Дыбыстардың аттары және негізгі қатары

Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика (грек тілінің akustikos – «естілу» деген сөзінен алынған) деп аталатын саласы қарастырады. Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді ажыратады: дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені, дыбыстың созылыңқылығы.

Дыбыс ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері (1 сек.) ішіндегі жиілік (16 Гц. – 20000 Гц. аралығында) саны. Жиілік саны неғұрлым көбейе берсе, дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе береді, керісінше, жиілік саны азайған сайын дыбыстың ырғағы солғындап әлсірей береді. Сөйлеу тілінде айтылатын дыбыстардың ырғағы фразалардың түрлеріне және олардың эмоциялық бояуы мен экспрессивті қызметіне қарай өзгеріп отырады. Дыбыс ырғағының өзгеруі екпінге қатысты құбылыстарда (интонация, мелодика т.б.) айрықша маңызды қызмет атқарады.

Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің амплитудасы (амплитуда – латын тілінің amplitude «кеңдік», «көлемділік» деген мағынадағы сөзінен алынған), яғни қарқыны, неғұрлым көбейе түссе, дыбыс күші де соғұрлым ұлғайып, күшейе береді.

Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен, қарым-қатынасқа түседі. Дыбыс күшінің динамикалық екпінге ие тілдерге қатысы, атқаратын қызметі басым болады.

Дыбыс әуені. Дыбыс толқынын тудыратын дірілдің қозғалысы негізгі тон мен бірнеше көмекші тонның қосындысынан жасалады. Көмекші тон – обертон (неміс тілінің oberton – «жоғары тон» деген сөзінен алынған) деп аталады. Дыбыстың әуені осы аталған обертондардың санына және олардың дыбыс ырғағы, дыбыс күші жағынан негізгі тонмен арақатысына байланысты болады.

Дыбыстың ритмикалы және ритмикалы емес деп аталатын түрлері бар. Егер, дірілдің саны уақыт бірлігінің бойында (1 сек. ішінде) өзгермей, тұрақты болып қалса, ондай діріл ритмикалы (біркелкі) діріл деп аталады. Ал, егер уақыт бірлігі бойында дірілдің саны өзгеретін болса, ондай діріл ритмикалы емес (біркелкі емес) діріл деп аталады.

Дыбыстың созылыңқылығы дірілдің санымен қоса дыбыстың созылу уақытына (ұзақ не қысқа болуына) байланысты.

Музыкадан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалар ересектердің әнін,

музыканы мұқият тыңдауға үйретеді. Олардың музыкаға деген қарапайым

ынтасы дамиды. Көңілді әуеннің ырғағымен бала қимылдай бастайды, гуілдейді,

былдырлайды. Сәбилер әуенге байланысты қимылдарды есте жақсы сақтайды.

6-7 айға дейінгі балалардың шағын тобымен жұмыс әр баламен жеке

өткізіледі. Оларға қысқа музыкалық әуендер айтылады немесе үзінділер

ойналады. Ересектер орындарын өзгертіп, манеждің басқа жағына шығады, сәби

дыбыс шыққан тұсты тауып алу үшін әуендер аралығында үзілістер жасайды.

Музыка тыңдау 2-3 минутқа жалғасады. Музыкалық ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің құрылымы әртүрлі болады. Өте қарапайым нұсқасы екі бөлімнен

тұрады: жеке тыңдайды және жеке билейді. Егер ұйымдастырылған іс-әрекеті

бірнеше баламен өтетін болса, оның құрылымы үш бөлімнен тұрады: музыка

тыңдайды, музыкалық қимыл көрсетеді және әр баламен билейді.

6 айдан 12 айға дейінгі балалардың шағын тобында ересектердің

қолындағы музыкалық аспаптарды көрген бала музыка тыңдауға әзірлене

бастайды. Музыка аспабында ойнап тұрғанда тәрбиеші балаларға жақындап,

алыстап кетіп отырады, кейде жасырынады, музыканы тоқтатып қояды, кенеттен қайтадан ойнай бастайды. Бұл ойын әдістері баланы қуанышқа бөлейді.

Есту анализаторы.

Негізгі қызметі. Танып -білуде есіту анализаторы көруден кейінгі екінші орын алатын орган. Оның адам үшін ерекше бағаланатыны олардың сөйлесуіне байланысты. Есіту -сөйлеу негізі. Есітпейтін балаға тіл де шықпайды.

Есіту анализаторының жас ерекшеліктері. Есітудің ең жоғарғы деңгейі 14-19 жасар жасөспірім дертге тән. Жасы артқан сайын есіту шегі де өзгере бастайды. 6-9 жасар бала 17-24 дБа жоғары жиіліктегі сөздер болса, төменгі жиіліктегі сөздер үшін 19-24 дБа. Ал ересектерде төменгі жиіліктегі сөздер үшін 7-10 дБа. Балалар ересектерге қарағанда тонды жақсы есітеді, ал сөз бойынша керісінше. Балалар есіткіштігі дамуында ересектермен араласуда көп пайдасы бар.

Балалардың есіту арқылы қабылдғыштығын арттыруда музыкалы аспаптарда ойнайтып үйретудің, оларға ән үйретудің орны бөлек. Оларды серуендеткен кезде орман сыбдырын, құстар сайрауына, өзен –бұлақ дыбыстарын тыңдаудыңда маңызы зор.

