Сондықтан дамыған ғылым процесстердің фундаменталды бағалаудың жиынтығы теория емес, зерттеу бағдарламасы болып табылады.
Бұл бағдарлама төмендегідей құрылымда болады. Ол өзінде «қатты ядро» болады, мұндағы «ядро» (иходное) бастапқы негіз, сондықтан жоққа шығаруға болмайды және көмекші гепотезалар «қорғаныс белбеуі», олар ғаламның саналы іс-әрекеттеріне ғылымда қандай жолмен жүрүін, ал зерттеушінің қандай жолмен жүрмеуін көрсетеді. Т0 - бұл барлық теорияларға жалпы болады. Бұл бағдарламаның метафизикасы: ақиқат туралы жалпы түсінік, олар бағдарламаға кіретін теорияларды сиппаттайды; бұл ақиқаттың негізгі заңдылықтары элементтермен байланысы; негізі методологиялық принциптер осы бағдарамамен байланысты. Мысалы Ньютонның бағдарламасының механикасының қатты ядросы болып, ақиқат заттардың бөлшектерінен тұрады, олар абсолютті кеңістікте және уақытта Ньютонның үш заңына сәйкес қозғалады және бір- бірімен дүниежүзілік тартылу заңына байланысты әсер етеді. Белгілі бір бағдарламамен жұмыс істейтін ғалымдар оның метафизикасын қолданады, оны адекватты және мәселе емес деп есептейді. Бірақ, басқа да альтернативті зерттеу бағдарламаларын анықтайтын метафизика болуы мүмкін. Сонымен, XVII ғасырда механизімде Ньютондікімен бірге картензиандық бағдарлама болды, олардың метафизикалық принциптері ньютоннан ерекшеленді.
Сонымен бірге ядросына қарап, барлық бағдарламаның сипаттамасын байқауға болады.
Бағдарламаға «негативті /жағымсызды/ эвристика» кіреді, ол көмекші гипотезалардың жиынтығынан тұрады, оның ядросын фальсификациядан, жоққа шығаратын факторлардан қорғайды. Барлық өнертапқыштық оның артикуляциясына және гипотезаның ядроны ұстайтын зерттеуеге, немесе жұмысқа бағытталған («қорғаушы белбеу» деп аталады). Бұл «қорғаушы белбеу» бағдарламасы өзіне сынау аргументтердің жалынын жақындатады, тартады. «Көмекші гипотезалар сақинасы» бақылаушылардың шабуылын ұстап тұрады, ядроны қорғап тұрады. Т0 - бұл өзіндік бір методологиялық ереже, олардың кейбіреуі қандай жолдардан аулақ болуды көрсетеді.
Жағымды эвристика ол ғалымның алғашқы проблемалар мен мақсаттардың таңдау мен шешу. Барлық жағымды эвристика белгілі бір уақытта сынды және аномалияны елемейді, конструктитвті зерттеулермен айналысады. Мұндай стратегиясы бар ғалымдар, олар әлі де түсініксіз және потенциалды жоққа шығаратын бағдарлама фактілерін және олардың сол фактілердің болуы бағдарламадан бас тартуға болмайды деп есептейді.
Фальсификация теоретикалық сында және эмприкалық бас тартуда гипотезаның «қорғаныс белбеуі» ғана болады. Жалпы келісімдерге байланысты қатты ядроны фальсификацияны қатты ядроға жақындатуға болмайды. Лакатостың зерттеу бағдарламасы методологияның орталық тартылуы көптеген бәсекелес гипотезалардың бас тартудан фальсификацияға ауысады, ал сонымен бірге бәсекелес бағдарламаны растайды және тексереді. Қорғаушы белбеудің жекелей гипотезалары бағдарламаның қатты ядросын бүтін, аман есен қалдырып кетеді. Лакатостың сипаттамасы бойынша зерттеуші бағдарламасы маңызды ғылыми жетістік болып табылады, және оларды озық немесе кері кетушілік мәселелердің алға жылжыуы деп бағалауға болады. Зерттеуші бағдарламасы прогрессивті (озық) және регресситі (кері кетуші) дами алады. Егер қатты ядро қорғаныс белбеуінің жаңа гипотезаларының пайда болуына жол берсе зерттеуші бағдарламасы дами береді. Мұндай гипотезалардың дамуы әлсізденіп және жаңаларды түсіндіруге қалі жетпегенде, аномальді фактілерді атаптациялай алмағада, дамуды кері кету немесе регрессивті стадиясы келеді. Алғашқыда оның теориялық дамуы жаңа фактілердің пайда болуына әсер етеді. Екіншіде, болжаммен айтылған, немесе кенеттен пайда болған бәсекелес бағдарламаның жаңа фактілерін қана түсіндереді. Бәсеклесі тез дамыса зерттеуші бағдарламасы көптеген қиыншылықтарға кездеседі, және керісінше зерттеуші бағдарламасы көп нәрсені түсіндіре алса, өзінің бәсекелесін өз қоғамдастығынан шығара алады. Бұл болжамдалып айтылған бір бағдарлама фактісінің екіншіге аномалия болуымен байланысты.
