1. Қазақ алфавитіндегі әріп санын белгілеңіз. A) 42. B) 41. C) 39. D) 40. E) 33. |
2. Тек ашық буынды сөзді көрсетіңіз. A) Қалада. B) Қаламдар. C) Бөлмеде. D) Орындық. E) Дәптерлерім. |
3. Дара түбірді табыңыз. A) Мәдениет сарайы. B) Кестеде. C) Ата-ана. D) Он бес. E) ТМД. |
4. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз. A) Дәптердің. B) Кітаптан. C) Қаламмен. D) Балалық. E) Үйлер. |
5. Табыс септікті сөзді көрсетіңіз. A) Ауылдан. B) Ауылмын. C) Ауылға. D) Ауылда. E) Ауылды. |
6. Ілік септік қай сөйлем мүшесі болатынын табыңыз. A) Бастауыш. B) Анықтауыш. C) Толықтауыш. D) Пысықтауыш. E) Баяндауыш. |
7. Айтылу мақсаты мен интонациясына қарай сөйлем неше түрге бөлінетінін көрсетіңіз. A) 2. B) 7. C) 4. D) 5. E) 6. |
8. Қазақтың ұлттық ойын түрлерін көрсетіңіз. A) Аңшылық, көкпар. B) Бәйге, тұсаукесер. C) Алтыбақан, асық ойнау, тоғызқұмалақ. D) Қыз қуу, шахмат, жүгіру. E) Арқан тарту, дойбы, шахмат. |
9. Жақша ішіндегі сөздің аудармасын табыңыз. Назым мен Бейсенгүл – ... (ровесники). A) Достар. B) Құрдастар. C) Қыздар. D) Балалар. E) Замандастар. |
10. Мақалдан антонимді табыңыз. A) Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. B) Өнер білсең, өлмейсің. C) Әке – балаға сыншы. D) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. E) Жауға жалынба, досқа тарылма. |
11. Үш үнді дыбысы бар сөзді анықтаңыз. A) Даңғыл. B) Орман. C) Жолдас. D) Мектеп. E) Мақсат. |
12. Жұп болып келмейтін ұяң, қатаң дауыссыздарды табыңыз. A) З-Х. B) Т-Д. C) Қ-Ғ. D) В-Ф. E) П-Б. |
13. Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз. A) Ұлдарына. B) Апамдікі. C) Гүлзар. D) Мұғалім. E) Баламен. |
14. „-ау,-еу” сан есімнің қай түрінің жұрнағы екенін көрсетіңіз. A) Реттік. B) Болжалдық. C) Жинақтық. D) Бөлшектік. E) Есептік. |
15. Күрделі етістікті көрсетіңіз. A) Есептеледі. B) Қарамаған. C) Басылған. D) Кездесіп тұрады. E) Сенеміз. |
16. Сөйлемдегі шылау түрін көрсетіңіз. Отан үшін отқа түс – күймейсің. A) Демеулік. B) Жалғаулық. C) Шартты. D) Септеулік. E) Кезектес. |
17. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын белгілеңіз. A) Не, немесе, я, яки, әлде. B) Және, әрі, да, де, та, те. C) Бірақ, дегенмен, ойтсе де, алайда. D) Өйткені, сондықтан, себебі. E) Бірде, біресе, кейде. |
18. Қаратпа сөздердің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз. A) Сөйлем мүшесі болмайды. B) Толықтауыш. C) Баяндауыш. D) Бастауыш. E) Анықтауыш. |
19. Қазақ халқының ежелгі баспанасын табыңыз. A) Шалаш. B) Кірпіш үй. C) Коттедж. D) Саман үй. E) Киіз үй. |
20. Мақал-мәтелдерді жинастыратын сөздікті табыңыз. A) Синонимдік. B) Фразеологиялық. C) Түсіндірмелі. D) Орфографиялық. E) Омонимдік. |
21. «Қайратты» сөзіне синоним бола алатын қатарды белгілеңіз. A) Жаман, нашар. B) Өнерлі, өнерпаз. C) Күшті, батыл. D) Келбетті, сымбатты. E) Сыпайы, мейірімді. |
22. Жалқы есімді табыңыз. A) Көл жағасында. B) Өзен бойында. C) Тау баурайы. D) Ағаштың көлеңкесі. E) Ертіс жағасы. |
23. Сын есімді табыңыз. A) Қышқыл. B) Мезгіл. C) Сырт. D) Өнер. E) Найза. |
24. Белгісіздік есімдігі қатысқан сөйлемді анықтаңыз. A) Бәрі оны қолдап кетті. B) Оған шәкірттері келді. C) Ғалым өз атамекенін сүйген, қадірлеген екен. D) Осы оймен әл-Фараби Бағдатқа тартты. E) Кейбір адамдар қарсы шыққандай еді. |
25. Шақыру одағайы бар сөйлемді табыңыз. A) Бәлкім, кім білер, сенің айтқаның болып қалар. B) Біз, қазіргі жастар, нарық заңын меңгереміз. C) Қарағым, бүгін жұма ғой. D) Ал ешкіге „шөре-шөре” дейміз. E) Жеңеше, сөзің қандай мәнді. ТЕСТ ПО ПРЕДМЕТУ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК ЗАВЕРШЕН |