Тақырып Геодезиядағы координаталар жүйесі. Тура және кері геодезиялық есептер. Тірек жүйелері
Дәрістер жоспары
1. Координаталардың кеңістікті және жазықтықты жүйелері
2. Нүктенің орнын кеңістікте және жазықтықта анықтау
3. Жер бетінің абсолютті және салыстырмалы биіктігі
4.Вертикальды және горизонтальды ара қашықтыққа жердің қисықтығының әсері.
Жер бетіндегі нүктелердің орнын координаталар көмегімен анықтауға болады. Геодезияда географиялық. жазық тік бұрышты және полярлы координаталар жүйесі қолданады.
Координаталардың географиялық жүйесiнiң элементтepiнe мыналар жатады: EE1- экватор жазықтығы; PP1- экваторға перпендикуляр жердiң айналу oci; РГГоР1 бастапқы меридианның жазықтығы. Халықаралық келiсiм бойынша, бастапқы меридиан ретiнде қазipгi кезде Лондон қаласы жанындағы Гринвич меридианы қабылданған. А нүктесіеіңэллипсоид бетіндегі проекциясының орны мынадай координаталармен: φ - геодезиялық ендікпен және λ –яғни Аr (φ, λ)геодезиялық бойлықпен анықталады.
Геодезиялық ендiк (φ) экватор жазықтыры мен берiлген нүктедегi тік тузу арасындағы бұрыш. Ендiк экватордан берiлген нүктеге дейiнгi АоА геодезиялық меридианның доғасымен өлшенедi және жарты шарға байланысты солтустiк ендiк ( +) немесе оңтүстiк ендiк (-) болуы мүмкін. Геодезиялық ендiкпiн. шамасы экватордан (О°-тан) басталып оңтүстiк және солтүстiк полюстерге қарай (90°-қа дейiн) өзгерiп отырады. Геодезиялық бойлық (λ) бастапқы меридианның жазықтығы мен берiлген нүкте арқылы өтeтiн меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш болып есептеледi. Бойлық бастапқы меридианнан батысқа (батыс бойлық) және шығысқа (шығыс бойлық) қарай саналады (О°-тан 180°-қа дейiн) .
Бiршама қысқа ара қашықтықтарға байланысты есептердi шешкенде тiкбұрышты жазық координаталар жүйесi пайдаланылады. Осы координаталар жүйесiнiң элементтерi мынадай: х абсцисса oci, оның бағыты бастапқы меридианға, магниттiк және остік меридианға параллель немесе epкін қабылданады. Оу - ордината oci ОХ ociнe перпендикуляр болады; О нүктeci - координаталар басы. Горизонталь жазықтық координаталар ociмен төрт ширекке бөлiнедi.
Кез келген А нүктeciнің орны бұл координаталар жүйесiнде координаталар басынан осы нүктелердiң Ох және Оу ocтеріндегi проекцияларына дейiнгi х А және уА кесiндiлерiмен анықталады. ОХ және Оу осьтерiндегi АВ түзуiнiң проекциялары координаталар өсiмшелерi деп аталады, олар Δx жане Δу деп белгiленедi. Өсiмшелердiң белгiлерi де ширектiң орнына байланысты
Жазықтықты координаталар:
а —тікбұрышты; б — зоналы; в — полярлы
Абсцисса және ордината нүктелерінің таңбасы, әр- түрлі ширекте орналасқан, төменде келтірілген.
