ХР-дың Пекин каласының №1 Тарихи мұрағатындағы Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты құжаттар жайында.
ҚХР-дың №1 Тарих мұрағаты Қытайдағы ең көне мұражайлардың бірі, ең мол құжаттар сақталынған маңдай алды мұрағаты. Оның мұрағат қорында он миллионнан астам әр түрлі тілде хатталынған аса құнды құжаттар сақтаулы. Белгілі себептерге байланысты аталмыш мұрағат шетелдік зерттеушілер үшін көпке дейін "жабық" күйінде болып келді.
Экспедиция мүшелері өздерінің ғылыми іздестіру жұмыстарын ең алдымен, мұрағаттағы "құжаттар каталогын" тексеріп сұрыптаудан бастады. Жұмыс барысында ҚХР-дың №1 Тарихи мұрағат қорындағы ХУШ-ХІХ ғасырлардағы Қазақ хандығына тікелей қатысты хатталған тарихи құжаттардың 3500-ден астам түпнұсқасы бары анықталды.
Оның ішінде көне манжұр тілінде манжұр жазуымен хатталынған құжаттар саны 3000 дана шамасында, көне ойрат тілінде ойратша "тотын-моңғол" жазуында хатталынған 40-тан астам құжат, қытай тіліндегі құжаттар саны 350-ден астам, ал "шағатай тіл-жазуындағы" тарихи құжаттар 60-тан астам екендігі белгілі болды.
Археографиялық зерттеу жұмыстары барысында аталмыш құжаттардың қырыуар бөлігімен микрофильмдегі көшірмелері арқылы оқып танысуға және ҚХР-дың "Мұрағат туралы заңы", сондай-ақ, оған қатысты өзге де заңнамалық ереже-қағидалардың шектемелеріне байланысты толық болмаса да, кейбір құжаттардың көшірмелерін алуға қол жеткізілді.
ҚХР №1 Тарих мұрағатындағы қазақтарға тікелей қатысты әр түрлі тіл-жазуында хатталынған құжаттардың тарихи хронологиялық межесі Манжүр-Цин империясы мен Қазақ хандығы арасындағы қарым-қатынастарға байла-нысты 1741-1828 жылдар аралығын қамтиды. Құжаттарды мазмұны мен сипаты бойынша топтастыратын болсақ, олар:
1. Қазақ хандығының хан-сұлтандары тарапынан Манжұр-Цин императорына ("Ұлық Боғда Ежен ханы") және жергілікті шенеунік-ұлықтарына жазған хаттары (көшпілігі "шағатайша" және "тотын-моңғолша");
2.XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ-қытай сауда байланыстары туралы құжаттар (ҚХР № 1 мұрағат қорындағы қазақтарға қатысты құжаттардың басым бөлігі қазақ-қытай шекара саудасы жөніндегі құжаттар қытай, манжұр тілдерінде хатталынған);
3. Қазақ-Манжұр-Цин, қазақ-қырғыз, қазақ-қоқан, қазақ-ойрат, қазақ - қашғар және қазақ-орыс арасындағы шекаралық, саяси, әскери, азаматтық-қылмыстық, т. б. істер туралы құжаттар (манжұр, қытай, ойрат, шағатай/ескі қазақ тілдерінде);
4. Қазақтың елі мен жері, салт-дәстүрлері, саяси-әлеуметтік жағдайы, т. б. туралы мәліметтер (манжұр, қытай, ойрат, шағатай/ ескі казақ тілдерінде).
5.Қазақ-қытай (Манжұр-цин) арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға байланысты (елшіліктер және соған қатысты туындаған мәселелер туралы ) құжаттар.
6. Қазақ және қытай билеуші лауазым иелерінің арасындағы жеке тұлғалық хат-құжаттар (Боғда Еженхан грамоталары, сый-сияпаттық хаттамалары, дәрі-дәрмек сұраулары, т. б.) [17,6б].
