Тақырып Геодезия пәнi және оның мiндеттерi. Жердiң пiшiнi мен көлемi. Геодезияда қолданылатын проекциялау әдісі
Дәрістердің қысқаша жазбасы
Дәрістер жоспары
1. Геодезияның негізгі ғылыми және техникалық міндеті
2. Геодезияның қысқаша даму тарихы
3. Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік
4. Жергілікті жерді горизонтальды жобалау- жобалаудың негізгі әдісі
Геодезия - жер туралы өте ежелгi ғылымдардың бiрi. Адамзаттың бағзы заманда жер бетiнде қашықтық пен ауданды өлшеудегi ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дуниеге келуiне негiз болды. Грек тiлiнен аударғанда «геодезия» сезi «жердi бөлу» деген мағынаны бiлдiредi. Қазiргi заманғы геодезияның жердi бөлу мағынасы шеңберiнен әлдеқашан шыққаны түciнікті.
Геодезия - жердiң немесе оның жекелеген бөлiктерiнiң пiшiнi мен көлемiн, жердi карталар мен пландарға түcipy, сол сияқты адамның инженерлiк қызметiнiң сан алуан мiндеттерiн атқару мақсатында жер бетiн өлшеу әдiстерiн зерттейтiн ғылым.
Адамзат қоғамының дамуына жане ғылым мен техниканың өcyiнe байланысты, геодезияның мазмұны да өзгерiп отырды. Соның нәтижесiнде өзiнiң даму процесiнде геодезия бiрсыпыра дербес ғылыми жане Fылыми-техникалық пәндерге белiнедi:
1. Жоғарғы геодезия - жердiң және планеталардың фигуралары мен көлемдерiн зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негiзгi Tiрек жүйелерiн құру женiндегi мiндеттердi шешедi. Жоғарғы геодезия мiндеттерiн шешу әдiстерiн егжей-тегжейлi зерттеу үстiнде одан жеке пәндер болып геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия жане Fарыш геодезиясы бөлiнедi.
Геодезиялық астрономия - геодезиялық Tipeк жүйелерi үшiн аспан шырақтарын бақылау негiзiнде координаталық бастапқы мәлiметтердi анықтап беру мәселелерiмен айналысады.
Геодезиялық гравиметрия - жер бетiнiң жекелеген нуктелерінің ауырлық күшiн арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жердiң фигурасын зерттеумен шұғылданады.
Fарыш геодезиясы - Жердiң жасанды cepiктepiнің көмегімен жер бетi нүктелерiнiң геометриялық арақатынастарын зерттейдi.
2. Геодезия немесе топография жер бетiнiң бiршама шағын учаскелерiн Tүcipүмен байланысты мәселелердi зерттейдi.
3. Картография жер бетiнiң едәуiр территорияларының кескiндерiн әртүрлi мақсаттары карталар түрiнде жасау әдicтерi мен процестерiн, оларды жасау және кебейту технологиясын зерттейдi.
4. Аэрофототопография жердiң карталары мен пландарын фотосуреттер және әуеден тycipген фотосуреттер бойынша жасаудың әдiстерiн талдаумен айналысады.
5. Теңіз геодезиясы мухиттар мен теңiздер түбiнiң табиғи қорларын барлау мен картағра түcipyгe байланысты арнайы өлшеу әдiстерiн талдап жасайды.
6. Қолданбалы геодезия iздеулер, құрылыстар мен инженерлiк Fимараттарды салу және пайдалану, жабдықтарды монтаждау, сонымен қатар елiмiздiң табиғат байлықтарын пайдалану кезiнде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдiстерiн зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезия өзiнiң жұмыс барысында геодезия әдiстерiн кең пайдаланады, ал кейбiр жағдайларда оны өз тәсiлдерi мен құралдары арқылы шешедi.
Геодезия мен топография пәнiнiң негiзгi ғылыми-техникалық мiндеттерiне мына төмендегiдей жұмыстар жатады:
а) жер бетiндегi жекелеген нүктелердiң орындарын таңдап алынған координаталар жүйесiнде анықтау;
б) ар турлi инженерлiк ғимараттарды жобалау және салу кезiнде сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде, жер бетiнiң және қойнауының табиғат байлық тарын пайдаланудақажет болатын түpi, сипаты, дәлдiгi жағынан алуан түрлi өлшеулердi жер бетiнде немесе жер астында атқару;
в) елiмiздiң қорғаныс мұқтаждығын геодезиялық мәлiмет термен қамтамасыз ету.
