Топырақ жамылғысының экологиялық маңызы
Топырақ жамылғысы материктер құрлығы мен теңіздер және көлдердің таяз суларын орап алған жер шарының күрделі өзіндік биогендік қабықшасы болып саналады.
Тау жыныстарының үстіңгі қабаты /литосфера/ организмдердің бірнеше ұрпақтарының әсерлеріне душар бола отырып, атмосфера мен гидросфераның ұзақ шексіз әсеріне сынала отырып, өсімдіктердің өсіп-дамуын және өнімін қамтамасыз ететін топырақ жамылғысына айналады, былайша айтқанда фитобиомассаны құрайды, сонымен қатар біздің планетаның тарихында оразан зор геофизикалық және биогеохимиялық рөлін атқарады.
Көрнекті совет одағының геохимигі В. И. Вернадский (1926, 1933, 1934, 1940, 1965) топырақты планетаның геофизикалық қабықшалары: литосфера, атмосфера, биосфера және гидросфераның өзара әрекетін пайда болған «Жердің асыл тотығы» деп атаған. «Асыл» дегені, ол дамыған құнарлығымен қамтамасыз етілген, немесе өсімдіктерден өнім алу қабілеті бар, «тотығы» деу себебі, топырақ жамылғысы алғашқы тау жыныстарының қайта өңдеу/ жасау/ өнімдері болып саналады.
Планетаның басқа қабықшаларымен үздіксіз қарым-қатынаста бола отырып топырақ жамылғысы жер шарындағы энергия мен заттардың күрделі алмасу және айналу процестерінде белсенді қатыса отыра, үлкен жалпы планетарлық рөлді атқарады. Сонымен қатар литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфераның көптеген қасиеттері мен құбылыстарын айқындайды. Осыған байланысты, В.В.Докучаев айтқандай, адамзаттың тағдырын шешетін күрделі және құбылмалы қарым-қатынаста болатын ауыл шаруашылығының проблемелерын шешуге жол ашады. Сонымен қатар тірі және тіріемес табиғаттың арасындағы өзгерістерді реттейтін заңдарды білуге де жол салады.
Топырақ түзілу және топырақ құнарлығының қалыптасу процестерін басқару және меңгеруде олардың заңдарын білу және қолдану ғылыми негізделген егіншілік жүйесін жүргізудің негізгі шарттары. Географиялық ортаны және топырақ құнарлығының ерекшеліктерін дұрыс түсіну ауыл шаруашылығын тиімді жүргізудің кепілі деп В.В Докучаев XIX ғ. аяғында айтқан болатын. Ол өзінің еңбігінде былай деген: «жоғарғы аталған факторлар соншама тығыз қарым-қатынаста болғандығы сонша, оларды факторлар ретінде және олардың әр қайсысының әсерлерін түсіну үшін бірінен-бірін бөліп қарауға да болмайды. Оларды бір тұтас және бөлінбес табиғат деу қарау керек, әйтпесе біз оларды ешқашанда дұрыс басқара алмаймыз және не бірінші факторға, ал не екінші факторға жататынын анықтай алмаймыз» (Докучаев, 1949, 430—431 б.).
Топырақ жамылғысы /педосфера/ литосфера, гидросфера, биосфера және атмосферамен ылғыйына тығыз қарым-қатынаста және тұрақты тәуелділікте болады да, біздің планетаның даму тарихында жалпы планетарлық рөлді атқарады.
Топырақ жамылғысы құрлықтағы өсімдіктерді қажетті минералдық, су, көмірқышқылдық және азотпен қоректендіру қабілетімен қамтамасыз етілген және өсімдіктердің фотосинтездік қызмет атқару барысында күн энергиясының өте үлкен мөлшерін өсімдіктердің органикалық заттарында жинау негізгі шарт болып саналады.
Топырақтар құрлықтағы өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы және шарты болып саналады. Көп қатынастарда топырақтар тірі заттың негізгі орналасу жері, мысалы тамырлар немесе омыртқасыз жануарлар, метаболизм өнімдері мен өлі заттардың қалдықтарының.
Топырақтың үстіңгі қабатындағы өсімдіктер фотосинтез және жаңа органикалық заттарды түзу арқылы жылына шамамен 0,5-1015 квс энергия жинайды.
Жер шарында бұл энергияның отын, тамақ және азық ретінде жылына шамамен 7,0-1012 квс шығындалады. Шамамен 16,2-1012 квс энергияны адамдар қазбалы отындарды жағу арқылы пайдаланады, сонымен қатар бәлкім өткен геологиялық дәуірде өсімдіктермен жасалған /көмір, шым, мұнай/. Егер жер шарында энергияның басқа түрлерін (өзен және жел энергиясы) шамалы пайдалауын еске алсақ, ал жаңа энергия көздерін пайдалану өте шамалы (ядерлық, су толысу энергиясы, жердің ішкі энергиясы және б.), онда осы кезеңде және келешекте ұзақ уақытта Күн энергиясын тасымалдаайтын көзі болып топырақ-өсімдік-жануарлар жүйесі саналатыны күмәнсіз.
Дегенмен келешекте әлемдік мұхит құнарлығы мен гидросферадағы өсімдіктердің фотосинтездік қызметі адамзатпен қазіргі кезбен салыстырғанда әлдеқайда жоғары пайдалануы мүмкін және азық-түлік және энергетикалық қажеттіліктерді шешуде бірінші орын алады.