ҚХР мұрағатынан анықталған және аз да болса қол жеткізілген құжаттар Қазақстан тарихы мен мәдениеті үшін өте кұнды өрі ғылыми маныздылығы аса зор тарихи кұжаттар болып табылады. Атап айтканда:
а) ХУШ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-қытай, қазақ-ойрат, қазақ және өзге де Орталық Азия елдері арасындағы байланыстары жайында осы күнге дейін белгісіз болып келген тарихи қыр-сырларын анықтауға;
ә) ХУШ-ХІХ ғасырларда Орталық Азиядағы аумалы-төкпелі жағдайда өмір сүрген Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саяси-әлеуметтік ахуалын, шаруашылығы мен этникалық хал-күйін т. б. жете біліп зерттеуге, елдің сол замандағы шекарасын анықтауға;
б) "Шағатай/ескі қазақ" тілінде жазылған хат-құжаттар аркылы қазіргі қазақ жазба әдеби тілінің тарихи қалыптасу үрдісін зерттеп білуге.
Азақстан және Орталық Азияның көне тарихы мен мәдениетіне қатысты ҚХР жерінен ашылған археологиялық-эпиграфиялық материалдар
Қазақ тарихы мен мәдениеті қазіргі Қазақстан Республикасының шекарасымен шектелмейді. Ежелгі Қытай мен Орталық және Солтүстік Азиядағы көшпелі (түрік-моңғол, манжұр-тұңғүс, үнді-иран тілдес) халықтар неше мындаған жылдардан бері көрші болып, өте тығыз саяси, этно-мәдени байланыста өмір сүріп келгені белгілі.
Қазіргі ҚХР жерінде ежелгі Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты археологиялық, эпиграфиялық ескерткіштер өте көп кездеседі. ҚХР-да соңғы 20-30 жылдан бері өндіріс пен урбанизадияның қарыштап дамуына байланысты археологиялық ескерткіштер көптеп ашылып келеді. Археографиялық экспедиция құрамы ҚХР-дың солтүстік және солтүстік-батыс провинцияларындағы мұражайлар мен археологиялық ғылыми-зерттеу мекемелерінде болды, археологиялық кешендер және экспонаттармен етене танысып, қазба жұмыстарын жүргізген жеке зерттеп жүрген маман ғалым-дармен жүздесті, қазба жұмыстарының ғылыми есептері жинастырылып, ескерткіштердің фотокөшірмелері алынды.
Ежелгі Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты соңғы жылдары ҚХР жерінен ашылған археологиялық кешендер мен құнды жәдігерліктер біздің ғана емес, бүкіл дүние жүзі шығыстанушыларының назарын аударып, үлкен қызығушылық тудырып отыр. Олардын ішінен ең көрнектілерін атап кетейік:
Юйхун кесенесі. 1999 жылы шілдеде Шаньси провинциясының орталығы Тайюань қаласының іргесінен табылған, қазба жүргізіліп зерттелген. Кесенеде Юйхун мен оның зайыбы жерленген. Үлкен құлпытасқа қытай жазуымен оның өмірбаяны таңбаланған. Мәтіннің көп тұсы өшкенімен, марқұмның 592 жылы жерленгені анық жазылған. Түрік тектес жужандық Юйхун. Юйхун кесенесіндегі тас табыт-тын қабырғаларына барельефті оймышталып салынған сюжеттер көне түріктердің өмірі мен саяси тірлігі, діни наным-сенімі, т. б. туралы өте құнды мәліметтер береді.
