Су өтімі аудан және жылдамдық қисықтарының қасиеттері.
«Жылдамдық-аудан» тəсілінің мəні келесіде: өзеннің көлденең қимасы арқылы өтетін су өтіміне тең су өтімі үлгісінің, көлемнің яғни су деңгейінің көлемін анықтау Q=wv.
Өзеннің көлденең қимасы қарастырылады. Қиманың əр нүктедегі жылдамдық əр түрлі болады. Осыған сəкес элементар су өтімдеріде əркелкі болады. Түрлі нүктелерде жылдамдық бағытыда əр түрлі болуы мүмкін. Элементар ауданға сəкес келетін су өтімін анықтау үшін осы ауданшаны ағыстың жылдамдығына көбейту кереек. Бірақ жергілікті жылдамдықтың векторы нормальға қандайда бір бұрыш жасап бағытталатын болғандықтан жылдамдық векторының өзін емес, оның нормальға түсетін проекциясын сепке алу керек. Бұл жағдайда элементар ауданға сəйкес келетін су өтімі келесі формула бойынша анықталады: dQ = u cosα dw
мұндағы: U cosα – нормальға түсірілген жылдамдық векторы; U – элементар ауданшаның шегіндегі жылдамдық; α – нормаль мен жылдамдық бағыты арасындағы бұрыш; dw – элементар ауданша.
40.Су ағындысын қысқы кезеңде арнаны су басқан жағдайда айнымалы су тежелу кезінде есептеу. Су өтімін қыста өлшеу қиындық туғызады. Су өтімін өлшеу үшін таңдалған жер жайылмасыз болу керек, бар болған жағдайда анағүрлым түзу, ені тар және рельефі біртегіс, жеңсалалары , ескі арнасы жоқ жерді таңдау қажет. Ені кең жайылма су өтімін өлшеу жұмыстарын қиындатып жібереді. Таңдалған учаскеде өзен бір арнамен ағу керек, түзу болғаны дұрыс. Өзен арнасында мұз кептелу, сең буылу секілді құбылыстарды туғызатын аралдардың аралшалардың, құмқайырлардың болмауы тиіс. Өзеннің арнасы тұрақты болғаны жөн, яғни шайылмауы немесе шөгінділергі толмауы тиіс. Арнаны шөп баспауы керек. Жасанды имараттардан алыс болуы керек, өйткені олардың судың тежелуіне алып келуі мүмкін. Су өтімін өлшеудің айтарлықтай дәлдігіне жету үшін таңдалған учаскеде ағыс бірқалыпты болу керек. Өзеннің түпкі арнасы мен жайылмасында ағыстың бағыты бірдей болу керек. Су сабасына түскен кезде ағыстың жылдамдығы 0,15-0,25м/с –тен кем болмауы, су тасу кезінде 3-4 м/с-тан артық болмауы керек. Ақаулы жазбалар: а) Жазбада кейбір үзіктердің, сия тамшыларының және сия жайылып кеткен жерлердің бар болуы. Мұндай ақаулардың себебі: өзі жазушының қаламының ластануы немесе сапасының нашарлығы, болмаса сияның сапасының төмендігі. Ә) Ирек жазба. Себебі: су деңгейін өзі жазушыны өзенмен байланыстыратын құбыр тесігінің үлкендігі; б) Баспалдақты жазу. Себебі: қалтқыға, ауырлық гіріне немесе сымнан есілген арқанға бір нәрсе тиіп тұрады. г) Таспаны шешу сәтінде таспадағы су деңгейі шамасының сыртқы су өлшеу бекеті бойынша алынған су деңгейі шамасымен сәйкес келмеуі. 1см ге дейінгі сәйкессіздік кезінде тү ету енгізілмейді. Сәйкессіздік 1см ден артық болған жағдайда түзету өсу ретімен уақыттың ұзақтығына байланысты жазбаның басынан бастап енгізіледі. Д) Таспаны шешу немесе оны келесі тәуліктің жазбаларын жазу үшін өзі жазушыға орнату сәтіндегі өзі жазушының таспасы бойынша уақыттың нақты жергілікті уақытқа сәйкес келмеуі, яғни өзі жазушының сағатының озып кетуі немесе қалып қоюы. Сәйкессіздік 5 мин қа дейін болс а, онда түзету енгізілмейді, ондай сәйкессіздік жіберіледі. Егер сәйкессіздік 5 мин тен артық болса, онда түзету өсу ретімен жазбаның басынан бастап енгізіледі.Ақаулар кұрылғылардан көп болады.
41.Су өтімі қисықтарын жайылмасыз тұстамаларда экстрополяциялау. Жайылмасыз тұстам –су деңгейі қатты көтерілгенде су,ағын басты арнада қалатын тұстама. Су өтімі қисығын тікелей созу арқылы экстрапаляцялау тәсілі өлшенген су өтімдері мен негізделмеген қисықтың бөлігі су деңгейі амплетудасы 10 пайыздан аспаған жағдайда және өзеннің көлденең қимасының профилі осы зона шегінде сынбаған болуы тиіс, ал арнаның кедір - бұдырлығын айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған болу керек. Бұл жағдайда су өтімі қисығын қисықтың бағытын сақтай отырып ең жоғарғы нүктеге дейін созылған бөлігі пунктермен белгіленеді.
42.Су өтімі қисықтарын түрлі жағдайларда тұрғызу. Арнаны шөп басқан жағдайда гидрометриялық тұстаманың учаскесінде тұстамадан 5-10м ағыстан жоғары 5-10м ағыстан төмен арнаның шөбі шабылып тастау керек. Ағыспен жеңіл келе жатқан шөптің зырылдауықтың қалақ бұрандасына оралып қалуы мүмкін.Мұндай жағдайда дыбыстық сигнал дұрыс келмейді.Зырылдауықты судан шыгарып,шөптен тазарту керек.
Арнада мұз жамылғысы, анжыр болған жағдайдасу өтімін өлшеу үшін қалыңдығы 10см болу керек,одан төмен болған жағдайда сынады. Аяз -5ºС-тан төмен болу керек.Мұз жамылғысы бар болған жағдайда судың астыңғы бетімен анықталады.Тереңдікті өлшеу кезінде мұздың қалыңдығы суға батырылған мұздың қалыңдығымен және ойықтағы судың тереңдігі анықталады.
Арна тұрақсыз болған жағдайда өлшеу 2 рет жүреді:жылдамдық өлшенгенге дейін және кейін.Тіктемедегі жылдамдық су түбінен бетіне дейін жүргізіледі. Арнанынң деформациялық жағдайы үлкен болған жағдайда үнемі тексеру керек немесе басқа жерге ауыстыру қажет.