Түсiнiктеме сөздiк

Т = t+273 абсолюттi T температура мен Цельсий шкаласы бойынша t температураның арасындағы байланыс теңдiгi.
Авогадро тұрақтысы массасы 0,012кг 12C көмiртегiндегi атом саны, және ол NA арқылы белгiленедi: NA≈6·1023моль-1.
Адиабаталық процесс жүйе мен оны қоршаған сыртқы ортаның арасында ешқандай жылу энергиясының алмасуы болмайтын процесс.
Аморфтық денелер стуктурасының сол фрагментiнде барлық бағыттар бойынша қайталанушылығы жоқ қатты денелер.
Ампер күшi тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсiнiң тарапынан әсер етушi күш.
Анизатропия кристалдардың физикалық қасиеттерiнiң ондағы таңдалған бағытына байланыстылығы.
Асқын өтгiзгiштiк Кейбiр заттардың электр кедергiсi төмен температурада кенет 0-ге төмендейтiндiгi. Жартылай өткiзгiштердiң меншiктi өткiзгiштiгi
Ауаның абсолюттiк ылғалдылығы берiлген жағдайдағы 1 м3 ауа құрамындағы су буларының массасы.
Бiр моль массасы 0,012кг 12C көмiртегiнде қанша атом болса, сонша молекуладан (атомнан) тұратын зат мөлшерi.
Балқу заттың қатты кристалдық күйден сұйық күйге өтуi.
Балқудың меншiктi жылуы 1кг затты сол температурадағы сұйыққа айналдыруға қажет болатын жылу мөлшерi.
Бет арқылы өтетiн магнит ағыны Түсiнiктеме сөздiк - student2.ru магнит индукциясы векторының модулiнiң жазық беттiң S ауданына және Түсiнiктеме сөздiк - student2.ru мен Түсiнiктеме сөздiк - student2.ru векторларының арасындағы бұрыштың косинусына көбейтiндiсiне тең шама, мұндағы
Беттiк керiлу күштерi сұйық бетiне жанама жазықтықта жатқан және сұйық бетiнiң ауданын мейлiнше кiшiрейтуге бағытталған (негiзделген) күш.
Беттiк керiлу коэффициентi беттiк керiлу күштерiн сандық жағынан бағалау.
Беттiк энергия сұйықтың ашық бетiндегi молекулалардың артық потенциалдық энергиясы
Бу буланудың әсерiнен пайда болатын газ
Буға айналу Заттың сұйық күйден газ күйiне өту процесi Деформация
Буға айналудың меншiктi жылуы 1кг сұйықты тұрақты температурада буға айналдыру үшiн қажет болатын жылу мөлшерi.
Вакуум газдың сиретiлуiнiң оның молекулаларының соқтығысуын ескермеуге және еркiн жолының орташа ұзындығы Түсiнiктеме сөздiк - student2.ru -дiң газ тұрған ыдыстың өлшемi d-дан аса үлкен ( Түсiнiктеме сөздiк - student2.ru ) болатын деңгейiң айтады.
Вакуумдегi электр тогы вакуум күйдегi электродтар аралығындағы өткiзгiштiк.
Вебер магнит ағынының өлшем бiрлiгi; В.Э.Вебердiң (W.E.Weber) құрметiне аталған. Вб немесе Wb арқылы белгiленедi .
Вольт кернеу өлшем бiрлiгi.
Газ заңдары газдың үшiншi параметрi тұрақты болған кездегi екi параметрi арасындағы мөлшерлiк байланыс (тәуелдiлiк).
Газ разряды- газдағы электр ток  
Газды иондау электрондардың атомдардан немесе молекулалардан бөлiнiп кетуi.
Дене құрылымының молекулалық кинетикалық теориясы барлық денелер жеке бейберекет қозғалыстағы бөлшектерден тұрады деген көзқарас негiзiнде макроскоптық денелердiң қасиеттерi мен жылу процестерiне түсiнiк беретiн iлiм.
Диамагнетиктер сыртқы өрiс индукциясына қарама-қарсы бағытта бәсең магниттелетiн заттар. Домендер
Динамикалық тепе-теңдiк булану процесi мен конденсация процесi бiрiн-бiрi толықтыратын (компенсациялайтын) жағдай(күй).
Диэлектриктер (немесе изоляторлар) электр тогын өткiзбейтiн заттар.
Екi өткiзгiштiң электр сыйымдылығы өткiзгiштердiң бiрiнiң зарядының ол өткiзгiшпен көршiсiнiң потенциалдар айырымына қатынасы.
Жұғылу периметрi сұйықтың ашық бетiн шектейтiн тұйық сызық.
Жұқпайтын сұйық тамшыға айналып, жиылып тұратын сұйық.
