Бу -күштілі қондырғының Ренкин циклы. 3 страница.
32-33. ТЕРМОДИНАМИКАНЫҢ ЕКІНШІ ЗАҢЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН НЕГІЗГІ АЙТЫЛУЛАРЫ. ТУРА ЖӘНЕ КЕРІ АЙНАЛЫМДАР (ЦИКЛДЕР) ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІКТЕМЕ.Егер термадинамиканың 1ші –заңы жылу Q және механикалық жұмыс L арасындағы өзара байланыстарды (жылудың жұмысқа, жұмыстың жылуға айналуы, бірақ бұл кезде өзгеру ешқандай шартсыз болуы мүмкін) қарастырса, термодинамиканың екінші заңы жылу және термодинамикалық процестердің бағытын сипаттайды және жұмыстың жылуға айналуы мүмкін деп шарт қояды. Термодинамиканың екінші заңы бойынша әртүрлі ғалымдардың айтқан бірнеше тұжырымдамалары бар (Ломоносовтың, Карно, Клаузиус, Томсон және де басқалар). 1824 жылы Карно термодинамиканың екінші заңының мағынасын былай деп тұжырымдады. Жылу жұмысқа айналу үшін, кем дегенде екі жылу көзі қажет, әр түрлі температураларда. 1850 жылы Клаузиус термодинамиканың екінші заңына мынадай тұжырым жасады: “Жылу суық заттан ыстық затқа өздігінен өте алмайды қосымша энергия жұмсалмай”,-деген. Осыған байланысты табиғатта біріңғай өздігінен жүріп жатады, бірақ олар қоршаған орта мен теңдеусіз күйде кері жүруі мүмкін емес, қосымша өтем болмай. Термодинамиканың екінші заңы жалпы түрде “Өздігінен өтетін құбылыстар қайтымсыз” – деп тұжырымдайды. Термодинамиканың екінші заңының ең маңызды тұжырымдасы ол термиялық п.ә.к.-ті бірге тең жылу қозқғалтқышын жасау мүмкін емес, басқаша айтқанда жылуды толық механикалық жұмысқа айландыратын мәңгілік қозқғалтқышты жасауға болмайды. Жылу машинасындағы жылудын жұмысқа айналу процесінің жетілдіру дәрежесін термодинамиканың екінші заңы бойынша анықтауға болады. Жұмыстық цикл кезінде оң айналымдық жұмыс болса, онда оны тура цикл деп немесе жылу қозқғалтқышының циклы деп атайды, демек lұлғ > lсығ. (1,4-сурет). Сағат тілі бағатымен өтетін PV- диаграммасында (1.4-сурет) тура айналымның (циклдың) 1 а 2- процесі ұлғаю жұмысын (lұл), ал 2б1 процесі сығымдау жұмысын (lсығ) көрсетеді.Сонымен сығылу сызығы 2-б-1, ұлғаю сызығының 1-а-2 астында орналасады, бұл жағдайда циклдегі жұмыс lц оң болады.lц=lұл - lсығ > 0 1.4 – сурет. Цикл кезіндегі жұмсалатын жұмыс кері жүрсе, кері айналым немесе тоңазытқыш машиналар циклы деп аталады, демек lсж > lрасш, бұл кезде сығылу процесінің (2- а-1) ұлғаю процесінің (1-б-2) сызығынан жоғары орналасады (1.5-сурет). Егер сығылу сызығы 2-а-1, ұлғаю сызығының жоғары орналаса, онда циклдағы газдың жұмысы керсінше (теріс) болады. Термодинамикалық циклдардың тура және кері циклдары болады. Тура циклда жылу қозғалтқыштары жұмыс істейді де, кері циклда тоназытқыш машиналары жұмыс істейді. Жылу қозғалтқыштарында жылу жұмысқа ауысады. Бұл кезде сыртқы (Т1, q1) жоғарғы температура көзінең жылу беріледі және төменгі температура көздерінен жылу алынады(Т2 q2). Практикада жылу қозғалтқыштарында қолданылатын жылудың ыстық көзі ретінде отынды жағудың химиялық реакциясын, ал жылудың салқын көзі ретінде – қоршаған ортаны айтуға болады. Энергияның сақталу заңына сәйкес, жылу қозғалтқышынан алынған циклдік жұмысты lц > 0 және оның мағынасын түсіндіру үшін жылу қозғалтқыштың термодинамикалық схемасын қарастырайық (1.6-сурет) Іс жүзінде барлық жылу двигательдеріндегі жылу көзі ретінде отынды жаққанда жүретін химиялық немесе ішкі ядролық реакциялар қолданса, ал салқын жылу көзі ретінде қоршаған ортаны – атмосфераны қолданады. Жұмысшы дене ретінде газ не бу пайдаланылады. Тура циклдардың нәтижелілік сиппатамасы болып термиялық пайдалы әсер коэффициент (ПӘК) болып есептеледі. Циклде двигатель жасаған жұмыстың lц берілген жылу мөлшеріне қатнасын циклдың термиялық пайдалы әсер коэффициенті деп ηt атайды.