Практикалық жұмыстардың тізімі
АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН |
Аймақтық әлеуметтік - инновациялық |
университеті оқу және инновациялық |
технологиялар жөніндегі проректоры, ф.ғ.к. _________________ Қ.С.Мамаев |
"____"______________ 20____ж. |
Филология және құқық факультеті
Азақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы
BG2217- «Биогеография» пәні бойынша
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
5В011600 - География мамандығы бойынша
сағат көлемі – 3 кредит ( 135 сағат)
Шымкент, 2014
Пәннің оқу бағдарламасы университет Ғылыми кеңесінің «___» _______ 20__ ж. №___ хаттамасымен бекітілген мамандықтың оқу жұмыс жоспары негізінде дайындалды.
Құрастырған:
Пікір жазғандар:
1. М. Әуезов атындағы ОҚМУ, г.ғ.д., доцент Тасболат Б.
2. М. Әуезов атындағы ОҚМУ, г.ғ.к., Мырзалиева З.Қ.
Пәннің оқу бағдарламасы кафедраның «___»________20__ж №___ мәжілісінде талқыланып, факультет Оқу-әдістемелік кеңесіне ұсынылды.
Кафедра меңгерушісі _____________ Орынбасарова Г.Ж.
Пәннің оқу бағдарламасы факультет Оқу-әдістемелік кеңесінің «___» _________20__ ж №___ мәжілісінде талқыланып, университеттің Оқу-әдістемелік кеңесіне ұсынылды.
Факультет оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы ________ Пәзіл Ә.
Пәннің оқу бағдарламасы университет Оқу-әдістемелік кеңесінің «___» ________20__ ж №___ мәжілісінде қаралып, бекітілді.
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы ________ Ермекбаев М.Ә.
І Түсінік хат
Студенттерді биогеография ғылымының қазіргі кезеңдегі дамуы, өсімдіктер мен жануарлардың жер бетіне таралу заңдылығын, орналасу тәртібі, бүкіл адамзат үшін маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Қазіргі жер бедеріне сәйкес өсімдіктер мен жануарлардың орналасу тәртібін, тіршілік формалары мен экологиялық топтарын анализын өткізу және картамен жұмыс жасау білу.
ІІ Пәннің мазмұны
- Кіріспе
Биогеография әлемдік өсімдіктер мен жануаралар туралы ғылым. Бұл ғылым саласы өсімдіктердің жер бедеріне таралу заңдылығын, орналасу жағдайына қарай құрамы, құрылысы, бірлестігі, бейімделгік қасиетін, және ерекшеліктерін салыстырмалы түрде зерттеп, дәлелдейтін ғылым саласы.
Флора фауна геоморфология, топырақтану,палеоботаника ғылымдарымен бірге дамып, әсерлерің дәлелдеу бір- бірімен толықтырып келе жатқан жаратылыстану ғылым салалары. Табиғат заңдылықтарын анықтау, факторлардың әсерлерің дәлелдеп, жинақтау, өсімдік турлерінің жер бетіне таралуына байланысты ерекшеліктерін зерттейді.
Өсімдіктер мен жануарлардың жер бетінде таралуының өз заңдылығы бар: экватордан полюске қарай зоналарға бөліңеді. Әр зонаның озіне тән ерекшелігі,факторларға байланысты өсімдіктердің бейімделуі, тропикалық, субтропикалық зоналарда өсімдіктер түрлерінің коп, қалың болып өсуі, экваторлық белдеуден алшақтаған сайын әсімдік түрлерінің азаюы, арктика, тундра өсімдіктеріне тән қасиеттері бар.
- Негізгі бөлім
Кіріпе. Әлемдік флора және фауна – ағзалардың жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейтін пән. Өсімдіктер мен жануарлардың жер бетінде таралу заңдылықтары. Жануарлар мен өсімдіктердің жер бетінде таралуының негізігі факторлары. Өсімдіктер әлемінің зерттелу тарихы Жануарлар әлемінің зерттелу тарихы. Алғашқы өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметтер. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің зерттелуіне үлес қосқан ғалымдар. Жер шары өсімдіктерінің таралу заңдылықтары. Жануарлар эволюциясы. Жер шары өсімдіктерінің таралу заңдылықтары. Жануарлар эволюциясы. Брокман – Ерош заңдылығы.
Неотропикалық аймақтың фаунасы. Неотропикалық фаунистикалық аймақтың алып жатқан территориясы. Неотропикалық фаунистикалық аймақта кездесетін жануарлардың ерекшеліктері.
Палеотропикалық флористикалық аймақ. Палеотропикалық облыстың флористикалық тармақтары. Аймақта кездесетін өсімдіктердің ерекшеліктері. Эфиопиялық фаунистикалық аймақ.
Эфиопиялық фаунистикалық аймақтың ерекшеліктері. Эфиопиялық аймақтың эндемик жануарлары. Кап флористикалық аймағы мен Шығыс аймақтың жануарлар әлемі. Кап флористикалық аймақтың эндемді өсімдіктері. Шығыс аймақтың фаунистикалық әлеміне түсінік.