Жердiң физикалық бетiнiң жалпы ауданы 510 млн км 2-қа тең және геометрия жағынан алғанда пiшiнi күрделi. Орасан кеңiстіктi (жер бетiнiң 71%-iн) мұхиттар мен теңiз шұңқырлары алып жатыр, олардың тереңдiгi 11000 м-ге дейiн жетедi. дүниежүзiлiк мұхиттың орташа тереңдiгi - 3800 м-ге жуық. Сонымен, құрлықтың көлемi дүниежүзiлiк мұхитқа қарағанда аз ауданды алып жатқандықтан, сондай-ақ құрлықтық мұхит тереңiндегi кыраттармен салыстырғанда онша биiк болмайтындықтан, мұхит деңгейiн жердің фигурасы ретiнде қабылдауымыз қажет. Осындай тұйық бет өзiнің әрбiр нүктесiнде вертикаль бағытқа яғни ауырлық күшiнiң бағытына перпендикуляр болады, ал ол деңгейлік бет деп
1- сурет. Жер пішінінің фигурасы
аталады. Осы деңгейлiк бетпен шектелген дененi геоид дейдi.
Геоид пiшiнi күрделi, дегенмен осы фигура жалпы сфероидқа жақын. Эллипстiң кiшi oci төңiрегiнде айналуынан шығатын айналу эллипсоидына жақын.
Экватордың OQ1 =а радиусы және ОР=b кесiндici сфероидтық үлкен және кiшi жартылай остерін құрайды. а=(а- b)/а шамасы сфероидтың сығылушылығы деп аталады. а, b және α шамаларын градустық өлшеулер арқылы анықтауға болады
Жер эллипсоидының көлемiн әлденеше рет әр түрлi елдердiң ғалымдары анықтады. 1945 жылдан бастап геодезиялық және картографиялық жұмыстар үшiн Ф. Н. Красовскийдiң референц-эллипсоидының мынaдaй көлемдерi бекiтiлдi: а=6378245 м, b=6356863м, а=1:298,3.
Кеңiстiктегi әр түрлi бейнелер мен заттарды қағаз бетiнде кескiндеу үшiн проекциялау әдici қолданылады Жердiң физикалық бетiндегi нүктелердiң орны эллипсоидтың бетiне нормаль болып есептелетiн тік сызық арқылы проекцияланады. Осы проекциялау нәтижесiнде нүктенiң тiкбұрышты (ортогональды проекциялары алынады.
Жер бетiнiң едәуiр территориясын кескiндеу жердiң деңгейлiк бетiне жасалынады, бұл жағынан оған тік сызықтар нормаль болып есептеледi.
Деңгейлiк беттен жердiң физикалық бетiндегi нүктелерге дейiнгi ара қашықтық (метрмен алынған) нүктеннің абсолют бuiктiгi деп аталады (мысалы, Н ). Кез келген басқа Р1 жазықтырына параллель шартты деңгейлiк беттен берiлген нүктеге дейiнгi ара қашықтық (метрмен алынған) нүктенiң шартты бuiктiгi деп аталады. Бiр нүктенің екiншi бiр нүктенiң деңгейлiк бетiнен бiршама қашықтығының айырмасы салыстырмалы бuiктiк (h) деп аталады.
Қазақстанда абсолют биiктiктiң бастапқы саны ретiнде Кронштадт футоштогының нөлi қабылданған. Футшток дегенiмiз бөлiктерi бар мыс тақта, осы белiктер бойынша оқтын-оқтын теңiз деңгейi есептелiп отырады. Кронштадт футштогының нөлдiк белiгi шамамен Балтық теңiзiнiң орташа деңгейiмен дәл келедi.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.[1] бет 4-6
2.[1] бет 6-8
3.[1] бет 9-10
4.[1] бет 11-13
СӨЖ үшін бақылау тапсырмалар (2-тақырып) [1,2,3]
1.Жай сигнал, күрделі сигналдарға сипаттама.
2.Мемлекетік геодезиялық торды құру үшін қандай дайындық жұмыстарды жасау керек.