Жартылай өткiзгiш кедергiсi кең көлемде өзгере алатын және температурасы жоғарылаған сайын кедергiсi тез азаятын заттар.
Жартылай өткiзгiштi диод бiр p-n-аусуы бар жартылай өткiзгiш.
Жылжу деформациясы тiк қабаттар белгiлi бiр бұрышқа бұрылғанда, жазық қабаттардың өзара бiр-бiрiмен параллель күйде жылжуы.
Жылу алмасу (жылу тасымалдау) жұмыс жасалынбай-ақ, бiр денеден екiншi денеге энергияның тасымалдану процесi. Жылу двигателi
Жылу мөлшерi жылу алмасу кезiндегi iшкi энергияның өзгеруiнiң мөлшерлiк шамасы. Изобаралық процесс
Жылулық тепе-теңдiк жүйенiң барлық макроскоптық параметрлерiнiң қай уақытта да ұзақ өзгерiссiз қалуы.
Зат мөлшерi заттың молекулалар санына тең шама.
Заттың молярлық массасы М бiр моль мөлшерiнде алынған зат массасы. Ол бiр молекула массасының m0 Авогадро санына NA көбейтiндiсiне тең: M= m0·NAкг/моль.
Заттың салыстырмалы молекулалық массасы MR заттың бiр молекула m0 массасының көмiртегi атомы m0C массасының 1/12 бөлiгiне қатынасы: Түсiнiктеме сөздiк - student2.ru
Идеал газ молекулаларының өзара әсерлесуi ескерусiз аз шама. Молекулалардың өзара әсерлесуi олардың соқтығысуы кезiнде серпiмдi ұрылуы түрiнде байқалады.
Изобаралық процесс қысым тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесi.
Изопроцестер параметрлерiнiң бiрiнiң шамасы өзгерiссiз өтетiн процестер.
Изотермалық процесс берiлген газдың температурасы тұрақты болғанда жүретiн процесс.
Изотермиялық процесс температура тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесi.
Изотропия заттардың физикалық қасиеттерiнiң барлық бағытта бiрдейлiгi. Жұғатын сұйық
Изохоралық процесс берiлген газдың көлемi тұрақты болғанда жүретiн процесс.
Изохоралық процесс көлем тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесi.
Иондар бiр немесе бiрнеше электрондарды жоғалтқан немесе өзiне қосып алған атом мен молекулалар.
Кемтiктiк өткiзгiштiк кемтiктердiң реттi орын ауыстыруанан болатын өткiзгiштiк.
Кернеу (потенциалдар айырымы) зарядтың бастапқы нүктеден соңғы нүктесiне орынауыстырғанда өрiстiң электростатикалық жұмыстарының қатынасына тең шама.
Кернеулiк сызықтары немесе электр өрiсiнiң күш сызықтары деп ол сызықтардың әрбiр нүктесiндегi жанама өрiс кернеулiгi векторының бағытымен сәйкес келетiн (беттесетiн) сызықтарды айтады.
Конденсатор әр аттас зарядталған модульдары бойынша тең және диэлектриктiң жұқақабатымен бөлiнген екi өткiзгiштен тұратын жүйе.
Конденсация бұл заттың салқындау немесе сығылуының салдарынан газ тектес күйден конденсацияланған күйге(сұйық немесе қатты) айналуы .
Кристалдар атомдары немесе молекулалары реттелiп орналасқан және периодты түрде қайталанып тұратын iшкi структурасын түзетiн қатты денелер
Кристалдық тор бөлшектердiң орналасуының салыстырмалы түрде орныққан скелетi.
Кристалдық торлардың түйiндерi кристалдық торлардың орналасқан орындары.
Кулон электр зарядының бiрлiгi.
Кюри температурасы белгiлi бiр температурадан асқанда ферромагниттiк қасиеттерi жоғалатын сол берiлген ферромагнетиктiң температурасы.
Құйынды өрiс тұйықталған күш сызықтары бар өрiс.
Қайнау ашық беттегi және бу көпiршiктерiн түзетiн қуыс көлемiндегi сұйықтың интенсивтi булануы.
Қайнау нүктесi атмосфералық қысымның қалыпты жағдайындағы сұйықтың қайнау температурасы
Қайнау температурасы сұйықтың қаныққан буының қысымы сыртқы қысымға тең болған кездегi сұйықтың темпреатурасы
Қайтымсыз процесс өз бетiнше тек бiр бағытта ғана өтетiн процесс.
Қаныққан бу өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдiкте болатын бу.
Қанықпаған бу сұйықтың булануы конденсациядан басым болған жағдайдағы немесе сұйық толық буланып кеткен жағдайдағы, сұйық бетiндегi бу.
Қоспалық өткiзгiштiк жартылай өткiзгiштердiң кристалдық торларына қоспаларды (қоспалық центрлерiн) еңгiзуiнен болатын электрөткiзгiштiк.