Аньцзян кесенесі. 2000 жылы Шаньси провинциясының орталығы Сиань қаласының іргесінен табылған. Аньцзя - Солтүстік Чжоу деп аталатын табғаштық әулеттің (557-581 жылдар) қарамағындағы Соғды сауда колония-сының басшысы (сартбауы) болған. 579 жылы осында жерленген. Ол Кытай мен Түрік елі арасындағы халықаралық сауда мен саяси байланыстардың дәнекері болған. Кесене қабырғалары мен тас табыттағы түрлі-түсті оймышталған мүсіндер сюжеті ерте орта ғасырдағы мейілінше аралас-құралас жағдайда солтүстік Қытайда өмір сүрген түрік, кытай (табғаш), соғдылардың діни-мәдени өмірі, шаруашылық жайы мен тіршілік болмысын тамаша көрсеткен.
Көне түрік кағанының соғды жазулы тас мүсіні. Ескерткіш ҚХР-дың Қазақстанмен шектесетін Іле қазақ автономиялы облысының Чжаосу (Моңғолкүре) аудан орталығының шығыс жақ маңында орналаскан. Тас мүсіннің сомдалуы кәдімгі көне түрік ақсүйектерінің ескерткіштеріне өте ұқсайды. Тас мүсіннін төменгі тұсында соғды тілінде көне курсив соғды жазуында 19 жол мәтін қашалған. 1990 жылы жапон ғалымдарының ыждағатты зерттеулерінің нәтижесінде аталмыш тас мүсін Түрік елінің үшінші әулет қағаны Мұкан кағанның немересі Нари қағанның құрметіне арналып, 558 жылы немесе 599 жылы орнатылғаны анықталған.
Дәл осы сияқты, ҚХР-дың солтүстік-батыс өлкелерінен ашылған көне Көшпелілер өркениетінің археологиялық, эпиграфиялық жәдігерліктері молынан табылып отыр. Бұлар Қазақстан тарихы мен мәдениетінің түп-төркінін, тарихи болмысын, ежелгі сақ, ғұн, үйсін, каңцзюй, көне түріктермен этно-мәдени сабақтастығын түбегейлі айқындау үшін теңдессіз ғылыми маңызға ие.
"Мәдени мүра" бағдарламасы бойынша іске асырып келе жатқан ғылыми-зерттеу іс-шараларды одан әрі тыңғылықты жүзеге асыру мақсатында Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтынан 2005 жылы 10 қаңтар- 9 ақпан аралығында аталмыш институт директоры, "Шығыстану" секциясының жетекшісі профессор М. Қ. Әбусейітованың жетекшілігіндегі ғылыми топ (Б.Еженханүлы, Н.Базылхан) ҚХР-дың Пекин қаласындағы №1 Тарихи мұрағатына арнайы археографиялық экспедициямен жіберілді. Онда ҚХР-дың №1 Тарих мұрағатының басшылығымен (мұрағат директоры Син Юунфу) арнайы келіссөздер жургізілді.
ҚР БҒМ Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты және ҚХР-дың №1 Тарихи мұрағаты бірлескен жобаны жузеге асыру үшін екі жақтан арнайы мамандарды қатыстыру, екі мемлекеттің мүддесіне қайшы келмес тарихи жақтарын ескере отырып, кешенді әрі ұзақ мерзімдік жоба бойынша "ХУІІ-ХІХғасырлардағы Қазақстан мен Орталық Азия тарихы мен мәдениеті туралы Қытай мұрағат құжаттары" деп аталаған халықаралық ғылыми зерттеу бірлескен жобаны жүзеге асырудың келісім шартын жасасты.
Бұл жобаның көлемінде ҚХР-дың №1 Тарихи мұрағатында сақтаулы тұрған Қазақстанға қатысты әр түрлі тіл мен жазуларда хатталған тарихи құжаттарды, құнды деректерді сұрыптау, сараптан өткізу, тарихи құжаттар-дың екі тілде (қазақша, қытайша) іргелі ғылыми каталогын дайындау, ғылыми-кешенді зерттеулер жүргізу жөне соның негізінде ғылыми зерттеу еңбектерінің тізбекті көптомдық кітаптарын баспадан шығару, алдағы бірнеше жыл ішінде халықаралық ғылыми зерттеу жоба бойынша бірлескен ғылыми семинарлар мен конференциялар өткізу және т. б. іс-шаралар қамтылып отыр.