ηt= (1.3.1). Тоңазытқыш машиналарындажылуды тасымалдау процесі төменгі температурадағы жылу көзден (T2, q2) жылулықты жоғарғы температурадағы жылу көзге (T1, q1), тасымалдау арқылы іске асады, себебі бұл процесті іске асыру үшін тоңазытқыш машинаға жұмсалған жұмыс сырттан беріледі. Сонда төменгі жылу көз q2 мөлшердегі жылулықты береді, ал жоғарғы жылу көз q1= q2+lц мөлшердегі жылулықты алады, сонымен тоңазытқыш машина жұмысы lц<0. (1.7- сурет). Тоңазытқыш машинаның термодинамикалық схемасы. 1.7-сурет. Кері циклда жұмыс lц жылуға q1 ауысады немесе оның жетілдік дәрежесі тоңазытқыш коэффициентімен ε анықталады. Тоңазытқыш коэффициент тоңазытқыш камерадан цикл бойынша алынған жылу мөлшерінің, осы циклда жұмсалған жұмысқа қатнасы арқылы таблады.ε=
34.ЦИЛИНДРЛІ ҚАБЫРҒА АРҚЫЛЫ ЖЫЛУ БЕРІЛІС.Бір қабатты цилиндрлі қабырға 2.4 – суретте бейнеленген, d1 – цилинддің (құбырдың) ішкі диаметрі, м; d2 – цилиндрдің сыртқы диаметрі, м; l – цилиндрдің узындағы, м; қубырдың қабырғасы біртегіс, оның жылу өткізгіштік коэффициенті -ге ге тең, Тс1 және Тс2 – цилиндр беттеріндегі сұйықтардың температуралары, К, қабырға беттерінің температуралары Тқ1 және Тқ2. Меншікті жылу ағынын есептейтін формула төмендегідей = Kl . (2.4.11).
Мұндағы Kl – сызықтық жылу беріліс коэффициенті. (2.4.11) теңдеуінен Kl табамыз.Kl . (2.4.12).Kl – дің кері шамасы жылу берілісінің жалпы сызықтың термиялық кедергісі деп аталады және ол жылу берілісінің сыртқы термиялық кедергілерінің қосындысына және және қабырғанының ішкі жылу өткізгіштік термиялық кедергісіне тең , , Rl= (2.4.13), Көп қабатты цилиндрлі қабырғалары (n – қабатты) үшінKl
35. ТУРА ЖӘНЕ КЕРІ ҚАЙТЫМДЫ КАРНО ЦИКЛДЕРІ, ОЛАРДЫҢ ЖЫЛУЛЫҚ (ТЕРМИЯЛЫҚ) П.Ә.К. МЕН ТОҢАЗЫТҚЫШ КОЭФФИЦИЕНТІ.Теориялық циклда Т1 және Т2 температуралары аралығындағы термиялық п.ә.к. ең жоғары болуы мүмкін болатынын француз ғалымы Сади Карно 1824 ж. айтқан болатын. Тура Карно циклы (1.8, а - сурет): екі изотермадан 1-2, 3-4 және екі адиабаттан 2-3, 4-1 турады. 1.8, а суреттегі 1-2 сызығының жолында тұрақты температурада Т1 жылу q1 беріледі де, ал 3-4- жолында q2 жылу қабылдағышқа жіберіледі. 1.8 а, б – сурет. Карно циклы: а) тура; б) кері . Карно циклі тура өтіп қана қоймайды, сонымен қатар ол қайтымды (кері) циклдеде өтеді.(1.8, б - сурет). Карноның кері циклің іске асыру үшін, әр түрлі температурадағы екі жылу көзі қажет – жылу бергіш (q2) және жылу қабылдағыш (q1). Тура Карно циклінің термиялық п.ә.к. η=1-Т2/Т1 , ал Карноның кері циклдағы тоңазытқыш коэффициенті е=Т2/Т1-Т2= . Тура Карно циклі жылу двигательдерінің кез келген циклдарын жетілдіруде баға беру үшін қолданалады. Карноның тура циклының термиялық п.ә.к.-ті және кері циклінің тоңазытқыштық коэффициентті заттардың қасиетіне тәуелді емес, бірақ жылу беру және жылу қабылдауыштардың абсолюттік температураларына байланысты болады. Бұл Карно теоремасының негізгі мағынасы. Тоңазытқыш және жылыту техникалында кері циклдарындың салыстырмалы нәтижелегіп анықтау үшін Карноның кері циклі үлгі ретінде (эталон) қолданылады.Сонымен Карно циклы – жылуды жұмысқа (немесе жұмысты жылуға) толық айналдыратын қайтымды айналмалы процесс.
