Клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны
ЖДА жағдайында миокард инфарктын басынан өткерген науқасты жүргізу» клиникалық жағдайы бойынша
бағалау парағы (check-list)
№ | Қадамдарды бағалау критерийлері | Балмен бағалау | ||
Дұрыс орындады | Дұрыс орындамады | Орындамады | ||
Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? | 1,0 | 0,5 | ||
Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру | 2,0 | 1,0 | ||
Тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйесін физикалық тексеру | 1,0 | 0,5 | ||
Болжама диагноз | 1,0 | 0,5 | ||
Зерттеу жоспарын тағайындау | 2,0 | 1,0 | ||
Дифференциальді диагностика | 1,0 | 0,5 | ||
ЭКГ талдады | 2,0 | 1,0 | ||
Қанның биохимиялық анализін талдау | 1,0 | 0,5 | ||
ЭХОКГ талдау | 2,0 | 1,0 | ||
Қорытынды диагноз | 1,0 | 0,5 | ||
Емдеу тактикасын анықтау – медикаментозды терапия. | 2,0 | 1,0 | ||
Физикалық реабилитация | 1,0 | 0,5 | ||
Жүректегі ауыру сезімін немесе ентігуді басу | 1,0 | 0,5 | ||
Ем тиімділігін бақылау | 1,0 | 0,5 | ||
Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі | 1,0 | 0,5 | ||
ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛ |
Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:
Шағымдары: баспалдақпен 2-қабатқа көтерілген кезде, тез жүргенде пайда болатын ентігу, жүрек қағуы, жалпы әлсіздік.
Сұрақтың мәні | Актер үшін сұрақ құрастыру | Актердің жауабы |
Ентігудің пайда болуы | Ентігу қашан пайда болады? Тыныштық кезінде ентігу болады ма? | Тыныштықта және асықпай жүргенде ентігу болмайды, баспалдақпен 2-қабатқа көтерілген кезде, тез жүргенде пайда болады |
Жүректегі ауыру сезімі | Жүректе ауыру сезімі болады ма? | Стационарда емделіп шыққан соң жүрегімде ауыру сезімі мазаламайды |
Ауыру сезімін басу | Жүректегі ауыру сезімін қалай басасыз? | Нитроглицерин 1 табл. Тіл астына |
Жүрек қағуы ұстамалары | Жүрек қағуы қашан пайда болады? Неге байланысты? | Тыныштықта болмайды, әдеттегі физикалық жүктемені арттырған кезде пайда болады (тез жүргенде), тыныштықта басылады. |
Анамнезінде: 4 жылдан бері ЖИА-мен ауырады, «Д» есепте тұрады. Бір ай бұрын физикалық жүктемеден соң жедел миокард инфарктімен қалалық кардиоорталыққа госпитализацияланды. Жағдайы жақсарумен шығарылған, жүрегіндегі ауыру сезіміне шағымданбайды, әдеттегі физикалық жүктемені (асықпай жүру, 1-қабатқа көтерілу) жақсы көтереді. Кардикет, кардиомагнил, бисопролол, симвастатин қабылдайды. АҚҚ максимум 170\100 мм сын. бағ. Үйренген АҚҚ 130\80 мм сын. бағ. 20 жылдан бері күніне 1 қорап (20 темекі) темекі тартады. Миокард инфарктына байланысты, соңғы айда күніне 5-6 темекіге азайтқан.
Объективті: бойы 176 см, салмағы 84 кг. Дене бітімі гиперстеникалық. Тері жабындыларының түсі қалыпты. Перифериялық ісінулер жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек үндері әлсіреген, ырғағы дұрыс, пульс минутына 76 рет.
Зерттеу нәтижелері:
1. АҚҚ – өлшейді – 130/ 80 мм сын. бағ.
2. ЖЖЖ – минутына 70 рет
3. ҚЖА: эритроциттер 5,2х1012\л, Нв 144 г\л, лейкоциттер 6,2х109\л, с\я 64, лимфоциттер 30, моноциттер 6, ЭТЖ 6 мм\сағ.
4. ЗЖА: түсі – ашық-сары, тығыздығы 1022, лейк. 1-2 көру аймағында.
5. ҚБА: АЛТ – 24 Ед\л, АСТ – 36 Ед\л, глюкоза – 4,8 ммоль\л, холестерин – 5,9 ммоль\л, триглицеридтер – 2,6 ммоль\л, билирубин -15,6 ммоль\л, калий – 4,2 ммоль\л, натрий – 146 ммоль\л.
