюстен Гренланд теңізіне дейін қаһармандықпен ығып барды. Ағыспен осы ығу мұхитты зерттеу жөніндегі жаңа тәсілдің заманын ашты. Ықпалы станцияны қазірде ТМД, американ және канада поляр зерттеушілері кеңінен қолданады.
Сол 1937 ж. «Георгий Седов» мұзжарғышы мұз құрсауында қалды, сөйтіп ол қалқымалы ғылыми станцияға айналды. Ұзақ ығу кезінде экспедицияға қатысушылар мұхиттың поляр маңы аймағының табиғаты туралы жаңа мәліметтер жинады. Солтүстік полюске жеткен кеңестік «Арктика» атом мұзжарғышы мұнда еркін жүзген алғашқы кеме болды. (1977 ж.).
Мұхитты зерттеу үшін қазір ұшақтар пайдаланылады, олар мұзға қонып, бір реттік бақылаулар жүргізеді. Космостан түсірілген суреттер мұхит үстіндегі атмосфера жағдайының өзгеруі туралы , мұздардың ығуы туралы мәлімет береді. Барлық осы зерттеулердің нәтижесінде Мұзды мұхиттың табиғаты (климаты туралы, органикалық дүниесі жөнінде) көп материал жиналды, оның түбінің жер бедері анықталды, түпкі ағыстар зерттелді.
Солтүстік Мұзды мұхит табиғатының көптеген құпиялары қазірдің өзінде белгілі, бірақ болашақ ұрпақтың ашатын жаңалықтары әлі көп, оның ішінде , сендердің де болуларың мүмкін .