Оқу бағдарламасына сілтеме | Оқу мақсаттары | Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері | Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) | Оқыту ресурстары |
| | Дыбыс пен әріпті оқыту туралы 2-бөлімдегі нұсқаулықты қараңыз. Сабақ барысында оқушылардың қажеттілігіне қарай ұсынылған оқу мақсаттарын жүйелі түрде қолданып отырыңыз: 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту 2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату 2.1 Оқу түрлерін қолдану 3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау 3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау | Бұл бөлімде е, к, ү, и, й, ғ, г дыбыстары мен әріптерін өтуіңізге болады. Тұтасс оқу дағдысын қалыптастыруға назар аудару қажет. Қатемен жұмыс нұсқаулығы Қате түрлерін талдау жасап, қатемен жұмыс әдіс-тәсілін белгілеңіз. Жазба жұмысы барысында жіберілген қателері бойынша оқушыларды топтарға бөліп, қатемен жұмысты жүйелі ұйымдастырыңыз. Сөздерді қатесіз жазуға бағытталған жұмыс түрлерін түрлендіріп, мақсатты жүргізіңіз. «Сөйлеу қабырғаларына» қате жазылған сөздердің дұрыс нұсқасын оқушылармен бірге жазып, іліп қойыңыз. Оқушылар кез келген уақытта қайта оқып, есте сақтауына көмектеседі. Әр оқушыны жазба жұмысын өзі тексеруіне, қатесін табуға бағыттаңыз. Оқушылардың әрбір жетістігін мадақтап отырыңыз. | |
2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу 2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау 2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту | 1.2.7.1 әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (сөздіктер, анықтамалықтар, суретті кітаптар) ақпараттарды табу 1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату 1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен) 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау 1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну | Табиғатты танимын | | |
(Ұ)Бізді қоршаған орта мен табиғат әлемі туралы сабақ өтетінін түсіндіріңіз. Таңдаған тақырыбыңыз жайында сурет немесе фильм көрсетіңіз. (Т) Оқушыларға суреттерге жақсылап қарауға және қоршаған ортаның таныс элементтерді айқындауға мүмкіндік беріңіз. Олардың көрге және барған жерлерін еске түсіруге көмектесіңіз. Егер оқушылардың сұрақтары болса, жауап беріңіз. Көрсетілген суреттер туралы ойлануға және сұрақтар қоюға ынталандырыңыз. (МК)Оқушыларға берілген сұрақтарға жауап ретінде ақпараттарды қолдануды үйрету үшін, табиғи әлем тақырыбындағы бейкөркем мәтіндерді қолданыңыз.(Т,Қ)Оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап табуға, мәтіннің жанрын анықтауға (ертегі/ертегі емес) жаттығулары үшін оқушылардың оқу деңгейіне сәйкес бейкөркем мәтіннен үзінді іріктеп алыңыз. «Бағытталған оқу» әдісін қолданыңыз: · кітапқа кіріспе; · тексеру стратегиясы; · өз бетінше оқу, · мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға жауап беру. Оқу жетістіктерін бағалау: ақпараттарды қаншалықты тиімді қолданатынын бағалаңыз. | Бұл бөлімде мұғалім тақырыпқа қатысты әңгіме, өлең, тақпақтарды қолдануы керек. Оқушыларға түсінікті болу үшін оларды бірнеше рет қайталаңыз. Басқа пәнде өтілген тақырыптармен байланыстыруға талпыныңыз. Мысалы, Жаратылыстану, Дүниетану пәні: таулар, ормандар. Табиғатқа байланысты бейкөркем кітаптар жинағын жасаңыз. Кітап оқуға ыңғайлы орындықтары бар оқу бұрышын ұйымдастырыңыз. Оқушыларға бос уақыттарында кітаптарды қолдануға мүмкіндік беріңіз. Үлкен қағазға оқушылардың мына сұрақтарға жауаптарын жазыңыз: Б ( не Білемін) Б (нені Білгім келеді) Ү-ге орын қалдырыңыз. (нені Үйрендім) Оқушылардың бейкөркем мәтін берілген кітаптардың ерекшеліктерін білетіндіктерін (сұрақтарға жауап беруге көмектесетінін) және көркем шығармамен кейбір айырмашылықтарын білетіндіктерін тексеріңіз. Кейбір сұрақтарға жауап беруге көмектесетін кітаптарды анықтауды тапсырыңыз. Жауаптарды жылдам табуға арналған тәсілдерді (кітаптың мазмұны, әліпби ретімен берілген анықтамалықтар т.