Сабақтың түрі: өзара белсенді құзіреттілікті оқыту

Сабақтың әдісі: топтық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар, ребус, тест тапсырмалары

Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, оқулық, интерактивті тақта, натрий және калий қосылыстарының жиынтығы, «алма ағашы», алма суреттері, А3 плакаттары

Технология түрі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Пән аралық байланыс: биология, медицина, экология, география

Күтілетін нәтиже:

- Натрий, калий қасиеттерін сипаттай білу

- Теориялық білімдерін жүйелей білу

- Есептер мен жаттығуларды өзбетімен шығара білу

- Элементтердің биологиялық маңызын білу

- Өзгерістер тізбегін, химиялық реакция теңдеулерін жаза білу

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру (Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сыныптың дайындығын тексеру,оқушылар бір-бірін бағалайтынын ескертіп өту. Топпен жұмыс жасау ережелерін еске салу)

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сыныптағы оқушыларды смайликтің көмегімен 4 топқа бөлу. Презентацияда жасырын тапсырмалары бар ұяшықтар орналасқан, сол ұяшықтарды таңдау арқылы оқушылар өздеріне тапсырмалар алады ( тапсырмалар деңгейлік). Алған тапсырмаларын топпен бірігіп плакатқа (А1 өлшемдегі) орындайды.

Жасырын тапсырмалары бар ұяшықтар:

Сабақтың түрі: өзара белсенді құзіреттілікті оқыту - student2.ru Сабақтың түрі: өзара белсенді құзіреттілікті оқыту - student2.ru

       
    Сабақтың түрі: өзара белсенді құзіреттілікті оқыту - student2.ru
  Сабақтың түрі: өзара белсенді құзіреттілікті оқыту - student2.ru
 

Топтар:

I-топ II- топ III-топ IV-топ

Сабақтың түрі: өзара белсенді құзіреттілікті оқыту - student2.ru Сабақтың түрі: өзара белсенді құзіреттілікті оқыту - student2.ru Сабақтың түрі: өзара белсенді құзіреттілікті оқыту - student2.ru Сабақтың түрі: өзара белсенді құзіреттілікті оқыту - student2.ru

I -Топтың тапсырмалары: А Металдық қасиеті бар элементтер периодтық жүйенің қай топтарында орналасқан? В Берілген тізбекті реакцияны жүзеге асырыңыз: Na →NaOH →Na2CO3 → NaCI → Na C Берілген есептерді шешініздер: 1. Табиғи минерал бокситтің құрамындағы алюминий оксидінің массалық үлесі 92 %, массасы 5 кг бокситтен қанша килограмм алюминий алуға болатынын есептеңдер. 2. Массасы 4,6 г сілтілік металл йодпен әрекеттескенде массасы 30 г осы металдың йодиді түзілді. Реакция үшін қандай қандай сілтілік металл алынған?
II- топтың тапсырмалары: А Типтік металдарға қай топ металдары жатады? В Берілген тізбекті реакцияны жүзеге асырыңыз: KNO3 ← K2CO3 ← KCI ← K → KOH C Берілген есептерді шешініздер: 1.Марганец(IV)оксидінен алюминтермиялық тәсілмен марганецті алудың теңдеуін құрастырыңдар. Құрамында 10 % қоспасы бар 40 г марганец(IV)оксидінен, марганецтің қандай массасын алуға болатынын есептеңдер. 2. II- топтың кейбір металының 10 г-на тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде 5,6 л (қ.ж) газ бөлінген. Қандай металл реакцияға қатысқан?
III-топтың тапсырмалары: А Металдарды өнеркәсіпте қандай әдістермен алады? В Берілген тізбекті реакцияны жүзеге асырыңыз: Na2SO4← NaOH← Na2O→NaCI → NaOH C Берілген есептерді шешініздер: 1. Құрамында хром (III) оксидінің массалық үлесі 80% кеннің 20 кг-нан, алюминтермиялық тәсілмен хромның қандай массасын алуға болатынын есептеңдер. 2. 20 г сілтілік металдың карбонатына тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде 4,22 л СО2 газы бөлініп шықты. Карбонаттың формуласын анықтаңдар.
IV-топтың тапсырмалары: А Металдар химиялық реакцияларда не себепті тотықсыздандырғыштық қасиет көрсететінін түсіндіріңіздер. В Берілген тізбекті реакцияны жүзеге асырыңыз: KCI ← K← KOH ← KHS → K2S C Берілген есептерді шешініздер: 1. Шойынның құрамында шамамен 95% темір болады. 2 т шойын алу үшін құрамында 64% темірі бар табиғи минерал гематиттің қандай массасы қажет болатынын есептеңдер. 2. Белгісіз (III ) валентті металл тұз қышқылымен әрекеттескенде 3,3 л газ (қ.ж), 13,35г тұзы түзіледі. Рекцияға қатысқан металды анықтаңдар.

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға ребус беріледі.

Сабақтың түрі: өзара белсенді құзіреттілікті оқыту - student2.ru

Оқушылар ребусты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Жаңа сабақ оқушылардың бір-біріне түсіндіруімен жүреді, яғни тапсырма парақшалары арқылы әр топ тапсырмалар алады да, топпен бірігіп плакатқа А3 өлшеміндегі) орындайды. Тапсырманы орындауға 10 мин уақыт беріледі. Егер уақыт аяқталғанша тапсырмаларды орындап үлгермесе де, сол сәтте тапсырманы орындауды аяқтайды. Тапсырманы қалай орындау өздерінің еркінде, мысалы, сурет, сызбанұсқа, график түрінде болуы мүмкін. Негізгі мақсат берілген тапсырмаларын сыныпқа қарапайым түрде түсіндіру керек.

Сабақтың түрі: өзара белсенді құзіреттілікті оқыту - student2.ru Әр топқа берілетін тапсырмалар:

 
  Сабақтың түрі: өзара белсенді құзіреттілікті оқыту - student2.ru

Сабақтың түрі: өзара белсенді құзіреттілікті оқыту - student2.ru

 
  Сабақтың түрі: өзара белсенді құзіреттілікті оқыту - student2.ru

IV. Сабақты бекіту.Әр топ бір-біріне өздерінің қорғаған тақырыпшалары бойынша өзге топтарға екі сұрақтан дайындайды.

V. Сабақты бағалау.Әр топ қойылған сұрақтарға жауап бергені бойынша бағаланады. Бағалауды сұрақ қойған топ «Бағалау ағашы» бойынша жүргізеді. Оқушыларға үш түсті алма беріледі. Олар, қызыл, көк, және сары. Қызыл алма –«5», сары алма – «4», көк алма- «3». Тақтада ілініп тұрған «Бағалау ағашына» алмаларды жабыстырады, және алмалардың көмегімен орташа бағасын шығарып, бүгінгі сабақты бағалайды.

VI. Үйге тапсырма.

§ 5.2; §5.3; оқулық бойынша 150 бет, 5,6,7; 153 бет, 2,3,6 тапсырмалар

Наши рекомендации