Ширек ..................... I II III IV
Абсцисса таңбасы.....+ - - +
Ордината таңбасы......+ + - -
Тiкбұрышты жазық координаталардың шартты жүйесi жергiлiктi сипаттағы геодезиялық барлау жұмыстарының жобаларын барлауды жүргiзетiн жерді бөлу кезiнде қолданылады. Жер бетiнiң едәуiр террнториясын жазықтықта кескiндеу үшiн нүктелердi эллипсоидтың бетiнен белгiлi бiр математикалық заңдылық бойынша жазықтыққа көшiруге мүмкiндiк беретін картографиялық проекциялар қолданылады. Геодезияда бұрыштардың мәнін бұрмаламайтын тең бұрышты немесе конформдық проекция қолданылады. Эллипсоидтың едәуiр көлемдi бетiн кескiндеген кезде ұзындықтың бұрмалануын азайту мақсатымен оларды жеке аймақтарға (зоналарға) бөледi. Бұл кезде олардың арқайсысы тiкбұрышты координаталар жүйесiндегi жазықтықта кескiнделедi. Тiкбұрышты жазық координаталардың жалпы мемлекеттiк жүйесiнде жер бетiндегi нүктелердiң орындары жазықтықта х, у тiкбұрышты координаталарымен анықталады. Олар жазықтыққа Гаусс-Крюгердiң тең бұрышты көлденең-цилиндрлi проекциялау заңы бойынша проекцияланады (7-сурет). Сонда жер эллипсоиды бойлықта әрбiр 6° сайын меридиандармен 6° зонаға бөлiнедi, олар полюстен полюске дейiн созылады.
Зоналардың нөмiрлерi батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианынан жүргiзiледi, ал Гринвич меридианы бiрiншi зонаның батыс шекарасы болып саналады. Әрбiр зонаның ортадағы меридианы осьтік меридиан деп аталады.
Зонаның остік меридианы экватор жазықтығында өзара перпендикуляр сызықтармен кескiнделедi. Oстік меридианның кескінi Х oci, ал экватор - У oci болып қабылданады. Oстік меридианның экватор мен қиылысқан жерi әрбiр зонадағы координаталардың басы болып саналады. Абсциссалар экватордан солтустiкке және оңтүстiкке қарай, ал ординаталар остік меридианнан батысқа және шығысқа қарай саналады. Қазақстан территориясы экватордың солтүстiк жағында орналасқан, сондықтан абсциссалардың мәні барлық уақытта оң болады. Әрбiр зонада координаталардың сандық мәндерi қайталанып отырады. Нүктелердiң координаталары бойынша оның 6° зонаның қайсысына жататынын анықтау үшiн ординаталардың сандық мәнінің алдына осы нүкте орналасқан зонаның нөмipi қосымша жазылады.
Геодезиялық жұмыстарды ғылыми ұйымдастыру мiндеттi түрде мынадай негiзгi принциптердi сақтауды қажет етедi:
«Жалпыдан жекеге қарай» даму принципi; осы принцип геодезиялық тipeк жүйелерiнiң дамуының ең маңызды принципi болып саналады, осының негiзiнде түсiрулер орындалады және де жергiлiктi жердегi инженерлiк есептер шешiледi. Өлшеу және есептеу процестерiнiң барлық кезеңiн мiндеттi түрде бақылау; бұрынғы жасалған өлшеулер мен есептеулердi тексермей далалық жұмыстардың немесе ғылыми өңдеу жұмыстарының келесi кезеңдерiне кipicyгe болмайды.
Кез келген геодезиялық түсiрулер жергiлiктi жердегi бекiтiлген пландық және биiктiк орны белгiлi (яғни х, у, Н координаталары) нүктелерге негiзделуi керек. Осындай нүктелер Tipек nункттepi деп аталады. Осы пункттердiң жиынтығы тipeк жүйеciн құрады.
Жер бетiндегi тipeк пункттерiнiң орындары астрономиялық немесе геодезиялық тәсiлдермен анықталуы мүмкін.