Қысым бiрлiк ауданға нормаль бойымен әсер ететiн күш.
Лоренц күшi қозғалыстағы зарядталған бөлшекке магнит ағыны тарапынан әсер етушi күш.
Магнит өтiмдiлiгi бұл ортаның магниттiк қасиеттерiн сипаттайтын өлшемсiз шама және ол ортаның магнит индукциясы векторының модулiнiң кеңiстiктiң сол нүктесiндегi вакуумдағы магнит индукциясы векторының модулiне қатынасына тең.
Магнит индукциясы сызықтары әр нүктедегi жанамалары өрiстiң осы нүктелерiндегi Түсiнiктеме сөздiк - student2.ru векторының бағытымен сәйкес келетiндей етiп жүргiзiлген бейне сызықтар.
Магнит индукциясының векторы магнит индукциясының күштiк сипаттамасы.
Магнит тiзбегi магнит өрiсi жинақталған кеңiстiктiң аймақтары немесе денелердiң жиынтығы.
Макроскоптық параметрлер дененiң молекулалық-кинетикалық құрылымы ескерiлмегенде макроскоптық дене күйiн сипаттайтын шамалар.
Мениск қыл түтiктердiң iшiндегi қисайған сұйық беттерi.
Меншiктi беттiк энергия бiрлiк ауданның беттiк энергиясы
Меншiктi жылу сыйымдылығы массасы 1кг дененiң температурасы 1oК-ге өзгергенде алған немесе берген жылу мөлшерi.
Меншiктi электрлiк кедергi сан жағынан берiлген материялдан жасалған ұзындығы 1 метр және көлденең қимасының ауданы 1м2 болатын цилиндiрлiк өткiзгiштiң кедергiсi.
Молекулалар өлшемi бiр молекуланың алатын V0 көлемi зат V көлемiнiң, ондағы молекулалар N санына қатынасына тең шама: Түсiнiктеме сөздiк - student2.ru , мұнда ρ=m/V- заттың тығыздығы.
Молекулалық қысым сұйықтың қисайған беттiк қабатының, сол сұйыққа түсiрген қосымша қысымы.
Монокристалдар жекеленген кристалдар.
Ортаның диэлектриктiк енуi бiртектi диэлектрик iшiнде электр өрiсi кернеулiгiнiң модулi вакуумдегi өрiс кернеулiгiнiң модулiнен неше есе кем екендiгiн көрсететiн физикалық шама.
Орташа квадраттық жылдамдық газ температурасы белгiлi болса, онда оның молекуласының қозғалысының орташа түзу сызықты жылдамдығын: Түсiнiктеме сөздiк - student2.ru теңдеуiмен орташа кинетикалық энергия анықтамасынан Түсiнiктеме сөздiк - student2.ru теңдiгiмен теңестiрiп, одан алынған квадраттық түбiр: Түсiнiктеме сөздiк - student2.ru
Өткiзгiштер электр өрiсiнiң әсерiнен орынауыстыруға қабiлеттi зарядталған бөлшектерi бар зат.
Парамагнетиктер сыртқы өрiс индукциясы бағытында (бәсең) жәй магниттелетiн заттар.
Пластикалық деформациялар сыртқы күштердiң әсерi тоқтатылғаннан кейiн де жоғалмайтын деформациялар.
Поликристалдық денелер көптеген кiшкентай кристаликтерден тұратын қатты дене.
Поляризация сыртқы электр өрiсiнiң қарама-қарсы жаққа әсерлерiнен диэлектриктiң байланысқан оң және терiс зарядтарының араласуы.
Полярлық диэлектриктер молекулалардағы оң және терiс зарядтардың таралу центрлерi сәйкес келмейдi (беттеспейдi).
Полярлық емес диэлектриктер молекулаларындағы және атомдарындағы оң және терiс зарядтардың таралу центрлерi сәйкес келетiн (беттесетiн) заттар.
Потенциал электростатикалық өрiстi энергетикалық сипаттайтын және өрiстегi зарядтың потенциалдық энергиясының сол зарядқа қатынасына тең скалярлық шама.
Потенциалдық өрiс заряд тұйықталған траектория бойымен орынауыстырғанда жұмысы нөлге тең өрiс.
Психрометр салыстырмалы ылғалдылықты өлшеу үшiн қолданылатын арнайы аспап.
Серпiмдi деформациялар сыртқы күштердiң әсерi тоқтатылғаннан кейiн жоғалып кететiн деформациялар.