36. ҰҚСАСТЫҚ ТЕОРИЯСЫ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІКТЕМЕ.Әртүрлді физикалық құбылыстарды зертттеуде екі түрлі әдіс қолданылады; теориялық және тәжірбиелі. Бірақ іс жүзінде мәселені нәтежиелі шешуде осы әдістерді бір-бірінен бөлек пайдалануға мүмкін емес. Егер осы екі әдістің нәтежиелі жағын біріктірсе, онда әртүрлі физикалық құбылыстарды зерттеуге арналған универсалды аппаратты алуға болады. Осындай екі әдісті біріктіруде ұқсастық теориясы қолданылады. Ұқсастық теориясы – құбылыстар мен процесстерді зерртейтін ілім және теориялық тәжірбиелік іздеу әдістерінің арасын біріктіруші буын. Ұқсастық теориясы жылу алмасу процесінде, тәжірбие өткізу және тәжірбие нәтежиесін қортындылауда ғылыми негіз болады.Ұқсастық критерийлері (сандары).Мұндай өлшем шамалары комплексті, тұрақтылықтың ұқсастығы 1ге-тең ұқсастық критериясы деп аталады. Мысалы, (ще*d)/nс шамасы - Рейнольдс саны, бұл сұйықтықтың қозғалу режімін сипаттайды. Сонымен ұқсастық критериясы өлшемсіз сан, іздеп жатқан физикалық құбылысты анықтаушы физикалық өлшемді шама.
ГИДРОДИНАМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЫЛУЛЫҚ ҰҚСАСТЫҚ КРИТЕРИЙЛЕР (САНДАР), ОЛАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ МАҢЫЗДАРЫ.Гидродинамикалық және жылулық құбылыстың қосындысы конвективті жылу беру процессін анықтайды. Гидродинамикалық ұқсастық критерийлер негізгі және туынды критерийлер деп бөлінеді. Негізгі критерийлер біріншіден Не – Ньютон, Fr –Фруда, Eи –Эйлер, Re – Рейнольдс және Ho – гидродинамикалық гомохрон. Туынды критерийлерде көбінесе мына сандарпайдаланады Ga - Галилей, Ar -Архимед және Gr – Грасгоф. Негізгі критерийлерге жылу процесінде көбінесе жылу беру және жылу өткізгіштік құбылыстарды талдағанда мына сандар жатады Nu – Нуссельт, Fo- Фурье, Pe – Пекле, Bi – Био, ал туынды санға Pr – Прандтль , St – Стентон және басқалар. Конвективті жылу алмасу негізінен төрт ұқсастық санымен сипаттлады Nu, Re , Gr , Pr .Нуссельт саны (1887-1957 жж): =Ьl/л,(2.2.3),Осындай (2.2.3) шаманы Нуссельт критерийсі деп атайды; Нуссельт саны қабырға мен сұйықтың арасындағы жылу алмасу қарқынын сипаттайды. Нуссельт критерийесінде анықтайтын шамаға кіреді. Мұндағы – орта жылу беру коэффициенті, Вт/(м2 К); l – геометриялық өлшем, м; л– жылутасымалдағыштың (сұйықтың) жылу өткізгіштігі, Вт/(м2 К).Рейнольдс саны (сұйықтықтың қозғалу режімінің критерийісі 1840-1912 жж);Re = щс *l/vс (2.2.4),Екпінді күштің (ағын жылдамдығының) тұтқырлық үйкеліс күшіне қатнасын және сұйықтың қозғалысын анықтайды. Мұндағы щс – сұйықтың жылдамдығы, м/с хс – сұйықтың кинематикалық тұтқырлық коэффициенті, м2/с,Прандтль саны (1875-1953жж) Pr= = ссг/л , (2.2.5)..Үйкелістегі жылу алмасуды ескереді және сұйықтың физикалық параметрін сипаттайды. Мұндағы бс – сұйықтықтың температура өткізгіштік коэфициенті м2/с; л – сұйықтың жылу өткізгіштік коэфициенті Вт/(м К); с – сұйықтың меншікті жылу сыйымдылығы, кДж/ (кг*К).Грасгоф саны: Gr =g*в (Тқ-Тс)l3 /х2 (2.2.6).Грасгоф саны еркін қозғалыс кезіндегі гидродинамикалық жағдайды сипаттайды: Мұндағы в =1/Tс - сұйықтың көлемдік ұлғаю коэффициенті.