Астрономиялық тәсiл әрбiр пункттiң географиялық координаталарын (геодезиялық ендiгi φ мен геодезиялық бойлығы λ) аспан шырақтарын бақылау арқылы анықтаудан тұрады. Осы географиялық координаталар тең бұрышты көлденең цилиндрлiк проекцияда жазық тiкбурышты координаталарға қайтадан есептелiп шығарылуы мүмкін. Алайда тipeк нүктелерiнiң орнын астрономиялық тәсiлмен анықтау кең қолданылып отырған жоқ. Оның себептерi мынадай: ендiктi анықтаудағы азғантай қателiк, мысалы ±О,5" жергiлiктi жердегi нүктенiң орнын анықтағанда ±15 м-ге сәйкес ұзындық қателiктi тудырады; нүктелердiң геодезиялық координаталарын анықтау кезiндегi азғана қателiктер тiк сызықтардың эллипсоид бетiне нормадан ауытқу Геодезиялық жүйелер мемлекеттiк геодезиялық жиiлендiру жүйесiне және геодезиялық түcipy жүйелерiне бөлiнедi. Мемлекeттiк геодезиялық жүйе келесi жиiлендiру жүйелерiн, топографиялық түсiрулердi одан әpi дамытудың, сондай-ақ iздестiрулер мен, құрылыспен, жер қойнауын пайдаланумен, жерге орналастырумен, басқа да толып жатқан халық шаруашылық және ғылыми мiндеттермен байланысты инженерлiк-геодезиялық есептердi шешудiң негiзi болып табылады. Геодезиялық жүйенiң жиiлiгi және пункттiң пландағы орнын анықтаудың қажеттi дәлдiгi осы негiзде шешiлетiн ғылыми және инженерлiк-техникалы мiндеттердiң сипатымен анықталады. Сондықтан геодезиялық жүйелердi құрудың қажеттi дәлдiгiн қамтамасыз ету үшiн оның бұрыштық және ұзындық өлшемдер элементтерi тиiстi аспаптар және тәсiлдер қолдану арқылы жүргiзiлуi тиiс. Мемлекеттiк геодезиялық жүйе мыналарды қамтиды:
а) І, ІІ, ІІІ және IV класты пландық жүйелер, олар өзара бұрыштық және ұзындық өлшеулер дәлдігімен, жүйелер қабырғасының ұзындығымен және олардың дәйектi даму тәртiбiмен ерекшеленедi. Пландық жүйелер триангуляция, трилатерация, полигонометрия әдicтерiмен және оларды ұштастыру арқылы құрылады. б) І, ІІ, ІІІ және IV класты биiктiк нивелир жүйелерi олар геометриялық нивелирлеу әдiсiмен құрылады.
Геодезиялық жүйелер жалпыдан жекеге қарай көшу принципiмен: жоғарғы жүйеден, яғни І кластан теменге қарай неғұрлым дәл құрылғаннан неғұрлым ұсақтау және дәлдiгi кемдеу класқа қарай құрылады. І класты жүйе мейлiнше жоғары дәлдiкке ие болады және ол төменгi кластарға геодезиялық жүйелердің дамуы және олардың пункттерiнiң координаталарын бiр тұтас жүйеде есептеу үшiн негiзгі қызметiн атқарады. Ара қашықтық және ұзындық өлшеулер дәлдігімен, жүйелер қабырғасының ұзындығымен және олардың дәйектi даму тәртiбiмен ерекшеленедi. Пландық жүйелер триангуляция, трилатерация, полигонометрия әдicтерiмен және оларды ұштастыру арқылы құрылады б) І, ІІ, ІІІ және IV класты биiктiк нивелир жүйелерi олар геометриялық нивелирлеу әдiсiмен құрылады. Триангуляция әдici. Триангуляция әдici жергiлiктi жерде үшбұрыштар жүйесiн құрудан тұрады; оларда барлық бұрыштар және кейбiр базис қабырғаларының ұзындығы өлшенедi. Үшбурыштың басқа қабырғаларының ұзындықтары тригонометрияның белгiлi формулалары бойынша есептеледi.
