Тақырып трассаның бойлық профилін құру
Дәрістер жоспары
1.Далалық жұмыстарды өңдеу
2.Абсолютті биіктікті есептеу
3.Жобалық биіктік белгісі мен жобалық еңістік
4.Бойлық және еңдік профильді құру
Геометриялық нивелирлеудi ғылыми өңдеу далалық журналдардары жазулар мен есептеп шағаруларды тиянақты түрде қарап шырудаң және бақылаушы жасайтын әр беттiк тексеруден басталады. Әр беттiк тексеру жасалып бiткеннен кейiн, жүpicтік қиыспаушылырын есептеп шығаруға кiрiседi. 1. 3-графаға артқы рейканың қара және қызыл жақтары бойынша алынған барлық есептеулердiң қосындысын ∑З жазадыда, оларды а әрпiмен белгiлейдi. 2. Алдыңғы рейкадан дәл осылай алынған барлық есептеулердiң қосындысын ∑П 4-графаға жазып, оны b әрпiмен белгiлейдi. 3. Рейкалардың қара және қызыл жақтарының көмегімен алынған салыстырмалы биiктiктi есептеп шығарады
hқ =Зқ –Пқ; hқл =Зқл –Пқл . (1)
Салыстырмалы биiктiктiң айырмашылығы қос рейканың тақаларының айырымын есепке алғанда 10 мм-ден аспауы тиiс, яғни
Hқ –hқл < 10 мм.
4. Онан әрі салыстырмалы биктіктің орташа мәнін анықтайды.
H0=(hқ+hқл)/2 (2)
5. Әр беттік тексеруді орындағанан кейін төмегі шарт орындалу керек:
∑З-∑П=∑h=2∑h0 (3)
6. Әр беттiк тексеру бiткен соң жүрicтiң қиыспаушылығын есептеп шығаруға кiрicедi. Егер нивелирлiк жүрiс тұрақты геодезиялық биiктiк нүктелерiнiң - реперлердiң арасында салынған болса, онда нивелирлеуден алынған салыстырмалы биiктiктерiнiң қосындысы ∑h0 соңғы Нс және бастапқы Нб реперлердiң биiктiк белгiлерiнiң айырымына тең болуы тиiс
∑h0=Hc-Нб . (4)
Осы жағдайдағы қиыспаушылық
fhT =hо-(Нс-Нб). (5)
Егер нивелирлеу eкi нивелирмен жүргiзiлген болса, онда бiрiншi нивелирмен алынған салыстырмалы биiктiктерiнiң қосындысы ∑h01 екiншi нивелир мен алынған салыстырмалы биiктiктерiнiң қосындысына ∑h02 тең болуы тиiс, яғни ∑h01 = ∑h02 демек, қиыспаушылық
fhД=∑h01 = ∑h02. (6)
Егер нивелирлеу тура және кepi жүрicтермен жасалса, онда тура жүрicтiң салыстырмалы биiктiктерiнiң қосындысының ∑hо.т абсолют шамасы кepi жүрiстiң салыстырмалы биiктiктерiнiң қосындысының кepi шамасына ∑hо.қ тең болуы керек, яғни тең болуы керек, яғни
∑hо.т=-∑hо.қ (7)
Бұл жағдайда қиыспаушылық мынаған тең болады:
fhт.қ=∑h O.T. +∑hоқ (8)
Тұйықталған нивелирлiк жүрicте салыстырмалы биiктiктердiң қосындысы (∑h0=0) нөлге тең болуы тиiс, сонда жүрiстiң қиыспаушылығы
7. Егер фактiге негiзделген қиыспаушылық fh мүмкін қиспаушылықтан кем болса (fh< fhм), онда фактiге негiзделген қиыспаушылықты fh жүрicтiң барлық салыстырмалы биiктiктеpiнe тепе-тең етiп кepi таңбамен бөледi, яғни салыстырмалы биiктiкке мынадай түзету енгiзiледi:
(9)
Түзетулер 1 мм-ге дейiн дөңгелектенедi.
8. Тузетiлген салыстырмалы биiктiктер мына формула мен есептелiп шығарылады:
hT.і=h o.і +δh . (10)
9. Түзетiлген салыстырмалы биiктiктер бойынша байланыстыру нүктелерiнiң биiктiк белгiлерiн мына формуламен есептеп шығаруға кiрiседi:
Н п=Нп-1 +h c, I , (11)
мұндағы Н п - нүктенің есептелiп шығарылатын биiктiк белгici; Н п-l - жүрiстiң бұрынғы нүктеснің биiктiк белгici, h c. I нүктелердiң арасындағы түзетiлген салыстырмалы биiктiк.
10. Биiктiк белгiлердi есептеп шығарудың дұрыстығын тексеру мынадай формуламен жасалады:
Н с-Нб=∑hТ . (12)
11. Барлық байланыстыру нүктелерiнiң биiктiгiн анықтағаннан кейiн аспаптың горизонттарын есептеп шығаруға кiрicедi. Бұл жағдай тек қана аралық (полюстiк) және көлденең нүктелерi бар станциялар үшiн жасалуы тиic. Мұнда аспаптың горизонтын мына формула бойынша табады:
АГ=Нз+З, (13)
мұндағы 3 - артқы рейканың қара жағы бойынша алынған есептеу.