Осы ғылыми іссапар барысында ҚХР-дың №1 Тарихи мұрағатында сақтаулы Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты құжаттардың каталогын тексеру, түпнұсқасымен танысу жұмыстары жалғасты. Экспедиция құрамы 25 құжаттың түпнұскасымен алғаш рет танысты. Бұрыңғы экспедиция кезінде (2004 ж.) мұрағат құжаттары тек қана микрофильмдік көшірмелері арқылы таныстырылатын еді. Ол құжаттарға деректанулық, археографиялық талдау жасалды. Құжаттардың түпнүсқалық сипаттамасы жасалынып, көне кытай, манжұр, шағатай, ойрат-моңғол тілдерінде жазылған, барлығы 300 жол мәтін тексерілді. Оның ішінде Қазақтың ханы Абылай тарапынан орыс патшайымына 1740 жылы жазған екі хатының манжұрша аудармасы, Абылай ханның мөрі басылған ойрат-моңғол ("тотын") жазуымен ойрат тілінде жазылып, Цин патшасына жіберілген хаты, Әбілпейіз сұлтанның шағатай тілінде жазған хаты, Уәли сұлтан, Орыс сұлтан хаттарының манжұр тіліндегі мәлімдемесі, т. б. түпнұсқалар зерделенді. Со-нымен қатар Қазақстан тарихы мен мәдениетіне байланысты жаңа тың деректердің ксерокөшірмелері алынды.
Осы экспедиция кезінде ғылыми топ мүшелері Пекин кітапханасы, ҚХР Қоғамдық ғылымдар академиясының кітапханасы және ҚХР Пекин Ұлттар университеті кітапханасындағы сирек кездесетін кітаптар корынан да Қазақ-станның көне тарихы мен мәдениетіне байланысты құнды жазбалар мен этнографиялық материалдарды тауып анықтады.
Әзірше ҚХР-дың № 1 Тарихи мұрағатындағы микрофильмнен анықталған 3500-ден астам құжаттар ұшан-теңіз материалдардың тек бір ғана тамшысы, шағын ғана үлесі екенін қайталап айтқымыз келеді.
Сөз болып отырған мұрағат корларының Қазақстан тарихына, оның сыртқы шекаралық мәселелеріне байланысты маңызды әрі салмақты үлес боларлық нактылы тарихи құжаттары бұрын-соңды зерттелмеген. ҚХР-дың № 1 Тарихи мұрағатында, Моңғолия мұрағаттарында сақтаулы тұрған осы секілді теңдесі жоқ құжаттардың түпнұсқасын, онын көшірмесін және микрофильмдерін алу шарасын тез арада іске асыру кажет.
Осыған орай 2005 ж. 22 кыркүйекте Пекин қаласында ҚР БҒМ Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану Институты мен ҚХР-дың №1 Тарихи мұрағаты арасында "ХУІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан мен Орталық Азия тарихы мен мәдениеті туралы қытай мұрағат құжаттары" атты халықаралық ғылыми-зерттеу жобаны жүзеге асырудың келісім-шартына қол қойылды.
Сөйтіп,осы мұрағат құжаттарының зерттеулері осы жолғы археографиялық экспедициялар атқарған жұмыстарымен шектелмейді деп сенеміз. Экспедиция жұмыстары, негізінен, алғашқы рет анықтау, іздестіру, тексеру, сұрыптау сипатында болғанын ерекше атап еткеніміз дұрыс. Мұрағат құжаттарын толық игеру, мемлекеттік игілікке жарату үшін көп жылғы арнайы жоба бойынша білікті мамандарды қатыстыру кажет. Бұл "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының бастамасы, мемлекеттік іргелі игілікті істің ілкі кадамдары әрі қарай заңды жалғасын табатынына сенімдіміз.