І класс триангуляциясының тұтас жүйесiн орасан зор терри-горияда құру едәуiр уақыт пен материалдық қаражатты жұмсауды керек етедi. Сондықтан І класты геодезиялық жүйенi, мүмкiндiгiнше меридиан және параллель бағытында бiрiнен-бipi 200 км-ге дейiнгi алыс қашықтықтарда орналасқан үшбұрыштар қатары түрiнде құрады. І кластық триангуляция қатары периметрi 800 км-ге дейiнгi тұйық полигонды құрастырады. ІІ класты триангуляция бiрiншi класты полигонның бүкiл ауданын толтыратын және І класты пункттерiмен сенiмдi байланыстағы үшбұрыштардың жаппай жүйелi түрiнде дамиды. ІІІ жане IV класты триангуляциялар мемлекеттiк геодезиялық жүйелердiң одан арғы жиiлендiруi болып табылады және ipi масштабтағы топографиялық түсiрулердi негiздеу үшiн қызмет атқарады. Ал бұлжымайтын жүйенiң ендiрмесi немесе жоғарғы кластық жүйенiң жеке пункттерi ретiнде құралады. І және ІІ, ІІІ класты мемлекеттiк геодезиялық жүйе 50-60 км2-қа бiр пункт тығыздықпен жасалынады. Пункттердiң осындай тығыздығы 1 : 25000 және 1 : 10000 масштабтағы топографиялық түсiрулердi қамтамасыз етедi. Ipi масштабтағы түсiрулердi жүргiзу үшiн және кен орындарының пайдалы қазбаларын барлау мен пайдаланудағы инженерлiк есептердi шешу үшiн геодезиялық жиiлендiру жүйелерi және түcipy жүйелерi құрылады. І және ІІ, ІІІ класты мемлекеттiк геодезиялық жүйе 50-60 км2-қа бiр пункт тығыздықпен жасалынады. Пункттердiң осындай тығыздығы 1 : 25000 және 1 : 10000 масштабтағы топографиялық түсiрулердi қамтамасыз етедi. Ipi масштабтағы түсiрулердi жүргiзу үшiн және кен орындарының пайдалы қазбаларын барлау мен пайдаланудағы инженерлiк есептердi шешу үшiн геодезиялық жиiлендiру жүйелерi және түcipy жүйелерi құрылады. Трилатерация әдicтерi. ІІІ және IV класты мемлекеттiк геодезиялық жүйелер, сондай-ақ трилатерация әдiciмен де құрылуы мүмкін. Трилатерация триангуляция тәрiздi, барлық қабырғалар ұзындықтары өлшенген үшбұрыштар жүйесi болып саналады. Үшбұрыштарды шешу арқылы горизонталь бұрыштарын, ал одан қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын анықтайды. Содан кейiн пункттердiң координаталарын есептеудi триангуляциядағыдай жүргiзедi. Трилатерация жүйесiнде қабырғаларының ұзындығы әдеттегiдей радио және жарық қашықтық өлшеуiштерiмен өлшенiледi. Бұл жағдайда қабырғаларды өлшеудiң салыстырмалы қателiгi мынадан аспауы керек: ІІІ класс үшiн - І : 100000, IV класс үшiн - І : 40000.