37. ТЕРМОДИНАМИКАНЫҢ ЕКІНШІ ЗАҢЫНЫҢ ҚАЙТЫМДЫ ЖӘНЕ ҚАЙТЫМСЫЗ ПРОЦЕСТЕР ҮШІН АНАЛИТИКАЛЫҚ МӘНДЕРІ.Термиялық п.ә.к. формуласынан мынаны табамыз dq/Т 0,(1.3.3) - тұйық контурлы интгральдау тең белгісі кері циклдың белгісі, ал теңсіздік тура циклдың белгісі.(1.3.3) тендеуін 1854 ж. Клаузиус жазған, ол термодинамиканың екінші заңын математикалық түрде көрсетеді, тура (теңсіздік белгісі) және кері (теңдік белгісі) циклдарды, сонымен қатар (1.3.3) теңдеуді Клаузистың бірінші және екінші интегралдары депте атайды.(1..3.3) теңдеуінен, келтірілген жылудың dq/T алгебралық қосындысы кез келген қайтымды циклда (= белгі) болса нольге тең, ал Карноның қайтымсыз циклында (< белгі) шамасы теріс болады. dq/T мәні газдың тепе-тең өзгеруінде, бұл кейбір функция күйінің толық дифференциалы, себебі сол дененің күйіне тәуелді болады. Бұл функция 1 кг газ үшін, S арқылы белгіленіп, Дж/(кг*К) мен өлшенеді және оны энтропия деп атайды. (Энтропия терминін Р. Клаузиус 1865 ж. енгізген Онда, осы 1.3.3 теңдеуінен мынаны аламызdS ,(1.3.4) мұндағы ”=” белгісі қайтымды процесті ал, “>” – белгісі қайтымсыз процесті , S-энтропияны көрсетеді. Сонымен қатар (1.3.4) теңдеуі, энтропия арқылы жазылған термодинамиканың екінші заңының аналитикалық түрі. Энтропия – кейбір күй функция мәнін көрсетеді және дененің күйіне байланысты оның бастапқы және соңғы күйінін өзгеруіне тәуелді екенін анықтау үшін қолданылады. Ол денені абсолюттік температурасы Т-мен термиялық (жылу) энергиясы dq арасындағы жылулық байланысты көрсетеді.Энтропияның болу және өсу принципі – бұл термодинамиканың екінші заңының физикалық мағынасын береді. Энтропияың қайтымды және қайтымсыз процестердегі өзгеруін қарастырамыз:а ) Энтропияның қайтымды процестегі өзгеруін оқшауланған (адиабатты) жүйеде (dq=0) қарастырайық. Онда (1.3.4) теңдеуі адиабатты жүйеде қайтымды процестер үшін мына түрде қабылданады.dq=Т.dS=0, (1.3.5)немесе dS=0; S=constСонымен оқшауланған адиабатты қайтымды процестерде энтропия өзгермейді.б) Энтропияның қайтымсыз процестегі өзгерүін қарастырамыз. Бұл жағдайда (1.3.4.) теңдеу қайтымсыз процестері үшін мына түрде қабылданадыdS>0 немесе S2-S1>0, (1.3.6)демек энтропия өседі. Сонымен энтропия қайтымды процестерде оқшауланған жүйеде турақты болып қалады да, ал қайтымсыз процестерге өседі. Шыныда барлық нақты процестер қайтымсыз, сондықтан оқшауланған жүйелерде энтропия барлық уақытта көбейеді, олай болса қайтымсыз (нақты) процестер барлық уақытта энтропияның өсуіне байланысты өтеді. Сонымен оқшауланған жүйеде (dq=0) болуы, энтропияның өсу принципін немесе термодинамиканың екінші заңының жалпы түрін көрсетеді. Термодинамиканың екінші заңының физикалық мәніде, осы энтропияның оқшауланған жүйеде өсу принципін белгілеу (анықтау). Сонымен энтропияның өзгеруіне қарай нақты процестің қандай бағытта өтетінін айтуға болады. Термодинамиканың екінші заңының мағынасы бойынша барлық нақты процестерде энтропия өсуі сөзсіз.