б.) қолдануын мадақтаңыз. Тапсырманы сыныппен орындағаннан кейін, оқу қабілеттеріне қарай оқушыларды топтарға біріктіріңіз. «Бағытталған оқу» әдісінқайталаңыз. 2-бөлімдегі «Бағытталған оқу» әдісі туралынұсқаулықты қараңыз. Оқушылардың оқу деңгейлеріне қарай кітап таңдаңыз. ББҮкестесінеқосымша оқушылардың қойған сұрақтарын жазыңыз. Оқылым кезеңдеріне баса назар аударыңыз және мәтінде кездесетін дыбыстар туралы білімдерін қолдануға мүмкіндік беріңіз (буындап оқу). | Қазақстанның сұлу табиғаты жайлы суреттерді мына сайттан алуға болады: http://travel.nationalgeographic.com/travel/countries/seven-stans-photos/#/glaciel-lake-northern-inylchek_12276_600x450.jpg |
2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу 3.4 Оқыған/тыңдаған материалдардың мазмұнын жазу 1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану 1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау | 1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен) 1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу 1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану 1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау | Серуенге шығамыз (таңдау бойынша) | | |
(Ұ)Топпен серуенге шықпас бұрын оқушыларға мәлімет беріңіз. Қайда барады/ кіммен кездеседі т.б. Сапар барысында туындайтын сұрақтар туралы оқушыларды ойландырыңыз. Әр оқушыға жеке немесе жұпта сұрақ беріңіз. (Ө) Серуен барысында әр оқушыға сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беріңіз. Өздерінің қызығушылығын оятатын қосымша сұрақтар қоюға, жазуға (сурет салуға) оқушыларды ынталандырыңыз. (Т,Қ) Серуен аяқталған соң оқушыларға жұпта не үйренгендіктері туралы ойларын бөлісуге мүмкіндік беріңіз. Оқушыларға мүмкіндігінше көбірек жазуға, сурет салуға тапсырма беріңіз. Сыныпты әр топтың пікірін барлығы ести алатындай ұйымдастырыңыз. | Оқушыларды табиғат аясына апарыңыз. Мысалы: орман, тау т.б. Мүмкіндік болса, ол жерде оқушылардың сұрақтарына жауап беретін гидтің болғаны дұрыс. Егер табиғат аясына шығу мүмкін болмаса (сапар туралы оқушыларға мағлұмат беру үшін) оқушыларға табиғат туралы фильм көрсетіңіз. Фильмді оқушыларға бірнеше рет көрсетіңіз. Олар сұрақ дайындауға және оған жауап іздеуге мүмкіндік алады. Әр оқушының сұрағын анықтап жаздырыңыз. Оқушылардың деңгейлеріне қарай жұптастыруға болады. Оқушылар мағлұматтарын топтарда бөлісу үшін: · Оқушыларды араластырып топтарға біріктіріңіз. Әр топты әріптермен белгілеңіз. «А», «Ә», «Б» тобы т.б. және әр топ мүшесін «1», «2», «3» деп сандармен белгілеңіз. · Әр топқа өз арасында не үйренгендіктерін айтуға 10-15 минут уақыт беріңіз. Олар жақсылап тыңдап, көбірек ақпаратты есте сақтауға талпынулары тиіс. Оқушылар көмек ретінде, қысқаша мәлімет жазып алуына немесе сурет салуына болады. · Енді топтар мен оқушыларды араластырыңыз. Мысалы, «1», «2», «3» санды оқушылар жаңа топ құрайды. Әр оқушы жаңа топта, алдыңғы топта алған мәліметтерімен толық бөліседі. | Жұмбақтар http://www.balakai.kz/publ/zh_mba_tar/zhanuarlar_turaly_zh_mba_tar/10-1-0-202 |
3.5 Мәтінді түрлі формада ұсыну 3.7 Қатені табу және түзету 2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу | 1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін толықтырып жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу 1.3.8.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету 1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен) | Табиғат жайлы постержасаймын | | |