Монғолия.
Өлгий - ¥бсы -Завхан - Бұлғын - Ар-ханғай - Өвөрханғай - Төв-Ұлан-Батыр -Баянхонгор - Өлгий бағытымен жүргізілген археографиялық экспедицияларының атқарған жұмыстары. (8 қыркуйек - 3 қазан, 27 қазан - 1 қараша, 2004 ж.)
"Орхон ескерткіштері" археографиялық экспедициясының мақсаты Моңғолияның далалы, таулы жерлерінде орнатылған және өлкетану мұражайларында сақталынған көне түрік өркениетіне байланысты түрік бітіктас, тас мүсін, ескерткіштерді анықтау, зерттеу, археографиялық, мәтіндік анализ жасау, эстампаждық, көшірмелік нұсқаларын алу, деректану-лық материалдарды жинастыру, архитектуралық өлшемдерін жасау, сақталу жағдайларын анықтау болды. Археографиялық экспедиция барысында жинастырған және өңделінген материалдары "Көне түрік бітіктас ескерт-кіштерінің жинағы (Орхон, Енисей, Талас)" ғылыми басылымға жарияланады.
Көне түрік дәуірінің бітіктастары мен ескерткіштері ең көп шоғырланған Моңғолияның орталық өлкелері — Бұлғын, Архангай, Өвөрханғай, Төв аймақтары. Жалпы осы аймақтарда шоғырланған көне түрік дәуірінің бітіктастары мен ескерткіштерінің көпшілігі далада алғаш орнатылған орнында тұр. Сонымен қатар байырғы түріктерің' атақонысы Моңғол-Алтай тау жоталарындағы көне турік дәуірінің ескерткіштері жүйелі түрде арнайы зерттелмей келеді. Бұған дейін Моңғолия, Ресей, АҚШ, Жапония, т. б. елдердің ғалымдары жартас петроглифтерді зерттеу барысында көне түрік дәуірінің бірнеше кешендерін ғана зерделеген болатын. Демек, Моңғол-Алтай тауының археологиялық, тарихи, этнографиялық, т. б. зерттеулерін жандандыру қажеттілігі бар.
Монғолияда жүргізілген археографиялық экспедиция барысында Күлтегін, Білге қаған, Тұнық-ұқ, Күлічұр, "Шивээт улаан", "Идэр", Ел Етміш қаған, Алтын Тамған Тархан, Онгин, т. б. ескерткіш кешендері мен Татпар каған, Чойр, Тэс, Тариат, Долоодой, Тэвш сияқты бітіктастары, көптеген тасмүсіндері мен археологиялық табылымдары егжей-тегжейлі тексеріліп, археографиялық, палеографиялық, мәтіндік зерттеулер жүргізілді. Ерекше атап өтер жәйт—көне түрік мәтіндерінің эстампаждық көшірмелері негізінде таңба-әріптерінің даулы тұстары тиянақты түрде зерделенді.
Экспедиция барысында 2000 дана цифрлық, 950 дана түрлі түсті фотосуреттер түсірілді. 100 минуттық бейне таспа жазылды. 600 бітіктастар мен ескерткіштерге архитектуралық өлшемдер жасалып сызба суреттері дай-ындалды. 15 ірі ескерткіш кешеннің жалпы жоспар-жобасы жасалынды. 25 дана көне түрік бітіктастар мен жазулардың археографиялық, деректанулық, мәтіндік анализдері жасалынды. 10 көне түрік бітіктас пен ескерткіштердің қолкөшірме, эстампаждық, калькалық көшірмелері алынды. Сонымен қатар бұрын соңды зерттелмеген бірнеше ескерткіш кешендері, тасмүсіндері, сандықтас, қорған бал-балдардың (Баян-Өлгий аймағында) тізбегі де табылды, олардың орналасу координаттары (жердің бойлық, ендік сызыктары бойынша) жанадан анықталды, пландық архитектуралық өлшемдері жасалды.