Австралиялық аймақтың өсімдіктері мен жануарлары. Австралиялық аймақтың территориясы. Австралиялық аймақтың эндемді өсімдіктері. Австралиялық аймақтың эндемді жануарлары.
Голарктикалық аймақтың өсімдіктер мен жануарлар әлемі. Голарктикалық аймақтың өсімдіктер әлеміне түсінік. Голарктикалық аймақтың эндемді өсімдіктері. Голарктикалық аймақтың жануарлары әлемі. Антарктикалық аймақтың жануарлар және өсімдіктер әлемі. Антарктикалық аймақтың фаунистикалық әлемі. Антарктикалық аймақтың флористикалық әлемі. Жапондар аралдар флорасы.
Мұхит пен теңіздегі тіршілік. Мұхитта кездесетін өсімдіктер мен жануарлар. Теңізде тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар.
Ылғалды тропикалық зона өсімдіктері мен жануарлары. Тропика өсімдіктерінің қасиеті. Тропика өсімдіктерінің халық шаруашылығындағы маңызы. Саванна, дала өсімдіктері мен жануарлары.
Саванна - ксeрофиттi шөптесiн өсiмдiктер мекені. Дала өсімдіктері мен жануарлары. Далалы жерлердің өсімдіктері мен жануарларының қасиеттері. Шөл және шөлейт жерлердің өсімдіктері мен жануарлары. Шөл және шөлейтті өсімдіктердің ерекшеліктері. Тайга және тундра өсімдіктері мен жануарлары. Тундра флорасы мен фаунасы. Тайга және тундра жануарлары. Тайга флорасы мен фаунасының ерекшеліктері.
- Практикалық (семинар) сабақтарының, зертханалық сабақ, СӨЖ, курстық жоба (жұмыс) үлгілік тізімі.
Практикалық жұмыстардың тізімі
- Флора мен фаунаның таралу принциптері
2. Неотропикалық аймақтың флорасы мен фаунасы
3. Палеотропикалық флористикалық аймақ
4. Эфиопиялық фаунистикалық аймақ
5. Кап флористикалық аймағы мен Шығыс аймақтың жануарлар әлемі
6. Австралиялық аймақтың өсімдіктері мен жануарлары
7. Голарктикалық аймақтың өсімдіктер және жануарлары
8. Антарктикалық аймақтың жануарлар және өсімдіктер әлемі
9. Өсімдіктер және жануарлар экологиялық топтары
10. Мұхит пен теңіздегі флора мен фаунасы
11. Дала өсідіктері мен жануарлары
12. Шөл және шөлейт жерлердің өсімдіктері мен жануарлары
13. Құмды шөлдер фаунасы мен флорасы
14. Тау және таулы жерлердің өсімдіктері мен жануарлары
- Қазақстан өсімдіктері мен жануарлар
СӨЖ тізімі
1. Гетерогенозис принциптері
2. Фитоценоздардың жіктелуі
3. Зональды, интразональды және экстразональды таралу заңдылықтары
4. Флораның реликт, ортоселекциялық, миграциялық түрлері
5. Жануарлардың тік белдеулігі
6. Геоботаникалық және зоогеографикалық аудандастыру
7. Фаунаның материкт, арал, теңіз түрлері
8. Планктон түрлері
9. Эндемикалық тұқымдастық
10. Американың жабайы табиғаты
11. Мадагаскар жануар әлемі
12. Жерорта теңіздің аймағы
13. Евразия мен Американың ормандары
14. Африка, Оңтүстік Америка, Австралия саваналардың ерекшелігі
15. Далалы жерлердің жануарлары
16. Солтүстік пен Оңтүстік Африканың шөлдері
17. Сортаң өсімдіктері
18. Құмды шөлдер флорасы
19. Таулы жерлердің жануарлары
20. Оңтүстік Қазақстанның Қызыл кітапқа енген өсімдіктері мен жануарлары
21. Құстар туралы аңыздар
22. Эндемизм,викаризм,реликт
23. Жануарлар мен өсімдіктер туралы аңыздар мен ертегілер
- Ұсынылған әдебиеттер мен WEВ-сайттар тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. Ж.Сағындықов Өсімдіктер географиясы Алматы ., 1997ж.
2. У.Зедлаг Животный мир Земли .Москва 1975 г.
3. Воронов А.Г. Биогеография изд.МГУ 1963
4. Курнишникова Т.В. География растений. Просвещение 1987
5. Тахтаджян А.Л. Флористические области Земли Наука. Л., 1978
6. Фромантан Э. Сахара и Сахель. М., Наука 1990.
7. Ярошенко П.Д. Общая биогеография М., 1975.
Қосымша әдебиеттер:
8. Б.Н.Головин Очем говорят названия растений. Москва 1986.
9. Х.Фаркаш Животный мир легенд и сказок . Алматы.,1985
10. А.Смирнов Мир растений. Москва., 1961.
11. Жануарлар әлемінің үлкен Атласы. Алматы, 2002
12. Қазақстан жануарлары мен өсімдіктері. Алматы, 2002
13. Камелин Флора Сырдаринского Каратау Л., 1990