(Ұ)Оқушыларды ойындар арқылы сөйлем құрастырып айтуға жаттықтырыңыз. Мысалы: «Сен білесің бе?» т.б. Әр оқушы табиғат аясына шыққанда көргені жайлы немесе оқыған кітаптарынан түсінгендерін айтады. (МК) Оқушыларға табиғат аясында көргендерін өзгелермен бөлісу үшін керемет постер жасайтындықтарын айтыңыз. Қалай жазу керектігін көрсету үшін 2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» әдісін қолданыңыз. Мысалы: «Сен білесің бе?» Сұрақ белгілерін, нүкте, леп белгілерін қолдануды үйретіңіз (көрсетіңіз). Сөйлем құрастыру кезінде оқушылар сөздер, символдар, белгілер мен суреттер қолдана алады. (Т) «Сен білесің бе?» сұрағына қосымша жауап жазу үшін оқушылар топпен жұмыс істейді. Деңгейі жоғары оқушылар қосымша мәліметтер жаза алады. Қалғандары жай сұраққа жауап жазады. Оқушыларды қызығушылығын оятатын мәліметтерді жазуға қолдау көрсету үшін «Бірлесіп жазу» нұсқаулығын қолданыңыз. Қажет жерлерге сұрақ белгісін, леп белгісін қоюға үйретіңіз. (Ұ) Постер жасау үшін әр топтың сөйлемдерін үлкен параққа суреттермен бірге іліп қойыңыз. Постер тақырыбын топ мүшелерімен келісіп таңдаңыз. | Оқушыларды шеңбер бойына отырғызыңыз. Әр оқушы «Сен білесің бе?» деп бастап өзі үйренген мағлұматты айтады. Келесі оқушы, «Жоқ білген жоқпын немесе білемін, бірақ сен мынаны білесің бе ?» деп басқа мәлімет айтады. Оқушылар өз ойларын толығымен бөліседі. ОқушыларББҮ кестесінің «Үйрендім»бағанынжаңа мәліметтермен толықтырады. 2- бөлімдегі «Бірлесіп жазу» әдісі нұсқаулығын қараңыз. Туристік постерлер үлгілерін оқушыларға көрсетіңіз. Сұрақтар мен жауаптарды жазыңыз. Алматы алманың отаны екендігін білесің бе? Тянь-Шань орманында әлем бойынша тек алма ағаштарынан тұратын орман бар. Оқушыларды деңгейлеріне қарай топтарға біріктіріңіз. Көргені немесе оқығандары жайлы ББҮ әдісін қолдануларын ескертіңіз. Жер-су және адам аттарын дұрыс жазуларын қадағалаңыз. Оқушылар сөйлемдерін шимай параққа жазып, соңғы нұсқасын таза дәптерге жазады. 1-бөлімдегі жазу нұсқаулығын қараңыз. Постерге табиғат туралы тақырып таңдаңыз. Мысалы, «Біздің ғажайып ормандарымыз», «Керемет әлем» т.б. | |
1.4 Оқиғаны болжау 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту | 1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау 1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды) | Ауа райы туралы өлең оқимын | | |
(Ұ) Оқушыларға әр түрлі ауа райы туралы өлеңді дауыстап оқыңыз. Қай өлең және неліктен ұнайтынын сұраңыз. Оқушылар сізбен бірге қайталайды. Іс-әрекет немесе музыка қосыңыз. (Т) «Бағытталған оқу»әдісін қолданыңыз: · кітапқа кіріспе; · тексеру стратегиясы; · өз бетінше оқу; · мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға жауап беру. Кей өлеңдерді топпен/хормен оқыңыз. Оқушылардың кейбір дыбыстарды, сөздерді мәнерлеп оқуына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардан өлеңнің ұнаған тұстарын (қызықты, күлдіргі) түсіндірулерін тапсырма ретінде беріңіз. Айтылған оймен келісіп, келіспейтіндіктерін сұраңыз. Ойларымыз бір жерден шықты ма? Басқаша ой айтатындар бар ма? (Ө,Қ) Оқушылардан өлеңнің ұнаған тұстары мен сөздері туралы, қарапайым тілмен түсіндірулерін сұраңыз. | Сынып бөлмесіне кітаптарды оқушылар бос уақыттарында қолдана алатындай етіп іліп қойыңыз. Оқушыларға қайталанатын сөздерді, ұйқастарды анықтауды тапсырыңыз. Негізгі сұрақтар: Өлең не туралы? Ұнады ма? Неліктен ұнады? Өлеңді оқығанда есіңе не түседі? Қызықты тұстарын айта аласың ба? Бірдей сөздер бар ма? Қай өлең ұнады? Айтылған ойларға қосыласың ба? Әлде өзгеше ойлайсың ба? Оқушыларды оқу қабілеттеріне қарай топтарға біріктіріңіз. 2 -бөлімдегі «Бағытталған оқу» әдістемесі туралы нұсқаулықты қайталаңыз Оқушылардың өлеңді дұрыс оқуларына назар аударыңыз (орфоэпия). Жаңадан үйренген дыбыстарды/әріптерді қайталауға мүмкіндік беріңіз. Оқушылар ұнаған өлеңдерін жазады. Түрлі-түсті қаламмен өлеңнің ұнаған жерлерінің астын сызады. Өлеңнің айналасына ескерту жазуды үйретіңіз. Мысалы: өзге өлеңдермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары. | |