6. ЭХОКГ: жүрек қуыстары кеңеймеген. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Сол қарыншаның артқы қабырғасының гипокинезі. ФВ 56%.
7. ЭКГ – дайыны беріледі. Ритм синусты, 56 рет минутына. Тыртықты өзгерістер:алдынғы, артқы қабырғасында. Инфаркт миокардтің жеделдеу стадиясы – Q тісшесі 11, 111, АVF,V2-V6; T тісшесі теріс I, II, АVL, V2-V6.
«ЖДА жағдайында миокард инфарктын басынан өткерген науқасты жүргізу»
клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны
№ | Қадамдарды бағалау критерийлері | Жауап эталоны |
Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? | Ентігу мен жүректегі ауыру сезімінің пайда болуын, немен басылатындығын нақтылау Анемнез morbi et vitea | |
Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру | АҚҚ және ЖЖЖ өлшеу, тері жабындыларының түсі, цианоз, аяқтарында ісінулер болуы. Перкуссия және аускультация | |
Тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйесін физикалық тексеру | Перкуссия және аускультация | |
Болжама диагноз | ЖИА. Миокард инфаркты (26.03.2013ж. – 1 ай бұрын), жеделдеу сатысы. Артериалды гипертензия 2 дәрежесі, ҚҚТ 4. ҚБ 1. | |
Зерттеу жоспарын тағайындау | ЖҚА, ЖЗА, БҚА: глюкоза, АЛТ, АСТ, холестерин, триглицеридтер, калий, натрий, мочевина, креатинин ЭКГ, ЭХОКГ, Кеуде торының Р-графиясы | |
Дифференциальды диагностика | Күштемелік стенокардиямен. | |
ЭКГ талдады | Ритм синусты, 56 рет минутына. Тыртықты өзгерістер:алдынғы, артқы қабырғасында. Инфаркт миокардтің жеделдеу стадиясы – Q тісшесі 11, 111, АVF,V2-V6; T тісшесі теріс I, II, АVL, V2-V6. | |
Қанның биохимиялық анализін талдау | Холестерин жоғарлаған 5,9 ммоль\л, триглицериды – 2,6 ммоль\л. | |
ЭХОКГ талдау | Жүрек қуыстары кеңеймеген. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Сол қарыншаның артқы қабырғасының гипокинезі. ФВ 56%. | |
Қорытынды диагноз | ЖИА. Миокард инфаркты (26.03.2013ж. – 1 ай бұрын), жеделдеу сатысы. Артериалды гипертензия 2 дәрежесі, ҚҚТ 4. ҚБ 1. | |
Емдеу тактикасын анықтау медикаментозды терапия. | Нитраттар, бета-блокаторлар, ААФ ингибиторлары, антиагреганттар, статиндер – холестерин мен триглицеридтер деңгейі жоғарылаған. Осы препараттарды ұзақ уақыт бойы ішу керектігін түсіндіру. | |
Физикалық реабилитация | Физикалық жүктемеге төзімділігін арттыру үшін физикалық жүктемелердің қажеттігі: ЕДШ, 30 минут бойы 1-1,5 км қашықтыққа асықпай жүру – жақсы көтеру кезінде күнделікті түрде. | |
Жүректегі ауыру сезімін немесе ентігуді басу | Нитроглицерин 1 табл. Тіл астына, тахикардия кезінде – бисопролол 5 мг. | |
Ем тиімділігін бақылау | Ем тиімді болса: жүректе ауыру сезімі болмайды, физикалық жүктемені жақсы көтереді,ЭКГ-да оң динамика, 3 айдан соң холестерин мен триглицеридтер деңгейін қайта тексеру | |
Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі |
Симуляцияның жабдықталуы:
1. Тапсырма жазылған парақ, волонтерге арналған сценарий, қадамдарды бағалау критерилері.
2. Анализдер нәтижелері жазылған парақ: ЖҚА, ЖЗА, ҚБА, ЭКГ, ЭхоКГ
3. Тонометр, фонендоскоп.
Жағдай:Оқу бөлмесі– пәтер
1. Кушетка – 1
2. аспаптарға арналған үстел - 1
3. препараттар салынған медициналық шкаф (нитроглицерин, бисопролол табл.).