Полигонометрия әдiсi. Орманды жазық жерде триангуляция жүйесiнiң дамуы қиындау немесе жергiлiктi жағдайдың күрделiлiгiнен экономикалық жағынан орынсыз кезде полигонометрия әдiсi қолданылады. Осы әдiс жергiлiктi жерде жүрicтер және полигондар жүйесiн салудан тұрады, олардың барлық бұрыштары мен қабырғалары өлшенедi. Егер бiр пункттің координаталары және бiр қабырғасының дирекциондық бұрышы белгiлi болса, онда полигонометриялық жүрicтiң барлық пункттерiнiң координаталарын есептеп шығаруға болады. Полигонометриялық жүрicтiң бұрыштары тиicтi дәлдiктегi теодолиттермен өлшенедi. Полигонометриялық жүрicтердiң қабырғаларының ұзындығын өлшеу үшiн жарық және радио қашықтық өлшеуiштер, оптикалық-механикалық қашықтық өлшеуiштер, болат және инварлық сымдар, ленталар мен рулеткалар қолданылады. Қабырғаларының ұзындығы, сонымен қатap өлшенген базистен қосалқы бұрыштары өлшенген геометриялық фигуралар арқылы анықталуы мүмкін. Сондықтан қабырғаларын өлшеу әдiciне байланысты полигонометрия мыналарға бөлiнедi: а) тpaвepcтік немесе магистральдық, яғни жүрicтiң қабырғаларын тiкелей өлшеу арқылы; б) параллактикалық немесе базистiк полигонометрия, ол қабырғаларын қыcқa базис және параллактикалық сүйiр бұрыш арқылы жанама анықтауға негiзделген. Бұл жағдайда тiкелей ұзындық өлшеулер минимумумге дейiн қысқартылған. Егер аb базисi полигонометриялық жүрiстiк АВ, қабырғасына перпендикуляр болса және онымен eкiгe белiнсе, онда АВ қабырғасының ұзындығын aнықтay үшiн аb базисiн және φ1 мен φ2 параллактикалық бұрыштарын өлшеу жеткiлiктi. І класты полигонометрия меридиан және параллель бағытында созылған жүрic түрiнде құрылады, олар бiрiншi класты периметрi 700-800 км полигонның буындарын құpaды, II класты полигонометрия І класты триангуляция мен полигонометрияның iшiнде периметрi 150-180 км-лiк тұйық полигон жүйесi ретiнде дамиды. III жане IV класты полигонометриясы торапты пункттерi бар. жүрiстер жүйесi немесе жоғарғы класты мемлекеттiк геодезиялық жүйенiң пункттерiне сүйенетiн жекелеген жүрicтер түрiнде құрылады. Мемлекеттiк иивелирлеу жүйесi. Мемлекеттiк нивелирлеу жүйесiнiң пункттерiнiң биіктiктерiн геометриялық нивелирлеу әдiciмен анықтайды. І класты нивелирлеу жүйесi периметрi 2000 км-ге жуық тұтасполигонды құрайтын жүрiстерден тұрады. І класты нивелирлеу мейлiнше жоғары дәлдiкпен жүргiзiледi; оған барынша жетiлдiрiлген аспаптарды және бақылау әдiстерiн қолдану арқылы жетуге болады. Салыстырмалы биiктiктi анықтаудың орташа квадраттық кездейсоқ қателiгi 1 км жүрiсте тh =0,5 мм болады
ІІ класты нивелирлеу сызығы І класты нивелирлеу пункттерiнiң арасында периметрi 500-600 км полигондар түрiнде салынады. II класты нивелирлеу жүрiciнде салыстырмалы биiктiктi анықтаудың орташа квадраттық қателiгi 1 км жүрicте т h=0,8 мм-ден аспауы керек. III класты нивелирлеу жүйесi І және ІІ класты нивелирлеу полигонының iшiнде жүйе немесе ІІ кластық полигонды периметрi 150-200-ден 6-9 полигонғa бөлетiн жеке жүрiстер түрiнде жасалынады (1 км жүрiсте тh = 1,6 мм-ден аспауы керек). ІІІ класты нивелирлеу жүйесiн одан әры жиiлендiру ІV класты нивелирлiк жүрiстер жүйелерiн құpy арқылы орындалады. Олар топографиялық түсiрулердiң тiкелей биiктiк негiзi болып табылады; оларды салудың жиiлiгi түсiрудiң масштабымен және жергiлiктi жердiң жер бедерiнiң сипатымен сабақтас болады. Барлық кластағы нивелирлеу жүрiстерi жергiлiктi жерде орташа есеппен алғанда 5 км сайын тұрақты реперлермен және таңбалармен.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. [1] бет 15-17
2. [1] бет 17-20
3. [1] бет 11-13
4. [1] бет 14-15
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (1, 2-тақырыптар) [8]
1. Геодезия пәнінің міндеті
2. Геоид шамасы
3. Тірек жүйелері
4. Абсолютті биіктік.