2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну 1.8 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрып айту | 1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрып айту | Ауа райын сипаттаймын | | |
(Ұ) Оқушыларға сыныптағы заттарды ауа райы символдарына сәйкестендіріп топтарға біріктіріңіз. Заттардың атын атауға немесе жаңа аттар ойлап табуға ынталандырыңыз. Сын есімдері бар карточкалар құрастырыңыз. Берілген сын есімдерге байланысты жыл мезгілдерін айтқызыңыз. Мысалы, ыстық, суық т.б. (Т) Ауа райы туралы фильм немесе суреттер көрсетіңіз. Оқушылар қай жыл мезгілі екенін табулары тиіс. Көргендерін қызықты сөздермен, тіркестермен сипаттай ала ма? Оқушылар суреттің немесе фильмнің ішінде жүрміз деп есептесін. Олар нені естіп, не көріп және нені сезінер еді? | Карточкаларға ауа райын сипаттауға қажетті сын есімдер жазыңыз (ыстық, суық, салқын т.б.). Оқушыларға жаңа сөздерді де қосыңыз. Ауа райына қатысты белгілерді (суреттер де болуы мүмкін) сынып қабырғасына айналдыра іліңіз (жаңбырлы, қарлы, т.б.). Ал сыныптың ортасына әртүрлі заттар қойыңыз (қолшатыр, крем, шарф т.б.). Оқушылар заттарды тиісті суреттермен топтастырулары қажет. Неліктен олай топтастырғандарын оқушылар түсіндіруі керек. Ауа райы туралы сөздердің жанына заттардың (артефакт) да суретін іліңіз. Оқушылардың ұсыныстарын да іліп қойыңыз. | |
3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 3.7 Қатені табу және түзету | 1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу 1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды) 1.3.7.1 Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету | Ауа райы туралы өлең жазамын | | |
(МК)Оқушылардың көмегімен «Бірлесіп жазу» әдісін қолдана отырып шуақты күн туралы өлең жазуды көрсетіңіз. Лексиканы қолдануды үйретіңіз. Сөздер мен сөз тіркестерін біріктіріп, қарапайым өлең нұсқасын жазыңыз. (Ө,Қ)Берілген құрылымға сәйкес оқушыларға кез келген ауа райы туралы өлең/тақпақ жазуды тапсырыңыз. Дұрыс айтып, дұрыс ұйқастырғандарды мақтап отырыңыз. Сөздердің емлесіне назар аударыңыз, оқушылардың орфография бойынша зеректігін дамытуға назар аударыңыз. Оқу жетістіктерін бағалау: · сөздерді түсінікті , дұрыс, анық, қатесіз жазуын; · оқушылардың ауа райын сипаттау үшін тіркестерді қолдана алуын; · сипаттау үшін сөздерді тиімді қолдана алу қабілетін бағалаңыз. (Т) Оқушылар жазған өлеңдерінің қателерін түзетуге, қызықты етіп жазуға, сипаттауларында нақты детальдарды қолдануларына көмектесу үшін «Бағытталған жазу» әдісін қолданыңыз. Басқа да ауа райының түрлеріне арнап өлең жазуға рұқсат беріңіз. Жазылған өлеңдерді тақтаға іліңіз және оқушыларға дауыстап оқуға мүмкіндік беріңіз. | 2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» әдістемеісініңнұсқаулығына қараңыз. Басқа ауа райына да қолдануға болатын қарапайым өлең құрылымын дайындаңыз. Кез келген ауа райы туралы өлеңді көшіріп жазыңыз немесе өзіңіз құрастырыңыз. Бүгін _______, біз шынымен _________ Мен _______ сеземін. Мен _________ көремін. Айналамның бәрі ___________ Ауа райы шынымен ________ Бұл _______ (мезгіл). Таңдалған сөздерге (әрбір қатарға, ұйқасына) назар аударыңыз. Қызықты ма? Ауа райын дұрыс (жағымды) суреттей ме? Өлең әрқашан ұйқаса бермейді, сондықтан еркін стильде жазылуы мүмкін. 1-бөлімдегі «Бағытталған жазу» әдістемесінің нұсқаулығын қараңыз. | |
| | | | | | |
Оқу бағдарламасына сілтеме | Оқу мақсаттары | Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері | Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) | Оқыту ресурстары |