38. ЖЫЛУ БЕРУ КОЭФФИЦИЕНТІ Α ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘРТҮРЛІ ФАКТОРЛАРҒА (ЖАҒДАЙЛАРҒА) ТӘУЕЛДІЛІГІ. Жылу беру коэфициенті б көптеген факторларға байланысты болады: сұйықтың қозғалыс түріне Х, физикалық параметрлеріне (лс, сс, Сс, мс), сұйықтың жылдамдығына Wс және температурасына Тс, жылу беруші бетінің формасына, қабырға бетінің температурасына Тқ, және басқа шамаларға байланысты. Сұйықтықтың қозғалысы екі режімге бөлінеді: ламинарлық және турбуленттілік.
39,41. ИДЕАЛ ГАЗДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ: ИЗОБАРАЛЫҚ, ИЗОХОРАЛЫҚ, ИЗОТЕРМИЯЛЫҚ, АДИАБАТТЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ.Жылу техникасында ең жетекші роль атқаратын, ол процестер және оларды есептеу әдістері болып саналады. Термодинамикалық процестеді есептеу – бұл процестің барлық бастапқы және соңғы параметрлерін, және жылуды және жұмысты анықтау, сонымен қатар процестерді термодинамикалық диаграммада көрсету (мысалы, Р V және Т, S – диаграммаларда.) Термодинамиканың бірінші заңы жылу мөлшерлерінің, газдың сыртқы жұмысының және ішкі энергияларының өзгерулерінің арасындағы байланысты анықтайды, сондағы денеге берілген немесе одан алынған жылу мөлшерлерінің және термодинамикалық процестердің түрлеріне байланысты. Теориялық және қолданбалы мағынадағы негізгі прцестерге мыналар жатады: изохоралық, тұрақты көлемде өтетін; изобарлық, тұрақты қысымда өтетін; изотермалық, тұрақты температурада өтетін; адиабаттық, қоршаған ортамен жылу алмаспайтын және политроптықпроцесс мына теңдікпен анықталатын PVn=const. Бұл процесс белгілі бір жағдайдағы негізгі процестерді жинақтаушы болады және процестегі жылу сыйымдылық тұрақтылығын сипаттайды. Барлық термодинамикалық процестерді зерттеу үшін, мына жалпы әдіс қолданылады:1.процестегі жұмыстық дененің бастапқы және соңғы параметрлерінің арасындағы байланысты анықтап, сол процестін теңдеуін жазу;2.газ көлемінің өзгеруіндегі жұмысты есептеу;3.процесте газға берілген (немесе шыққан) жылу мөлшерін анықтау;4.процестегі жүйенің энтропиясының және энтальпияның өзгеруін анықтау.5.процестегі жүйенің ішкі энергиясының өзгеруін анықтау.1.4.1 Изахоралық процессИзохоралық процесс тұрақты көлемде (V=idem) өтеді (1.9-сурет) 1.9-сурет Идеал газ күйі теңдеуінен PV=RT, V=idem, болғанда мына теңдеуді (Шарль заңынан) аламыз = (1.4.1.).Изохоралық процесте газ көлемі өзгермейді V2=V1, жұмыс l= p dV, егер газ көлемі өзгермесе жұмыс нольге тең l=0, ал жылу термодинамиканың бірінші заңымен былай анықталады, q=ΔU+l, немесе q=ΔU=U2-U1= CvdT=Cv(T2-T1).(1.4.2). Өзгеріп отыратын жылу сыйымдылығы болғанда q= (t2-t1)= t2- t1 ,(1.4.3) мұндағы - t1, ден t2 дейінгі температура аралығындағы орта массалық изохоралық жылусыйымдылығы. Себебі l=0-ге тең болғанда, термодинамиканың бірінші заңы бойынша ΔU=q және турақты көлемде: ΔU=Cv(T2-T1); Cv= idem болғанда ΔU= (t2-t1);Cv=var болғанда (1.4.4)Барлық идеал газдардың процестеріндегі энтальпияның өзгеруін мына формуламен анықтайды:Δh=h2-h1=Cp(Т2-Т1), Ср=idem болғанда Δh= (t2-t1), Cр=var болғанда (1.4.5).1.4.2.