Археографиялық экспедиция Ұлан-Батыр қаласы Моңғолия ұлттық тарих мұражайында сақтаулы түрған Түрік елінің бірегей тұлғасы Білге қағанның алтын тәжі, күміс әшекей, асыл тастар, бар жоғы 2800 дана зат-бүйымдардың фото, цифрлық суреттері алынды.
Бұл археологиялық табылымдар 2001 жылы Білге қағанға арналған ескерткіш-кешенде жүргізілтен Моңғолия мен Түркияның бірлескен археологиялық экспедициясымен (экспедиция жетекшісі, профессор Довдойн Баяр) қазылып табылған болатын. Демек, аталмыш көмбе қазына XXI ғасырдағы көне түрік археологиясында бұрын-сонды болмаған сенсациялық олжа.
Жалпы Моңғолиядағы дүние жүзінде теңдесі жоқ, қазақтың тікелей ата-бабалары болып табылатын көне Түрік Елінің бітіктас, ескерткіш кешендерін зерттеу, қорғау, сақтау, жаңғырту, насихаттау істерінде Моңғолия Үкіметі тарапынан мүмкіндігінше (Ресей, Жапония, Түркия, т. б. шетелдердің көмегімен) іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Алайда, мыңдаған бітіктастар мен ескерткіштерді зерттеуге, корғап сақтауға Моңғолияның қаражаттық әрі ғылыми-зерттеу күші жеткіліксіз болып отыр. 2004 жылы Қазақстан Республикасының "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы бой-ынша Моңғолияда жүргізілген археографиялық экспедиция барысында мынадай жәйттарға куә болдық. Көне түрік бітіктас, шарбактас, балбал сияқты кешендердің бөлшектері малшылардың тас қорасына құрылыс материал болып кетіп жатыр; кейбір жазулы тастар бұрынғы орнынан табылмай, қайда, кім алып кеткені белгісіз болып түр; ежелгі заманның қорған, бейіттерін малшылар өз еркімен қазып, бұзып жатыр. Мұндай жайттарды бақылап отыруға Моңғолияның мүмкіндігі шамалы екені де түсінікті. Жағдай осылай болғанда, біздің ата-бабаларымыздың, көне түрік өркениетінің Моңғолиядағы асыл мұралары түрлі себептермен із-түзсіз жоғалып кетпейді деген кепілдік жоқ.
Моңғолия мен Түркия екі еларалық келісімінде (1997 жылғы бес жылдық келісім) тек қана үш ірі (Күлтегін, Білге қаған, Тұнық-ұққа арналған) ескерткіш кешендерді сақтау, қорғау, жаңғырту ғана аталған. Ал қалған мыңдаған ашық аспан астындағы далалық бітіктастар, ескерткіштер, көне қала корғандары жайы қарастырылмаған, тіпті, сөз де болмаған.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы көлемінде бұған ерекше назар аударылса, игі болар еді. Ол үшін Монғолиядағы қазақ халқының байырғы "мәдени мұраларын" зерттеу, қорғау, жаңғырту, насихаттауға арналған іс-шараларды ұзақ мерзімді жобалар бойынша жүзеге асыру қажет.
Жалпы, ата-бабаларымыздан мұра болып қалған Еуразиялық кеңістіктегі далалық көшпелі өркениетінің мұралық құндылықтарына бірден-бір бас-көз болуы-Қазақстан Республикасы Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшысы болу жолындағы рухани-стратегиялық қадамдарының бірі. Демек, атамұралардың ғьлыми әрі танымдық өрісін пәрменді түрде кеңейтудің, үздіксіз насихаттаудың, ұрпақаралық құндылықтарды сақтай отырып, байырғы болмыс тарихы сабағына асқан ыждаһаттылықпен қараудың міндеттері туындап отыр.