| | Бұл кезеңде жаңа дыбыс және әріппен таныстыру бойынша 1, 2 бөлімдердегі нұсқаулармен танысыңыз. Бұл кезеңде оқушылар біртіндеп үш буынды сөздерді оқуға, екі буынды сөздерді тұтас оқуға көшеді. Орфография, грамматика, пунктуация бойынша бастапқы дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай оқу мақсаттарын жүйелі жүргізуді ұсынамыз: 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту 2.1 Оқу түрлерін қолдану 3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау 3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау 3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау 3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау | Бұл бөлімде ң, ө, з, ә, ж, п, б, х, һ дыбыстары мен әріптерін өтуіңізге болады Бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын, үй жануарларына берілген атауларды) анықтайды, дұрыс жазады. Сөздің белгілі бір мағына (заттардың атын, түсін, дәмін, көлемін, санын, іс-қимылын) беретінін біледі, оларды қолдана бастайды Көп мағыналы, қарама-қарсы және мәндес сөздерді қолдана бастайды. 4-бөлімдегі «Қатемен жұмыс нұсқаулығын» басшылыққа алыңыз. | |
1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну 2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну 2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу 1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану | 1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну 1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату 1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен) 1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерді қолдана білу | Саяхатты сипаттау Бұл бөлімде мұғалім тақырыпқа сай ертегілер, әңгімелер, өлеңдер қолданады. Оқушылар мұғаліммен бірге қосылып әңгімелейді, өлеңдер мен тақпақтарды айтады, оларды бірнеше рет қайталайды. | Жазба жұмысы барысында жіберілген қателері бойынша оқушыларды топтарға бөліп, қатемен жұмысты жүйелі ұйымдастырыңыз. Қате түрлерін талдау жасап, қатемен жұмыс тәсілін белгілеңіз. Сөздерді қатесіз жазуға бағытталған жұмыс түрлерін түрлендіріп, мақсатты жүргізіңіз. «Сөйлеу қабырғаларына» қате жазылған сөздердің дұрыс нұсқасын оқушылармен бірге жазып, іліп қойыңыз. Оқушылар кез келген уақытта қайта оқып, есте сақтауына көмектеседі. Әр оқушыны жазба жұмысын өзі тексеруіне, қатесін табуға бағыттаңыз. Оқушылардың әрбір жетістігін мадақтап отырыңыз. | Ғажайыпстанға саяхат www.youtube.com/watch?v=gNVBcuC44vE |
(Ұ) Саяхат туралы әңгіме таңдап алып, оқушыларға оқыңыз, оқушымен бірге кітап суреттеріне тоқталыңыз. Әр беттің мазмұны мен кейіпкердің саяхат барысын талқылаңыз. (Ұ) Кітап мазмұнына сәйкес оқушылардың рөлдік ойыны. Оқушылар әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттау үшін (олардың мимикаларын салып) стоп-кадр жасайды және басты кейіпкерлерді әр қалада (ауылда) кездестіру жағдаятына сәйкес ойдан құрастырған әңгімелерін бір-біріне айтады. Кең, ашық алаңға (мектеп дәлізі немесе сыртта) сахналық жабдықтарды (мысалы, саяхатқа қатысты қораптар, төсемдерді) жинаңыз, жолдар мен көлдерді, көпірлерді жасау үшін жіп, арқанды пайдаланыңыз. Әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттайтын рөлдерді оқушыларға бөліп беріңіз. Жолаушыны ілтипатпен қарсы алуын ескертіңіз. Мұғалім басты кейіпкерлердің бірін ойнайды, ол әр оқушының жанынан өтіп бара жатып, рөлдеріне сай әңгімеге тартады. | Қызықты оқиғаларға толы әңгімелер жазылған кітап таңдаңыз. Мысалы: «Мараттың саяхаты» атты кітапты немесе ұлттық кейіпкері бар ертегіні таңдай аласыз. Оқушыларға әр беттегі кейіпкерлерді ататыңыз. Олардан шамамен мынадай сұрақтарға жауап алыңыз: Ол қайда деп ойлайсыздар? Ол қалада ма, әлде ауылда ма? Ол қала сыртында ма? Ол жер тыныш па, әлде шулы ма? Егер біз ести алсақ қандай дыбыстарды естіген болар едік? Ол жерде қандай иіс болуы мүмкін? Осы кейіпкер алда кімді кездестіруі мүмкін? Нені көруі мүмкін? «Стоп -кадрды» қолдану үшін 3- бөлімдегі мұғалім ескертпелерімен танысыңыз. Қағаз бетіне көлемі шағын біртекті ойыншықтардан эмоцияны бейнелетіңіз немесе суретін салғызыңыз. Сөздік қоры мол, әрі идеясы нақты оқушыны өзгелердің білімін толықтыруы үшін таңдап алып, қабілеті әртүрлі оқушылармен топ құрыңыз. | Аннаның саяхаты Mitsumasa Anno. Бұл кітап туралы қосымша ақпарат алуға болады: http://www.answers.com/topic/mitsumasa-anno |
