Этиологиясы және патогенезі.

Негізгі 2 фактор бар:

1. Атеросклероз дамуынан бұрын тамыр қабырғасының біріншілік зақымдануы

2. Липидтердің алмасуының бұзылуы

1. Атеросклероз дамуынан бұрын тамыр қабырғасының біріншілік зақымдануы.

Қалыпты жағдайда тамырдың эндотелийі холестерин мен липидтерді өткізбейді. Эндотелий зақымданғанда (вирустардан, стресстерден, артериялық гипертензиядан ж.т.б.) холестерин енуге жол ашылады.

Атеросклероздық түйіннің дамуында 3сатысы бар:

І. Бастапқы саты: тамырлардың липоидозы немесе липидтік дақтар мен жолақтардың пайда болуы. Тамырлар тарылмайды, бетінің тегістігі жойылмайды, сондықтан атеросклероздың клиникалық белгілері болмайды.

ІІ.Фиброздық сатысы: коллаген және дәнекерлік тін көбееп липидтік дақтардың айналасына фиброздық капсула түзейді-атеросклероздық түйіндер пайда болады, тамырлар тарылады, клиникалық белгілер пайда болады.

ІІІ.Күрделі және асқынған түйіндердің пайда болуы: түйіндердің арасына кальций тұздары жиналады немесе кальциймен қапталады, жарылып тесіледі, арасына қан құйылады. Кейбір түйіндер үгіліп, тромбоэмболиялық асқынулар дамиды (миокард инфаркті, инсульт).

2.Липидтердің алмасуының бұзылысы.

Физикалық тығыздығына байланысты липопротеидтердің бес түрі бар:

Ø аса төмен тығыздықты липопротеидтер

Ø төмен тығыздықты липопротеидтер

Ø аралық тығыздықты липопротеидтер

Ø жоғары тығыздықты липопротеидтер

Ø хиломикрондар

Атеросклероз дамуында басты себептер: жалпы холестериннің, ТТЛП -тер холестеринінің, үшглицеридтердің көбеюі және ЖТЛП – тер холестеринінің төмендеуі. Бірақ басты фактор: гиперхолестеренемия.

Гиперхолестеренемияның 3 деңгейі бар:

1. жеңіл – 5,2 – 6,5 ммоль/л

2. орташа – 6, 6 – 7,8 ммоль/л

3. биік – 7,8 ммоль/л жоғары

Қауіп факторлар:

1. Жоюға келмейтіндер (қайтымсыз):

Ø егде немесе кәрі жас (40 – 50 жастан асқанда)

Ø ер адам

Ø гендік бейімділік

Ø 2.Жоюға келетіндер (қайтымды):

Ø артериялық гипертензия

Ø семіздік

Ø гипотиреоз

Ø подагра

3.Потенциалды (біршама жоюға келетін):

гиперлипидемия, гиперхолестеринемия

Øтемекі тарту

Ø (қан плазмасындағы жалпы холестерин деңгейінің артуы (5 ммоль/л жоғары)

Ø гипергликемия және қантты диабет

Ø дислипопротеинемия – төмен тығыздықтағы липопротеидтер (ТТЛ) холестерин деңгейінің артуы (3 ммоль/л жоғары), жоғары тығыздықтағы липопротеидтер (ЖТЛ) холестерин деңгейінің төмендеуі (ерлерде 1 ммоль/л төмен, əйелдерде 1.3 ммоль/л төмен), триглицеридтер деңгейі 1.7 ммоль/л жоғары.

Ø гиподинамия

Ø стресстер

Клиникалық белгілері.Атеросклероздың бастапқы стадиясында ағым симптомсыз.
Орналасу бойынша күре тамырдың зақымдануына байланысты – коронарлық, церебралдық, аяқ артериялары, бүйректік артериялар, шажырқайлық артериялар – ауру шағымдары мен анамнезі қалыптастырылады (Жүрек ишемиялық ауруы, цереброваскулярлық аурулар, облитерациялаушы эндартериит, вазореналдық гипертония, созылмалы шажырқайлық синдром).

Көбінесе зақымданатың құрсақтық, кеуделік аорта, аортаның доғасы және түбірі. Доғасы зақымданғанда мидың, жүректің, қолдардың қанайналымы бұзылады: бас айналу, талмалар, қолдардың ұюы болады.

Кеуделік аорта зақымданғанда: төс артының күйдіріп, батып ауруы болады (нерв талшықтарының тітіркенуінен).

Құрсақтық аорта зақымданғанда іштің түйіліп ауырсынуы, іштің дисфункциясы, арықтау, метеоризм болады.

Аяқ тамырларының атеросклерозында аяқтар тоңғыш болады, жаснсызданады, кейде ақсақтық болады.

Диагностикасы:

1. Қан анализі - жалпы холестерин мен оның фракцияларына, ЛНП мен ЛВП холестерин, триглицеридтерге, глюкоза.

Инструменталдық зерттеулер:

1. Брахиоцефалды жүйес қантамырларының УДДГ (ұйқы артерияларының доплерографиясы): интим-медия каротидті артериялардың қалыңдығы, атеросклероздық түйіндақтар болған кезде – артериялардың тарылу проценті анықталады.

2. Аяқ артерияларының УДДГ – атеросклероздық түйіндақтар болған кезде – артериялардың тарылу проценті.

3. Магниттік-резонанстық томография: коронарлық артериялар, қолқа жағдайы, коронарлық «кальцийді» есептеу.

Емі:

1. Гиполипедемиялық диета

2. Темекі тартудан бас тарту.

3. Физикалық белсенділік: дені сау адам қарқынды физикалық жүктемелермен аптасына 4-5 рет 35-40 минуттан айналысуы қажет, жастық максимумға байланысты жүректік жиырылу саны 60-75% деңгейге дейін.

4. Артық салмақты бақылау. 10 кг салмақты төмендету кезінде: жалпы өлімшілдікті > 20%; диабетпен байланысты өлімшілдікті > 30°/о; қатерлі ісіктен өлімшілдікті > 40%; диабетпен науқстарда қан деңгейін > 50%; систолалық артериалдық қысымды 10 мм с.б., диастолалық қысымды 20 мм с.б.; жалпы холестеринді 10%; ЛНП холестеринді 15%; триглицеридтерді 30% төмендетуге, ЛВП холестеринді 8% жоғарылатуға болады.
Гиполипедемиялық препараттар:

- клопидогрель 75 мг/ тəулігіне күніне 1 рет, үнемі.
- баяу босайтын никотин қышқылы препараттары;

- өт қышқылдарының секвестранттары;

- фибраттар;

- статиндер;

Қазақстан Республикасында симвастатиндер мен аторвастатиндер тіркелген.

Симвастатин 10, 20, 40 мг таблетка.

Аторвастатин 10 мг таблетка.

Препараттар тұрақты түрде қанның жалпы холестерині мен трансаминазалар (АЛТ, АСТ) деңгейін бақылаумен қабылданады, минималды доза 5-10 мг/тəулігіне, максималды доза 80 мг/тəулігіне.

2. Негізгі асқыну – атеротромбоздардың алдын алу. Дезагреганттар:

- ацетилсалицил қышқылы 75-100 мг/тəулігіне күніне 1 рет, үнемі;


Наши рекомендации