Аралық нүктелердiң биiктiк белгiлерiн аспаптың горизонтының биiктiк белгiciнен тиicтi аралық нүктеге қойылған рейканың қара жағынан алынған есептеудi алып тастау арқылы табады, яғни
На =АГ-С. (14)
Осылайша көлденең профильдiң нүктелерiнiң биiктiк белгiлерiн есептеп шығарады.Нивелирленген трассаның нүктелерiнiң есептелiп шығарылған биiктiк белгiлерi бойынша оның профилi салынады. Профильдi жол-жол сызықты қағазға нивелирлеу журналы мен пикеттік кiтапшаның мәлiметтерi бойынша сызады. Бойлық профильге көбiрек көрнекiлiк беру мақсатымен, әдетте вертикаль масштабты горизонталь масштабпен салыстырғанда 10 есе үлкейтiп қабылдайды. Бойлық профильдi салу мына тәртiп бойынша жасалады :
1. Шартты горизонтты (ШГ) таңдайды, оның сызығынан профильдiң ең әлсіз нүктeci 4-5 см-ден артық қашықтықта болмауы керек, шартты горизонттың (ШГ) биiктiк белгiсi 10 м-ге еселi болуы тиiс.
2. Шартты горизонттың сызығынан төмен профиль торын орналастырады, ол қажеттi мәлiметтердi енгiзуге арналған жол-жол сызық болып саналады.
3. Ара қашықтық графасына қабылданған масштабқа сәйкес пикеттер мен аралық нүктелер арасындағы горизонталь арақашықтықтарды салады. Содан кейiн осы ара қашықтықтарды көшiру арқылы профиль нүктелерiнiң орнын шартты горизонттың сызығында белгiлейдi. Осы нүктелердiң перпендикулярларында вертикаль масштабта профиль биiктiк белгiлерiн тұрғызады, олар нүктелердiң абсолют биiктiк белгici мен шартты, горизонттың айырымы болып саналады, яғни
Н проф. =Н абс. -ШГ. {15)
Перпендикулярлардың шеттерiн сызықтармен қосып трассаның шын профилiн алады.
4. Профильге инженерлiк жұмыстар нәтижесiнде табиғи профильдiң орнын басатын қолдан жасалатын жобалау сызығын салады. Жобалау сызығын грунтты қазу және толтыру жөнiндегi жер бетiндегi жұмыстардың минимумын ескере отырып таң дайды. Оның өзi де жобада таңдап алынған көлбеулік құрылыстардың осынау түpiнe қойылатын техникалық талаптарға сәйкес берiлген шамадан артық болмауы тиiс
Трассаның жобалық көлбеулiгiн мына формула мен есептейдi:
(16)
мұндағы h - жобалау сызығы шеттерiнiң салыстырмалы биiктігі; d осы сызықтың горизонталь ұзындығы; -жобалау сызығының басы мен соңының профильден графикалық түрде алынатын жобалық биiктiк белгiлерi
5. Трасса нүктелерiнiң жобалық биiктiк белгiлерiн мына формуламен есептейдi:
Нnж=Н0ж+іdn , (17)
мvндағы d п - трассаның бастапқы нүктeciнeн n нүктeciнe дейiгнi горизонталь ара қашықтығы; i - трассаның жобалық көлбеулiгi. Жобалық биiктiк белгiлерiн адетте қызыл тушьпен жазады, сондықтан оларды қызыл биiктiк белгiлерi деп атайды.
Жұмыс жасау биiктiк белгiлерiн тиicтi нүктенің жобалық және табылған биiктiк белгiлерiнiң айырымы ретiнде анықтайды, яғни
Һіжұм=Ніж-Ніт (17)
Жұмыс жасау биiктiк белгiлерi осы нуктедегi қазудың теpeңдігін немесе толтырудың биiктiгiн анықтайды. Жер қазу жұмыстарын жүргiзгенде осы цифрлар өте маңызды цифрлар болып саналады.
7. Жобалау сызығының табиғи профиль сызығымен қиылысқан жерi нөлдiк жұмыс жасау нүктелерi деп аталады. Осы нүктелердiң жұмыс жасау биiктiк белгiлерi нөлге тең болатындықтан жер қазу жұмыстары бұл нүктелерде жүргiзiлмейдi. Трассадағы олардың орнын метрдiң ондық бөлiгiне дейiнгi дәлдiкпен бiлу керек, өйткенi жер қазу жұмыстарын әдетте осы нүктелерден бастайды. Нөлдiк жұмыс жасау нүктелерiнiң биiктiк белгiлерiн жобалық биiктiк белгiлерi қатарына көк тушьпен жазады.
Трассаны планға нивелирлiк жүрiстiң бұрылу бұрыштарының координаталарымен немесе пикет қабырғаларының ұзындығы мен азимуттары арқылы салады. Планда трассаны нивелирлеу кезiндегi жергiлiктi жердiң түсiрiлген бет бедерi кескiнделедi.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. [1] бет 249-251
2. [1] бет 252-253
3. [1] бет 254-256
4. [2] бет 105-108
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (13,14-тақырыптар) [13, 12]
1. Нивелир мен рейкалар
2. Нивелирлер мен рейкалар тексермелері
3. Аспап горизонтын есептеу
4. Нүктенің абсолютті биіктігі.