Созылу деформациясы шамасы жағынан тең, бағыттары жағынан қарама
Сығылу деформациясы бiр-бiрiне бетпе-бет бағытталған күштердiң әсерiнен болатын деформация. Үлестiк қысым
Тәуелдi газ разряды сыртқы ионизаторлардан пайда болатын газдың электр өткiзгiштiгi: қатты қыздырудан, әр түрлi сәулеленуден
Тәуелсiз газ разряды электр тогының газдан сыртқы ионизаторларға тәуелсiз өту құбылысы.
Температура идеал газ молекуласының орташа кинетикалық энергиясының өлшемi.
Температураның абсолюттi нөлi (Т=0) молекулалық қозғалыстардың тоқтаған кезi (E=0).
Температураның абсолюттi шкаласы температураның санақ басы абсолюттi нөлден бастап саналады және оның бөлiктерi Цельсий шкаласының градусының бөлiктерiне тең.
Термодинамика энергияның түрленуiне қатысты жалпы заңдарға негiзделген жылулық процесстер туралы ғылым.
Термометр температураны өлшейтiн прибор.
Тесла магнит индукциясының өлшем бiрлiгi.
Ток көзiнiң iшкi кедергiсi зарядтар қозғалатын ток көзiнiң iшiндегi ортаны сипаттайды.
Ток көзiнiң пайдалы әрекет коэффициентi пайдалы қуаттың толық қуатқа қатынасы.
Транзистор екi p-n-аусуы және электр тiзбекке қосылатын үш ұштары бар жартылай өткiзгiштi прибор.
Фарада электр сыйымдылықтың өлшем бiрлiгi.
Ферромагнетиктер магниттiк өтiмдiлiгi өте үлкен болып келетiн заттар.
Цельсийдiң градустер шкаласы санақ басына (0 деңгейiне) мұздың еру температурасын алып, екiншi тұрақты нүктесi (мәнi) ретiнде (100 деңгейiне) қалыпты атмосфералық қысымда судың қайнау температурасын алып, ол екi аралықты теңдей 100 бөлiкке бөлiнген термометр.
Шық нүктесi салқындату барысында бұрын қанықпаған бу қаныққан буға айналатын температура. Ылғалдылық
Iшкi энергия макроденелердiң механикалық энергиямен қатар өздерiнiң iштерiнде орналасқан энергиясы.
Эквипотенциал бет электр өрiсiнде потенциалдары тең геометриялық нүктелер орны.
Элекртомагниттiк өрiс электрлiк зарядталған денелер немесе бөлшектер арасындағы өзара әсерлесудi болдыратын өрiс.
Электолиз электродтарда, электролиттердiң құрамына кiретiн зат бөлiнуi
Электр қозғаушы күш Түсiнiктеме сөздiк - student2.ru қатынасымен анықталатын ток көзiнiң характеристикасы. Электр тогы
Электр өрiсiнiң кернеулiгi берiлген нүктедегi электр өрiсiн сипаттайтын және өрiстiң берiлген нүктедегi нүктелiк зарядына әсер ететiн күштiң осы заряд шамасына қатынасына тең векторлық шама.
Электр заряды (электр мөлшерi) q дененiң немесе бөлшектiң электромагниттiк өзара әсерлесуге түсу қасиетiн сипаттайтын және бұндай әсерлесудiң қарқындылығын анықтайтын шама.
Электр сыйымдылық екi өткiзгiштiң электр зарядтарын ұстап қалу қабiлетiн сипаттайтын шама.
Электрлiк диполь үлкен арақашықтықта модульдары бойынша тең таңбалары қарама-қарсы бiр-бiрiнен белгiлi бiр қашықтықтағы екi нүктелiк заряд жиыны ретiнде қарастыруға болатын молекула.
Электрлiк кедергi өткiзгiштiң тiзбектегi ток күшiн шектеу қасиетiн сипаттайтын шама.
Электрлеу нәтижесiнде денеде электр заряды пайда болатын процесс.
Электрод белгiлi электрлiк потенциалы бар прибордың бөлiгi болатын өткiзгiш.
Электродинамика электромагниттiк өрiс табиғатының заңдылықтарымен қасиеттерi туралы ғылым.
Электролиттер ток тасушылары иондар болатын сұйық жөне қатты заттар.
Электронды кемтiктiк ауысу монокристалдық өткiзгiштiң кемтiктiк өткiзгiштен электрондық өткiзгiшке ауысатын ауданы. Электронды-сәулелiк түтiкше
Электрондық өткiзгiштiк электрондардың қозғалысынан пайда болатын өткiзгiштiк.
Электростатика тыныштықтағы электрлiк зарядталған денелердi зерттеуге арналған электродинамиканың бөлiмi.
Электростатикалық өрiс қозғалмайтын зарядтардың электр өрiсi.
Электростатикалық индукция электр өрiсiне енгiзiлген өткiзгiште зарядтардың қайта орналасу құбылысы.

Наши рекомендации