Тақырып. Теодолит, оның құрылысы, тексермелері және олармен бұрышты өлшеу

Дәрістер жоспары

1.Теодолиттің құрылысы, тексермелері және түзетулері

2.Есеп алу тетігі, деңгей

3.Көру дүрбісі, вертикаль бұрыштарды өлшеу

Теодолиттiң лимб деп аталатын металл немесе шыны дөңгелегi бар, оның қиғаш шетiне Оº-тан 360º-қа дейiнгi бөлiктер түcipiлгeн. Лимбаның үстіндe тік сызықтың төңiрегiнде айналатын теодолиттiң жоғары бөлiгi орналыстырылған, бұл бөлiктiң iшiнде алидада жане дүрбi (4) бар. Дүрбi тұғырыққа (2) горизонталь болатын НН1 осінің төңірегінде айналғанда , оның колимациялық деп аталатын жазықтары түсіріледі. Лимба мен алидаданың осьтері сәйкес келуі керек , бұл арада алидаданың ҒҒ1 айналу осі аспаптың негiзгi немесе вертикаль oci деп аталады. Лимба мен алидада алидадаға бекiтiлген металл қапта­мамен жабылған. Теодолиттiң негiзгi oci цилиндрлiк деңгей (5) арқылы үш көтеру винттерiнiң (1) көмeгiмeн вертикаль жағдайға келтiрi­ледi. Heri­зiнде вертикаль дөңгелек гори­зонталь дөңгелек тәрiздi жасал­ған; ол вертикаль бұрыштарды (көлбеу бұрыштарды) өлшеугеарналған. Егер теодолитке окуляр жағынан қарасақ вертикаль дөң­гелек дүрбiнiң оң немесе сол жа­ғында орналасуы мүмкін. Бiрiншi 5 орны «оң дөңгелек» (OD), екiншi­ci - «сол дөңгелек» (CD) деп ата­лады. Теодолит буссоль, штатив жә­не тiктеуiштен тұрады. . Теодолиттің айналатын бөліктерін қозғалмайтын жағдайға келтіру қысу винттерімен, ал бірқалыпты немесе баяу айналдыру микрометрлік (жетекші) винттерімен жасалады.

Теодолиттi жасауда сақталуға тиicтi геометриялық шарттар горизонталь бұрышты өлшеудiң принциптi схемасынан шығады, Аспаптың конструкциясына қойылатын шарттардың сақта­луын анықтау мақсатында жүргiзiлетiн әрекеттер тексерулер деп аталады. Аспаптың бұзылған шарттарының орындалуын қамтамасыз ету үшiн жөндеулер (реттеулер) жасалынады Тексеруге қажеттi шарт толық орын­ далғанға дейiн қайталай бередi.

1. Цилиндрлiк деңгейдiң oci UU1, теодолиттiң айналу ociнe FF1, перпендикуляр болуы тиiс.

2. Дүрбiнiң нысаналау oci VV теодолиттiң горизонталь ociнe НН (дүрбiнiң айналу oci) перпендикуляр болуы тиiс

3. Теодолиттiң горизонталь oci ННоның айналу ociнe FF1 перпендикуляр болуы тиic. Осыны тексеру үшiн теодолиттен

Бұрыштарды өлшеудi тексерiлген теодолитпен атқарған жөн. Өлшеудi бастамас бұрын теодолиттi өлшенiлетiн бұрыштың төбесiне орнатып, оны жұмыс жағдайына келтiредi. Теодолиттi жұмыс жағдайына келтipy үшiн осы нүктенің үстіне центрлеу және горизонтальдау керек

Горизонталь дөңгелектiң лимбасы­ның центрiн аспаптың тұру нүктeci арқылы өтeтін тік сызықпен сәйкестендiру әpeкeтін центрлеу деп атайды. Теодолиттiң айна­лу оciн вертикаль жағдайға, демек, лимба жазықтығын гори­зонталь жағдайына келтiру теодолиттi горизонтальдау болып саналады

Аспаптардың конструкциясына, өлшеулердiң шарттарына және оларға қойылатын талаптарға байланысты горизонталь бұрыштарды өлшеудiң мына төмендегiдей түрлерi қолданылады:

1. Жеке бұрыш әдiсi теодолиттiк жүрiстердi салуда, жобаны жергiлiктi жерге шығаруда және т. с. с. жеке бұрыштарды өл­шеу үшiн қолданылады.

2. Қайталаулар әдiсi есептеқатe­лiгiнiң әcepiн азайту мaқcaтымен өл­шеудiң aқыpғы нәтижесiнiң дәлдiгiн арттыру қажет болған кезде бұрыш­тарды өлшеу үшiн қолданылады.

3. Айналма тәсiлдер әдici триангу­ляция жүйесi мен екiншi полигонометрияда немесе тeмeнгi класс жүйелерiн­де бiр нүктеден үш және одан да көп бағыттар арасындағы бұрыштарды өл­шеу кезiнде қолданылады.

Дүрбiнiң нысаналау oci горизонталь, ал алидадағы деңгей­дiң үлбiреуiгi нөл-пунктте болған уақыттары вертикаль дөңге­лектегi есептеудi вертикаль дөңгелектiң нөлдiк орны деп атай­ды, оны НО деп белгiлейдi. Ендi көлбеу бұрыштарды қалай өлшейтiнiн қарастыралық. Вертикаль бұрыштарды есептеу қолайлы болу үшiн верти­каль дөңгелектiң нөлдiк орны нөлге жуық болуы тиic. Осы шарт­ты орындау үшiн бiрнеше рет нөлдiк орнынын мәнін дүрбi то­рының горизонталь сызығын әр түрлi нүктелерге вертикаль дөңгелектiң eкi орнында нысаналау арқылы анықтайды. Вертикаль бұрыштарды өлшеудiң дәлдiгi негiзiнен есептеу кезiнде жiберiлетiн қaтeciмeн сипатталады. Вертикаль бұрыштарды өлшеудiң орташа квадраттық қателiгi есептеу құрылғы­сының дәлдiгiнiң жартысына тең деп қабылданады.

Тақырып. Теодолит, оның құрылысы, тексермелері және олармен бұрышты өлшеу - student2.ru

Тақырып. Теодолит, оның құрылысы, тексермелері және олармен бұрышты өлшеу - student2.ru

Т30-теодолиті :

1 — кремальера; 2 — диоптрлі сақина; 3 — жіпті тор түзету бұрандасы орналасқан жердің қақпағы; 4 — оптикалық нысана; 5 — вертикальды дөңгелек; 6 — тұғыр; 7 — лимб бұрандасы; 8 — қақпақ негізі; 9 — бұранда; 12 — деңгей; 13 — көру дүрбісінің бекіту бұрандасы; 14 — дүрбі; 15 —жетекші бұранда; 16 — алидаданың жетекші бұрандасы; 17 —тұғыр; 18 — көтеру бұрандасы; 19 — лимбтың жетекші бұрандасы; 20 — окуляр; 21 — айна.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. [2] бет 66-68

2. [2] бет 68-69

3. [2] бет 70-71

4. [1] бет 66-72

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалар (2-тақырып) [1,2,3]

1.Жай сигнал, күрделі сигналдарға сипаттама.

2.Мемлекетік геодезиялық торды құру үшін қандай дайындық жұмыстарды жасау керек.

Наши рекомендации