Стр. 218 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 218 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 217

Стр. 218 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 219

Қазақстанның ашық кітапханасы

қимылсыз, үнсіз отыр. Аттанғаннан бергі шаршағандығымыз енді ғана еске түскендей,

жауынгерлер, әлдеқандай ауыр ойға кеткендей, өз ішіне үңіліп кетіпті.

Күні кеше ғана енді осы етіктерімізбен Берлинге жетерміз деп қалжыңдасып едік. Енді,

міне, совет дүниесінен тыс, жат дүниенің қараңғылығына көз үйрене алмай, жүдеу

отырмыз. Бекіністің ішіндегілер де, сыртындағылар да осы күйде. Жауынгерлер еш

нәрсені елемей, ұйықтағысы келгендікті көрсетеді... Айқаста сергек болу үшін ұйықтап

алу керек. Екі сағатта бір ауыстырып тұрған күзет кезегіне қазір басқалар барады. Бірақ

ешкім үйықтай алған жоқ. Ұйықтаған боп жатқандар жай жатыр, ойда жатыр...

Хожа Насреддиннің бір айтқаны бар еді: сен не ойласаң, жауың да осыны ойлайды

деп еді... Володька, сен не ойлап отырсың?— деді Самед, мұндай мұңайысты көтермейтін

әдетімен.

Ұйықтап жатқанда оятып алсаң да, қалжыңдаса кететін әдетімен:

Жау бізді торға түскен торғайдай көріп, қазір келіп қалтасына салып алып жүре

бермекші... Соны ойлап отырмын,— деді Володя.

Ай-яй-яй!— деді Самед, басын шайқап.—Жауды еш уақытта өзіңнен гөрі ақмақ

санама деген қайда?.. Ақмақ болса, түн бойы неге тырп етпей жатыр? Олар біздің қанша

екенімізді біліп алғылары келіп үндемей отыр деп ойламайсың ба?.. Мынау

қараңғылықтың іші толған бізге қадалған кез, түрілген құлақ болар...

Оны сен қорыққаныңнан айтасың, Самед...

Жоқ, Володька... Келіншек алып, ер балаң болатын болса, менен оған сәлем

айтарсың: Хожа Насреддин — жау қорықсын десең, ең әуелі өзің қорықпа, құйрығын

қысып алған ит таланбай қалмайды деген...

Осы біз туралы айтқаны бар ма?— дейді Вася.

Самед мүдірместен:

Осыны тап бізге айтыпты!..— дейді.

Егор көптен бері бір түсіне алмай жүргенін анықтап алайын деген пішінмен:

Сенің қожаң соғыста болған ба өзі, жоқ па? Командир ме бір, комиссар болған

ба?— дейді.

Е-е-й, Егор, Егор...— дейді Самед.— Осы аңқаулықты қоймасақ, екеуміз бір күні

күлкі боламыз ғой... Хожа Насреддин әрі солдат, әрі командир болғанын әлі ұққан

жоқпысың? Ол мыңдармен жалғыз соғысқан!.. Оны жеңген жау болған емес!..

Бұрын Хожа Насреддинның атын естімеген Егор, оның кім екенін әлі айыра алмай жүр.

Өзім қазақ болғанмен Самед айтқан Хожа Насреддинға мен де бірталай таңданып жүрдім.

Әуелі Самед ылғи Хожаның өз сөздерін айтатын шығар деп қалып ем, бара-бара өзгере

беретінін аңғардым. Талай естіген әңгімелерім Самедтің айтуында мың құбылып,

замандардан аттап етіп, кейде тіпті ұзап алға шығып кетеді. Қытай, Индия, Америка

елдеріне барып палау жеп отырып:

Жолдастар, біздің тәжірибеден мынаны алсаңдаршы!..— деп аяғын еркін көсіліп

қояды...

Стр. 219 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 218 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 218

Стр. 218 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 220

Қазақстанның ашық кітапханасы

Шынында, Самед Хожа Насреддинның атын ғана алып, жаңа бейне жасап жүр. Ата-

бабалардан келе жатқан Хожа Насреддин да осылай әр ауыздан туып, жасаған сайын,

өзгеріп бізге жеткен болу керек деген ой келеді. Өмірді сүйген шындықты сүйген әр кезде

елдің бойын көтерін, ойын сергітетін данышпан Хожа жасаған сайын жасара да берген

сияқтанады. Қазір Самед Хожаны Ұлы Отан соғысына салып, қасынан қалдырмайды.

Данышпан күлдіргіш қолынан келген жәрдемін істеп, өз ортамызда жүреді. Самед кейде

гранаталарын асынып жатып — мына біреуін Хожа Насреддин үшін тағы алайын...— деп

те қояды. Егордың жаңағы сұрауы да осындайдан туып еді.

Батыр десеңші бір!— дейді Егор, әлі де ажырата алмаған бойы.

Сен өзің ше?.. Батыр емеспін деп ойлаймысың?

Мен бе?—дейді Егор, біреу жала жауып отырғандай қысылып,— менің мақтанар

түгім болған емес... Жолдастар, сендер көп қалжыңдасасыңдар, ұят болып жүрер, маған

ондайды жапсыра көрмеңдерші... Мен қатыным қабағын түйген күні орманнан қайтқан

емеспін... Үй жаққа қарауға батылым да бармайтын еді...— дейді Егор.

Орманда аю кездесіп қалса?

Аю деген қауіп емес қой ол... Атып та аласың, алысып та көресің... Бірақ қатынға

мұны істей алмайсың ғой!..

Егор Орал тауында орман күзетінде болған адам. Өзге әңгімеге олақтау болғанмен

аңшылық жайын айта бастаса, бұл да ақты-қарасын аңдатпай кетеді... Сол әңгімелерінің

бірін қозғағысы келіп, Володя оған:

Аюға жалғыз баратын ба едің?—дейді.

Жалғыз бармай, қатынымды ала барады ғой деп пе ең?

Аюдан гөрі әйелің аюырақ көрініп кеткенге айтқаным да...

Ой, тәңір, ол үйде ғой әшейін... Азырақ ығысыңқырап жүргеніңді әйеліңнің де

жақсы көретіні есіңде болсын...-— дейді Егор күлімсіреп...

Е, кезінде көреміз де.

Аюдың еті қандай, шіркін, сүрлеп қойсаң!.. Анау бір шоқтық тұсынан бастап

сауырға дейін тұтас ойып алып сүрлеп тастасаң!..

Соның бір кесегі қазір қолымызға түсер ме еді...

Хожа Насреддин — қолға түспесті арман етпе деген... Керчьтегі аюлардың еті арам

болу керек...

Капитан Мирошниктің бір тапсырғаны азық-түлік қорымыздың жайы еді, мен осы араға

соны қыстырып жібердім:

Таңертең, үш жүз грамнан аласыңдар... жайы осындай ғана...— дедім.

Үш жүзден алсақ, неше күнге жететін жайы бар екен?— деді Петр Ушаков.

Петя жасырын сырға жататын жайды сұрап отыр. Әскердің азық-түлік қоры қанша екені

ешкімге айтылмайтын сыр. Бірақ бұл жауынгерлерден жасыратын сыр болмауға керек.

Наши рекомендации