Балалар есітуіне өте қатты дыбыстар кері әсер етеді. Ол олардың есіту қабілетінің төмендеуіне, керек десең есітпей қалуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Есіту гигиенасы деп балалардың есіту қабілетін төмендетпеу, керісінше арттыруға бағытталғпан іс-шаралар мен қоршаған ортаға сондай жағдай жасауды айтады.

Шудың адам организміне арнайы және арнайы емес әсерлері болады. Арнайы әсерлері кезінде әртүрлі дәрежеде есіту қабілеті төмендейді. Арнайы емес әсері кезінде орталық нерв, эндокрин, жүрек –қантамыр, ас қорыту жүйелерінде әртүрлі ауытқулар болады. Арнайы шу әсерлерінен есіту шектері төмендейді, сүйек те, ауа да өткізгіштері төмендейді. 5-6 жыл өткенде кәсіптік есітпеушілік пайда болады. Мысалы трактористтер жұмысын тоқтатқаннан кейін 0,5 –2 сағатақа дейін басы ауырып, есіту қабілеті бұрынғы қалпына келе қоймайды. Есіту қабілеті төмендеу үшін 90 дБА территорияда 5-6 са5ат болу жеткілікті. 90 дБа шу дегеніміз транспорт көп жүретін көше шуы. Бөлме ішінде қатты қойылған радио, телевизор, магнитофонның өзі есіту қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтырады.

Шудың есітуге кері әсерінің алдын алу. Мектеп шын төмендетуді құрылыс салу кезінде, сәулеттік, техникалық және ұйымдастыру жұмыстары бойынша төмендетуге болады.

Мектеп орналасқан территорияны биіктігі 1,2 м-ден кем емес өсімдік егіп қоршап қояды. Оның ені көше жағында 6 м-ден кем болмауға тиіс. Ғимараттан 10 м-дей қашықтыққа ағаштар егу керек. Осылай еткенде көптеген көшеден келетін шу тоқтатылады, әлсіреп жетеді.

Шу болмаудың екінші бір шарты бөлме есіктерінің тығыз жабылшуы. Сондай –ақ мектеп ғимараттарын да ойластыра орналастыру шу болмаудың кепілі. Мысалы шу шығаратын шеберханалар сабақ өзтетін бөлмелерден алыстау орналасқаны жөн, не олардың арасында шуды бәсеңдететін өсімдік қоршаулармен ажырап тұруы шарт. Әшінде шу шығаратын құрал -аспаптар бар бөлмелердің ішкі қабырғалары да дыбыс сіңіретін материалдармен қапталуға тиіс.

Оқушылардың есіту және көру қабілеттері қалыпты дамуы үшін сабақ бөлмелерінің кеңідігі де маңызды. Бөлме ұзындығы 8м болса олардың көруі де, есітуіде өте жақсы болады. Оқушылар тақтаға жазылғанды жақсы көріп, мұғалімнің айтқанын да жақсы еститін болады.

Бірінші қатардағы орындарға есіту, не көру қабілеті басқа оқушылардан төмендеу оқушыларды отырғызу керек. Жай әңгіме 2-4 м-ден, сыбыр 0,5-1м-ден есітілуі керек.

Оқытушы сөйлеуінің оқушыларға әсері. Онша қатты емес, анық, орташа жылдамдықтағы баяндау, ол әрі эмоциялы сәнді болса, оқушылар ондай материалдарды жақсы қабылдайды. Сөзді айқын дауыстау керек. Монотонды, күңгірлеп баяндау оқушылардың ұйқысын келтіреді. Әрине ондайды оқу материалының жақсы қабылдайтыны белгілі. Оқытушы дауысы жарқын, әр түрлі екпінге толы, оқушылар көріп те қанағаттанатындай болуы керек. Жаңа ғана мектепке барған балаларға сабақ түсіндіргенде сөзбен бірге сандарға да айтарлықттай көңіл бөлу керек. Өйткені олар айтқан сандарды толық көз алдына елестете алмауы ғажап емес.

Екпін

ЕКПІН

Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Түркі тілдерінде екпіннің қызметін сингармонизм атқарады. Қазақ тіліндегі екпін тұрақты, көбіне соңғы буындармен байлаулы болады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап, саралап, дәлелдеп тұрады.

Екпіннің екі түрі бар (қазақ тілінде): бірі – негізгі; екіншісі – көмекші екпін деп аталады.

Негізгі екпін сөздің соңғы буынына түссе, көмекші екпін қосымшалы сөздің түбірінің ең соңғы буынына түседі. Мәселен: шеге, кереге, орақ, балға, балта сөздеріне қосымшаларды жалғағанда шегелер, керегелер, орақшылар, балташылар дегендерде негізгі екпін соңғы буынға көшеді де, түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметті атқарады.

Екпін түспейтін буындар

1. Жіктік жалғауына. Мысалы: оқушымыз, барамыз.

2. Болымсыз етістіктің жұрнағына. Мысалы: ағашты жарма, сен оған айтпа.

3. Шылау сөздерге. Мысалы: үй де, мал да – бәрі де аман.

4. Көмекші сөздерге. Мысалы: мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім.

Наши рекомендации