Изобарлық процесс.Идеал газдың күй теңдеуінен PV=RT бұдан P=idem, осыдан мынаны табамыз V/T=R/P=idem, немесе газдың көлемі оның абсолюттік температурасына тікелей пропорционал болады (Гей-Люссак заңы ) = (1.4.6) 1.10-сурет.Изобарлы процестің жұмысы l= pdV=P(V2-V1)=R(T2-T1) 1.4.7).Газды қыздыруға келтірілген (немесе ол салқындағанда алынатын) жылуың мөлшелерін термодинамиканың бірінші заңынан анықтауға болады dq=dh-VdP=idem q=h2-h1=Δh= dT= (t2-t1). (1.4.8)Мұндағы - t1-ден t2-ге дейінгі температуралар аралығындағы орта массалық изобарлық жылу сыйымдылық, мұнда Cp=idem q=Cp(t2- t1)=Δh(1.4.9).1.4.3 Изотермиялық процесс Бұл процесте температура турақты, соның үшін PV=RT=const, немесе = .(1.4.10)Яғни газдың қысымы оның көлеміне кері пропорционал болады, сондықтан газ изотермиялық қысылғанда қысымы үлкейді, ал газ изотермиялық ұлғайса, қысымы кішірейеді (Бойль-Мариотт заңы)(1.4.10) – байланысты, бұл процестің графигі Р, V – координаттарында тең бүйірлі гипербола болады. (1.11-сурет) 1.11-суретПроцестің жұмысы l= РdV= RTdV/V=RTln(V2/V1)= RTln( ); (1.4.11)Температура өзгермеуеіне байланысты иделды газдың ішкі энергиясы бұл процесте тұрақты болады ΔU=0 және Δh=0, сондықтан барлық газға келтірілген жылулық толық жұмысқа айналады:q=1.(1.4.12) Gт=dq/dт – жылу сыйымдылық формуласы көрсететіндей, изотермиялық процесте газдың жылусыйымдылығы ∞ тең.1.4.4 Адиабаталық процесс.Бұл процесс жүргізілгенде қоршаған ортамен жылу алмасу болмайды, осыған байланысты δq=0Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың бірінші заңы мынадай түрде жазыладыPVк=idem, (1.4.13) мұндағы к=Ср/СV – адиабаталық көрсеткіш. Адиабатылық процестің графигі (1.12-суретте) көрсетілген.Адиабата көрсеткіші к >1 болғандықтан адиабата изотермаға қарағанда құламалау келеді, өйткені адиабаталық ұлғайланғанда газдың температурасының төмендеуіне байланысты изотермалық процеске қарағанда қысым жылдамырақ төмендейді. 1.12-сурет(1.4.13) теңдеуінен мынаны табамыз: Р1/Р2 =(V2/V1)к немесеV2/V1=(Р1/Р2)1/к (1.4.14)(1.4.13) теңдеуі V, P координатындағы адиабаттық идеалды газдың теңдеуі Сv=idem және Ср= idem болғанда.PV=RT күй теңдеуіне сәйкес, адибаттық процестегі тепмператураның көлемен немесе қысыммен байланысын көрсететін теңдеулерін табамыз: ТVк-1=const, (1.4.15) немесе Т1/Т2=(V2/V1)к-1 немесе(V2/V1)1/к-1 (1.4.16)Т1/Т2=(Р1/Р2)к-1/к =(V2/V1)к-1 (1.4.17) Бір атомды газ үшін к=1.66, екі атомды газ үшін к=1.4, ал үш және көп атомды газдар үшін к=1.33. Термодинамиканың бірінші заңы бойынша адиабатты процестегі ұлғаю жұмысы ішкі энергияның азаюымен жүреді және де төмендегі теңдеулердің біреуімен анықталады:l= -∆U=CV(Т2-Т1)= (Т1-Т2)= (Р1V1-P2V2)= (1- ) = [1-( )k-1]= (1- )= [1-( ) ](1.4.18) Бұл процесте газдың қоршаған ортамен жылу алмасуы өзгермейді, сондықтан q=0, онда С=dq/dТ теңдеуінде, адиабаттық процестің жылусыйымдылығы нольге тең болады.(Сq=0).