Здігінен өшпейтін санауыштар .

Жіңішке жіпті және өзіндік разряд тұтануға жеткілікті кернеу түсірілген цилиндрлік санауышта болатын процесті сапалы түрде қарастырамыз. Санауыш 3.1-суретте көрсетілгендей өлшеу құралына қосылған. Оның RC тұрақтысы оң иондардың анодтан катодқа дейінгі қозғалыс уақытынан көп есе үлкен болсын делік. Зарядталған бөлшектің санауышта тудырған электрондары мен иондары электродтарға қарай қозғалады. Электрондар қозғалыс кезінде жаңа электрондар мен иондар және қозған күйдегі газ молекулаларын тудырып, 10 Здігінен өшпейтін санауыштар . - student2.ru сек ішінде жіпке жетеді. Бұл молекулалар қысқа толқынды сәуле шығарады. Ол сәулелер катодқа фотоэлектрондар немесе газ молекуласында жұтылып фотоэлектрондар шығарады.

Здігінен өшпейтін санауыштар . - student2.ru

3.1-сурет.

Сонымен өте аз уақыт ішінде санауыш разряд туындайды. Осыдан бірнеше электрон-фотондық нөсер кезінде туындаған оң иондар қозғалыссыз өз орындарында қалып қояды, өйткені олардың қозғалғыштығы электрондардың қозғалғыштығынан едәуір есе аз. Негізінен екінші реттік ионизация жіп айналасында туындайды және осының салдарынан жіп айналасында оң зарядтардың жиынтығы түзіледі. Ол жіп айналасындағы өріс кернеулігін кемітіп, жаңа электрон-фотондық нөсердің туындауына кедергі жасайды. Туындаған иондар катодқа қарай қозғалады. Олардың есебінен конденсатор зарядталады және санауыштың потенциялдар айырмасын төмендетеді, алайда сонымен қатар көлемдік газдың әсері катодқа иондар жақындаған сайын кеми түседі. Катодқа шамамен 10-7 см арақашықтыққа жақындаған кезде иондар бейтараптанып, қозған күйдегі молекулалар түзіледі [6].

Қозған күйлердің энергиялары электрондардың катодтан шығу жұмысынан немесе өзге молекулалардың ионизация энергиясынан артық болсын. Сонда иондар катодқа жақындаған кезде электрондар туындауы мүмкін. Егерде бұл кезде санауыштағы кернеу, сыйымдылық зарядын есепке алғанда, Uзаж жоғары болса, санауышта қайтадан разряд басталады. Бұл процесс, сыйымдылықтағы заряд мөлшері қорытқы потенциал айырымы Uзаж -дан төмен болғанша өз жалғасын таба береді. Газ разрядтың әрбір кезекті сатысында иондар саны кеми береді. 3.1-суретте конденсатордағы зарядтың жинақталу процесі келтірілген.

Жекелеген сатылар ретінде разрядты бұлай түсіндіру онша дұрыс емес, өйткені, процестің жеке-дара сатылары бір-бірімен беттесіп кетуі де мүмкін. Оның себебі электрондар, иондар катодқа жеткенге дейін электрон-фотондық нөсерлердің әсерінен жеке атом немесе молекулалық сәулеленуі кезінде туындайды. Демек, разрядты токтату үшін С конденсатор Q~(U0-Uзаж) С зарядқа ие болуы керек. Бұл жағдай иондар анодтан катодқа жету уақыты аралығында конденсатор разрядталыпүлгермейтіндей кедергі болған кезде ғана мүмкін болады. Сыйымдылықты мүмкін болғанша кішірек етіп жасаған жөн. Егер сыйымдылық 10 пф және иондардың қозғалу уақыты шамамен 10-4с болса, кедергі 108 Ом және одан көп болуы керек. Сонда сыйымдылықтың разрядталу уақыты 10-3 с-тан жоғары болады. Санауыштың уақыттық сипаттамасы көптеген тәжірибелердің талабын қанағаттандыра алмайды. Өздігінен сөнбейтін санауыштардың уақыттық сипаттамаларын едәуір жақсарту үшін арнайы разрядты өшіретін құрылғылар қолданылады. Алайда қазіргі таңда Гейгер-Мюллер санауыштарын өздігінен сөнетін санауыштар ығыстырып келеді.

Наши рекомендации