Сондықтан зерттеуші бағдарламасының осындай дамуы (Ньютон) «теңіз аномалиясы» сияқты бір-бірімен байланыспайтын негізімен өтеді. «Қорғаныс белбеуі» келесі өзгерісінде болжамданған жаңа фактілер пайда бағдарламада кері кету пайда болады. И. Лакатос зерттелуші бағдарламасының тұрақтылығын көрсете білді.
«Қарама–қайшылықтың логикалық дәлелдемесі, не ғалымның экпериментальді табылған аномалиясы зерттелетін бағдарламаны бір ұрған мен жоғалта алмайды». Поппердің (сынға ұшырап немес «тез өледі») гипотезасынан айырмашылығы Лакатостың « бағдарламасы» тек қан өмір сүрмейді, ұзақ, қиналыспен «өледі», өйткені қорғаныс белбеуі ядроны сақтау үшін өзін құрбандыққа шалады.
Зерттелетін бағдарлама мәселелерді сәтті шеше алса жетістіктерге жете алады, ал бұл мәселелерді шеше алмаса ыдырап, тарайды.
Дамыған бағдарлама аясында барлық жаңа фактілерді түсіндірілді, айқын теориялар дамытылды. Лакатос – ғалымдар бағдарламаны мүмкіндіктерін рационалды (жаңадан) бағалауға және жалғастыру туралы сұрақтарды шешу немесе одан қатысудан бас тарта алады деп санайды. Сондықтан, ол төмендегідей, критерийлермен жаңадан бағалауды «даму» мен «өзгеруді» ұсынады. Кезекті теориялардан Т1, Т2......Тп-1, Тп тұратын бағдарлама прогресске айналады, егер Тп-1 сәтті түсіндіргенді Тп барлық фактілерді түсіндіреді. Озық дамыған бағдарламада әрбір келесі теория қосымша фактілермен сәтті болжам жасай алуы тиіс.
Сонымен, бағдарламаның негізгі маңызы – оның қаблетін білім толтырады, жаңа фактілерді болжайды. «Ғылымның негізгі көзі эмприкалық нәтижелердің және теориялардың байланысы емес, зерттеуші бағдарламаның бәсекелестігі, жаңа фактілердің болжанулары болып табылады. Қандайда бір құблыстардың пайда болуын түсіндіруде кездесетін қарама-қайшылықтар мен қиындықтар ғалымдардың оған деген көзқарастырын өзгертпейді», - деп Лакатос түсіндіреді. Лакатос моделі негізінде ғылыми білімнің дамуындағы үздіксіздігін және оның эмприкалық деңгейге қатысты тәуелсіздігін түсіндіру мүмкіндігі туылды. Куннан Лакатос концепциясының айырмашылығы: Лакатос ғылыми білімнің өсуіне түсініктеме берді, онда ол ғылымның психологиялық қоғамдастығына емес, осы процесстің объективті логикасына мән берді.
Ылымдағы формализм.
И. Лакатос өз назарын ғылыми формализімге көңіл бөлген. Бұл мәселе «Доказательство и опровержение» деген кітабында тоқталады. Математика философиясының мектебін Лакатос «формализм» мектебі деп атады.
Формализм, Лакатостың айтуынша, математика тарихынан математика философиясын ажыратады. Формализм математика статусын теріске шығарады. Лакатос Канттың сөздерін қайталайды: математика тарихы философияны басқаруынан айырылған, көрсоқырлықпен жасалған.
«Формализм» – дейді Лакатос, - логикалық позитивті философияның берік қамалы.
Лакатостың айтуынша тірі математика үшін альтернативті машина рационализмі керексіз. Формальді емес математиканың зерттеушісі шығармашылықты математикаға бай логиканы ұсынады, бірақ формалистикалық философияға мойындата алмады.
Бірақ, ол математика тарихы мен математикалық жаңалық логикасы, филогенез және математикалық ойлар онтогенезі формализімнен сынаусыз және толығымен бастартып дами алмайды, деп мойындады.
Математикалық формализмнің түп тамыры тереңде жатыр. Ол математиканың догматикалық философияның ұзын шынжырының соңғы звеноларын ұсынады. Екі мың жылдан бері догматиктер мен скептиктер арасында талас болып келеді. Догматиктердің айтуынша, адам интелектуалымен сезімінің күші немесе тек бір сезім, біздер шындыққа жетеміз және біз оған жеттік. Скептиктер, біздер шындыққа жете алмаймыз, немесе әрең жетіуіміз мүмкін, немесе жеткенімізді білмеуіміз мүмкін. Бұл таласта математиктер догматизімнің бір бекінісі болып тұрады. Скептиктердің көптеген бөліктері сананың теориясының догматикалық бекінісінің беріктігіне көз жұмды. И. Лакатос - бұған көз салу бекершілік деген.