3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу 2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну 3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау | 1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу 1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату 1.3.9.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді мұғалімнің айтуы бойынша жазу 1.3.9.2 мұғалім көмегімен сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату | Саяхатқа дайындалу | | |
(МК) Оқушыға төлқұжаттың қажеттілігін түсіндіріңіз және ондағы мәліметтерді атаңыз. Мәліметтерді толтыру үлгісін көрсетіңіз. (Ө, Қ) Оқушыларға өздерінің жеке төлқұжатын жасауды тапсырыңыз. Оқу жетістіктерін бағалау:: · өз аты-жөнін жазуын; · мәліметтерді беруде сөздерді сауатты жазуын. (Т) Топтардан чемоданда не барын болжап айтуларын сұраңыз. Өз чемоданына не салатынын сұраңыз. Содан соң өз чемоданыңыздағы заттарды көрсетіп, олардың саяхатқа не үшін қажет екенін түсіндіріңіз. Есте сақтауға арналған ойын ойнатыңыз. (Ө) Картон чемоданды беріп, оқушылардан оның ішіне салатын заттардың суретін салуды сұраңыз, тізімін жазып берулерін өтініңіз. Жазу емлесі бойынша жұмыстар жүргізіңіз. | Төлқұжатқа ұқсас кішігірім буклет жасаңыз. Оның ішіне оқушылардың өздері туралы мәліметтерін жазуды сұраңыз: есімі, туған жылы, айы, күні, мекен жайы, мемлекеті. Мектеп айналасында саяхат жасап мектепке кіру жолындағы тексеру бекетінде (кіру және шығу барысында) төлқұжат көрсетуді сұраңыз. Оқушының саяхатқа алып шығуына арналған шағын чемодан әзірлеп, ішіне тіс щеткасы, киім, шұлық, маршрут анықтамалығы, тарақ, жұмсақ ойыншық салыңыз. Есте сақтау ойынына мысалдар: · оқушыларды топтастырыңыз да, көп зат ішінен біреуін байқаусыз жасырып, қай заттың жоқ екенін сұраңыз. · Сынып ішін аралап жүріп, оқушылардан «Мен саяхатқа шықсам, өзіммен бірге .... алып шығамын» деген құрылымды толықтырып жазуды, қосымша жаңа атауларды қолдануды тапсырыңыз. | |
3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру 2.3 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату | 1.3.5.1 тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қолданып жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу 1.2.3.1 мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау | Саяхат туралы әңгіме жазу (МК) Мәтіндегі иллюстрацияға қайта қараңыз. Әр беттегі әңгімені баяндау үшін сөйлемді қалай жазу керектігін көрсететін «Бірлесіп жазу»әдісін қолданыңыз. Осы мәтінде саяхат қалай сипатталғанын тексеру үшін әр сөйлемді қайталап, дауыстап оқып шығыңыз. Оқиғаның басын, ортасын және аяқталуын анықтаңыз. Сөйлемдер өткен шақта жазылып тұрғанына көз жеткізіңіз және өткен шақ пен осы шақтың айырмашылыған түсіндіріңіз. Осы оқу әрекеттерін бірнеше сабақ бойында қайталаңыз. (Ө,Қ) Оқушылардан сөздерді, сөз тіркестерін карточкаларға жазып, өз суреттеріне жапсыруларын сұраңыз. Осы тапсырманы бірнеше сабақта қайталап орындаңыз. (Т) Оқушыларға сөздер мен сөйлемдерді дұрыс құруға көмектесу үшін «Бірлесіп жазу»әдісін қолданыңыз. Дифференциация: «Қолдану» дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырма: жай сөйлемдер мен сөз тіркестерін жазуды тапсырыңыз. Оқу жетістіктерін бағалау: - жай сөйлемдерді жазуын;
- етістіктің шақтарын дұрыс қолдана отырып, бірнеше сөйлемдер жазуын;
- қоршаған ортаны және оқиғаны сипаттайтын сөздерді таба білуін.
