Lt;OL> тәгі арқылы жазылатын нөмірленген тізімдер

Нөмірленген тізімдер алдыңғы белгіленген тізім тәрізді шығары­лады, олар тек <ОL> және </ОL> (ordered list – реттелген тізім) тәгте­рімен қоршалады да, нәтижесінде тізім нөмірі ретінде бүтін сандар жазылады. Жоғарыда келтіріл­ген мысалды аздап түрлендіріп, төмен­дегі 2-мысалда оларды нөмірлеп жазып шығайық:

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 2 мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY text= green>

<H2 ALIGN = CENTER> Нөмірленген тізім жолдары </H2> <HR>

<ОL>

<LI> Сәуле;

<LI> Мақсат;

<LI> Данияр;

<LI> Ержан

</ОL>

<HR>

</BODY>

</HTML>

Бұл HTML тәгтері жұмысы нәтижесінде мынадай тізім шығарылады:

Нөмірленген тізім жолдары 1. Сәуле; 2. Мақсат; 3. Данияр; 4. Ержан

<UL>тәгінің екі атрибуты бар, олар:

start = нөмір

type = 1 | A | a | I | i

бұлардың алғашқысы нөмірлеуді біріншіден емес, көрсетілген кез келген нөмірден бастайды, ал екіншісі тізімді нөмірлеу жүйесін төмендегі кестедегідей түрде анықтайды.

Type атрибуты мәніне қарай тізімдерді нөмірлеу түрлері

type мәні стилі тізім нөмірленуі
Араб цифрлары (келісім бойынша) 1, 2, 3, 4, ...
A Латын алфавитінің бас әріптері A, B, C, D, …
a Латын алфавитінің кіші әріптері a, b, c, d, …
I Рим цифрлары (жоғарғы регистр) I, II, III, IV, …
i Рим цифрлары (төменгі регистр) i, ii, iii, iv,…

Lt;DL> тәгі арқылы жазылатын анықтау тізімдері

Анықтау тізімдері <DL> (definition list) тәгі арқылы жазылады да, алдыңғы­лардан аздап өзгешелеу болып ке­леді. Мұнда <LI> тәгі орнына <DT> (definition term – анықталатын термин) және <DD> (definition definition – анықтаманың анықтамасы) белгілері жазылады. Осы­лар­ды 4-3 мысал ретінде қарастырып, программа мәтінінен үзінді келтірейік:

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 3 мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY text= green> <H3 ALIGN = CENTER>

Анықтау тізімдері </H3>

<DL>

<DT>HTML

<DD> HTML (HyperText Markup Language) термині – “гипермәтіндік белгілеу тілі” деген сөз. Оның алғашқы нұсқасын Европадағы элементар бөліктер физикасы лабораториясының қызметкері Тим Бернерс-Ли жасап шығарған болатын.

<DT>HTML құжаты

<DD> Тіркелу аты *.htm (Unix жүйелеріндегі файлдарда

*.html) болып келген мәтіндік файл.

</DL> </BODY> </HTML>

Осы программа жұмысы нәтижесінде экранға мынадай мәлімет шығады:

HTML

HTML (HyperText Markup Language) термині – “гипермәтіндік белгілеу тілі” деген сөз. Оның алғашқы нұсқасын Европадағы элементар бөліктер физикасы лаборато­рия­сының қызметкері Тим Бернерс-Ли жасап шығарған болатын.

HTML құжаты

Тіркелу аты *.htm (Unix жүйелеріндегі файлдарда *.html)

болып келген мәтіндік файл.

<LI> тәгі сияқты <DT> және <DD> тәгтерінің жабылмай, жалғыз жазыла­ты­нына назар салыңыздар.

Егер терминдер анықтамасы қысқаша түсіндірі­летін болса, онда <DL COMPACT> белгісін пайдалануға болады. Енді төмендегідей 4-4 мысалды программа үзіндісі түрінде қарастырайық:

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 4 мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY text= green> <HR> <H3 АLIGN=CENTER>

Қысқаша анықтамалар </H3>

<DL COMPACT>

<DT>АБАЙ

<DD> XIX ғасырдағы қазақ ақыны, әрі ағартушысы

<DT> ҚҰРМАНҒАЗЫ

<DD> XIX ғасырдағы қазақ сазгері, атақты күйші

<DT> МАХАМБЕТ

<DD>XVIII ғасырдағы қазақ ақыны, әрі батыры – жыр

семсері

</DL>

</BODY>

</HTML>

Абатталған тізімдер

Кез келген тізімдегі элемент ішіне басқа да тізім түрлері енгі­зі­ліп, қабаттасқан тізімдер құрастырылуы да мүмкін. Бірақ мұндай қабатталған тізімдерді жиі қолдансақ, ол мәтінді экранға көпсатылы түрде шығарып, оның ұзындығын арттырып жібереді. Сондықтан оларды тек керек кезінде ғана қолдан­ған дұрыс деп саналады.

Қабатталып орналасқан тізімдерді мәтін мазмұндары мен әр түрлі жоспарлар дайындауда қолданған тиімді болып табылады. Осындай тізімдер ұйымдастыруды қысқаша мынадай 4-5 мысал­мен көрсетейік:

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 5 мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<H1 ALIGN=center> HTML бірнеше тізім түрлерін ұйымдастыра

алады </H1>

<DL>
<DT> Нөмірленбеген тізімдер

<DD> Нөмірленбеген тізім элементтері сол жақтан арнайы таңбамен белгіленіп, мәтін аздап оңға таман жылжып орналасады:

<UL>
<LІ> 1 элемент
<LІ> 2 элемент
<LІ> 3 элемент
</UL>
<DT> Нөмірленген тізім жолдары

<DD> Нөмірленген тізім элементтері сол жақтан нөмірлер арқылы

белгіленіп орналасады:

<OL>

<LІ> 1 элемент
<LІ> 2 элемент
<LІ> 3 элемент
</OL>
<DT> Анықтау тізімдері
<DD> Мұндай тізімдер алдыңғы екеуінен күрделірек, бірақ

оқуға ыңғайлы болады.

<P> Тізімдерді бірінің ішіне бірін жазып қабаттастыруға болады,

бірақ мүлде көп деңгейлер жасап, бұл тәсілмен тым

әуестеніп кету қажет емес екені есте болсын.

<P > Тізімдегі бір элемент ішінде бірнеше абзацтар тұруы мүмкін.

Ондай абзацтар сол жақ шеттен бірдей қашықтыққа ығысып

орналасады. </P>

</DL>

</BODY>

</HTML>

Тапсырмалар:

1. Осы бөлімдегі 2 мысалды теріп алып, оның нәтижесін Internet Explorer-де қарап әр қатарға өз топтарыңдағы студенттер аттарын енгізу керек.

3. Осы бөлімдегі 3 мысалды алып, нәтижесін қарап, әр қатарға өз топтарыңдағы студенттер фамилиясын тізіп жазып, онан кейін қалың­дық­тары және түстері әр түрлі болып келген, ұзындықтары да өзгермелі көлденең сызықтар жүргізу қажет.

4. Жоғарыда келтірілген 3 мысалды алып, нәтижесін көріп, қосымша жолдар енгізіп, инженер, дәрігер, бухгалтер мамандықта­рына түсінік беріңіздер.

5. Қысқаша анықтама беретін 5 мысалды алып, нәтижесін көріп, әр жолға топ оқушыларының аттарын жазып және оларға “оқу озаты”, “дарынды бала”, “көрікті бойжеткен” сияқты қысқаша анықтамалар беріп, қосымша мінездемелер жазу қажет.

Наши рекомендации