| 2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» әдісінің нұсқаулығын қараңыз. Сөздер мен сөз тіркестерін жазуда өткен және өтіп жатқан дыбыстық білімдерін қолдануына назар аударыңыз. Сөйлемдерді осы шақта жазып, әдейі қате жіберіңіз. Осы сөйлемдерді қайталап оқып, орын алған қателерді тапқызыңыз. Қатені түзеңіз. Қалған қателерді оқушылардың өздері түзетуін бақылаңыз. | |
3.3 Жоспар құру 2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу | 1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою 1.2.7.1 әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (сөздіктер, анықтамалықтар, суретті кітаптар) ақпараттарды табу | Туристік маршрутты жарнамалау (маршрут) | | |
Оқушылардан кітаптағы кейіпкерлердің бірі сіздің қалаңызға/ауылыңызға қонаққа келгенін елестетулерін сұраңыз. Ол сіздің қалаңызға қалай жететінін, не істейтінін талқылаңыз. (Ұ) Оқушыларға журналдардан, туристік кітапшалардан, постерлерден жарнама үлгісін көрсетіңіз. Постерлердегі мәтіндерді, журнал және буклеттердің ерекшеліктеріне назар аудартыңыз. Туристерді тарту мақсатында қолданылатынын түсіндіріңіз. Туристерді тарту үшін қолданылатын арнайы шаралармен таныстырыңыз. (Т) Оқушыларға туристік плакаттар, буклеттер, постерлер, жарнамалық кітапшалар таратып беріңіз. Оқушыларға ұнатқан жерін таңдауға уақыт беріңіз. Әр топ алдында айтылған туристік орындардың ерекшеліктерін тауып, сыныппен өз идеяларын бөлісулерін сұраңыз. (Б) Қонақтар барғысы келетіндей өз қалаңыздың/ауылыңыздың көрікті жерлерін суретке түсіріп алыңыз. Аталған саяхат кітапшалары мен жарнамалардан, постерлерден көрме ұйымдастырыңыз. Сынып ішінде арнайы орынды туристік агенттік ретінде дайындаңыз. Оқушылардың саяхат туралы рөлдік ойыны үшін қажетті заттарды әзірлеңіз. | Егер біз қандайда бір әңгіменің басты кейіпкерін қаламызға/ауылымызға шақырған болсақ, оған не айтар едік? Оны сіздің қалаңыздың/ауылыңыздың қай жері қызықтырар еді? Ол сіздің қалаңызға/ауылыңызға қалай жетер еді? Ол қалай (жаяу немесе көлікпен) барар еді? Ол сенің қалаңда/ауылыңда қанша уақытқа қалады деп ойлайсың? Оның көргісі келеді (қызығушылығын тудырады) деген жерлердің тізімін құраңыз. Саған қаланың/ауылдың қай жері ұнайды? Неге? Ол жер сені несімен қызықтырады? Көрсетілетін үлгілер көрнекі, тартымды, түрлі-түсті болып келетін суреттерден, көзге түсетін атаулардан, шаралар, тізімдерінен, жол картасынан тұруы керек. Мысалы: «Астанаға келсең, керемет әсер аласың!» Оқылым қабілеті әртүрлі оқушыларды араластыра отырып топқа біріктіріңіз. Оларды жоғарыда көрсетілгендей мысалдар айтып, жетелеңіз. Оқушылар сынып ішін бейне камераға түсіре алады. Ал қалған оқушылар саяхатшыларға ұнайтын жерлер мен заттарды ұсынып, оларды сол жерде демалуға шақыратын жарнама жасауға тапсырма беріңіз. Оқушылар ұсынған жерлерді Саяхатшы суретке түсіреді. Сыныпқа келген соң барлығы жиналып, суреттерді қайта қарап шығады. Олардың қайсысы постерге орналастыру үшін жарамды екенін (қою боялған, суреттері қызықты) анықтайды. | Kazakh National anthem, with photographs of Kazakh traditions can be found on http://www.youtube.com/watch?v=12tGtMA4tqk visitkazakhstan.kz/kk/page/video |
3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру 3.7 Қатені табу және түзету | 1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу 1.3.7.1 Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету | Жарнама постерлері мен кітапшалар дайындау | | |
(МК) Оқушыларға жергілікті жерді жарнамалау үшін «Бірлесіп жазу» әдісін қолдану арқылы постер дайындатыңыз. Бірлесіп жазуды жүзеге асыру үшін үлгі жоспар дайындаңыз. Постерге адамдарды сол жерге саяхат жасауға тартатындай сөздер жазуын қадағалаңыз. Соңында леп белгісі қойылатындай сөйлем үлгілерін көрсетіңіз. Постерге мекенжай мен байланыс нөмірлерін жазғызыңыз. (Ө) Әр оқушыдан жергілікті жерді жарнамалайтын постер дайындауын сұраңыз. Дифференциация: «Қолдану» дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырма: әр суреттерді сипаттап, олардың тұсына тақырыпшалар мен қосымша детальдарды жазуларын өтініңіз. Ал, жазылым дағдысы төмен оқушыларға плакатта жазылатын дайын жарнама сөздерін жаздыртыңыз. (Т) Оқушылардың сенімін тудыратын жарнама сөздерін таңдауына жетекшілік етіңіз. Қажетті жерге леп белгісін қоюды түсіндіріңіз.«Бірлесіп жазу»әдісін қолданыңыз. | «Бірлесіп жазу» әдісін қолдану үшін 2-бөлімді қараңыз. Оқушылардың айтқан ұрандарын жазып алыңыз. Мысалы, «Ақтауға келсең, өкінбейсің!», «Ақтаудың таңғажайып табиғатын тамашала!»т.б. Сөздерді оқу барысында дыбыс туралы білімдерін қалай қолдану керектігін көрсетіңіз. Әр сөзді жазбас бұрын бірнеше рет дауыстап айтыңыз. Қай сөйлем қаншалықты жағымды естілетінін сұраңыз. Қандай сөйлем сенім тудыра алады? Таңдауын түсіндіріп берулерін сұраңыз. Таза бетке қалай көшіру керектігін көрсетіңіз. Оқушылармен бірлесе отырып плакатқа жапсыратын фотосуреттерді таңдаңыз, әр фотоға тақырып жазуды үйретіңіз. Оқушылар плакат пен парақтардағы мәліметтерді өз плакаттарын безендіруде (қызықты орындардың тізімдерін, жол жүру картасын) пайдаланады. Оқушыларға өз ұрандары мен тақырыптарын жазып дайындауы үшін таза парақтар үлестіріңіз. Оқушылардан ұрандары мен тақырыптарын сынып алдында дауыстап оқуларын, ал өзгелердің оларды жазып алып отыруын өтініңіз. Сөйтіп ең үздігін таңдайтындарыңызды айтыңыз. Туристік плакаттардың тұсына оқушылардың дайындаған постерлерін іліңіз. «Бірлесіп жазу»әдісі туралы1-бөлімдегі нұсқауды қараңыз. | |
3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу 3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау 3.7 Қатені табу және түзету 3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау | 1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу 1.3.9.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген атауларды) анықтау 1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету 1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану | Хат жазу (МК)Cіздің қалаңызда/ауылыңызда болған кейіпкердің атынан өзі ұнатқан қаланың/ауылдың көрікті жері туралы бірігіп хат жазғызыңыз. Өз мәтінінің өткен шақта жазылу үлгісін көрсетіңіз. (Ө) Жергілікті жерге байланысты кейіпкердің атынан өз хаттарын жазып берулерін сұраңыз. (Ө) Өткен сабақтардан алған білімдерін пайдаланып, оқушылардың өздігінен хат жазуына мүмкіндік беріңіз. (Т)Мәтін құру барысында оқушылардың өз сезімдерін жеткізу үшін сөздерді дұрыс таңдап, «Бағытталған жазу» әдісі арқылыөткен шақты қолданып жазғызыңыз. | Өткен сабақтардағы жазылым дағдыларын еске түсіріңіз. Жазылымнан бұрын сөйлемдерді бірнеше рет оқыңыз. Өткен шақты қайталатыңыз. Сөйлемдердің кейбірін осы шақта жазып, оқушыларға қателерін тапқызыңыз. «Бағытталған жазуды»қолдануүшін қосымша тапсырмалар: Жазылым орнына түрлі-түсті қаламдарды, қағаздарды және пайдаланылмаған хаттар мен плакаттарды дайындаңыз. Оқушыларға сол жерге барып, бірнеше хат толтыруды сұраңыз және хаттарды бір-біріне оқытыңыз. | |